Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3-4
1 Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.........................................5
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.......................................................5-8
1.2 Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері.................8-11
1.3 Салық салу механизмі және қағидалары................................................11-14
2 Қазақстан Республикасындағы салықтың түрлері........................................15
2.1 Салықтардың жіктелуі........................................................................15-18
2.2 Бюджетке түсетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан Республикасындағы реформалар...................................................22
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары.....................................23-27
3.2 Жаңа салық кодексі және Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау......27-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымшалар.........................

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

         Объектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын  салықтар және тұтынуға салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын  салықтар төлеушінің салық салынатын  кез келген объектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар-бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар.

         Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсіліне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патенттік негізде.

         Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекеттік салық службасының  – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы және қалалардағы аудандардың салық комиттеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

      Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет  жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.

         Қазақстан Республикасының  салық жүйесі салықтардың және баждардың  түрлерін, салық қатынастарын реттейтін  құқықтық нормаларды және салық службасының  органдарын қамтиды.

         Қазақстан Республикасындағы  салықтардың,салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиды(1-кесте).

         Жанама салықтар – жоғарыда атап өткендей, баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген  салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына  немесе мүлкіне тікелей байланысты емес. Жанама салықтар мемлекеттің  фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін. Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығыстарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздердің, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады.

         Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регресифтік сипатын жатқызуға болады. Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейтетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірілетін болды.

         Жанама салықтардың  ішіндегі ең маңыздысы 1992 жылы еңгізілген қосылған құнға салынатын салық – ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мемлекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салықты төлеуді сатып алушыға аударады. Салық салу объектісі материялдық шығындарсыз өндірілген өнім (амортизациясы бар таза өнім) болып саналатын қосылған құн болып табылады. Қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.

         Демек, бұл салықтың ерекшелігі – оның салық салынатын  объектісі сатудан (өткізуден) түскен бүкіл түсім – ақша емес, тек салық салынатын айналым мен салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн  болып табылатындығында. ҚҚС дүние жүзінің 40-тан астам елдерінде, соның ішінде Еуропа экономикалық одағының 17 елінде пайдаланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілдердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді.ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады. 2001 жылы мемлекеттік бюджет кірістерінің жалпы сомасында бұл төлемнің үлес салмағы 21,8 % құрады.

   Жанама  салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екіншісі кеден төлемдері - әкелем, әкеттілім, сондай – ақ транзит  тауарларынан, заттары мен қызметтер  көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады.  

   2.2.  Бюджетке түсетін  салықтар және  басқа да міндетті  төлемдер түрлері. 

   Салықтарда  ежелден салық жүктемесін  бөлудің  екі қағидаты қалыптасқан: пайда (алынған  игіліктер) қағидаты, ″қайыр көрсету″(төлем  қабілеттілігі) қағидаты.

     Тұңғыш  рет Қазақстан Республикасында заңнамалық деңгейде салық салудың қағидаттары баянды етілген. Қазақстан  салық заңнамасында салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті  төлемдерді төлеудің міндеттілігі, салық салудың айқындығы, әділдігі,салық жүйесінің біртұтастығы және салық заңнамасының жариялылығы қағидаттары негізделеді.

     Жалпы алғанда салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі. 2001 жылғы 12 маусымда №209-11 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (өзгертулер және толықтырулармен) салық Кодексі қабылданды. Кодекске сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

     Мемлекеттік бюджет─жалпы мемлекеттік тұрғыдан бөліп пайдалану, жұмсау үшін құрылатын  қаржы қоры болып табылады.

     Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады. Жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады.

     Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттік  бюджеттің табыс бөлігіне қосымша  келесідей мемлекеттік салықтар мен алымдар енеді 6:

  • Корпоративтік табыс салығы;
  • Жеке табыс салығы;
  • Жер қойнауын пайдаланушыларға салынатын салық;
  • Әлеуметтік салық;
  • Жер салығы;
  • Көлік құралдарына салынатын салық;
  • Мүліктерге салынатын салық;
  • ҚҚС;
  • Акциздер.

______________ 

  1. 6  «Салық және бюджеттке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»заң//2009ж

   Әлеуметтік  салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрлерінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорына  тікелей байланысты болып табылады. Бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептеліп кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақ та жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады.

   Әлеуметтік  салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді: оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар, жеке әлеуметтік жеңілдіктер және тағы да басқадай төлемдер.

   Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы-есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салығын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған (дербестелген) бөлемшелер кіреді.

   Әрбір салық төлеуші салық салынатын  табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған сомасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияандардың сомасын шегереді.

   Кәсіпорынның  жылдық табысына, яғни жыл бойы кіріс  еткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұмысы мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушыдан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген немесе тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.

   Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін  шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ  салынатын табыс салығының  мөлшері салық кодексінде қаралады.

   Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табысының деклорациясын» ұсынуға тиіс.

   Кейінге қалдырылған корпоративтік  табыс салығының  есебі-Бухгалтерлік есепте  табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады.

   Бухгалтерлік  және салық есептерінің талаптарындағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда  болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған  корпоративтік табыс салығы»  деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттелініп, ал азайғанда дебиттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

   Қосылған  құнға салынатын  салық тауарларды өндіру, жұмысты орнату немесе қызмет көрсету және олардың айналысы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай-ақ  осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Бұл ретте салық объектісі болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында есептеледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан  кредитіне салынған салық сомасы, ал дебитіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде ресімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген (есептелген) қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.

   Жеке  тұлғалардан ұсталатын табыс салығы-есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбеақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және тағы да басқа табыстары кіреді 7.

   Жеке  тұлғалардың мүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарының инфляцияға  байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден тускен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтын мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және  басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен; шетелдік валютадан; асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан, өнер туындылары мен антиквариаттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстарының құрамы салық кодексінде қаралады.

   Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын  тауардың бағасына қосылатын, сатып  алушы төлейтін салық болып табылады. Акциздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында  шығарылатын немесе Қазақстан Республикасының  аумағына импортталған тауар, яғни спирттің барлық түрлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа да өнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да бұйымдар жатады.

   Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге  жататын тауарларды өндіретін немесе акциздеуге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасы аумағында (акциздеуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады

   Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салықтар мен алымдар» шотында Қазақстан  Республикасы заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

______________ 

  1. 7  Чепурина М.Н.,Кисилева Е.А.Курс экономической теории издание 5-е\\-Киров-2006-861б
  • Шығарылған бағалы қағаздарды тіркеу алымы;
  • Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және тағы да басқалар жатады. Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңдарында қаралады.

   «Бюджетпен  басқадай есеп айырысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебитінен еспетелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың дебитіне тиісті төлем төленген шоттардың кредитінен төленген сомалар жазылады.

Информация о работе Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары