Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:27, курсовая работа
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.
Кіріспе..................................................................................................................3-4
1 Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.........................................5
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.......................................................5-8
1.2 Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері.................8-11
1.3 Салық салу механизмі және қағидалары................................................11-14
2 Қазақстан Республикасындағы салықтың түрлері........................................15
2.1 Салықтардың жіктелуі........................................................................15-18
2.2 Бюджетке түсетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан Республикасындағы реформалар...................................................22
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары.....................................23-27
3.2 Жаңа салық кодексі және Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау......27-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымшалар.........................
Кіріспе.......................
1 Салықтардың
экономикалық мәні мен
1.1 Салықтардың
экономикалық мазмұны.......................
1.2 Салық
салудың құрылу негіздері
1.3 Салық
салу механизмі және
2 Қазақстан
Республикасындағы салықтың түрлері.......................
2.1
Салықтардың жіктелуі......................
2.2 Бюджетке
түсетін салықтар мен басқа міндетті
төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан
Республикасындағы реформалар..
3.1 Нарықтық
экономикадағы салық
3.2 Жаңа
салық кодексі және Салық
Қорытынды.....................
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі........................
Қосымшалар....................
Кіріспе
Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз –
Салық саясаты – мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.
Мемлекет салық саясатын нарықтың жағымсыз жағдайларын реттеуде кең түрде қолданады. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық службасы органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтар да салық жүйесі секілді нарықтық жағдайдағы экономиканы реттеуші күшті құрал болып саналады. Халық шаруашылығының тиімді қызмет жасауы салық салу жүйесінің қаншалықты дұрыс құрылғанына тәуелді.
Қазіргі кездегі салық жүйесі – ол демократиялық қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты қолданудың негізгі принципі айқындалады – қоғамның дамуына және оның мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі болмауы тиіс.
1991
жылғы желтоқсанның 25-інен бастап
біздің елімізде салық жүйесі
жұмыс істей бастады. Ол «
1995 жылы көп жағдайда нарықтық экономика сұранысының дамуына жауап беретін жаңа Заң қабылданды – Салық Кодексі. Бұл заңды Қазақстан экономикасының өсуіне соңғы 3 жылда елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады, себебі ол объективті экономика заңдарында құрылды, әлемдік экономика ғылымдарының классиктерімен осы тұжырымдаулар дәлелденген болатын.
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында тиімді осы заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару құрылымын құру мемлекеттің түйінді міндеттерінің бірі болып айқындалады.
Мемлекеттік басқарудың жетістігі бюджеттік кездейсоқ, қиын мәселелерді шешулерге тәуелді. Себебі бұл жерде барлық уақытта басты құрал болып салық саналады. Осыдан салық салу теориясы мен тәжірибесінің одан әрі жетістікке жету мәселелерін салық қызметшісі және талдау жасаушы мамандары көңіл аударуда.
Салық реформасы өткенде болған салық жүйесінің қайта құрылуы бір уақытта салықты басқару жүйесінің бұрынғы механизмінің пайда болуы нәтижесінде болған.
Курстық жұмыстың өзектілігі:салықтарды мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге арысу үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алуынан экономиканы дамытуға, халықтың материалдық әл-ауқатын және мәдени деңгейін көтеруге және басқа да мақсаттарға пайдаланылады.
Курыстық жұмыстың мақсаты : Қазақстан Республикасындагы салықтардың экономикалық мәнін мен қажеттілігін, экономикалық мазмұнын, салық түрлерін аңықтап, салық жүйесінің дамуы, салық құрылымының реформалануы және салық салудың даму келешектерін қарастырып талдау жасау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі тапсырмалар қойылып, олардың шешу жолдары қарастырылады:
-салық түрлері топтастыру, салық элементтерің аңықтау
- салық салу механизмін және қағидаларын көрсету
Ақпараттық және құқықтық қамтамасыз ету ретінде курыстық жұмысқа ҚР Салық кодексі, ҚР Конституциясы, Қазақстан Республикасының салық жүйесінің қызметін реттейтін заңды және нормативтік актілер қолданылады.
Жұмыстың
құрылымы: кіріспеден, 3 бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.
1.
Салықтардың экономикалық
мәні мен қажеттілігі
1.1
Салықтардың экономикалық
мазмұны
Салықтар – тауарлы өндіріспен бірге, қоғамның топқа бөлінуінің және мемлекеттің пайда болуымен, оған әскер, сот, қызметкерлер ұстауға қаражаттың қажет болуынан пайда болды.
Салықтар мемлекеттің өмір сүруінің негізі болып саналады. Мемлекетті ұстау үшін, халықтың ақшалай немесе натуралдық формада тұрақты түрде төлейтін жарналары қажет болады. Адамзаттың даму тарихында салықтың нысандары мен әдістері мемлекеттің сұранымдары мен қажеттеріне қарай бейімделіп, өзгерістерге ұшырап отырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады деп жазылған .
Салықтар
барлық елдерде олардың қоғамдық–
Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса, оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады.
Салықтар тауар-ақша қатынастарынан тыс қолданылады. Натуралды салықтардың мөлшері мен түрі нақты жергілікті жағдайларға бағынған. Мысалы: бір адамнан 1 құндыз терісі немесе 10 пұт тұз және т.б. алынған. Тауар-ақша тауарларының нығаюмен натуралды салықтың рөлі айтарлықтай азайды. Дегенмен, олар соңғы уақытқа дейін пайдаланылды (1953 жылға дейін жүн, жұмыртқа, сүт, май өткізілген). Егер екі мемлекет бір-бірімен соғыс жүргізсе, жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттің барлық байлығын тонап алады, болмаса белгілі бір мөлшерде салық салып отырған.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады. Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салық – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде қайтарымсыз және өтеусіз, тұрақты сипатта бюджетке төленетін төлемдер.
______________
Салықтар – қайтарымсыз, баламасыз және тұрақты сипаттағы құқықтық формадағы мемлекет арқылы белгіленген міндетті төлемдер.
Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі салық белгілі бір обьектілерден (табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұра) төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады (салық кезеңі – бір күндік, он күндік, айлық, тоқсандық, жылдық) және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде (салық ставкасы) алынады.
Салық материалдық тұрғыдан алғанда, бұл белгілі бір уақытта, белгіленген тәртіппен белгілі мөлшерде салық төлеушінің мемлекетке төлейтін ақшалай сомасы, ал экономикалық мағынада – белгілі уақытта белгіленген тәртіппен белгілі бір мөлшердегі құнының мемлекет пен төлеуші арасындағы бір жақты қозғалысын байланыстарын ақша қатынастары, заңдық не құқықтық мағынада – бұл тұлғаның мемлекетке белгілі бір мөлшердегі ақшалай беретін міндеттемені тудыратын мемлекеттік қарар.
Салықтардың экономикалық мәні салықтарды мемлекеттің өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмылдырылатын шаруашылық жүргізуші субъектіден, азаматтардан ұлттық табыстың белгілі бір үлесін алу жөніндегі өндірістік қатынастардың бөлігі болып табылатындығында және мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым–қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралады. Салықтардан мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік–экономикалық мәні, олардың түрлері мен ролі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.
Белгілі
философ Френсис Бэкон
Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар – мемлекеттің тұрақты қаржы көзі.
Салықты бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден ерекшелендіретін айрықша белгілері бар, атап айтсақ:
Информация о работе Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары