Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 18:27, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық категориялардың ішінде маңызды орын алатын – салық. Салықтың көмегімен мемлекет нарықтық экономикаға қатыса алады. Нарықтық қатынас жағдайларында әсіресе нарыққа өту кезеңінде салық жүйесі ең маңызды экономикалық реттеушінің бірі болып табылады.
Салықтар дегеніміз – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер.

Оглавление

Кіріспе..................................................................................................................3-4
1 Салықтардың экономикалық мәні мен қажеттілігі.........................................5
1.1 Салықтардың экономикалық мазмұны.......................................................5-8
1.2 Салық салудың құрылу негіздері немесе салық элементтері.................8-11
1.3 Салық салу механизмі және қағидалары................................................11-14
2 Қазақстан Республикасындағы салықтың түрлері........................................15
2.1 Салықтардың жіктелуі........................................................................15-18
2.2 Бюджетке түсетін салықтар мен басқа міндетті төлемдер түрлері......18-21
3 Қазақстан Республикасындағы реформалар...................................................22
3.1 Нарықтық экономикадағы салық реформалары.....................................23-27
3.2 Жаңа салық кодексі және Салық кодексіндегі өзгерістерді талдау......27-31
Қорытынды.......................................................................................................32-33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................34
Қосымшалар.........................

Файлы: 1 файл

курсовая.doc

— 395.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан   Республикасының Салық кодексіне сәйкес салықтың 9 түрі бар. 2005 жылы акциз салығын қосымша ретінде экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы қосылды.

     Алым дегеніміз-белгілі бір қызмет түрін бастар алдында немесе осы қызмет түріне құқық берер кезде төленетін міндетті төлем.Сонымен қатар алым-анықталған құқықтық мәртебені бергені үшін төлем болып саналады.

2002 жылы  алымның 13 түрі болды. 2003 жылдан  бастап «елтаңбалық алым» алынып  тасталды. 2005 жылы алымдарға өзгерістер  енгізілді, яғни: «жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым» және «кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемелекеттік тіркеу үшін» және туындылар мен сабақтас құқықтар обьектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеу үшін алымдары қосылды .

       Төлемақы-белгілі бір қызмет түрін пайдаланған кезде төленетін  міндетті төлем. Төлемақының 9 түрі бар. 2005 жылы төлемақыға өзгеріс енгізілді. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақыға қосымша ретінде «қалааралық және халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы» төлейді.

         Баж салығы-алып келінген,сыртқа  шығарылатын,сондай-ақ транзитті  тауарлар,бұйымдар мен қызметтерден  алынатын салықтар. Мемлекеттік  баж дегеніміз - уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

         Салық реформасының үшінші кезеңі  ерекшеліктеріне инвестициялық  белсенділікті қолдау, салық салу  базасын кеңейту, салық ауыртпалығын  төмендету, интеграциялық ақпараттық салық жүйесін енгізу жатады.

     Сонымен кез келген салық реформасының мақсаты, елдің серпінді әлеуметтік әлеуметтік-экономикалық даму негізі ретіндегі, болашақтық фискалды тетіктерді қалыптастыру болып табылады. Салық салу реформасы саяси, экономикалық және құрылымдық қайта құрудан кейін жүргізіледі. Өйткені, ол нәтижесінің тиімділігі жағынан неғұрлым инерциалы болып келеді. Осыған байланысты салық реформалары салық жүйесінің қызмет ету аясында анықталған кемшіліктерді және қателіктерді жою жолымен, тым ұзақ уақыт аралығында жүзеге асырылады.

     Аталып  өткен Қазақстан салық жүйесінің  реформаларын кезеңдерге бөлгенмен, әрбір  кезең барысында тұрақты салық  жүйесі қызмет етпейді, оған үнемі өзгерістер енгізіліп отырады. Салық қатынастарының жағымсыз жақтары елдің экономикалық дамуының объективті қадамымен анықталады. Нарықтық экономиканың салық реформалары кезекті және үздіксіз жүргізіліп отырады.

     Салықтар  өзінің мәні және мазмұнына қарай  жинақтала келіп, әр түрлі елдердің салық жүйесін құрайтын, ұлттық ерекшіліктердің  көптеген нысандары түрінде болады. Салықтар құрамы, құрылымы, оларды алу тәсілдері, мөлшерлемелері, қазыналық өкілдіктері, салық базасы, әрекет ету өрісі, жеңілдіктері бойынша бұл жүйелер бір-бірінен елеулі айырмашылықта болады және бастапқыда мүлдем салыстыруға келмейтіндей болып көрінеді. Бірақ неғұрлым мұқият талдау кезінде екі негізгі жалпы белгілерді айқындауға болады: 1) мемлекеттің салықтан түсетін кірістерді ұлғайтудың тұрақты нақты жолдарын іздеу; 2) салық жүйесін экономиканың теориялық жалпы қабылданған қағидалары базасында құру.

     Әр  түрлі елдердің салық жүйелері әр түрлі экономикалық, саяси және әлеуметтік шарттар негізінде құрылған. Әрине, олар оңтайлы емес, бұл оңтайлы  жүйені құру үшін экономистерге және әлеуметтанушыларға талаптар ретін  өңдеу қажет болды. Олардың ішінде неғұрлым маңыздылары мыналар:

- салық  ауыртпалығын тарату біркелкілігі  немесе басқа сөзбен айтқанда, әркім мемлекеттік кірістерге  өзінің «әділетті үлесін» енгізуі; 

- салықтар  мүмкіндігінше әр түрлі тұлғалармен  экономикалық шешімдерді қабылдауға  әсерін тигізбеуі қажет, немесе мұндай әсер ең аз шамада болуы қажет;

- әлеуметтік-экономикалық  мақсаттарға қол жеткізу үшін  салықтық саясатты пайдалану  кезінде,салық салудың теңдік  және әділеттік қағидаларын бұзуды  ең аз шамаға жеткізу қажет; 

- елдің  экономикалық өсуі және тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында салық саясатын пайдалануда салықтық құрылым әсер етуі қажет;

- салық  жүйесі әділетті болуы қажет  және салық төлеушілерге түсінікті  болуы қажет; 

- салықтарды  басқару және салық заңдылығын  сақтау бойынша әкімшілік шығындар ең аз шамада болуы қажет. Осы талаптар елдің салық жүйесінің сапасын бағалау үшін негізгі критерийлер ретінде пайдалануы мүмкін.

     Салық жүйесін құру кезінде әр түрлі  салықты қолданудың салдарын қайта  тарату күрделі проблемалардың бірі болып табылады. Бұл салдар салықтарды алу тәсілінен, салық мөлшерлеме құрылымынан, салық базасын анықтаудан, және салықтың қызмет өрісіне тәуелді болады. Ел экономикасының салық жүйесіне әсері сұраныс және ұсыныс жағдайынан, нарықтар құрылымынан және жаңа салықтық жағдайларға бейімделу кезеңіне тәуелді болады. Салықтық өзгерістер баға өзгерістеріне әкеледі, бұл салық төлеушілердің кірістері және шығыстарына, салық ауыртпалығын таратуға әсерін тигізеді. Қайта таратудың соңғы нәтижесі барлық көрсетілген факторлардың өзара әсеріне тәуелді болады. Бұл өте күрделі үдеріс, бірақ жалпы ережелер және қорытындыларды жасауға болады.  

     3.2. Жаңа Салық кодексі  және Салық кодексіндегі  өзгерістерді талдау 

     Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Қазақстан халықының әл -ауқатын аттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» - макроэкономикалық саясаттың басымдықтары туралы келесідей айтылған:

     -Үкімет, Ұлттық банк, Қаржылық бақылау  агенттігі мемлекеттің қаржылық  тұрақсыздық қатерлеріне қарсы жүйелі де жедел іс-қимылдар жасауының ықпалды тетігін қалыптастырып, халықаралық рыноктардың Қазақстан экономикасына деген сенімін нығайтуы керек.Салық жүйесін Қазақстанның жаңа сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.

     -қолданыстағы Салық кодексі экономикалық өсуде оң рөл атқарды, дегенмен, қазіргі кезде оның әлеуеті іс жүзінде таусылды. Кодексте үнемі және жүйесіз өсіп отыратын 170-тен астам жеңілдіктер мен преференциялар бар.

     -Үкіметтің  жаңа Салық кодексін әзірлеуі  қажет. Ол экономиканы жаңғыртуға, әртараптандыруға және бизнестің “көлеңкеден” шығуына жағдай жасауға тиіс.

     -Жаңа  Кодекс салық қызметтерінің оның  нормаларын өз қалауларынша түсіндірулерінен  қорғайтындай, әкімшілендіру сапасы  мен салық төлеушілер мүдделері  үйлесетіндей тікелей іс-әрекет ету заңы сипатына ие болуы керек.

     -бірақ, ең бастысы, ол экономиканың шикізаттық емес секторы, әсіресе, шағын және орта бизнес үшін жалпы салықтық ауыртпалықтардың төмендетілуінқарастыруы керек.Бюджеттің күтілетін шығындарының орны өндіруші сектордың экономикалық қайтарымын арттыру есебінен өтелуі тиіс.

     2008 жылдың қыркүйектің 8-інде ҚР Парламенті Мәжілісінде жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы болып өтті.

     Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша  экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.

     Жобадағы  Консультациялық кеңес құру қарастырылған. Бұл кеңесті ҚР Премьер-Министрі басқаратын болады. «Кеңестің негізгі жұмысы салықтық міндеттемелерді атқару барысында туындайтын айқын емес, нақтыланбаған тұстарды және қайшылықтарды жою мәселелерін жедел шешу. Сондай-ақ, салық төлеуден жалтарудың болуы мүмкін жолдарын кесу жұмыстары да аталған кеңес тарапынан жүргізіледі Жаңа Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына, әртараптануына жағдай жасап, «көлеңкелі» секторды барынша қысқартуға септігін тигізетін болады.

     2009 жылы қосымша құн салығының  ставкасы 12 пайызға тең мөлшерде  болды. Бұл көрсеткіштің өзінен  қазақстандық қосымша құн салығы ставкасының әлемдегі стандартты салықтар арасындағы ең төменгі деңгейдің бірі болатынын көруге болады. Бұнымен қоса, жобада қазіргі жеңілдіктер жиынтығының орнына есепке жатқызылған қосымша құн салығы есептелгеннен асып кету сомасын автоматты түрде бірыңғай қайтару енгізіледі. Ал 2012 жылы тәуекелдерді басқару жүйесі негізінде дебетті сальдоны автоматты түрде қайтару жүйесін толық енгізу көзделетін болады Сонымен бірге, Қазақстанда шығарылмайтын қондырғыларға, жабдықтарға қатысты жеңілдіктер 2012 жылға дейін сақталатын болады, 2009 жылы Қазақстанда өндірілетін жалпы мұнайдың 44 млн. тоннаға жуығына Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салынатындығын хабарлады.

     Қазақстан үкіметі жаңа Салық кодексінде әлеуметтік салықты 11% деңгейінде белгілеуді ұсынуды. "Әлеуметтік салықты 11% мөлшерінде белгілеу ұсынылған, ал қолданыстағы заңнамада ол 5 - 13% тең. Әлеуметтік салық сомасы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын мөлшерге азайтылып отыратынын ескергенде, бюджетке аударылатын нақты әлеуметтік салық ставкасы 2009 жылы 7%, 2010 жылы 6% болды.

     Жаңа  Салық кодексін қабылдау экономиканың тұрақты дамуына және әртараптануына жағдай жасайды, экономиканың көлеңке  секторын қысқартуды қамтамасыз етеді, Қазақстанның инвестициялық климатын жақсартады, ол елге капитал ағымын ықпал етеді және экономиканың шикізаттық емес секторына салықтық жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қолданылатын заңның принциптеріне сәйкес келтіру, салық органдары әрекеттерін терең регламенттеу, салықтық бақылау жүйесін құру салықтық жүйесінің сыбайлас жемқорлығын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық төлеушілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.

     Жаңа  кодекс арқылы енгізілетін ең басты  өзгеріс – кезең-кезеңмен корпорациялық табыс салығының (КТС) мөлшерлемесін азайту. Мәселен, аталған салық түрін 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап – 30 пайыздан 20 пайызға; 2010 жылдың 1 қаңтарынан басап – 20-дан 17,5 пайызға; ал 2011 жылдың 1 қаңтарынан 15 пайыздық мөлшерлемеге көшіру ұсыныды. Бұл – жаңа жобаның ең негізгі жаңалығы деуге болады. Осындай жаңартулар арқылы жалпы салықтың салмағын азайтып, елімізде кәсіпкерліктің кең қанат жаюына жол ашылмақшы. Сондай-ақ басты өзгерістердің тағы біреуі – 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесін 13-тен 12 пайызға төмендету болып отыр. Онымен қоса, ҚҚС-ын салудың еуропалық классикалық моделіне көшу арқылы негізгі салық заңдылықтары жаңартылды. Бұл халықаралық тасымал экспортына және ішкі айналымдағы салық салуға қатысты жүзеге асырылды.

     Бұл заңнан мемлекеттің ұтатыны –  салық салудың тәртібін жеңілдету  нәтижесінде кәсіпкерліктің дамуына  серпін береді. Жеке меншік секторға пайдалы  жағы – айналымдағы қаржылары  салықтан босап, салық есептемесі жеңілдетіледі. Онымен бірге, жеке меншік бизнес те анағұрлым жеңілдетілген салық жүйесімен өмір сүреді. Яғни салық органдарында сағаттап кезек күтпей, уақытының көп бөлігін өз шаруасына бөледі деген сөз.

     Жаңа  жоба салықты әкімшіліктендіру бағытында  да жақсы нәтижелерге қол жеткізеді. Өйткені былай алып қарасақ, біз салық салуды, оның есептелуін және салық төлеудің тәртібін жеңілдету арқылы салық органдарының қызметін жетілдіреміз. Атап айтар болсақ, ақпараттық жүйелер дамиды. Мұның нәтижесінде, әкімшіліктендіру жүйесі де жаңарады деген сөз.

     Қандай  да бір себептермен енгізілмей қалған нормалар бар. Бұл жерде әңгіме бір  жағынан мемлекет және екінші жағынан  кәсіпкерлік қауымдастық ұсынған  нормалар туралы болып отыр. Оны  тарқатып айтар болсам, мемлекет өз тарапынан салықтық бақылауды күшейтуге бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыруды ұсынды. Бірақ жаңа заңның жобасын сараптау барысында ондай бақылаудың күшеюі кәсіпкерліктің өркендеуіне кедергі келтіретіндіктен ондай өзгерісті қабылдамауға шешім шығарылды. Ал кәсіпкерлік қауымдастықтың ұсынғаны – жекелеген субъектілерге салықтық жеңілдіктер беру. Жаңа кодекстің тұжырымдамасының өзі жалпы салықтардың салмағын төмендетуге бағытталғандықтан бұл ұсыныс та енгізілген жоқ. Бұған дейін әртүрлі санаттағы салық төлеушілерге қолданылып келген жекелеген салық жеңілдіктеріне қатысты нормалар мақұлданған жоқ.

     Батыс Еуропада, АҚШ-та салық жүйесі жақсы  дамығандықтан, олардың тәжірибесіне көбірек үңілді Бұл жобаны дайындау кезінде Дүниежүзілік банктің, Еуропалық  Одақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары шақырылып, қол ұшын берді. Олармен қоян-қолтық жұмыс істелді. Бұл жерде айта кетейін, Салық кодексінің жаңа жобасы қазіргі кезде әлемнің өркениетті елдері қолданып отырған Батыстағы салық жүйесінің барлық жақсы жақтарын қамтыды.

     Ең  бастысы, қазіргі кезде кәсіпкерліктің алдында тұрған ең үлкен әкімшілік  кедергі – салық есептілігінің  шамадан тыс болуы. Бұл бағытта үлкен-үлкен шаралар жүзеге асырылды. Салықтың негізгі түрлері бойынша салық есептілігі барынша қысқартылды. Жаңа кодексте салық есептілігін берудің біртұтас мерзімі қарастырылып отыр. Яғни салық төлеудің жалпыға ортақ мерзімін бір айға дейін ұзарттық деуге болады. Мәселен, қазір салық төлеушілер әр айдың 20-нан кешіктермей салық туралы есептерін беру міндеттелсе, біз оны жаңа заңда келесі айдың 25-жұлдызына жылжыттық. Онымен қоса, шағын және орта бизнеске арналып корпорациялық табыс салығы (КТС) бойынша аванстық төлемдер шегерілді. Бұл – бизнес жыл сайын салық органдарына сабылып, КТС бойынша аванстық төлемдер туралы есеп беруден құтылды деген сөз. Сондай-ақ әкімшілік процедуралар да жеңілдетілді. Тағы бір жаңалық – ҚҚС бойынша бір ғана салық төлеу кезеңі белгіленді. Бұған дейін салық төлеу мерзімі бір ай немесе бір тоқсан болып келсе, енді ол бір тоқсан болып өзгертілді. Бұл әрекеттердің барлығы салық процедураларын жетілдіру үшін жасалып отыр. Мәселен, бұған дейін салық төлеушілер ай сайын ҚҚС бойынша декларация тапсырып келсе, ал келесі жылдан бастап салық декларациясын тек бір тоқсанда ғана тапсыратын болады. Осылайша жаңа кодекс шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына тұсау салатын әкімшілік кедергілер жойылды.

Информация о работе Қазақстандағы салық түрлері және салық реформалары