Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды
Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ел Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауында өз орнын тапқан, онда «Мемлекет жекеше сектор басты роль атқаратын нарықтың заңды шеңберлерін құра отырып, экономикада маңызды бірақ шектеулі рөл атқруға тиіс» - делінген.
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды. Ал, күнделікті тұрмыста банкті ақша қоймасы деп түсінеді. Бірақ осы келтірілген пікірлердің бәрі де банктің не істейтіндігін, оның қандай операциялар жүргізетіндігін ғана анықтайды.
Жоғарыда келтірілген
пікірлердің бәрін және банк жүйесінің
атқаратын қызметтерін жан-
Халық шаруашылығының тек
белгілі бір саласының
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1 Банктердің пайда болуы және дамуы
Банктің пайда болу тарихы, қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуымен, қолөнер мен кәсіпшілікті оқшауландырылуды, сонымен қатар, саудалық мәмлелердің және төлемдердің өсуімен тығыз байланысты. Жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, адам қоғамы дамуының бастапқы кезеңінде ақша орнында, маңызды тұтыну бұйымдары пайдаланылған (мал, астық, аңның және малдың, терілері т.б.) яғни, тауар-ақша болған. Айырбастау операцияларының өсуі осындай ақша баламасын жинау қажеттігін туғызды.
Ежелгі :Шығыс елдерінде осындай тауарлы ақшаны сақтаудың сенімді жері, діни ғимараттары, храмдар болды. Біріншіден, храмдар, мемлекеттің, хаумдардың сақтандыру қоры болды. Онда, елдің басқа елдер мен қаумдармен айырбастауға арналған барлық өнімдері жиналатын болған, екіншіден діни ғимараттардан ешкім, ол тауарлы-ақшаны ұрлай алмайтын.
Храм шаруашылықтарының орнықты
Есептеу, есеп айырысу операциялары салмақ өлшемімен жүргізілетін болғандықтан үлкен көлемді тауарлы ақшаны жинақтау, сақтау, есептеу, сұраптау қиынға түсетін болды, Сондықтан, жалпыға бірдей балама етіп басқа, көп шығынды, көп күшті керек етпейтін, тауарды колданудың қажеттілігі туды. Осындай жалпыға бірдей балама болуға бәрінен де лайықты тауар метал болды (мыс, қола, күміс, алтын). Бара-бара күміс пен алтын іріктеліп шықты. Олардың басқа металдарға қарағанда қосымша сапасы: ықшамдалып, яғни, құны жоғары, ал, көлемі кішкентай, сыртқы орталықта орнықты.
Бұдан кейін храмдар үшін ақша операциясының жаңа түрі - айырбастау пайда болды. Күміс пен алтын жетіспейтін жағдайда (олар көбінесе қазынаға кетіп жатты) тек храмдар ғана тауарлы-ақшалы метал ақшаға айырбастай алатын болды.
Сонымен қатар, храмдар метал және тауарлы ақшаны ақысыз сақтаудан бас тартып, енді ақы алатын болды. Және де олар төлем мерзімін ұзартып, тауарлық несие бере бастады.
Храмдардың ақша операциясын жүргізудегі үстемдігін жою үшін ежелгі мемлекеттер; біздің жыл санауымызға дейінгі
ҮІІ-ғасырдан бастап, дербес метал ақшаларын соғуды бастады. Ақша айналымын стандарттау мен оны монеталармен қамтамасыз ету тек мемлекеттің қолына көшті. Монеттерді соғу елдер арасында сауда қатынасын өсірді, "Сауда үйлері" құрылды. Олар сауда жүргізумен қатар ақша шаруашылығымен шұғылданды,Вавилондық сауда үйлері Эгаби және Мурашу, біздің жыл санауымызға дейінгі 6-ғасырда, тиісті процентін алып, салым операцияларын жүргізе бастады. Сауда үйлерімен қатар мемлекеттік сауда агенттері "Тамкарлар" жұмыс істеді. Олар ел ішінде ғана емес, елдер арасында метал кұймаларын алып-сатумен шұғылданған.
Біздің жыл санауымызға дейінгі Ү-ғасырда, Грецияда "Трапезиттер" пайда болды. Оларды стол басындағы адам деп атады. Олардың кейбіреулері салымдар қабылдады, клиенттің шотынан төлемдер жүргізді, кейбіреулері ақша айырбастаумен шұғылданды, ал, кейбіреулері кепілзатқа шағын несиелер беретін болды.
Сонымен, банктің пайда болуына арқау болған Храм шаруашылықтары, "Сауда үйлері", "трапезиттер".
1179 жылы Венециядағы бір жарналы серіктестік салым банкісіне айналды, ал 1639 жылы басқа бір серіктестік "Жиробанк" деп аталды (Латын сөзінде айналым),Европада, 1609 жылы, Амстердам (Нидерланда) қаласында бірінші айырбастау банкі құрылды. Ол өзінің "Гульдень" деп аталған монетін соғып шығарды. Ол 1681 жылы депозиттік және аудармалық (жиро) банк болып қайта құрылды. Мамандардың айтуына қарағанда, Ресейде банк қызметінің басталуы 18 ғасырдың ортасына келеді. Оның негізін салған 1733 жылы Петербургте құрылған монеттік кеңсе.
Қазақстанда банк мекемесі ХІХ-ғасырдың аяғында пайда болған. Олар қазыналық палаталар тұрінде, немесе І860 жылы құрылған Ресейдің мемлекет банкісінің бөлімшелері түріңде шықты. Осындай бөлімше ең бірінші болып Орал каласында ашылған, (1876 жылы), сосын Петропавл қаласында
(1886 жылы), содан кейін Семейде (1887 жылы) ашылған. Қазан революциясына дейін Верныйда Петербург қаласындағы коммерциялық банктердің бірнеше бөлімдері мен бөлімшелері болған. 1903 ж. Орыс-Қытай банкісінің бөлімшесі ашылған. Ол кейін Орыс-Азия банкісіне қосылып кетті. 1908 жылы Сибирь сауда банкісінің бөлімшесі ашылды. 1913 жылы өзара несиелендіру қоғамы құрылды. Кеңес үкіметі өз аумағындағы барлық банктерді мемлекет меншігіне айналдырды. Оның ішінде, Қазақстан аумағындағы банктерді қосып, Ресейдің Халық банкісіне бағынған бір бөлімше құрды (кейін КСРО мемлекеттік банкісінің Орынбордағы кеңсесі) 1930/32 жылдары жүргізілген несие реформасының нәтижесінде тарату тұрпатында несиелік жүйе кұрылды.
Дегенмен, осы кезде
Кеңес үкіметі банктің жұмысын
нарық жағдайында реттеу, оны нарықтың
талаптарына икемдестіру
ТМД-ның басқа елдеріндегідей жаңа банк жүйесі Қазақстанда да тәуелсіз елдің қажетті кұрамы, қажетті атрибуты ретінде 1991-1993 ж.ж. арасында қалыптаса бастады.
Нарықтық қатынастарға ауысудын, бастапқы кезеңінде банктер кооперативтік, коммерциялық жеке меншіктік, бірлескен банк болып құрылды. Оның үстіне жаңа құрылған нарықтық банктер бұрынғы мемлекеттік мамандандырылған банктер жүйесімен қатар істеді. Кейіннен барлық екінші дәрежелі банктер ашық, немесе жабық акционерлік банк болып қайта құрылды.
1999 жылдың басында Қазақстанда 76 екінші дәрежелі банк істеді. Оның ішінде 1 мемлекетаралық 6-мемлекеттік 20 шетелдік капитал мен бірлескен банктер болды. Бұл 1994 жылы істеген банктердін тек 33%. Басқалары түрлі-түрлі себептермен жабылды, бірімен бірі қосылды, әйтеуір жұмыстарын тоқтатты. Ашығын айтсақ, бұл кездейсоқ жағдай болған жок, Үкімет пен Ұлттық банктің жүргізген саясатының нәтижесі еді.
1997 жылдан бастап Ұлттық
банк арлық екінші дәрежелі
банктерден халықаралық
Банктерден басқа банк жүйесіне кейбір арнаулы қаржы институттері кіреді (трасталық компаниялар). Олардан басқа, банк жүйесіне кейбір банктің жұмысын қамтамасыз ететін, яғни; банк инфрақұрылымын құрайтын мекемелер мен қызмет атқарушылар кіреді оның ішінде:
1) Ақпаратпен қамтамасыз ету.
Бұл қызмет банкті елдің,
2) Әдістемеліктермен
3) Ғылымдық қамтамасыз ету. Банктің бұл инфроқұрылымы барлық банк жүйесінен де және жеке банктердің де жұмыс істеу жағдайын қамтиды. Тағы да, Қазақстанда банк жұмысын, банкілік қызметтердің нарқын, банк операцияларының тиімділігін, банктердің ел экономикасына тигізіп жатқан әсерін зерттейтін ешқандай ғалымдық құрылым жоқ деуге болады.
4) Кадрлік қамтамасыз ету. Қазақстанның қазіргі жағдайында банк жүйесіне мамандар дайындауда ешқандай қиындық жоқ. Тек, сан жөнінде. Банктер үшін маман дайындамайтын жоғарғы және орта оқу орны жоқ деуге болады. Республиканың экономикалық оқу орындарының флагманы қазақ мемлекеттік басқару Академиясын бітіріп шыққан мамандардың жұмыссыз жүргендігі, осы мәселелерде мемлекеттік тәртіптің жоқтығы болар. Мұндай жағдайдың бірнеше себебі бар, оның ішіндегі ең бастысы кадрларды іріктеу стилі. Қазіргі жағдайда, банк жүйесіндегі кадрлар құрамының сапасын көрсететін сенімді деректер жинау мүмкін емес. Дегенмен де, көпшілік банк қызметкерлері банктік мамандығы жоқ, кездейсоқ адамдар десек қателеспейміз. Оның есесіне банк бастықтарының "өз адамдары". Нарық кезінде пайда болған, халық шаруашылығына зиянды практиканың біреуі бастық езгерсе, жаңадан келген бастық "өз командасын"жинайды, ақыры үй сыпырушыға дейін. Күшті маман адамдар шығарылып тасталынады. Кадрларды іріктегенде оның мамандығымен, оның еңбек стажымен санаспайды, "кімнін адамы" екенімен санасады. Тіпті, барлық жағынан да теңдердің талаптарына сәйкес келіп тұрған адам етпейді: бірінші кезекте өзіне (бастыққа) жақын адам, екінші кезекте, жоғарыда "төбесі" (крышасы) бар адамдар өтіп кетеді. Осы сияқты кадрлерді іріктеудегі ұнамсыз стильдің нәтижесінде банк жұмысына қанық, әлі жас мамандар жұмыссыз жүр.