Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды
Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Банктің операцияларын жүргізгенде, немесе, банк қызметтерін көрсеткенде туатын банктер арасындағы, немесе банк пен оның клиенттершің арасындағы қарым-қатынастың бәрі, екі жақтық шарттасу негізінде реттелінеді.
"Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңның 41—бабына сәйкес банктің қаржы жөніндегі орнықтылығын сақтау, депозиторлардың мүддесін қорғау және де елдің ақша-несие жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банк банктердің қызметін мынандай жолдармен реттейді:
- Екінші дөрежелі банктерге пруденциялдық (экономикалық) нормативтер басқа да міндетті түрде орындалуға тиісті мөлшерліктер мен шектемелер, оның ішінде резервтік талаптарды, күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы қоятын, мәжбүрлі шығындарды бекітуі;
- Екінші дәрежелі
банктер үшін, міндетгі түрде
орындалуға тиісті нормативтік,
- Екінші дәрежелі
банктердің жұмысын
Нарыктық экономика жағдайында екінші дәрежелі банктердің барлық операцияларын үш негізгі топқа бөлуге болады:
- Пассивтік операциялар (каржы жұмылдыру);
- Активтік операциялар (қаржыны орналастыру);
- Активтік-пассивтік операциялар (делдалдық және басқа да қызметтер) Пассивтік операциялар. Бұл операциялардың басқы мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бүл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін тетенше маңызы бар. Пассивтік операциялардың қатарына мыналар жатады:
- Заңды және жеке тұлғалардың есеп, немесе ағым шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілмелі депозитгер);
- Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);
- Заңды және жеке тұлғалардың каржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;
- Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;
Орталық (Ұлттық) банктен орталықтандырылған несие алу т.б. Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға беріле алатын, болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы. Мұндай бос қаржы (ресурстар) мен қарызға алған (жұмылдырылған) қаржыдан құралады. Банктің меншікті капиталы бастапқыда сатылған акциялардан түскен ақшадан немесе акционерлердің кіріс жарнасынан құралады. Олар банктік қызметтерді атқаруды қамтамасыз етуге арналған. Сондықтан оны, кейде акционерлік капитал деп те атайды. Жаңадан ашылатын банктер үшін, Ұлттық банктің басқармасының 1997 жыл 5 желтоқсандағы № 412 қаулысы бойынша, меншікті капиталдың теменгі шегі 300,0 миллион теңге. Оның, банкті есепке алыну тұсында кем дегенде 50% төленуі керек. Қалғаны банк есепке тұрғаннан кейінгі, бір календарлық жылдың ішінде төленуі керек. Бұл талапты орындамаған күнде, ұлттық банк есепке отыруға өзінің тұжырымын бермейді.
Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі — банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның кұнын түгелімен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы). Басқа елдерде банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздарымен де төленуі мүмкін. Мысалы, кезінде, кейбір Ресейлік банктердің меншікті капи-талының 70%-ке дейінгісі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің меншікті капиталын, несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11-желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктің меншікті капиталының 10,0%-ке дейінгі белігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін. Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен, немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір кезі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы. Егемендік алғаннан кейінгі бастапқы жылдарда мұндай тәртіп Қазақстанда да болған, кейін жойылды.
Банктің ресурстарының құрамында меншікті капиталдың үлесі онша көп емес - 10-12%-тің шегінде, 88-90%-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктің пассивтік операциясының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырылған резервтің ішінде елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады, Сол мерзім өткенге дейін оның иесіне банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін, ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алады.
Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелімен немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін, талап етілмелі депозиттың сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады. Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдагы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады.
- Шаруашылық жүргізуші
субъектілерге әр түрлі
- Халыққа несие
беру (үй құрылысын жүргізу, пәтер,
үй және басқа да ұзақ
- Құнды қағаздар сатып алуға несие беру;
- Лизингілік операцияларға несие беру;
- Факторингілік операцияларға несие беру;
- Басқа банктерге несие беру (банкаралық несие).
Көрсетілген активтік операциялардың ішіндегі ең бастысы қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық негізінде несиелеу операциясын жүргізу болып табылады. Кейбір банктердің несиелеуден табатын табысы, барлық табысының 80%-інен асып кетеді. Соңғы жылдары несиенің дәстүрлі түрлерімен қатар көптеген жаңа түрлері пайда болды. Олар пәтер үй сатып алуға берілетін несие, үйді қайта тұрғызуға, немесе үйге күрделі өңдеу жүргізу үшін берілетін несие, сақтандыру қағазын кепілзатқа алып беретін несие, фермерлерге жер төлемін жақсартуға, берілетін несие, оқуға және сынақ мерзімін еткізуге беретін несиелер. Сонымен қатар заңды тұлғаларға кәсіпкерлік ұйымдастыруға, басқа фирмалардың активін сатып алуға кредит берілетін болды.
Банкінің активтік операциялары экономикалық мазмұнына қарай төмендегідей болып белінеді:
- несиелеу операциялары - (есептеу-несиелеу);
- есеп айырысу операциялары;
- кассалық операциялар;
- инвестициялык, қорлық операциялар;
- кепілді операциялар.
Несиелеу операциялары — қарызгерге қайтарымдылық, мерзімділік және ақылылық негізінде қаржы беру операциялалары. Вексельдерді сатып алу (есептеу) немесе вексельдерді кепілзатқа қабылдаумен байланысты несиелеу операциялары да есеп (есеп-несие) операциясының қатарына кіреді; Есеп айырысу операциялары — қаржыны клиенттің есеп шотына есептеу немесе оны шоттан шығару, оның ішінде клиенттің контрагенттерінің міндеттемелерін өтеумен байланысты операциялар;
Бос қаржыны депозитке жұмылдырумен қатар несиелеу және есеп айырысу операциялары банктің өте маңызды операциялары болып табылады. Кассалық операциялар — Қолма-қол ақша беру немесе оларды қабылдаумен байланысты операциялар. Кеңейтіп айтқанда, бұл қолма-кол ақшаның қозғалысымен, қаржыларды қалыптастыру, орналастыру және пайдаланумен байланысты операциялар деуге болады.
Инвестициялық, қорлық операциялар — Банктің күрделі қаржысының құнды қағаздарға салу және басқа құрамдармен бірігіп шаруашылық жүргізу үшін жарнаға салумен байланысты операциялар. Бұл жерде ескеретін нәрсе "Қазақстандағы банктер және банк қызметтері туралы" Заңның 8-бабына сәйкес, Қазақстандағы банктерге пайда табу үшін, басқа шаруашылықтардың негізгі капиталына жарна салуға болмайды.
Кепілді операциялар - Кепілдеме (кепілгерлік) беру, белгіленген жағдай болғанда, клиенттің үшінші тұлғаға бережағын етеу операциялары. Сонымен қатар, банкініқ активтік операциялары: қауіптілік дәрежесіне қарай — қауіпті және қауіпі-бейтарап операциялары; орналастыру түріне (бағытына) карай: бірінші және екінші; пайдалық дәрежесіне қарай: пайда келтіруші және пайда келтірмеуші операциялар болып та бөлінеді.
Активтік — Пассивтік операциялар:
- Банкіге Комиссиялық
сыйақы әкелетін комиссиялық
операциялар (дебиторлық
- Белгілі ақыға, клиенттің
тапсырмасымен орындалатын
- Ішкі және халыкаралық есеп айырысумен байланысты есеп айырысу қызметтері;
- Сенімгерлік қызметтері
(клиенттің тапсырмасымен
- Бухгалтерлік жене коссультациялық қызметтер.
Осы операцияларды банкінің көрсететін қызметтері деп атайды.
Банктің ішкі ережелерінде төмендегідей мәліметтер болуы шарт: Бөлімшелердің құрылымы, міндеттері, қызметі мен өкілеттілігі; ішкі аудит қызметінің, несие комитет мен басқа да органдардың құрылымы, міндетті, қызметі мен өкілеттілігі; құрылымдық бөлімшелер басшыларының құқытары мен міндеттері. (1-сурет)
Коммерциялық банктің операциялары.
Клиенттерге қызмет көрсету арқылы қаражатын тарту |
Клиенттерге қызмет көрсетпей қаражатын тарту |
Басқа көздерден қаражат тарту |
Банктің өз есебінен және өз пайдасынан жүргізетін операциялары |
Клиенттің тапсыруы брйынша және соның есебінен банк жүргізетін операциялар |
Клиенттің тапсыруы бойынша және коммисиялық ақы төлеумен жүргізетін операциялар (таза банктік қызмет) |
1-сурет
3.2 Банктің
активтері мен пассивтерін
Шетелдік банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік, маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей айтқанда, "Менеджмент" деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған байланысты банктің менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады. Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты болута тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, меңеджмент қоғамдық тұтыну қажетгігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген сөз. Банктік менеджменттің басты бағыты, банктердің активтері мен пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі кауіптерді азайту болып табылады. Сонғы айтылған сөйлемшенің маңызы зор. Өйткені, қауіп банктің қызметімен әрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелділікпен байланысты. Көп пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банктің менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өз ара қатынасының ең оңтайлысын табуы керек. Банкілік менеджменттің негізін қалаушы жағдай алға койған мақсатын анықтау және де оған жетудің керекті кұралын дұрыс сайлау. Маркетинг - деген сөз қоғамның тұтыну қажеттігін айырбастау жолымен қамтамасыз етуге бағытталған адамзаттың әрекетінің түрі. Маркетинг - өндірілген өнімнің (қызметтердің) жылжуы мен өткізілуін қамтамасыз ететін нарықтық стратегия. Банкілік маркетинг, банкіге пайдалы жолмен, клиентгердің қажетгілігін қамтамасыз ету мақсатыңда колданылатын белгілі тәсілдердің жиынтығы. Банктік маркетингтің негізгі құралы ретінде темендегілерді бөлек көрсету керек:
- Нарықты түсінуге қажетті ақпарат жинау;
- Банктің қызметін ұсынатын, степ жүрген немесе алуетті нарықты анықтау;
- Банктің қызметін
керекті тиімділікпен ұсынатын
сала таңдау және клиенттерге
сол қызметтердің
- Қолданылып жүрген қызметтердің көлемін есіру, оның жаңа түрлерін өндірудің қысқа және ұзақ мерзімді мақсатын белгілеу;
- Көрсетілген қызметтердің
сапалылығын, одан түскен