Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды

Оглавление

Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

28____--__i-44.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

-  есеп   айырысу   тәртіптерін   және   оның   нысандарын   анықтау,   төлем жүйесінің   жұмысын   ұйымдастыру,   сонымен   ұлттық   валюта   -    теңге   мен 1997 жылы 11-шілдедегі №154 Заң бойынша "несие проценті" деген сөз "сый ақы" делінетін болды. Бұл жұмыста бұрынғы дәстүрлі атымен аталған банкаралық  есеп   айырысудың уақытында  және  үздіксіз  жүргізіліп  отыруын

қамтамасыз ету;

-  валюталық операцияларды  реттеу және валюталық бақылау  ұйымдастыру,

Республикада валюта операциясының барлық түрін жүргізу;

-  қолма-қол ақша  мен монеттерді есептеу, сақтау, тасымалдау және кассаға жинау;

-  екінші дәрежелі  банктердің кадрмен қамтамасыз  етілуіне қатынасу;

-  Қазақстан   Республикасының   Қаржы   министрлігінің   жалғыз   қазына шотына қызмет көрсету;

-  елдің төлем балансын  дайындау және жүргізу т.б.

Халыкаралық практикада Орталық банктер үлкейтілген түрде үш атқарым орындайды: Реттеуші, бақылаушы және ақпаратты-зертгеуші. Осындай жағдайда Орталық банктің атқарымдары бірімен бірі тоқайласып жатыр, бір атқарымнан екінші атқарым шығады. Жоғарыда аталған Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің атқарымдары осы үш атқаратын нақтылауы болып табылады және халықаралық практикаға қайшы келмейді. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы Заң, басқа банктерге байланысты Заңдармен әрекеттес. Мысалы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметтері туралы" Занда, екінші дәрежелі банктер және басқа да несие институттеріне арналған ережелермен қатар олардың Қазақстан Республикасының, Ұлттық банкісінің алдындағы құқықтары мен міндеттері анықталады (бұл заң жөнінде келесі тарауда толығырақ айтылады). Халықаралық практикада Орталық банктерді жіктеудің бір өлшемі, олардың ақша саясатын жүргізудегі мемлекеттен тәуелсіздік дәрежесі. Бұндай тәуелсіздіктің дәрежесі көптеген әр түрлі объективтік және субъективтік факторлардың, әсерімен анықталады. Олардық ішінде мыналарды бөліп айтуға болады;

- Банктің капиталын  құрауға және оның пайдасын  бөлуге мемлекеттің қатынасы;

-  Банктің басқарушылар  құрамын тағайындау процесі;

-  Елдің Заңдарында,   Орталық  банктің  мақсаты   мен міндеттерін  қамту дәрежесі;

-  Ақша-несие саясатына  араласуға мемлекеттің құкығы;

- Орталық    банктің    мемлекет    шығындарын    тікелей    немесе    жанама каржыландыру мүмкіншілігін реттейтін ережелер.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің жағдайын осы тұрғыдан алып талдасақ, оның тәуелсіздігінің дәрежесі нольге тең болып шығады. Өйткені, біріншіден, оның негізгі капиталы толығымен (100%) мемлекеттікі, екіншіден, жоғарыда айтылғандай, банктің, басқарушылар құрамын толығымен елдің Президенті тағайындайды және босатады. Сонымен қатар, Ұлттық банктің басқарма мүшелігіне бір Президенттің өкілі, екі үкіметтің өкілі заңға сәйкес кіреді. Сөйтіп, 9 басқарма мүшелерінің 1/3 банктің аппаратынан тыс адамдар; Үшіншіден, жоғарыда айтылған Заңда Ұлттық банктің құқықтары мен міндеттері, атқарымдары, өкілеттігі мең құқықтары толығымен жете жазылған. Оның ішінде, Үкіметтің ақша-несие саясатына араласу құқығы да қаралған. Оның үстіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің өзінің табысын өз бетінше бөлуге құқығы жоқ. Аталмыш заңның ІІ-бабына сәйкес, оның табысының бір бөлігі Президент белгілеген шекте оның негізгі капиталын толықтыруға енді бір бөлігі оның резерв қорын толықтыруға (екеуі де мемлекет меншігі екенін айтқанбыз), ал, қалған бөлігі мемлекеттің бюджетіне бағытталынады.

Жоғарыда көрсетілген  параметрлерге қарағанда мемлекеттен  төуелсіздіктің ең жоғарғы дәрежесі АҚШ-тың орталық банкісінің атқарымын  орындайтын, Федералдық Резервтік жүйесінде  екен.

Оның өзінің дербес бюджеті  бар. Өзінің қызметінің шығындарың өзінің табысымен қаржыландырады. Барлық шығындарын жапқаннан кейін, мүшелеріне дивиденд төлеп болғаннан кейін, Үкімет қазынасына жыл сайын 15-20 млрд. долларға дейін ақша өткізеді. Оның міндеттері елдің заңдарында жалпылай ғана тұжырымды айтылған. АҚШ-тың Федералдық Резервтік жүйесінің мемлекеттен тәуелсіздігін, ел Президентінің оған ешқандай бұйрық бере алмайтындығынан, оның басқарушы қызметкерлерін орнынан алуға құкықсыз екендігінен де көруге болады. Дәл осылай болмағанмен, жоғары дәрежелі тәуелсіздік Германия мен Швецарияның Орталық банктерінде де бар. Бұл елдердің Заңдарында мемлекеттің, ақша саясатына араласу кұқығы көрсетілмеген. Ең төменгі дәрежелі тәуелсіздік Франция мен Италияның Орталық банктерінде. Бұл елдерде Орталық банктер Үкіметтің шешімдерін басшылыққа алып, оларды іске асырады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдарда, Францияның банкісі, толығымен қаржы Министрлігінің әсерінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Банкілік нарық.

2.1 Банкілік  нарыққа сипаттама

 

Бұл, банктің ресурстары мен өнімдеріне (олардың көрсететін қызметтеріне) ұсыным мен сұранымды анықтайтын сала. Қазақстанның егемендік алғандығынан бері 10 жыл өтсе де, банкілік нарық әлде де өркениеттік жағдайына жеткен жоқ деп ойлаймын. Оған себеп, осы жылдардың ішінде экономика дағдарыс жағдайында болды. Мемлекет пен қаржылық карым-қатынаста да тұрақтылық болмады, барлық экономикалық тұрмысты, уақытында төленбеген төлемдер құрсаулап қалды. Тіпті, жұмысын тұрақты жүргізіп жатқан кәсіпорындарда, жөнелтілген өнімдеріне төлем ала алмайтын болды. Оның үстіне банк жүйесінде де көп жыл бойы тұрақтылық болмады. Бірінен соң бірі банктер банкротқа ұшырап жатты. Жоғарыда айтылғандай 1994 жылы 230 банк болса, кәзір не бәрі 47-ақ банк жұмыс істейді. Осының өзі банктерге кәсіпорындарының, жеке тұлғалардың сенімдерін әбден кетірді." Соңғы жылдары банктердің іріктелуі, ірілендіруіне байланысты несие нарығы да ұлғайып келеді. Тек 2000 жылы, банктердің халық шаруашылығына салған несие ресурстары айтарлықтай өсіп (81,2%-ке) 2001 жылдың басында 276,2 млрд. теңгеге жетті. Онын ішінде, қысқа мерзімді несие мен орта және ұзақ мерзімді несиелердің ара қатынастары жақындап келеді (орта және ұзақ мерзімді несие 133,0 млрд. теңге болса, қысқа мерзімді — 143,2 млрд. теңге). " Экономиканың өсе бастағанының және ұлттық валютаның (теңге) бір шама тұрақталынғанының нәтижесінде несиелік процентті де (сый ақы) төмендетуге мүмкіншілк туды (2000 жылы орташа процент, теңгелуі несиеге 18,8%, ал валюталық несиеге 14,7% болды). Сөйтіп, теңгелік несиенің проценті, сол жылы 2%-ке төмендеген. Банктің басқа да қызметтері (несие карточкалары, электрондық байланыстар т.б.) соңғы жылдарда өсу жолында.

 

2.2 Ұлттық банктің  ақша - несие реттеуінің сипаттамасы

 

Экономикасы өркендеген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісі экономиканы реттеуді тікелей өзі емес, а ақша — несие жүйелері арқылы жүргізеді, Сонымен қатар, ақша - несиелік әсер етудің, жолдары мен әдістерін таңдау Ұлттық банк жүйесінің ерекшелігінен, елдің экономикасының бағдарынан тәуелді. Осыған байланысты, және басқа елдердің Орталық банктерінің тәжірибесін ескеріп Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі экономикаға әсерін тигізу үшін мынандай құралдарды пайдаланады. Дисконттық (есептік және кепілдік) саясаты. Бұл несиені реттеудің тарихи ескі әдісі. Коммерциялық банктер өзінің, вексельдерін орталық банкіде қайта есепке алады, немесе олардан өздерінің қарыздық міндеттемесін беріп, кұнды қағаздарын кепілдікке койып, несие алады. Бұл саясаттың негізгі мағынасы, қайта қаржыландырудың өлшерлемесін не жоғарлатып, не төмендетіп ақша қарқынын  ахуалға әсер ету. Іс жүзінде бұл саясат іске асырылады;

- егер    Ұлттық   банк,    екінші   дәрежелі    банктердің   несиелік  төмендеткісі  келсе, ол есеп мөлшерлсмесін  жоғарылатады. Сонда, басқа жағдайлары  бірдей болғанда, қайта қаржыландыру қымбаттайды. Бірақ, мұндай жағдайда, екінші дәрежелі банктер, біріне бірі банкаралық несие беріп, Ұлттық банктің мақсатын іске асырмай тастаулары мүмкін. Екінші жағынан Ұлттық банктің қайта каржыландыру мөлшерлемесін жоғарлатқаны, екінші дәрежелі банктердің бәрін бірдей елеңдетпейді.  Орталықталған несие қарызы жоқ банктер клиентін жоғалтпас үшін және жаңадан клиенттер тарту үшін, өзінің несие ресурстарына мөлшерлемені жоғарлатпауы мүмкін. Осындай саясатты қаржы жағынан тұрақты, ірі банктер де қолдана алады.

- егер, Ұлттық банк  екінші дәрежелі банктердің қайта  қаржылаңдыру ресурстарына шығуын  оңайлатқысы келсе, ол вексельдерін  қайта есептеп, есеп мөлшерлемесін  төмендетуі керек. Сонда, екінші  дәрежелі банктердің несие жоғарылайды,  олар өзінің несие ресурстарына, депозиттарына проценттік мөлшерлемені төмеңдетуге мүмкіншілік алады. Ұлттық банктің есеп мөлшер-лемесін өзгерткені, құнды қағаздардың жанама әсерін тигізеді. Қайта каржыландырудың мөлшерлемесін жоғарлауымен байланысты несие мен депозиттерге проценттік мөлшерлеме жоғарыласа, құнды қағаздарға сұраным азаяды, ұсыным көбейеді. Сөйтіп, олардың нарықтың бағасының төмендеуіне апарып соғады.

1998-1999 жылдары Қазақстан  Республикалық Ұлттық банкісі  кайта қаржыландырудың мөлшерлемесін  жиі-жиі өзгертіп отырды.  Бұл,  сол кездегі елдің экономикалық ахуалының тұрақсыздығынан болды. 1998 жылы 5 тамызынан бұл мөлшерлеме 18,5%-тен 20,5%-ке дейін, ал сол жылдың караша айында 25%-ке дейін көтерілді. Бұл Ресейдегі ақша дағдарысының шиеленісуімен байланысты болған (17 тамыздағы). 1999 жылы шілде мен тамыз айларында қатарынан екі рет төмендетілді: әуелі - 22%-ке дейін, сосын 20%-ке дейін. Бұл, сол кездегі қаржы нарқынын серпіні ондала бастағанының әсері еді.

Ақша-несие саясаты

Қазақстан Ұлттықбанкі  мемлекеттік ақша-несие саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын органболып табылады.

ҚҰБ ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның  тұрақтылығын, иғни оның төлем қабілеттілігі  мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамассыз  етуді көздейді.

Ақша-несие  саясаты – бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.

Шаруашылық конъюктурасының  жағдайына байланысты ақша-несие  саясатының екі типі болады:

    1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты:
    2. Экспанциондық ақша-несие саясаты.

Рестрикциялық ақша-несие  саясаты – екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға  бағытталатын шаралар жиынтығы.

 Экспанциондық ақша-несие  саясаты – несие беру көлемін  кеңейтумен, айналыстағы ақша массасының  өсуіне бақылаудың әлсіздігімен  және сыйақы мөлшерлемесінің  төмендеуімен байланысты шаралар.

Соңғы жылдардағы ақша-несие  саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамассыз ету. Бұл мақсатқа жетуге Ұлттық банк қатаң ақша-несие саясатын жүргізуде. Заңға сәйкес Ұлттық банк мынадай ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

    • Сыйақы мөлшерлемесін белгілеу;
    • Ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу;
    • Мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сатуы бойынша ашық нарықтағы операцияларды жүргізу;
    • Банктерге және үкіметке несиелер беру;
    • Валюталық нарықта интервенциялау;
    • Кейбір жағдайларда, несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу.

Қазіргі уақытта жоғарыда аталған құралдардың ішінде іс жүзінде  қолданылып отырғандары; ресми сыйақы мөлшерлемелері, қысқа мерзімді ноттарды эмиссиялау, ашық нарықтағы операциялар.

Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми  сыйақы мөлшемелерді белгілейді:

    • Ресми қайта қаржыландыру;
    • Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі;
    • РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
    • «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі;
    • күндізгі займдарбойынша сыйақы мөлшерлемесі.

Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы  жағдайына несие бойынша сұраныс  пен ұсынысқа, инфляция және күтілген инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, Қазақстан Республикасының Президентінің актілері негізінде немесе ҚҰБ Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына, несиелер бойынша сұраныс пен ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік (дисконттық) мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуде қолданылады.

РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелері –  жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы  нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады. РЕПО-ның мақсаты мөлшерлемесін ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.

«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олрадың ҚҰБ-ғы коореспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданады.

Күндізгі заемдар бойынша  сыйақы мөлшерлемелері – Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан коореспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда заемдар бойынша қолданылады.

Ұлттық банктің ресми  сыйақы мөлшерлемелерін төмендегідей

1-кестемен көрсетуге  болады.

 

Ұлттық банктің  ресми сыйақы мөлшерлемелері*

                                                                                                                                   Пайыздар,кезеңніңсоңына

Сыйақы мөлшерлемесінің  түрлері

12.2000ж

12.2001ж

12.2002ж

 

1.

2.

3.

4.

 

Қайта қаржыландыру

Есептік (дисконттық)

Овернайт займдары бойынша

РЕПО операциялары бойынша,

оның ішінде;

      овернайт

       1 жұма

       2 жұма

 

14

12,5

20

 

 

-

6,5

5,5

 

9

8

1

 

 

5

5

5,5

 

7,5

8

9

 

 

5,5

5,5

5,5

Информация о работе Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі