Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа
Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды
Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Валюталық саясат. "Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы" Заңда бұл саясат "Валюта нарқындағы басқыншылық" деп аталған. Бұл, іс жүзінде валюталық саясаттың бір түрі — девиздік саясатпен сәйкес. Ұлттық банк, бұл саясатты жүргізгенде басқа елдердің валюталарын (девиздер) сатып алып, немесе сатып, Ұлттық ақша бірлігінің бағамын керек бағытта өзгеруін қамтамасыз етеді. Шынында да, бұл валюталық басқыншылық. Бірақ валюталық саясаттың мұнан да басқа нысандары бар. Бұл тек осы саясаттың бірақ нысаны. Валюталық басқыншылық девиздік саясат жүргізгенде, Орталық банк алтын-валюта резервтерін жұмсап, өз елінің ақшасын сатып алады. Сөйтіп, Ұлттық валютаға сұраным көбейтіледі, бұл оның бағамын жоғарылатады. Керісінше, Орталық банктің үлкен мөлшерде Ұлттық валютаны сатқаны, оған ұсынымды көбейтіп, оның бағамын төмендетеді. Елдің Ұлттық валютасының бағамын, тек бір ғана елдің валютасымен қатынасты (мысалы долларға) жоғарылату, немесе төмендету керек болса, валюталық басқыншылық тек осы валютаға қатысты жүргізіледі, яғни тек сол валюта сатып алынады немесе сатылады. Сонымен қатар, елдің алтын-валюта резерві не азаяды, не көбейеді. Іс жүзінде экономикасы өсіп жетпеген, қаржысы жеткіліксіз елдер, өзінің Ұлттық валютасының бағамын қолдау үшін, көбінесе шетелдік валюталарды сатып алады. Мысалы, 1998 жылдың 17 тамыздағы Ресейдің рублінің опырылымына байланысты Ресейдің Орталық банкісі мұндай опырылуды тоқтату үшін, екі жетінің ішінде 17 миллиард доллар сатты. Бірақ елдің алтын-валюта резервін жоғалту қаупі туғанда, мұндай басқыншылықты тоқтатты, банкаралық биржада валюта саудасын тоқтатты. Осыдан кейін доллардың бағамы жоғарылап, 15 рубльдік валюталық (коридор) шегінен шығып 20-25 рубльге жетті. Осыған ұқсас жағдай Қазақстанда да болды. Күтілгендей, Ресейдегі жағдай Қазақстанның теңгесінің бағамын төмендете бастады. Сонда Ұлттық банк валюталық баскыншылық жүргізуге 600 миллион доллар сатты. (барлық 2.0 миллиардқа толмайтын алтын валюта резервінен). Ақырында бұл валюталық басқыншылықтан пайда шықпағаннан кейін, Үкімет пен Үлттық банк 1999 ж. 5 көкегінде Ұлттық валюта - теңгенің бағамын анықтауды, құбылмалы тәртіптемеге ауыстырды. Бұл жағдайда бағам нарықтағы ұсыным мен сұранымға байланысты анықталынады. Валюталық саясаттың мұнан басқа дисконттық (есептік) нысаны бар. Сөйтіп, дисконттық (есептік саясат) тек отандық коммерциялық банктер үшін, қайта қаржыландырудың жағдайын өзгертуге ғана емес, сыртқы нарықта валютаның бағамын және елдің төлем балансын реттеуге де пайдаланылады. Қазіргі жағдайда бұл саясат көбінесе елдің ішкі ахуалын реттеуге пайдаланып жүр. Бұл екі нысаннан басқа, кейбір нарықты экономикалық елдерде валюталық саясаттың үшінші нысаны - депозиттік саясат қолданылады. Бұл саясат бойынша, ақшалық қаржылардың, екінші дәрежелі банктер мен Орталық банк арасындағы козғалу ағымы реттелінеді, Бірақ мұндай саясат жүргізу "Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы" Заңда көрсетілмеген.
Ұлттық банк – бұл барлығы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен оталық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады, іс жүзінде Ұлттық банкте барлық кассалық резерфтердің жоғарылауы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банкетр мекемелердің коммерциялық банктер кассаысын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айрысуларды Ұлттық банк мекемелері жүргізе отырып, қажет жағдайда Ұлттық банктен несие ала алады.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резерфтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резерфтерден басқа, да материалдық бағалықтарын тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Әлемдік тәжірибелерде орталық банктердің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық формалары кездеседі:
Ұлттық банк резерфтік
және басқа да қорларды құрайды. Резерфтік
қор жарғысының қор көлемінде
құралып, меншікті пайда есебінен толықтырады
және жүргізген операцияларға
Ұлттық банк қаржының жылдағы таза табысы, сол қаржының жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизацияның, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.
Ұлттық банктердің таза табысы, жарғылық қорды және резерфтік қорды абсолюттік соииада құруға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республиканың бюджетке аударылады. Ұлттық банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банктердің басты міндеті Ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығы қамтамассыз ету болып табылады.
Сол сияқты Ұлттық банкке келесідей қосымша міндеттер жүктеледі,ақша айналысы, несие, банктерге есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздің экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлеуметтік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекеттің саясатын жасау және жүргізу.
Банктің қызметі реттейтін нормативтік құқылық актілерді қоладну арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден тұрады:
Қазақстанның Ұлттық банктерінде басқаратын жүйеегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банк басқару органына: Басқарма және аудиторлар Кеңесі (Директорат) жатады. Ұлттық банктің құрамына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филлиалдары, өкіметтері мен ұйымдары кіреді. Ұлттық банктің орталық апараттарында мынадай департаменттер мен дербес басқармалары бар:
Ұлттық банктердің эмиссиялық қызметі.
Қазақстан теңгесін банкнотын шығару құқығы Ұлттық банкке қана беріледі. Бұл банкноталар заңды төлем құралы болып табылады. Әр ақшалай соианың кредиторы, оларды өзінің талаптарын орындауда шексіз көлемде қабылдауға тиіс, сондықтан да Ұлттық банктердің банкноталары біздің ақша жүйеміздің кіндігін құрайды. Олар барлық экономикалық процеске қатысушылардың төлем операцияларды үздіксіз де, тиімді орындау үшін қолында жүреді. Сол сияқты банктерде өз клиенттеріне нақты ақшаны ауыстырушы шоттағы салым формасын ұсынатындығы, соңғы кезекте эмиссиялық банктің ақшасына байланысты, өйткені банк клиенттері кез-келген уақытты нақты ақшаны өз шотынан алуы мүмкін.
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың
қызметіне сипаттама
Қазақстанда жұмыс істеп жүрген банктердің, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінен басқасының бәрі, екінші дәрежелі банктер болып есептеледі. Олардың қызметтерінің заңды негізі, Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылы 31 тамызда шыққан №2443, заңдық күші бар "Қазакстан Республика-сындағы банктер және банк қызметтері туралы", жарлығы. Қазақстан Республикасында бұл банктер ашық және жабық акционерлік қоғам болып қалыптасты. Аталмыш заңға сәйкес, Қазақстандағы екінші дәрежелі банктер Заңды тұлға болып табылады. Олардың бәрі, меншіктігіне қарамастан, коммерциялық жұмыспен шұғылданады. Сөйтіп, олардың басты мақсаты — пайда табу. Екінші дәрежелі банктерге, заңды түрде, басқа Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларды өз атынан, өз қаражатына, қайтарымдылық мерзімділік және төлемділік жағдайларда орналастыру және де клиенттердің тапсыруы мен есеп айырысу, тағы басқа да операцияларды жүргізуге құқық берілген. Сөйтіп, баска елдердегідей, Қазақстанда да екінші дәрежелі банктер, бір жағынан, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың, уақытша бос қаржыларын жұмылдырып, оларға пайда табуға мүмкіншілік жасайды, екінші жағынан, жұмылдырылған қаржыны басқа шаруашылық жүргізуші субъектілер мен жеке тұлғаларға қосымша қаржыға қажеттігін жабуға береді. Сонымен қатар, банктер өз мүдделерін де ұмытпайды. Уақытша пайдалануға берілген қаржы үшін тиісті өсім (процент) алады. Объективтік процесс ретінде, банктердің мұндай операцияларының экономикалық негізі болып, қарызға беретін құнды қалыптастыруға және пайдалануға әсер ететін, ақшалай қаржылардың қозғалысы болып табылады. Екінші дәрежелі банктер, Қазақстан Республикасының аумағында және оның сыртында, өздерінің бөлімшелерін, еншілес банктерін ашуға құқықты. Бұл банктердің қызметтері Қазакстан Республикасының конституциясымен, басқа да заңдармен және де олардың негізінде, оларды орындау мақсатында, өзінің, құдіретіне берілген мәселелер жөнінде шығаратын нормативтік, құқықтық актілермен реттелінеді.
"Қазакстан Республикасындағы банктер жене банк қызметтері туралы" Заңның 30 бабына сәйкес банк қызметтерінің қатарына төмендегі операциялар кіреді:
- Заңды және жеке тұлғалардан депозиттер кабылдау;
- Бұдан былай "заң" деп аталады.
- Банктерге және кейбір банктік операцияларды жүргізуге құкықты ұйымдарға корреспонденттік шот ашып, оларды жүргізу;
- Кассалық операциялар жүргізу: банкноттар мен монеттерді қабылдау, қайта санау, айырбастау, ауыстыру, сұрыптау, буу-түю, және сақтау;
- Ақша аудару: Заңды және жеке тұлғалардың талаптарымен ақша аудару;
- Есептеу операциялары; Заңды және жеке тұлғалардың қарыз міндеттемелерін және вексельдерін есептеу;
- Заңды және жеке тұлғалардың оның ішінде банктер-корреспоңденттердің, талаптарымен олардың банктегі шоттары арқылы есеп айырысу;
- Сенімгерлік (трасталық) операциялар: сенімгердің талабымен ақшаға билік жасау;
- Клирингілік есеп айырысу операциялары: жинау, салыстыру, сұрыптау, төлемдерді қуаттау, өзара талаптарды есепке алу және клирингіге қатынасушылардың таза жайғасымын анықтау;
- Сейфтік операциялар: клиенттердің құнды қағаздарын, құжаттарын, басқа да құндылықтарын сақтау, сейфтерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беру;
- Ломбардтық операциялар: жылдам өтімді құнды қағаздар мен қозғалатын мүліктерді кепілзатка алып, қысқа мерзімді несие беру;
- Банкноттар мен монеттерді, басқа да құндылықтарды кассіге жинау және салып жіберу;
- Басқа елдердің валюталарына ақша айырбастау бекеттерін ұйымдастыру;
Банктер аталған операцияларды
Қазақстан Республикасының
- депозиттік сертификаттар шығару;
- кепілдеме операциялары: үшінші тұлғалардың атынан, ақшалай нысанда орындалатын кепілдіктер мен міндеттемелер беру;
- мүліктерді жалдауға беру. Бұл жағдайда жалдауға берушінің, жалдауға берген мүлкіне меншіктік құқы, шартта көрсетілген мерзім біткенше сақталады. Өзінің меншікті құнды қағазын шығару (акциядан баска).
- Факторингілік операциялар: тауарды (жұмысты, қызметті) сатып алушыдан, төленбей қалу қаупін өзіне қабылдап, төлем талаптарын сатып алу;
- Форфейтінгілік операциялар:
тауарды (жұмысты, қызметті) сатып
алушыдан қарыздық