Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды

Оглавление

Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

28____--__i-44.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

5) Банклік заңдар, Банк ифроқұрылымының  бұл блогі банк жұмысын реттеуге  бейімделген және оның құқықтық негізі болып табылады. Өйткені, банктердің қазіргі кезеңдегі жұмыс деңгейін, олардың ел экономикасындағы маңызын осы заңдар анықтайды. Банк жүйесінің кеңеюуіне байланысты банктік құқықтардың оқшауландырылуы ұлғая түседі. Ол құқықтық реттеудің дербес блогі болып қалыптасады. Белтілі Ресей оқымысты экономисі, академик О.И. Лаврушинның пікірі бойынша банктік заңдар үш қабаттан тұрады. Мемлекет, банк жұмысын экономиканың даму мүдделеріне бағындыру үшін жаңа, әр түрлі заңдар шығарады және қолданылып жүрген заңдарға қажетті өзгерістер енгізіп отырады. Сол үшін банкілік заңдардың құрамына әртүрлі заңды нормалар енгізіледі. Олар бір жағынан, банктердің жұмысының белсенділігін арттырады, екінші жағынан, банктердің мемлекеттің бүкіл экономикасын реттеуге кесірін тигізбеуін қамтамассыз етеді Бұған дәлел ретінде, Ұлттық банктің екінші дәрежелі банктер үшін белгілейтін әртүрлі экономикалық (пруденциялық) мөлшерлемелерін келтіруге болады.

Меншіктің нысанына қарай  банктер, мемлекеттік, акционерлік, кооперативтік, жеке меншіктік және бірлескен банк болып бөлінеді. Қазакстандық банктерге тән ерекшелік, олардың бәрі, мемлекеттік банктерден басқалары, ашық не жабық түрдегі акционерлік қоғам болып қалыптаскан.

Әр түрлі белгілер мен банктер: аймақтық, аймақаралық, ұлттық, халықаралық, көп бөлімшелі, бөлімшесіз, ірі, орта және шағын болып та бөлінеді.

Нарықтық экономикада  керісінше. Мемлекеттің банктерге  үстемдігі жоқ. Банктерге әр түрлі  меншік нысандары бар. заңды немесе жеке тұлғалар банк ашып алуға құқықты. Қолма-кол, немесе қолма-қол емес ақшаларды айналымға шығару атқарымы бөлінген. Қолма-қол ақшаны айналымға Ұлттық банк шығарады, қолма-қол емес ақшаны — екінші дәрежелі банктер шығарады. Қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың арасында ешқандай шек жоқ. Жалғыз мемлекеттік саясаттың орнында әрбір банктің өз саясаты бар. Қазіргі банктер тек өзінің акционерлеріне, яғни солардың сайлаған қадағалаушы кеңеске, басқармаларға бағынады.

Кейбір экономистердің қазіргі кезеңдегі ТМД елдерінің  банк жүйесі өтпелі кезеңнің банк жүйесіне сәйкес деген пікірлерімен келісуге болмайды. Табиғатта өтпелі кезеңнің, банк жүйесі жоқ. Қазіргі банк жүйесінің барлық элементтері нарықтық тұрпатқа сәйкес келеді. Тек, олардың кейбір жетілмегендіктері бар, ал

бұл уақытша жағдай. Бара-бара нарықтық қарым-қатынастар жетілдірілген сайын, банк жуйесі де жетілгендіріледі. Сөйтіп, бәрі де өз орнына келеді. Сондықтан банктік өтпелі кезеңге лайық, ерекше жүйесі бар деген дұрыс болмайды.

1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы

 

Банктің атқарымдары жөнінде де, оның, мазмұны жөніндегідей экономикалық басылымдарда әр түрлі пікірлер айтылады. Көбінесе банктің атқарымы олардың жүргізетін операцияларымен теңестіріледі. Банктің барлық сыртқы орталық пен жасайтын қарым- қатынастарының банк операцияларына тән ерекшеліктерін ескеріп, банктің үш атқарымы бар деп түсіну керек. Оның біріншісі, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың уакытша бос ақшаларын олардың банктегі шоттарына, депозитқа, әр түрлі салымдарға шоғырландыру болып табылады. Сөйтіп, банктер басқа кәсіпорындарына, жеке тұлғаларға, несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды. Бұл банктердің несие қызметін жүргізуінің басты жағдайы. Сонымен қатар, басқа субъектілер де, маңызды шараларын іске асыру үшін қаржы жинаулары мүмкін. Бірақ мұндай ақша жинау мен банктің ақша шоғырландыруының арасында, біраз айырмашылықтар бар. Біріншіден, банк өз ақшасы емес басқалардың, уақытша бос ақшасын жинайды; екіншіден, банк, жинаған ақшасын өзінің тікелей қажетіне жұмсамайды, ал клиенттерге, олардың керегіне жұмсауға береді: үшіншіден, шоғырландырылған ақша банктің меншігі бола алмайды, оны банкіге салған субъектілердің меншігі болып қала береді; төртін-шіден, басқа заңды не жеке субъектілердің уақытша бос қаржыларын шоғырландыру, банкке заңды түрде бекітілген құқық.

Банктің екінші атқарымы болып ақша айналымын реттеу болып табылады, Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бүкіл елдің төлем айналымы банктер арқылы өтеді. Ол үшін банктер әр түрлі төлем кұралдарын (еліктемелерді) шығарады, несиелер береді. Осының нәтижесінде ақша айналымы жөнге салынып отырылады. Бұл да банктің ақша-несие ретіндегі Заңмен бекітілген құқығы. Банктің үшінші атқарымы делдалдық Банктер өнімін немесе қызметі сатушы мен оларды сатып алушының ортасында, олардың тапсырмасы мен әр түрлі төлемдерді іске асырушы болғандықтан, олардың жұмысы делдалдық болып көрінеді. Банктің делдалдық жұмысы, несиелік ресурстарды шаруашылық жургізуші субъектілердің арасында, олар мен халық арасында, шаруашылықтың әр түрлі салаларының арасында, ауысып жүруінен көрінеді және олардын тиімді пайдаланылуы мен барлық шаруашылыктың, қызметтерінің жақсартылуына үлкен әсер етеді. Өйткені, олардың біреулері бос ақшасын банкіге салып, олардан процент түрінде сый ақы алады, ал екіншілері, уақытша, қосымша қаржыға қажеттігін банкіден алған несиемен жауып, өндіру мен өткізу процестерінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да банктің клиенттері ұтыста болады.

 

1.3 Банктің маңызы.

 

 Банктің мазмұны  мен атқарымдары оның экономикадағы  маңызын көрсетеді. Банктің маңызы  деген сөзді, оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек, яғни, ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің атқарымдары сиякты, оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында істейтіндігін ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға тигізетін ықпалын, осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

-  Өндірістің үздіксіздігін  және оны жеделдетуін қамтамасыз  етуге керекті, бос капиталды,  ресурстарды шоғырландыру;

-  Ақша айналымын  тәртіпке келтіріп оны рационализациялау.

Уақытша бос ресурстарды  шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, банктер, бір жағынан уақытша  бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды, баска уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж, шаруашылық жүргізетін субъектілерге беруші. Банктер, уақытша бос ақшаның тозандай алымын жинастырып, ақша ресурстарының орасан зор ағымына айналдарады. Оларды шоғырландыру және өндіріс пен айналымның керегін қамтамасыз етуге бағыттау, банктердің экономикалық орталықпен қарым-қатынасы, онымен әрекеттестілігінің ең маңызды атрибуты.

Банктердің ақша-қаражатын  шоғырландыру, кейіннен оларды қайта  бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін  қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл  ұдайы өндірістің процесін жеделдетеді. Капиталдың, тауардың ақша айналымының өсу негізінде пайда болған банктер, ақша айналымын тәртіпке салу, оны рационализациялайтын, басқа ешкімде жоқ қасиеттерге ие. Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша каржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық айналымдардағы сауда операцияларына сәйкес аударуды, қамтамасыз еткен және олар, бір елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Әрине, одан бері банк ісінің технологиясы және көлемі айтарлықтай өзгерді. Есеп айырысудың ежелгі, банкирлік үйлер қолданған, карапайым нысанынан, қазіргі электрондық тораптардың негізінде ұйымдастырылған есеп айырысу, шаруашылықтарға айналым уақытын жеделдетіп, тауар өндірушілердің арасында, шаруашылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіншілік берді. Сондықтан, банктер экономикалық өмірдің бөлінбейтін атрибуына айналды. Банкісіз ешбір кәсіпорын, ешқандай бірлестіктер, бөлек Заңды және жеке тұлғалар емір сүре алмайды.

Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында, шағын және орта бизнестердің ауыл шаруашылық өндірістердің  дамуы маңызды. Сондықтан банктің маңызын сан жағынан бағалағанда, осы салаларға қанша несие берілгендігіне көңіл аудару кажет. Бұл жөнінде қаншама Үкімет қаулылары болса да, арнаулы мемлекеттік қорлар құрылып жатса да, шағын және орта бизнесті дамытуға несие беру. Ресми деректерге сүйенсек, 2001 жылдың басында барлық экономикаға салынған банк ресурстарының 26,8% осы мақсатқа берілген. Кейде іс жүзінде мынандай да жағдайлар орын алуы мүмкін. Банктің берген несиесі үлкен сомада. Бұл жөнінде банктің бедел көрсеткіші жоғары. Бірак, ол соманың басым көпшілігі сатып алу, қайта сату, үшін беріліп, өнім өндірушілер қаржы жағынан тапшылық керіп жатса, банктік ел экономикасын дамытудағы маңызын төмен болды деуге болады. Егер банктің маңызын сапа жағынан қарау керек болса, оның әрекеттерінің елдің және бөлек субъектілердің экономикасының, өсуіне кандай дәрежеде ықпал еткенін бағалау керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың нәтижесінде Отандық өндірушілер қанша, кандай сапада өнім шығарды, қанша жұмыс орнын құрды, халықка және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға өсті, банктің несиесін және басқа да банк қызметтерін пайдалану нәтижесінде қанша пайда түсті деген мәселелерді қарау керек. Мұның бәрі елдің экономикадағы банктің маңызы болып табылады. Банкінің үлкен экономикадағы маңызын елдің басқа да жалпы экономикалық көрсеткіштерімен байланыстырып бағалау төтенше көңіл аударарлық мәселе. Дәстүр бойынша, банктер ұдайы өндіріспен тікелей байланысты. Сондықтан, олардың маңызын бүкіл экономиканың көрсеткіштерімен байланыстырып бағалау, банктердің шаруашылықтарға, өздерінің қызметтерін көрсете отырып, қандай нақты көмек көрсеткендіктерін суреттейді. Мысалы, банктің төлем құралдарын шығаруы, сонымен бірге ақша бірлігінің тұрақтылығына, өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Сөйтіп, банктің міндеттемесіне айналады. Банк айналымға ақша шығара отырып, оның бүкіл өндіріске және айналымға қалай ықпал ететіні мен байланыстыруы керек. Өйткені, айналымға артық ақша шығып кетсе, ұлттық ақша бірлігінің сатып алу қабілеті кемиді, инфляциялық ахуал тууы мүмкін, капитал мен жиналған құндылықтардың құны төмендейді, ал айналымдағы ақша жиынының жеткіліксіздігі өндірілген өнімді өткізуді қиындыққа апарады, өйткені төлем кұралы жетіспегендіктен оны сатып алушылар уақытында төлей алмайды, соның салдарынан өндірісті қысқартуға тура келеді, ал оның салдарынан жұмыссыздық пайда болады. Сонымен, банктің жұмысынан көбінесе (басқа да себептермен қатар), ақша бірлігінің тұрақтылығы тәуелді, ал мұның өзі банк жұмысының, оның экономикадағы міндеттеріне қаншалыкты сәйкес екендігін дәлелдейтін маңызды компоненті.

Айырбастау саласында  істейтін болғандықтан, банктер қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, пайдалану процестерінен  қашық тұра алмайды. Сондықтан үлкен  экономика деңгейінде банктің маңызын  бүкіл экономикаға қандай әсер еткені арқылы ашу керек. Банк әр уакытта да несиені көбірек беруге ұмтылмайды. Өндірістің даму бағытын, нарықтың жағдайын ескермей есепсіз несие берілсе, өндірісте де, банктің өз жұмысында да жағымсыз жағдайлар туыуы мүмкін. Сондықтан несиенің кайтпай қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға мәжбүр етеді.

Олардың өз мүдделері  қоғам мүддесінен жоғары, ол тек  пайда табу үшін істейді және де кез келген жолмен (кейде арамы  айла-амалмен). Сондықтан Қазақстан  экономикасының осы уақытқа дейін (тәуелсіздік алғанымызға 10 жыл өтті) дағдарыстан толық шығып кете алмай отырғаны, тікелей банктердің жұмысымен байланысты деуге болады. Олардың бүгінгі күнгі экономикадағы маңызы өте төмен, ішкі мазмұндары, экономикалық субъектілер ретінде, неге арналғандығына сәйкес келмейді. Көптеген банктердің жабылып жатқанының бір себебі осында. Өйткені, арам айла-амалдардың жолы қысқа, ұзақка бара алмайды. Сонымен қатар, дүние жүзілік практикадан белгілі, кейбір елдердің банктерінің өз мүдделерін, әдісін тауып, қоғам мүдделерімен байланыстырып, елінің экономикасын өркендеуіне үлкен әсер еткені. Оған мысал ретінде, дүниежүзілік соғыстан қирап; шыққан Германия мен Жапонияның қысқа мерзімде, ірі банктердің көмегімен, экономикасы өркендеген елдердің қатарына қосылғандыктарын келтіруге болады. Бұл жөнінде, жоғарыда талай аталған Ресей экономисі, академик О.И. Лаврушин өте ұтымды жазған: "Банктер өндірістің экономикалық субъектісінің бірі бола тұрып, өзі өсіп, өркендеп келе жатқан елдің, қоғамның "азаматы", Банкінің азаматтық саясаты оның жұмысынан лажсыз көрінуі керек

Қазіргі уакытта Қазақстанда банк жүйесі екі дәрежелі болып қалыптасты. Бұл барлық нарыктық экономикалы мемлекеттердің банк жүйелерінің құрамына сәйкес келеді. Басқа елдердегідей жоғарғы дәрежеде елдегі банк жүйесінің бас буыны Қазақстан Рсспубликасының Ұлттық банкісі тұр. Басқа да экономикасы өскен елдердегідей, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің жұмысын реттейтін негізгі құкықтық құжат "Қазақстан Республикасының Ұлттык, банкісі туралы" Заң болып табылады. Анығырақ айтсақ, Қазақстан Республикасының Президентінің  1995 жылы 30 наурызында шыққан №2155 заңдық күші бар, жарлығы. Осы заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі, өз жұмысын, еліміздің конституциясын және басқа да заңдық құжаттарды және де президент шығарған құжаттарды басшылыкқа алып жүргізеді.  Қазақстанның Ұлттық банкісі дербес балансы бар заңды тұлға. Ол тек Қазақстанның Президентіне бағынады. Осыған байланысты:

- Парламенттің    келісуі   мен    Ұлттық   банкінің   төрағасын    Президент тағайындайды және босатады;

- Ұлттық банкісінің, жылдық  есебін Президент бекітеді. Оларды  барлық банкілер және банктің,  кейбір операциясын жүргізе алатын, бірақ "банк" деген мәртебесі  жоқ ұйымдар орындауға міндетті. Ұлттық банк Қазақстан аумағында және оның сыртында өзінің бөлімдерін және өкіліктерін ашуға құқықты, Оған өз жұмысында, тек пайда табу мақсатын басшылыққа алуға болмайды. Әр елдің бас банкісі әр түрлі аталады: Орталық Мемлекеттік, Халықтық, Федералдық, Федералды-резервтік жүйе АҚШ, Англияның банкісі, Жапонияның банкісі т.б., ал Казақстанда ол "Үлттық банк" деп аталды.

Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  банкісінің  басты  мақсаты  ішкі  және сыртқы нарықтарда ұлттық валютаның-теңгенің тұрақтылықтарын  қамтамасыз ету. Сонымен қатар, оның алдында төмендегі мақсаттар тұр:

-  елдің  экономикасының дамуына,   оның дүниежүзілік  экономика  мен бірлесуіне мүмкіншілік туғызатын ақша айналымына, несиелеуге, есеп айырысуға,     валюталық    қарым-қатынастарға    байланысты    мемлекет саясатын дайындау және оны іске асыру;

-  ақша, несие және  банк жүйелерінің тұрақтылығына  көмектесу;

-  Банк жұмысын реттеуге  және қадағалауға керекті нормативтік  құкықтық құжаттар шығарып, қарызгерлердің  және банктің барлық клиенттерінің  мүддесін қорғау;

Аталмыш Заңның 8-ші бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне көптеген және әр түрлі атқарымдар жүктелген. Оның ішіндегі ең бастылары:

-  мемлекеттің   ақша-несие   саясатын   іске   асыру  және   құнды   қағаздар  шығару жолы  мен   айналымдағы   ақша  жинағьш  реттеу;  Ол  (Ұлттық  банк) Қазақстан Республикасының аумағында ақша және монеттер шығаратын жалғыз мекеме;

-   Үкіметпен келісе  отырып оның қарызына қызмет  көрсетуге қатысу;

-  Қазақстан Республикасының  аумағында банктер, олардың бөлімдері  мен өкілдіктерін ашуға рұқсат беру;

-   Мемлекеттік   тіркеуден   өтпей   тұрғанда,   банктердің   құнды   қағаздар  шығару жобасын сараптау және  олардың шығарылуы мен таратылуы  жөніндегі есептерін бекіту;

-  екінші дәрежелі  банктердің жұмыстарын қадағалау  және оларға пруденсиялдық (экономикалық) мөлшерліктер бекіту;

- елдегі экономикалық ахуалға байланысты, қайта каржыландарудың мөлшерлемесін жоғарылатып, не төмеңдетіп республикадағы несие мөлшерлемесін реттеу;

Информация о работе Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі