Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Октября 2013 в 21:39, курсовая работа

Краткое описание

Әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көтеріп отырғандай, әлеуметтік-бағдарламалы нарықтық экономикаға өту жағдайында кәсіпкерлікке көмек көрсету және оның дамуына жәрдемдесу теңдестірілген экономикалық өсуге жетуде елеулі нәтижелер береді. Банктер туралы түрлі-түрлі пікірлер айтылып жүр. Кейбір мамандар банкті кәсіп орны, мекеме,- дейді; екіншілері - экономикалық басқару орны,-дейді; үшіншілері - делдалдық ұйым,- дейді. Төртіншілері - несиелік кәсіпорны деп сипаттайды

Оглавление

Кіріспе
1. Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі
1.1Банктердің пайда болуы және даму
1.2 Банктің атқарымдары мен маңызы
2. Банкілік нарық
2.1 Банкілік нарыққа сипаттама
2.2 Ұлттық банктің ақша - несие реттеуінің сипаттамасы
3. Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметі
3.1 Екінші дәрежедегі банктер және олардың қызметіне сипаттама
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Файлы: 1 файл

28____--__i-44.doc

— 296.00 Кб (Скачать)

—————————

*Сандық мәліметтер  ҚҰБ статистикалық бюллетенінен  алынған № 6(103), 2003, маусым.

 

АҚШ пен Германияда міндетті резервтік нормалары біршама  жоғары деңгейге бекітілген. АҚШ-та міндетті резервтер банктердің категорияларына, депозиттердің шамасы мен түрлеріне байланысты болып келеді. Міндетті резервтер федералдық резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарныда сақталады және резервтердің артық мөлшері федералды резервтік банктердің АҚШ ақша нарығында маңызды процестерге байланысты операциялардың басты бір көзін құрайды. АҚШ-тың банк жүйесінің резервтернің тағайындалу негізі коммерциялық банктердің қызметіне бақылау жасауды білдіреді. Заңмен бекітілген резервтер коммерциялық банктердің несилеу қабілетіне әсер ететін федералды резервтік банктік жүйенің басқару Кеңесінің басты құралы болып табылады. Резервтеудің басты мақсаты банк несиесінің артықшылығынан немесе жеткіліксіздігінен тұрады. Дәл осылай, жанама жолмен коммерциялық банктердің несиесіне жасалатын бақылау құралы және экономиканы тұрақтандыру барысында бұл резервтер салым иелерінің мүдделерін қорғау құралы болып табылады деген Кэмпбел Р. Макконелл, Стэнли Л. Брю.

Федералды резервтік  жүйе экономикалық құлдырау кезеңінде міндетті резервтердің іскерлік белсенділігін арттыру және ынталандыру үшін міндеттірезервтердің деңгейін жиі қысқартып отырған.

Ұлттық банк екінші деңгейдегі банктер  үшін, олардың пруденциялықдық нормативтерді  орындауына байланысты ең төменгі резервтік талаптарды орындау барысында банктерге мынадай екі тәсіл қолданады:

    1. Міндетті резервтер;
    2. Резервтеудің альтернативтік тәртібі.

Резервтік талаптарды орындайтын банктерге Ұлттық банк орташа айлық  қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 50% көлемінде теңгедегі резервтер бойынша, ал еркін алмастырылатын валютадағы резервтік талаптар бойынша Лондондағы депозиттер нарығындағы (LIVID) бір айлық депозиттің орташа өлшемді мөлшерлемесінің 50% көлемінде пайыз төлейді.

Ашық нарықтағы операциялар – бұл Ұлттық банктің айналыстағы ақша масасының көлемін реттеу мақсатында екінші реттегі нарықта мемлекеттің бағалы қағаздарын сату және сатып алумен байланысты операциялары.

Бұл біршама ақша массасын, коммерциялық банктердің өтімділігін және несиелік жұмыстарды реттеудің ыңғайлы әдістерінің бірі болып табылады. Оның негізгі мәні ақша эмиссиясын тоқтату арқылы банктердің несиені эмиссиялауын шектеуді білдіреді.

Ұлттық банк нарықта бағалы қағаздарды сату арқылы оны сатып алушылардың  резервтік шоттарынан тиісті сомманы  ұстапқалады. Сөйтіп, керсінше, банктерге несие беруді және ақша шығаруды ынталандыру мақсатында Ұлттық банк бағала қағаздарды сатып алады да, тиісті сомманы банктердің резервтік шотына қайта аударады.

Несиелік операциялар.

Несиелеу және қаржыландыру операцияларына соңғы жылдары Ұлттық банктің қызметінің алдағы уақыттарда классикалыққызметіне жақындауына байланысты тиісті шаралар қолданады. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерді несиелеу тек қана олардың өтімділігін сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бдюжеттің тапшылығын жабу үшін Үкіметке несие беру бюджет саясаты аумағында, яғни Ұлттық банктің республикалық бюджетті несилеуден бас тарту мақсатында жүргізілді. Жеңілдікпен берілетін несиелерді беру және кәсіпорындардың несие үшін тікелей өтініш жасауын қарастыру болған жоқ. Ұлттық банктің несиелерін орналастыру аукциондар арқылы, банкаралық нарық арқылы, сол сияқты ломбардтық несиелеу негізінде жүзеге асырылады.

Валюталық интервенция.

Ұлттық банктің валюталық интервенциясы деп ұлттық валюталық бағамына әсер ету мақсатында орталық банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады.

Ұлттық банктің валютадағы нарықтық интервенциясы дербес түрде кез-келген банктер және валюталық биржалар арқылы кез-келген валюталық мәмілелер түрлерін пайдалану негізінде жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде валютадық интервенция алтын валюта резервтері есебінен жүзеге асырылуда.

Алтын валюта резерві.

Алтын валюта резерві ұлттық валбта – теңгенің тұрақтылығын қамтамассыз  ету үшін құрылады және пайдаланылады. Алтын валюта резервтері мыналардан тұрады;

    • Құйма алтынынан;
    • Ұлттық банктің шоттарындағы банкнота және монета түріндегі шетел валютасындағы қаражат қалдықтарынан;
    • Валюталық құндылықтардан;
    • Шетел валютасындағы жай және аудармалы вексельдерден;
    • Шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы ұйымдарының шығарған бағалы қағаздарынан;
    • Басқа да сыртқы активтерден;
    • Алтын валюта резервін ұлғайту және құрылымын өзгерту мынадай жолдармен жүзеге асырылады;
    • Монетарлық алтынды сатып алу;
    • Резиденттер мен резидент еместерден, ҚР Үкіметінен теңгеге шетел валютасын сатып алу;
    • Депозиттік, салым, шетел валюталарымен дилингтік операциялардан түсетін комиссиондық және басқа да сыйақы (мүдде) түріндегі түсімдер;
    • Ұлттық банктің монетарлық алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа да металдармен жасалатын операцияларды жүргізуден түсетін валютадағы түсімдер;
    • Ұлттық банктің кеңес беру, ақпараттық – баспа және басқа да қызметтерінен түсетін шетел валюталарындағы түсімдер.

Алтын валюта резервінің азаюы немесе жұмсалуы мынадай жолдармен  іске асырылады:

  • Ақша-несие саясатын жүргізу мақсатында ішкі валюталық нарықта валютаны сату;
  • өнімдердің (қызметтердің, жұмыстардың) импортына төлеу үшін теңгені шетел валютасына конвертация жасау, оған қоса шетелде депломаттық және басқа да өкілеттіліктерді ұстауға және іссапар шығыстарына, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және ұлттық банктің сметасы есебінен сыртқы қарыздарға қызмет көрсету үшін;
  • басқа да шетел валютасын сатып алу үшін валютасын сату;
  • Ұлттық банктің алған несиелері бойынша негізгі соманы және сыйақыны қайтару;
  • Құрылған провизиялар есебінен (резервтер) зиянды алтын валюта активтерін шегеру.

Ұлттық банк ақша-несие  саясатының бағыттарын бір жылға  анықтап келсе, 2002 жылдан бастап, алдағы үш жылға алдын ала анықтау  тәжірибесіне көшті және әр жыл өткен  сайын өзгерістерді ескеріп, Оған Ұлттық банк пен ҚР Үкімет бірегі түзетулер  енгізеді. Мұндағы негізгі мақсат біртіндеп инфляциялық таргеттеу принципіне өту, яғни ақша базасы мен алтын-валюта резервтері бойынша мақсатты көрсеткіштерден инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге көшу.

Осындай ақша-несие саясаты  қана Ұлттық банктің инфляцияны төмендету мақсатындағы саясатына толық жауап береді және сонымен қатар жүргізілген ақша-несие саясатына деген рыноктың қатысушыларының үлкен сенімін қамтамассыз етеді. Басқа елдердің тәжірибесі көрсеткендей, инфляцияның мақсаты көрсеткіштерін енгізуге мынадай факторлар негіз бола алады: бюджеттің тұрақты жағдайы, макроэкономикалық тұрақтылықты кепілдендіру, қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Орталық банктің тәуелсіздігі, Орталық банктің құралдары мен инфляция арасындағы өзара байланысты түсіну, ақпараттың ашықтығы.

Көрсеткіштер

2002

(бағалау)

2003

   2004

2005

 

1.

2.

 

3.

 

 

4.

 

5,

 

6

 

 

 

7.

 

 

 

8.

 

 

9.

 

Инляция жылына орташа, %

Қайта қаржыландыру жылдың соңына

Алтын-валюта резерві  млн АҚШ       доллары

өзгерстер%

Ақша базасы млрд теңге

өзгерістер, %

Ақша массасы млрд теңге

өзгерістер, %

Банк жүйесіндегі резиденттердің депозиттері млрд теңге

өзгерімтер %

 

Экономикаға беретін  банктің несиелері

млрд теңге

өзгерістер, %

Халықтың теңгедегі  мерзімді депозиттернің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

Заңды тұлғаларға берілген теңгедегі несиенің орташа өлшенген мөлшерлемесі, %

 

6

 

7,5

 

3008

16

207

18,1

707

22,7

 

544

22,3

 

 

 

439

58,8

 

 

13

 

 

17,5

 

4-6

 

6-7

 

3355

11,5

237

14,8

865

22,4

 

671

23,3

 

 

 

571

30,1

 

 

11,0

 

 

16

 

4-6

 

5-6,5

 

3541

5,5

268

12,9

1008

16,6

 

788

17,4

 

 

 

718

25,7

 

 

9,0

 

 

15

 

3-5

 

4,5-6

 

3673

3,7

304

13,9

1168

15,9

 

910

15,5

 

 

 

866

20,8

 

 

7,5

 

 

13,5




 

 

Ақша-несие саясаты  қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру нарығының, бағалы қағаздар нарығының әрә қарай

дамуына және банк жүйесінің  нығая түсуіне, экономиканың нақты секторын банктердің несиелеуін әрі қарай өсіру үшін жағдай жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларының жетілдірілуіне мүмкіндік туғызады.

2003-2005 жылға арналған  ақша-несие саясатының негізгі  көрсеткіштерінің болжамы 2-кестеде  беріледі.                                                                                             

2-кесте

2003-2005 жылдардағы  арналған ақша-несие саясатының  негізгі көрсеткіштерінің болжамы

2-кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылға арналған ақша-несие  саясатының басты мақсаты – 2003-2004 жылдары орта жылдық инфляцияны 4-6% және 2005 жылы 3-5% шегінде ұстау.

Инфляциялық таргеттеу  тұсындағы ақша-несие саясатының негізгі құралдарының біріне «ашық  нарықтағы операция», оның ішінде РЕПО операциясы және вексельдерді қайта есепке алу операциялары жатады. 2003 жылы Ұлттық банк өзінің ресми мөлшерлемелерінің (оның ішінде, РЕПО және вексельді есепке алу мөлшерлемелері бойынша) рөлін нығайту үшін шаралар қолданбақ. Бұл өз кезегінде 2004-2005 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге өтуіне дайындық үшін қызмет етеді.

 

2.3 Міндетті      резервтеу      саясаты.

 

Жоғарыда      айтылғандай,      Қазақстан  Республикалық Ұлттық  банкісінің  басты   міндетінің  бірі,   қарызгерлер  мен клиенттердің мүддесін корғау. ("Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі туралы"  Заңның 7 бабы). Осы міндетті орындау үшін және екінші дәрежелі банктердің  сақтандыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі арнаулы резервтік шотта сақталуға тиісті қаржының ең төменгі деңгейін   белгілейді.   Мұндай   практика  барлық,   экономикасы  өскен  елдерде қолданылады.  Бірақ әр елде, бұл резервтік құрылымы, амплитудасы, көлемі және процент телеу өзіндігі әр түрлі.

Резервтің ең төменгі  деңгейі, ақша саясатының құралы ретінде, бір жағынан, ақша нарқында, екінші дәрежелі банктердің ағымдағы етемпаздығын реттейді, екінші жағынан, олардың айналымға несиелік ақша шығаруын бақылайтын құрал. Резервтік міндеттемелер, тәртіп бойынша, банктердің міндеттемелерінің белгілі бір бөлігінің жағдайына байланысты, немесе, өсуіне байла-

нысты белгіленеді. Резервтік активтің ең төменгі деңгейін есептеудің негізгі бабы, банктің қызмет көрсететін шаруашылықтарының шоттарындағы каржының калдығы, жеке тұлғалардың депозиттері мен салымдары және банкаралық міндеттемелер. Негізінде қамтылған міндеттемелердің түрі көбейген сайын бұл құралдың тиімділігі артады. Резервтің ең төменгі деңгейінің көлемі есептеуде қамтылған міндеттемелердің сомасынан процет түрінде белгіленеді, және де бұл процент әр елде әр түрлі. Мысалы, Италия мен Испанияның Орталық банктері резервтік талаптың процентін жоғарғы шекте ұстайды, ал Англияның Орталық банкісі, керісінше, ең төменгі шекте белгілейді (0,45%), Жапонияның Орталық банкісі де 2,5%-тен жоғары белгілемейді. Егер резервтік талаптың проценті жоғары болса, Орталық банк резервтік шоттағы қаржыға өсім төлеуге тиіс.

Қазакстанда, міндетті резервтеу  саясаты екі дәрежелі банк жүйесін  калыптастырған күннен бастап енгізілді. 1992-1993 жылдары Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкісінің резервтік талабы, банктің міндеттемелерінің орташа калдығының 30%-не тең болатын. Сондықтан Ұлттық банк резервте жатқан қаржы үшін жылға шаққанда 15%-өсім төлеуді міндетіне алған. Бірақ іс жүзінде, ол ешкімге, ешқандай өсім төлеген жоқ. Соңғы жылдары бұл мөлшерлеме бірнеше рет азайтылып, 2000 жыл 1-мамырынан бері 8%-ке дейін түсірілді- (ҚР Ұлттық банкісінің басқармасының 2000 жылы 25 көкектегі №192 қаулысы). Ұлттық банктің басқармасының 1997 ж. 23 мамырда бекіткен ең төменгі резервтік талап жөніндегі ережеде оны орындаудың екі жолы көрсетілген:

а) банктің орналастырылған  барлық резервтік активтерінің орташа айлық қалдығы, Ұлттық банктің белгілеген орташа айлық резервтік талабының  мөлшерінен кем болмауы керек. Өз кезегінде ең төменгі резервтік  талаптың орташа айлық мөлшері былай есептеледі:

ең төменгі резервтік (орташа айлық депозиттық талапты есептеудің проценті) міндеттемелер (резервтік актив) Резервтік активтің қатарына, корреспонденттік шоттағы қаржы (теңгемен және еркін айырбасталымды валютамен), кассадағы қолма-қол ақша (теңгемен және еркін айырбасталымды валютамен), және алтын қоры, барлық резервтік талаптың 20% шегінде, жатады.

б) Жоғарыда келтірілген  формуламен аныкталған ең төменгі резервтік  талаптың сомасына тең қаржыны, Ұлттық банкіде арнайы ашылған шотка депозиттеу. Ең теменгі резервтік талапты орындаудың, көрсетілген екі жолының қайсысын қолдану керек екенін, Ұлттық банк шешеді.Қазақстандағы банктер, Халықаралық стандартқа көшуге дайындығының дәрежесіне байланысты, үш топқа болінгенін айтқанбыз. Міне, сол үш топтың біріншісіне кірген банктер, ең төменгі резервтік талаптың мелшерін "а" тармақта көрсетілген тәртіппен орындайды, қалған банктер "б" тармақта көрсетілген тәртіпті басшылыққа алуға тиісті. Ашық нарықтық саясат. Бұл саясат Орталық банктің өз қаражатына қатаң процентті құнды кағаздарды ашық нарықтан, нарық бағасымен немесе, алдын ала жариялаған бағамен сатып алу, немесе сату жолымен жүргізіледі. Мұндай құнды кағаздардың қатарына, қазіргі жағдайда, қазыналық вексельдер, процентсіз қазыналық міндеттемелер, мемлекет қарызының облигациясы, өндірістік міндеттемелер, бірінші сыныпты құнды қағаздар кіреді. Егер, Орталық банк мұндай қағаздарды сатып алса, сатушыға қызмет керсететін банктің корреспонденттік шотына тиісті сома аударады. Сөйтіп, сол банктің резервін көбейтеді, Егер, Орталық банк ондай қағаздарды сатса, сол сатып алушыға қызмет көрсететін банктің корреспонденттік шотынан тиісті соманы шығарады. Сөйтіп, сол банкінің ресурсын азайтады. Сонымен, бұл саясаттың негізгі мағынасы, екінші дәрежелі банктерінің резервтік жайғасымын реттеу. Егер, елдің экономикасын жандандыру керек болса, Орталық банк құнды қағаздарға сұранымды арттырады. Ол үшін, құнды қағаздардың бағамын тіркейді. (бекітеді). Сосын, сол межеге жеткен кезде ұсынылған құнды қағаздарды түгелімен сатып алады, немесе белгілі бір құнды қағаздың, белгілі көлемін ұсыным бағамына қарамастан, сатып алады. Керісінше, егер Орталық банк, банк секторының резервтерін азайтқысы келсе, ол нарыққа қанша керек болса, сонша құнды қағаз ұсынады. Бұл жағдайда бір жағынан, құнды қағаздарды сатқаннан Орталық банктің пайдасы көбейеді, екінші жағынан, екінші дәрежелі банктердің резервтері азаяды.

Информация о работе Қазақстандағы Ұлттық банк жүйесі