Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 23:10, дипломная работа
Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.
КІРІСПЕ
1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ секторын дамыту мәселесі
1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры
2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі
2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары мен геологиялық – гидрогеологиялық мінездемесі
2.2.1. Орналасу орны
2.2.2. Климаттық мінездемесі
2.2.3. Гидрография
2.2.4. Геоморфология
2.3. Геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайлары
2.4. Физикалық-геологиялық процессстер мен құбылыстар
2.5. Топырақтың физикалық механикалық қасиеттері
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
3.1.1. Стандартты (қалыпты) жағдайлардағы газдың тығыздығы
3.1.2. Ауа бойынша газдың салыстырма тығыздығы
3.1.3. Газдың молярлық массасы
3.1.4. Газдың газ тұрақтысы
3.1.5. Газ қоспасының псевдокризистік температурасы мен қысымы
3.2. Газ құбырының есептік өнімділігін анықтау
3.3. Машина түрін, оның санын және жұмысының принципиалдық схемасын анықтау
3.4. Газқұбырының қабырғасының қалыңдығын есептеу
3.5. Газтасымалдаудың орташа параметрлері
3.5.1. Газқұбырындағы газдың орташа қысымы
3.5.2. Газдың орташа сығымдалу коэффициенті мен динамикалық тұтқырлығы
3.5.3. Газқұбыры бойынша газдың қозғалыс режимі
3.5.4. Құбырдағы тасымалданушы газдың орташа температурасы
3.6. Газқұбырының гидравликалық есебі
3.7. Газқұбырының ұжымды диаметрін анықтау және таңдау.
3.8. Тасымалданушы газдың орташа және соңғы температурасын тексеру
4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
4.1.1. Газқұбырының категориясы
4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру тетіктері
4.1.3. Құбырды өткізу әдісі
4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру және бақылау
4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау
4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу
4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы
4.1.8. Газқұбырының су преградалардан қиылысып өтуі
4.1.9. Линиялық запорлық арматура
4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема
4.2.2. Компрессорлық цех
4.2.3. Маймен қамтамасыз ету.
4.2.4. ЦН нығыздағыш жүйесі
4.2.5. Газ тазарту қондырғысы
4.2.6. Газды ауамен салқындату қондырғысы
5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ
6. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1. Капиталдық салымдар
6.2. Жылдық пайдалану шығындары
6.2.1. Жұмысшылар саны және еңбекақы фонды
6.2.2. Электр энергиясы
6.2.3. Ауыз су
6.2.4. Амортизациялық шығындар
6.3. Тиімділік көрсеткіштерін анықтау
7. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
7.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
7.2. Өндірістік санитария
7.3. Қауіпсіздік техникасы
7.4. Өрт қауіпсіздігі
7.5. Қоршаған ортаны қорғау
7.6. Жобадағы нысанның төтенше жағдайға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
МАЗМҰНЫ
Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.
Бірақ магистралдық газ құбырларының республика территориясында біркелкі таралмағандығы себепті өндірілген қосалқы газдың ішкі рынокта ауқымды өткізу, сөйтіп елімізді толық газдандыру мүмкін болмай отыр. Міне осы мәселе, басқа мәселелермен қатар республика өкіметіне бекітілуге ұсынған 2004-2010 жылдарға арналған салаларды кешенді дамыту бағдарламасында ескерілген. Бұл бағдарлама қазіргі бар газ магистралдарының өнімділігін арттыру мен жаңаларын салуды, газды қайта өңдеуші зауыттардың қуатын арттыруды және жаңа ГПЗ құрылысын бастауды, газдық электроэнергетикасын дамытуды, сұйытылған газ өндірісін арттыруды көздеп отыр. Еліміздің газ саласындағы стратегиясында газды экспортқа шығару бірінші кезекте Батыс және Шығыс Еуропаға экспорттау бағыты аса маңызды орын тұтады. Газ саласындағы біркелікті жұмыс жасау туралы Ресеймен жасалған ұзақ мерзімді келісім бір қатар өзара тиімді жобаларды көздеп тұр. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда Қазақстанның газ индустриясының дамуының негізгі мәселелерін шешуге қомақты үлес қосылған болар еді.
Қазақстан газының потенциалдық қоры 10,2 трлн м3 деп бағалануда, оның 9,2 трлн м3 бөлігі Каспий маңы ойпатында шоғырланған. Еркін және қосалқы газдың Қазақстандағы зерттелген қоры, Каспий теңізі шелфін есепке алмағанның өзінде 3 трлн м3 мөлшерді құрайды. Оның 1,8 трлн м3 бөлігі халықаралық квалификация бойынша “дәлелденген” деген түсінікке сәйкес келуші өндірістік категорияға жатады. Осы деректердің өзі дәлелденген газ қоры бойынша Қазақстан дүниеде 16 орын алатынын көрсетеді және Норвегиядан сәл-ақ артта болып, Канада мен Нидерланды сияқты мемлекеттермен бір категорияда екенін көрсетеді.
Дегенмен, Қазақстан газ өндірісінің аталған елдерден ерекшелігі бар, ол: Қазақстан газ қорының мұнай, мұнай-газ және мұнай-газ конденсаттар қорымен тұтасып жатқандығы. Қазіргі таңда өндірісте бір таза газ кеніштерін алатын болсақ, олардың саны оншақты, көлемдері шағын, бастапқы қоры республика газының бастапқы қорының 1,5 % тен сәл астам бөлігін құрайды.
Еркін және қосалқы газдардың өндірістік қоры 66 кеніштерде орналасқан, олардың басым көпшілігі еліміздің батысында, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының территориясында жайласқан. Бұдан басқа газ қорлары Қызылорда (Құмкөл, Ақшабұлақ кеніштері), Жамбыл (Амангелді кеніші) және Оңтүстік Қазақстан (Придорожное кеніші) облыстарында да бар екені анықталды.
Дәлелденген ең ірі еркін газ қоры Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кенішінде екені белгілі, оның көлемі 1,35 млрд м3 құрайды. Бұдан басқа да еркін газдың бай қорлары белгілі, олар: Имашевское, Жаңажол, Урихтау, Узень, Жетібай, Жетібай-Оңтүстік, Қаламқас мұнай-газ конденсат кеніштері, олардың барлығы Каспий маңы ойпатының жағалауында орналасқан.
Мұнай құрамында еріген зерттелген газ қорының ең ірі бөлігі қазіргі күнде игеріліп жатқан Тенгиз Өзен, Жетібай, Батыс Қазақстандағы Жаңажол және Құмкөл, Қызылорда облысындағы Ақшабұлақ мұнай кеніштерінде шоғырланған.
Соңғы жылдарда әлемдік энергетиканың аса маңызды тенденцияларының бірі – табиғи газдың абсолют тұтыну масштабының үздіксіз өсуі және оның әлемдік отын – энергетикалық балансындағы үлесінің артуы екендігі даусыз. ООН-ның берген бағасына сүйенсек бүгінгі таңда әлемде табиғи газды тұтыну мөлшері шамамен 2200 млрд текшеметрді құрайды, бұл дегеніміз әлемдегі барлық бірінші отын – энергетикалық ресурсының 2% іне жуық көрсеткіш.
Қазақстан Республикасы орасан зор энергетикалық ресурсқа ие. Бұл топтың ішінде ерекше орын тұтатыны көмірсутекті шикізат. Дәлелденген деректерге қарағанда жер қойнауынан алынатын шикізат тұрғысынан алғанда Қазақстан мұнай қоры бойынша дүниедегі он мемлекет қатарына, табиғи газ қоры бойынша он бес мемлекет қатарына кіреді.
"Транзиттік экономика" журналының
деректеріне қарағанда
Осындай көп мөлшердегі газға ие болса да Қазақстан өзінің газға деген ішкі сұранысын қанағаттандыра алмай отыр. Қазіргі кездегі магистралдық газ тасымалдау жүйесі Қазақстанның барлық облыстарын газбен қамтамасыз етуге бейімделмеген, сондықтан инвестициялық модернизацияға мұқтаж.
Оның үстіне отандық газ шикізаты бірнеше ерекшеліктерге ие:
Бүкіл әлемдік банкінің есебінде көрсетілген табиғи газ өндірудің болжанған бағалауын келтіре кетуді мақұл деп таптық (1-кесте).
Кесте-1
Негізгі кеніштер бойынша табиғи газ өндіру болжамы (млрд. м3)
Кеніш алуы |
2010ж |
2015ж |
Қарашығанақ |
24 - 26 |
24 - 26 |
Теңіз |
12,7 - 14,1 |
11,9 - 13,1 |
Қашаған |
6,54 - 7,22 |
13,99 - 15,46 |
өзен |
1,47 - 1,63 |
1,5 - 1,66 |
Амангелді тобы |
0,66 - 0,74 |
0,66 - 0,74 |
Құмкөл |
0,48 - 0,52 |
0,57 - 0,63 |
өріктау |
0,47 - 0,53 |
0,57 - 0,63 |
Жаңажол |
0,20 - 0,22 |
0,20 - 0,22 |
Жетібай |
0,16 - 0,18 |
0,16 - 0,18 |
Сөйтіп, келтірілген деректер бойынша газ өндіру орташа алғанда 2010 жылы – 47млрд.м3, 2015 жылы – 52млрд.м3 құрайды.
Ал табиғи газ тұтыну қажеттігі жорамал бойынша 2010ж – 11,15млрд.м3, 2015ж – 15,83млрд.м3, яғни Қазақстан қажетінен артық газ қорына ие, ол 2015 жылға барып едәуір мөлшерді құрайды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өкіметінің алдында екі негізгі проблема тұр. Осы проблемалардың тиімді шешілуі валюталық пайданы арттыруға, саяси және сыртқы саяси емес байланыстарды кеңейтуге, энергетикалық қауіпсіздікті – газды экспорттау және Қазақстандық тұтынушыларды газбен тұрақты қамтамасыз ету мәселелерді шешуге тікелей ықпал етеді. Басқаша айтқанда, құдықтың басында отырып сусыз қалып қоймайтындай өзіңде бар байлықты тиімді пайдалана білу мәселесі көлденең тұрады.
Енді табиғи газдың экспортына келетін болсақ жағдай төмендегідей: бүгінгі таңдағы газтасымалданушы газқұбырының бағыттары мыналар:
Ресей – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 125 – 130 млрд м3;
Алжир – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 23 – 32 млрд м3;
Норвегия – Батыс Еуропа: тасымалдау көлемі 45 млрд м3;
Канада – АҚШ: Еуропа: тасымалдау көлемі 96 млрд м3;
Газ бойынша Қазақстанның аса ірі бәсекелесі Ресей болып табылады, негізгі бәсекелестер қатарына Түркменстан, Әзербайжан, Иран жатады. Сондай-ақ Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Ирак, БАЭ, Кувейт, Катар, Оман, Нигерия, Алжир, Индонезия, Австралия және Малайзия сияқты мемлекеттерде бәсекелестер қатарына жатады.
Төлеуге қабілетті болған сұранысы бар елдерден географиялық тұрғыдан шалғай жатқандықтан және басқа елдердің үстімен транзит қажет болғандықтан Қазақстан газды экспорттау және халықаралық жеткізіп беру тұрғысынан, сондай-ақ басқа бәсекелестермен сайысқа түсу бойынша өте тиімсіз жағдайда қалып отыр. Қазақстан экспорт базарында өз орнын тауып алу үшін Түркменстанмен, Әзербайжанмен және Ресеймен бәсекелестікке түсуі қажет, ал бұл елдер болса Еуропа елдеріне әрі жақын әрі қолайлы орналасқан, сондықтан олардың бәсекелестік қабілеті жоғары.
Қазақстан негізгі табиғи газ қоры батыс бөлігінде шоғарланған, ал негізгі тұтынушылар болса оңтүстік бөлігінде орналасқан. Газқұбырының топологиялық тұрғыдан жеткіліксіз дамығандығынан газ тасымалдау республиканың 14 облысының тек қана 8-інен жүзеге асырылуда. Сондықтан бұл мәселеде Қазақстан Түркмения, Өзбекстан және Ресей импортына тәуелді болып отыр.
Еліміздің оңтүстік және солтүстік региондарын тұрақты газбен қамтамасыз етуге қол жеткізуге төмендегі факторлар ықпао етті:
Қрашығанақтан өндірілетін табиғи газ мөлшері Қазақстанның барлық аймағын газбен қамтамасыз етуге жеткілікті. Бірақ бұл жердегі негізгі қолға тұсау болатын фактор – Қарашығанақ кенішінің оңтүстік және солтүстік тұтынушылардан өте шалғайда орналасуы, оларды жалғаушы магистралдық газқұбырының болмауы және жергілікті газ тарату торабының дамығандығы болып отыр.
Қорыта айтқанда еліміздің газ өндіру саласында өзінің тиімді шешімін күткен осындай өткір мәселелер күн тәртібінде тұр.
Қазақстан территориясы бойынша бұрынғы КСРО ның барлық аймағын газбен қамтамасыз етуге басты рөл атқарған ірі газ тасымалдау жүйесі шоғырланған. Бұл жүйе Орта Азияның газ өндіруші аудандарын Ресейдің Еуропалық аймағымен, Кавказ елдері, сондай-ақ ресей территориясы арқылы Украина және Еуропамен біріктіреді.
Газтасымалдау жүйесін басқарумен 2000жылы құрылған, 2002 жылдан "Қазмұнайгаз" ұлттық компания құрамына кіруші "Қазтрансгаз" компаниясы шұғылданады.
Негізгі магистралдық газ тасымалдау жүйесі болып табылатын екі газқұбыры бар, олар Қазақстанның батыс бөлігінен, оңтүстік азия республикаларынан Ресейге бағытталған: бесталалы Орта Азия – Центр (САЦ) жүйесі, ұзындығы 5 мың км және екіталалы Бұхара – Урал газқұбыры, ұзындығы 1278км. САЦ жүйесі қосымша газқұбырлары арқылы Кавказбен (Мақат – Солтүстік Кавказ) және Түркменстанның батыс аудандарымен (Окарем – Бейнеу) байланысқан. Бұхара – Урал жүйесінің солтүстік бөлігіне Жаңажол – Октябрьск – Ақтөбе және Қараталы – Рудный – Қостанай газқұырлары жалғанған.
Оңтүстік аймақта Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының территориясымен Бұхара газды ауданы Ташкент – Бішкек – Алматы жүйесі өтеді (БГР – ТБА).
Қазақстан территориясының ең солтүстік-батыс аймағына "Союз" және "Орынбор - Новопсковск" газқұбырлары кіреді, бұл жүйеге бөлек бір тармақпен Қарашығанақ кеніші жалғанған.
Магистралдық жүйенің жалпы ұзындығы бірталалы өлшеммен алғанда 10 мың км ден асады. Олардың жылдық өнімділігі 190 млрд.м3 ке жетеді.
Аталған жүйенің басты кемшілігі – газқұбырларының желінгендік дәрежесі, ол 60-90% дейін жеткен (2-кестені қараңыз).
Күшінде тұрған нормативтер талабы бойынша магистралдық газқұбырының амортизациялық мерзімі шамамен 30 жылды құрайды. Бірақ Қазақстандағы газқұбырлары өте агрессивті болған тұзды топырақтар арқылы өтеді, сондықтан олардың тозу қарқыны жоғары.
Қазақстанда жаңа транзиттік – экспорттық мақсатқа арналған магистралдық газқұбырының іс жүзінде бүгінгі таңда екі жобасы бар.
Біріншісі Қашаған теңіз кенішін игерумен байланысты және көп мөлшерде бөлініп шығатын қосалқы газды утилизация жасау мәселесіне байланысты Адір – КСО консорциумының шешімімен байланысты. Бұл жобада Каспий Шелфі – САЦ газқұбырын салу көзделген, оның өнімділігі 9 млрд.м3 болмақ. Бұл құбыр бойынша жобаланған Қашаған ГПЗ-сында қайта өңделген қосалқы газ САЦ газ тасымалдау құбырына түседі.
Екіншісі – Қытайға тартылатын газқұбыры. Бұл бағыттағы газ жеткізу маршруты үш вариантта қарастырылады. Әрбір вариант республикада әртүрлі дәрежеде бар болған бірнеше ішкі газтасымалдау жобаларының түрлі сочетаниесі болып табылады.