Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 23:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ секторын дамыту мәселесі
1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры
2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі
2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары мен геологиялық – гидрогеологиялық мінездемесі
2.2.1. Орналасу орны
2.2.2. Климаттық мінездемесі
2.2.3. Гидрография
2.2.4. Геоморфология
2.3. Геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайлары
2.4. Физикалық-геологиялық процессстер мен құбылыстар
2.5. Топырақтың физикалық механикалық қасиеттері
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
3.1.1. Стандартты (қалыпты) жағдайлардағы газдың тығыздығы
3.1.2. Ауа бойынша газдың салыстырма тығыздығы
3.1.3. Газдың молярлық массасы
3.1.4. Газдың газ тұрақтысы
3.1.5. Газ қоспасының псевдокризистік температурасы мен қысымы
3.2. Газ құбырының есептік өнімділігін анықтау
3.3. Машина түрін, оның санын және жұмысының принципиалдық схемасын анықтау
3.4. Газқұбырының қабырғасының қалыңдығын есептеу
3.5. Газтасымалдаудың орташа параметрлері
3.5.1. Газқұбырындағы газдың орташа қысымы
3.5.2. Газдың орташа сығымдалу коэффициенті мен динамикалық тұтқырлығы
3.5.3. Газқұбыры бойынша газдың қозғалыс режимі
3.5.4. Құбырдағы тасымалданушы газдың орташа температурасы
3.6. Газқұбырының гидравликалық есебі
3.7. Газқұбырының ұжымды диаметрін анықтау және таңдау.
3.8. Тасымалданушы газдың орташа және соңғы температурасын тексеру
4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
4.1.1. Газқұбырының категориясы
4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру тетіктері
4.1.3. Құбырды өткізу әдісі
4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру және бақылау
4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау
4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу
4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы
4.1.8. Газқұбырының су преградалардан қиылысып өтуі
4.1.9. Линиялық запорлық арматура
4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема
4.2.2. Компрессорлық цех
4.2.3. Маймен қамтамасыз ету.
4.2.4. ЦН нығыздағыш жүйесі
4.2.5. Газ тазарту қондырғысы
4.2.6. Газды ауамен салқындату қондырғысы
5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ
6. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1. Капиталдық салымдар
6.2. Жылдық пайдалану шығындары
6.2.1. Жұмысшылар саны және еңбекақы фонды
6.2.2. Электр энергиясы
6.2.3. Ауыз су
6.2.4. Амортизациялық шығындар
6.3. Тиімділік көрсеткіштерін анықтау
7. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
7.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
7.2. Өндірістік санитария
7.3. Қауіпсіздік техникасы
7.4. Өрт қауіпсіздігі
7.5. Қоршаған ортаны қорғау
7.6. Жобадағы нысанның төтенше жағдайға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Diplom-ZK-UKO-1.doc

— 975.00 Кб (Скачать)

Сурет-8

Ауамен газқұбырын үрмелеу

а-екінші иықты үрмелеуге дайындық участігі; б-екінші иықты үрмелеу; в- бірінші иықты үрмелеуге дайындық участігі; г-бірінші иықты үрмелеу; 1-ресивер; 2-құбыр; 3 және 4 арматура; 5-үрмеленген участок; 6-тазартылу поршені; 7-заглушка; 8-компрессорды қосатын патрубок.

Газқұбырының сыналатын учаскасының барлығы дайындықтан өтіп болған соң (яғни толық көміліп, нығыздалып, қуыстары тазаланып, диагностикаланып, арматуралар мен приборлар қойылып, катодтық выводтар шығарылып болған соң) оны гиравликалық әдіспен беріктікке және герметиктікке сынау жүргізіледі. СНиП III – 42-80 талаптарына сәйкес газқұбырының линиялық бөлімі циклдік гидравликалық сынау арқылы беріктік пен герметиктікке тексерілуі қажет. Мұнда циклдер саны 3тен кем болмауы тиіс. Сынаудағы қысым шамасы: беріктікке Рисп=1,1*Рраб, герметиктікке Рисп=Рраб. Сынау қысымы астында участок 6 сағат бойы ұсталып тұрылады. Кейінгі деректі жойғаннан кейінгі сынау қысымында ұстап тұру мерзімі 3 сағаттан кем болмауы тиіс.

Беріктік және герметик сынау жүргізілетін магистралдық өткізгіш құбырды бөлек-бөлек учаскелерге бөліп, бұл учаскелерді жапқыштармен немесе линиялық арматурамен шектейді. Линиялық арматура шектеуші элемент ретінде тек қана қысымдар арасндағы айрмашылық берілген арматура түрі үшін арналған максимал шамадан артық болмаған жағдайда қолданылады.

Гидравликалық сынау үшін су көзі ретінде Эмба өзені мен Астрахан – Маңғыстау суқұбыры қызмет ете алады.

Су трассасының басынан беріледі де, кейін бір сынаушы участоктан дайын болған екіншісіне айдалып отырады. Гидравликалық сынау үшін су толтырудан алдын құбырдан ауа толық шығарылып тасталуы тиіс. Ауаны құбырдан шығару ажыратқыш поршендердің жәрдемінде немесе ауаның көп жиналып қалуы ықтимал жерлерге орнатылған ауа шығаруға арналған крандар арқылы жүзеге асырылады.

Өткізгіш құбыр беріктікке сыналып және герметикке тексеріліп болғаннан соң құбыр қуысынан су толық шығарып тасталуы тиіс.

Құбырдан суды толық шығарып тастау 2 поршен-ажыратқышты сығымдалған ауа қысымы арқасында құбырдан өткізу арқылы жүзеге асырылады. Сығымдалған ауа қысымы үлкен өнімділікті УКП-5 маркалы компрессорлық қондырғылар жәрдемінде беріледі.

Поршен ажыратқыштың судан тазарту кезіндегі жылдамдығы 3-10 км/сағ ауқымында болуы қажет.

 

4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу

Газқұбыры трасасы II, III және IV категориялы автомобиль жолдарымен қиылысады. Мұнда прокол (тесіп өту) және ашық өткізу әдісі қолданылады. Қиылысып өтетін жерлерде газқұбырлары қорғаушы күндақтарға жатқызылады, олардың диаметрі газқұбырының диаметрінен кемінде 200мм ге артық болуы тиіс.

Газқұбырын қиыстырып өткізу СНиП 2.05.06 – 85 талаптарына сай болуы қажет. Газқұбырының автомобиль жолдарымен қиылысуы 21-кестеде келтірілген.

СНиП 2.05.06 – 85 талаптарына сәйкес, газқұбырының автомобиль жолдарымен қиылысу бұрышы 900 болуы керек. Газқұбырының барлық категориялы автомобиль жолдарын қиып өтетін участоктарының барлығын МЕСТ 10 705-80 бойынша В10 маркалы болаттан жасалған диаметрі 1220*14мм2 болған құбырқорғаушы күндақтың ішімен өткізу көзделген. Автомобиль жолдарының астынан өткізілген газқұбырының тереңдігі жолдың қаптамасының бетінен қорғаушы күндақтың жоғарғы жасаушысына дейін 1,4 м-ден кем болмауы тиіс. Сондай-ақ кювет лоток немесе дренаж түбінен 0,4м-ден кем болмау тиіс. Күндақтың шеті жер полотнасынан 5м қашықтыққа шығарылады және көмбенің ұлтанынан 2 метрден кем болмаған қашықтыққа шығарылады.

 

4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы

 

Газқұбырының трассасы теміржолмен бір жерде қиылысады – 418 к-де. Теміржолдан өткізу тесіп өту әдісімен жүзеге асырылады.

Теміржолмен қиылысқанда газқұбыры қорғаушы күндақ ішінен өткізіледі, оның диаметрі 1220*14мм.

Теміржол астынан өткен газқұбырының рельстабанынан тереңдігі қорғаушы қабықтың бетіне дейін 2м ден кем болмауы тиіс. Ал выемкалармен нөлдік белгілерде – кювет ұлтанынан 1,5м ден кем болмау тиіс.

Кесте-22

Газқұбырының теміржолмен қиылысуы

 

Трасса бойынша, км

Қиылысатын жолдар саны

Қиылысу участкасының ұзындығы, м

Қиылысу участкасының аталуы

418

1

156

Шалқар - Ембі перегон разъезді


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-21

 

Газқұбырының автомобиль жолдарымен қиылысу мінездемелері

 

Трасса бойынша, км

Қиылысу түрі

Автомобиль жолдарының мінездемесі

Газқұбырының мінездемесі

Қиылысу участогының атауы

Автомобиль жолының категориясы

Жолдың ені, м

Қаптама түрі

Участок мінездемесі

Құбыр диаметрі

Күндақ диаметрі

1

Тесу әдісі

Мукур–Кульсары

III

10.0

Асфальт

III

920*12

1220*14

148

ашық

Байганин–

Алтай

IV

10.0

Топырақ

III

920*12

1220*14


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.1.8. Газқұбырының су преградалардан  қиылысып өтуі

Жобаланушы трассаның өтетін аймағының географиясы Ембі өзенімен, Ащысай Жайынды, Ақшолақ балкасымен анықталады. Ембі өзенінен және кеуіп қалған балкалардан өткенде ашық әдіспен өтеді. Газқұбырының көмілу тереңдігі өзен ұлтанынан төмен қарай 3,0м.

Жобаланушы газқұбырының қиылысып өтетін нысандары мыналар:

  • Ембі өзенінің кеуіп қалған арналары (48км);
  • Ембі өзені (251км);
  • Ащысай балкасы (293км);
  • Жайынды балкасы (301км);
  • Ақшолақ балкасы (325км);

Газқұбыры қиылысып өтетін су преградаларының ені 75м ден кем болғандықтан жобада қиылысып өтетін жерлер үшін резервтік газқұбыры көзделмеген (СНиП 2.05.06-85, бап 6.17).

Газқұбырының су преградаларымен қиылысып өтетін жерлерінің мінездемесі 23-кестеде келтірілген.

Жұмыстың аяқталуына қарай газқұбыры су асты траншеясына жатқызылуға дайындалуы қажет. Жатқызылған газқұбырын сынаудан алдын оның суасты траншеяда қалай орналасқанын тексеріп шығу керек.Егер газқұбырының суасты траншеясына тимей тұрған жерлері болған жағдайда сынауға дейін оны жөндеп, құбыр ұлтанға біркелкі тиіп жататындай етіп шығу керек. Құбырдың өзен ұлтанынан санағандағы орнау тереңдігінің жобада көрсетілгеннен ауытқуына жол қойылмайды.

Газқұбырын көму жұмысы жобадағы белгіге дейін жүргізіледі.

Өзеннің жағалары қалыңдығы 0,2м майда тас төсеу жолымен бекітілуі тиіс. Кейде өзен ұлтаны да траншея ені бойынша осылайша бекітіледі. Газқұбыры бойлап су ағып өтіп кетпеуі үшін нагорные каковы және глиняные перемычки жасау қажет. Газқұбырының судан қиылысып өткен жерлеріндегі жағаны бекіту жұмыстары гидротехникалық, көліктік және мелиоративтік жүйелер бойынша СНиП талаптарына сай жүргізілуі қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте-23

 

Газұбырының су преградаларынан қиылысып өту мінездемесі

 

Су атаулары

Трасса бойынша қиылысу км

Өзен ені, м

Өту мінездемесі

Теңгеру

Участок категориясы

Есептік қысым, МПа

Құбыр диаметрі, мм

Түрі

Саны, дана

Ембі өзенінің құрғақ арнасы

48

Кеуіп қалады

I

7,4

920*12

-

-

Ембі өзені

251

3

I

7,4

920*12

УТК

8

Ащысай балкасы

293

Кеуіп қалады

I

7,4

920*12

-

-

Жайынды балкасы

301

Кеуіп қалады

I

7,4

920*12

-

-

Ақшолақ балкасы

325

Кеуіп қалады

I

7,4

920*12

-

-


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4.1.9. Линиялық запорлық арматура

СНиП 2.05.06-85 талаптарына сәйкес газқұбыры трассасы бойынша 20-30км арақашықтықта запорлық арматура орнатылуы тиіс. Запорлық арматуралар авариялар бола қалған жағдайды қауіп ең кем болатындай етіп орнатылады.

Жоба бойынша линиялық запорлық арматураларды жер астына орнату көзделген. КИПжА приборлары үшін укрытие көзделген. Жапқыштың сыртқы изоляциялық қаптамасы ост – 26-07-1201-87 бойынша, грунтовка ГФ – 021 МЕСТ 25129-82 бойынша екі қабат етіп, сырланады; эмаль ПФ-115, МЕСТ 6465-76.

Трасса бойынша барлығы 20 дана болған толық өткізгіш шар тәрізді электржетекті крандар жобаланған (24 – кесте).

Линиялық запорлық арматураның алаңы төмендегі құылмаларды қамтиды:

  • қоршау және автокөлік өтуге арналған қақпа;
  • автокөлік жүретін жол;
  • КИПжА және байланыс жабдықтары үшін бекініс;
  • линиялық арматура құдығы;
  • толықөткізгіш шар тәрізді кран;
  • қысым және температура датчиктері.

Кесте-24

Линиялық запорлық арматураларды орналастыру

 

Шар тәрізді кранның реті

Арақашықтық км (трасса бойынша)

Басқару режимі

Ескерту

1 шар тәрізді кран

0,3

Арақашықтықтан

ГКС - 1 ге қосу

2 шар тәрізді кран

29

Арақашықтықтан

ГРС - 2 ге қосу

3 шар тәрізді кран

54

Арақашықтықтан

-

4 шар тәрізді кран

79

Арақашықтықтан

-

5 шар тәрізді кран

104

Арақашықтықтан

-

6 шар тәрізді кран

129

Арақашықтықтан

-

7 шар тәрізді кран

154

Арақашықтықтан

-

8 шар тәрізді кран

179

Арақашықтықтан

-

9 шар тәрізді кран

215

Арақашықтықтан

ГРС - 3 ке қосу

10 шар тәрізді кран

228

Арақашықтықтан

КС - 2 ге қосу

11 шар тәрізді кран

244

Арақашықтықтан

ГРС - 4 ке қосу

12 шар тәрізді кран

265

Арақашықтықтан

-

13 шар тәрізді кран

290

Арақашықтықтан

-

14 шар тәрізді кран

315

Арақашықтықтан

-

15 шар тәрізді кран

340

Арақашықтықтан

-

16 шар тәрізді кран

365

Арақашықтықтан

-

17 шар тәрізді кран

390

Арақашықтықтан

-

18 шар тәрізді кран

418

Арақашықтықтан

ГРС - 5 ке қосу

19 шар тәрізді кран

440

Арақашықтықтан

-

20 шар тәрізді кран

456,2

Арақашықтықтан

ГРС-6ға қосу, КС-6


4.2. Бас компрессорлық станция ГКС-1 (Құлсары поселкесі)

 

4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема

ГКС-1 Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан облысы магистралдық газқұбырының басты компрессорлық станциясы болып табылады. Ол Атырау облысы Жылыой ауданындағы Құлсары поселкесінен 0,3км қашықтықта орналасқан. ГКС-1 Орта Азия – Центр (ОАЦ) магистралдық газқұбырына газ беріп тұруды қамтамасыз етеді.

Станция тәулік бойы, үздіксіз режимде жұмыс істейді. ГКС-1 шығуындағы жұмыстық қысым  МПа ны құрайды. (III тараудағы гидравликалық есептеулерге сәйкес). Бұл қысым ГПА ларды тізбектеп біріктіру арқылы қамтамасыз етіледі.

ГКС-1 ауқымында төмендегі негізгі технологиялық құрылмалар жобаланған:

  • жеке ғимаратта ГТ – 6-750 газайдаушы агрегат;
  • КТП газды ауамен салқындату аппаратурасының кешенді трансформаторлық подстанциясы;
  • газды салқындату қондырғысы;
  • газды шаңнан тазарту қондырғысы;
  • конденсатты жинақтауға арналған ыдыс;
  • отындық, іске қосуға қажетті, импульстік газдық және өзіне қажетті газды дайындайтын қондырғы;
  • май тазартқыш блок – бокс;
  • кешенді тазарту қондырғысы;
  • антиризді ауамен салқындату аппараты (АВО);
  • жанар – жағармай материалдар қоймасы;
  • май шаруашылығы блогы;
  • өндірістік энергетикалық блогы (ПЭБ);
  • көбікпен өрт сөндіру резервуары;
  • суқұбырының құрылмасы;
  • өртке қарсы су қоры сақталатын резервуар;
  • 110/6 кв кернеулік подстанция;
  • қызметтік – эксплуатациялық және жөндеу блогы (СЭРБ);
  • асхана;
  • асхананың жәрдемші ғимараттары;
  • жылытылатын қойма;
  • материалдар қоймасы;
  • құбырларға арналған стеллаж;
  • қоймаға арналған блок – бокс;
  • жүк автомобильдерін жылыту қондырғысы;
  • метанол қоймасы;
  • отын таратқыш;
  • автомобильдер үшін ашық тұрақ;
  • машиналар мен ауыр техникаларға арналған ашық тұрақ;
  • автожуғыш және тазартқыш құрылмалар.

ГКС тің негізгі ГПА мен компрессорлық цех. Газайдаушы агрегаттарды жеке ғимараттарға орнатады (9 – сурет). Келіп түскен газды шаңды және техникалық приместерден тазарту аппараттарында тазартады. Бұл мақсатта циклонды сеператор – шаңжинақтағыштар қолданылады. Сығымдалған газ ауамен салқындату аппараттарында салқындатылады.

Информация о работе Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары