Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 23:10, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.

Оглавление

КІРІСПЕ
1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ секторын дамыту мәселесі
1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры
2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі
2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары мен геологиялық – гидрогеологиялық мінездемесі
2.2.1. Орналасу орны
2.2.2. Климаттық мінездемесі
2.2.3. Гидрография
2.2.4. Геоморфология
2.3. Геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайлары
2.4. Физикалық-геологиялық процессстер мен құбылыстар
2.5. Топырақтың физикалық механикалық қасиеттері
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
3.1.1. Стандартты (қалыпты) жағдайлардағы газдың тығыздығы
3.1.2. Ауа бойынша газдың салыстырма тығыздығы
3.1.3. Газдың молярлық массасы
3.1.4. Газдың газ тұрақтысы
3.1.5. Газ қоспасының псевдокризистік температурасы мен қысымы
3.2. Газ құбырының есептік өнімділігін анықтау
3.3. Машина түрін, оның санын және жұмысының принципиалдық схемасын анықтау
3.4. Газқұбырының қабырғасының қалыңдығын есептеу
3.5. Газтасымалдаудың орташа параметрлері
3.5.1. Газқұбырындағы газдың орташа қысымы
3.5.2. Газдың орташа сығымдалу коэффициенті мен динамикалық тұтқырлығы
3.5.3. Газқұбыры бойынша газдың қозғалыс режимі
3.5.4. Құбырдағы тасымалданушы газдың орташа температурасы
3.6. Газқұбырының гидравликалық есебі
3.7. Газқұбырының ұжымды диаметрін анықтау және таңдау.
3.8. Тасымалданушы газдың орташа және соңғы температурасын тексеру
4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
4.1.1. Газқұбырының категориясы
4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру тетіктері
4.1.3. Құбырды өткізу әдісі
4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру және бақылау
4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау
4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу
4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы
4.1.8. Газқұбырының су преградалардан қиылысып өтуі
4.1.9. Линиялық запорлық арматура
4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема
4.2.2. Компрессорлық цех
4.2.3. Маймен қамтамасыз ету.
4.2.4. ЦН нығыздағыш жүйесі
4.2.5. Газ тазарту қондырғысы
4.2.6. Газды ауамен салқындату қондырғысы
5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ
6. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1. Капиталдық салымдар
6.2. Жылдық пайдалану шығындары
6.2.1. Жұмысшылар саны және еңбекақы фонды
6.2.2. Электр энергиясы
6.2.3. Ауыз су
6.2.4. Амортизациялық шығындар
6.3. Тиімділік көрсеткіштерін анықтау
7. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
7.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
7.2. Өндірістік санитария
7.3. Қауіпсіздік техникасы
7.4. Өрт қауіпсіздігі
7.5. Қоршаған ортаны қорғау
7.6. Жобадағы нысанның төтенше жағдайға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Файлы: 1 файл

Diplom-ZK-UKO-1.doc

— 975.00 Кб (Скачать)

Ішкі қуатты төмендегі өрнектен есептеп табамыз:

 

кВт

Бір-бірімен тізбектеліп қосылған екі айдағыштың мінездемесін құрамыз. Айдағыштардың қысу дәрежесі онша үлкен болмағандықтан сығымдаудағы газ температурасының әсері де мардымсыз. Құру тәртібі төмендегіше болады. Мысал үшін n/nн=1,1 болғандағы Q=20млн.м3/тәулік нүктесін алайық. Бұл жағдайда бір агрегат жұмыс істегенде айдағышқа кірудегі газ қысымы Рв1=5,65МПа, ал қысу дәрежесі ε=7,4/5,65=1,30 болады. ε1 ≈ ε2 деп пайымдай отырып, тізбектеліп қосылған екі агрегат жұмыс істеген жағдайдағы бірінші айдағышқа кірістегі газ қысымын табамыз:

Рв2=Рв1 / ε1

Рв2=5,65 / 1,30=4,34МПа.

Сурет-6

Екінші типтегі Н-370-12-1 айдағышының келтірілген мінездемесі

 

(Тв=288 К; Rпр=490,5 Дж/(кг*К); zпр=0,91; (n/nн)пр=0,7÷1,1; пн=5300 айн/мин)

 

Осындай ретпен айдағыштың екі сатылы жұмысындағы Q мен n/nн шамаларының басқа да мәндері үшін газдың кірістеші қысымының мәндерін анықтайды (16,17,18,19 - кестелер). Алынған нәтижелер бойынша тізбектеліп қосылған екі айдағыштың мінездемесін құрады (7 – сурет).

Газқұбырының мінездемесін құрамыз. Газқұбырының учаскесіндегі соңғы қысымды табамыз:

Гидравликалық қарсылығы бойынша газқұбырының барлық учаскелері бірдей болуы қажет. Демек тасымалданушы газдың соңғы қысымдары мен барлық компрессиялық станцияларға кірістегі қысымдар шамасы іс-жүзінде бірдей болады. Сондықтан Рк=Рв.

 

Мысал үшін, Q=20 млн.м3/тәулік деп алып есептейміз:

МПа.

Q шамасының басқа да мәндері  үшін (20 - кесте) Рв-ны есептеп газқұбырының мінездемесін құрамыз (7 - сурет). Мұнан компрессиялық станциялардың өнімділігі 13,75-19,1 млн.м3/тәулік аралығында өзгеретінін көреміз. Сондай-ақ графиктен аталған өнімділік диапазоны n/nн=1,07   болғандағы екі айдағышпен қамтамасыз етілетіндігі көрінеді (7 – суреттегі А,В,С,Д нүктелері).

 

Кесте-16

 

n/nн=1,1 болғандағы екі Н – 370-12-1 агрегатының мінездемесінің деректері

 

Q, млн.м3/тәу

Рв1, МПа

ε1= ε2

Рв2, МПа

10

3,94

0,70

5,58

15

4,18

0,74

5,62

20

4,29

0,76

5,64

25

4,58

0,78

5,85

30

5,05

0,82

6,12

35

5,78

0,88

6,53


 

Кесте-17

 

n/nн=1,0 болғандағы екі Н – 370-12-1 агрегатының мінездемесінің деректері

 

Q, млн.м3/тәу

Рв1, МПа

ε1= ε2

Рв2, МПа

10

4,57

0,78

5,80

15

4,77

0,80

5,93

20

4,90

0,81

6,02

25

5,31

0,84

6,27

30

5,85

0,89

6,57

35

6,57

0,94

6,98


 

 

Кесте-18

 

n/nн=0,9 болғандағы екі Н – 370-12-1 агрегатының мінездемесінің деректері

 

Q, млн.м3/тәу

Рв1, МПа

ε1= ε2

Рв2, МПа

10

5,30

0,84

6,28

15

5,45

0,85

6,37

20

5,60

0,87

6,42

25

6,10

0,91

6,70

30

6,70

0,95

7,00

35

7,56

1,01

7,47


 

Кесте-19

 

n/nн=0,8 болғандағы екі Н – 370-12-1 агрегатының мінездемесінің деректері

 

Q, млн.м3/тәу

Рв1, МПа

ε1= ε2

Рв2, МПа

10

6,00

0,89

6,69

15

6,17

0,91

6,78

20

6,28

0,92

6,82

25

6,96

0,96

7,19

30

7,50

1,00

7,44

35

8,52

1,07

7,90


 

Кесте-20

 

Газқұбырының мінезедемесі

 

Q, млн.м3/тәу

Рв, МПа

10

6,61

15

5,47

20

3,28

25

3,80

30

2,20


 

Сурет-7

Н-370-12-1 айдағышы мен газқұбырының біріккен мінездемесі

 

3.10. Газ тасымалдаудың  жуықталған өзіндік құны

 

Магитралды газқұбырының бүкіл трассасы бойлап газ тасымалдаудың өзіндік құны С төмендегі өрнектен анықталады:

мұндағы: Э=Эr*L+Эк*пкс,

мұндағы:  Э – газқұбыры желісі және компрессиялық станциялар бойынша эксплуатациялық шығындар жиынтығы;

Эr – газқұбыры желісі бойынша эксплуатациялық шығындар;

Эк – компрессорлық станциялар бойынша эксплуатациялық шығындар;

пкс – КС саны;

105 – мың теңгені тиынға айналдырушы коэффициент;

Qс – газқұбырының өнімділігі, м3/тәулік.

Э=3,51*102*456,2+1040*102*2=160126,2+208000=368126,2мың.теңге

теңге/м3.

 

 

4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ

 

4.1. Құлсары –  Шалқар газқұбырының линиялық  бөлімі

 

4.1.1. Газқұбырының категориясы

Дипломдық жобада Құлсарыдағы жұмыс істеп тұрған компрессорлық станциядан Шалқардағы станцияға дейінгі газқұбырын жобалау көзделген. Газқұбырының қарастырылып отырған линиялық бөлімінде ГКС-1, ПКС-2, ГРС-1, ГРС-6 станцияларын іске қосу, сондай-ақ ГРС-2, ГРС-3, ГРС-4, ГРС-5 станцияларын жобалау көзделген. СНиП 2.05.-85 талаптарына сәйкес газқұбырының негізгі бөлімі өткізгіш құбырлардың IV категориясына жатады. Жобадағы қысым 7,4МПа I, II және III категориялы участоктар да кездеседі.

Суғарылатын жерлермен өтетін газқұбырының учаскелері III категорияға жатады. Өзен арқылы өтетін бөлігі I категорияға жатады. Жарлардан, балкалардан, рвы, қиылысқан жылғалардан өтетін бөлігі II категорияға жатады. III және IV категориялы автомобиль жолдары арқылы өтетін бөлігі III категорияға жатады. Солончакты топырақтан өтетін бөлігі II категорияға жатады. Жерасты коммуникациялармен қиылысатын бөлігі, екі жақтан 20м қамти отырып II категорияға жатады. Газқұбырының көмілу тереңдігі турбаның үстінен санағанда өту районымен топырақ түріне қарап 1,5-1,9м аралығында жатады.

 

4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру  тетіктері

СНиП III-42-80 талаптарына сәйкес газқұбырының линиялық бөлімі пісірілген желінің упругий иілу жолымен жасау немесе түзу сызықты емес бөлімдерін иілген отводтардан монтаждау жолымен жасау көзделеді. Упругий иілудің ең кіші радиусы 910мм-ге тең етіп қабылданады.

Құбыр бағыты немесе деңгейі өзгергенде нысанда арнайы жабдықтар жәрдемінде салқын күйінде ию әдісімен дайындалатын иілген ставкалар (отводтар) қолданылады. Салқын күйінде иілетін құбырлардың унификацияланған ию радиусы 35метрді құрайды. Жасанды жолмен иілген қысықтарды (иілген ставкалар) құбырдың упругий иілген бөлігімен біріктіруге болмайды. Екі қисықты біріктіргенде олардың араларында ұзындығы кемінде 1,5м болған түзу вставка болуы шарт. Егерде иілген вставкаларды қолдану шектелген кеңістік тарлығынан мүмкін болмаған жағдайда зауытта (ыстық күйде иілген) СНиП 2.05.06-85 талаптарына сәйкес дайындалған, радиусы құбырдың сыртқы диаметрінен 5 есе артық болатын иілген вставкалар қолданылады (R=4,6м).

 

4.1.3. Құбырды өткізу әдісі

Жобада газқұбырының бүкіл трассасы бойлап оны жердің астына көміп өткізу көзделген. Тұзды жерлерде ғана көмілмейді, онда насып арқылы өтеді. Сондай-ақ каналдар, аврагтар, балкалар арқылы өткенде көмілмейді (ашық өткізу).

Трасса бойынша учаскеде I типтегі шөгетін топырақтар кездеседі.

Траншеяларды алдын-ала қазып қоюға болмайды. Құбырды жатқызу сәтінде траншеяның түбі жобадағыға сәйкес тегістелуі керек.

Траншеяларды көму құбырды жатқызып бола салысымен жүзеге асырылады, жобада көзделген жерлерге балластық жүктер қойылады. Запорлық арматуралар қойылатын жерлері, бақылау-өлшеу пунктері, электрохимиялық қорғау орнатылатын жерлері катодтық выводтарды қойып, пісіріп болған соң көміледі.

Газқұбырының учаскелерінде көптеген сорлар кездеседі. Сорлармен қиылысқанда газқұбырын насыптарға жатқызу көзделген. Насыптың ені 29,5м, биіктігі 2,4м, баурайының көлбеулігі 1:3 болуы қажет. Насып ұлтанының топырағын 0,2м қалыңдықта ауыстыру керек.

 

4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру  және бақылау

Құбырды монтаждау, пісіру біріктірілетін жерлерін пісіру және бақылау жұмыстарының барлығы СНиП III 42-80 "Магистралдық газқұбырлары" нормаларының талаптарына сай жүргізіледі. Трассада монтаждалатын құбырлар алдымен электрдоғалы жартылай автоматты пісірумен пісірілген секциялардан тұрады. Пісіргенде түпкі шов төбесінен бастап қолдан пісіріледі. Ал одан кейінгі толтыру шовы мен ең соңғы сыртқы қабаты жартылай автоматты аппараты жәрдемінде төбеден бастап пісірудің қолменен орындалатын электрдоғалы пісіру қолданылуы қажет.

 

4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау

Магистралдық газқұбыры СНиП 2.05.06-85, ВСН-011-88, ВСН-014-89, СНиП РК А3.2.5-96 талаптарына сай тазалануы және беріктікке сыналуы қажет.

Магистралдық газқұбырын үрмелегендегі мақсат:

  • тотыққан қабатты окалиналарды және граталарды кетіру, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстары барысында кездейсоқ құбыр ішіне түсіп кеткен топырақ, су тағы басқа заттардан тазарту;
  • газқұбырының толық өтімділік қимасын қамтамасыз ету;
  • газбен толтырылғанда оның физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертпейтін жағдай жасау.

Үрмелеу металдан жасалған тазартқыш поршенді құбыр ішінен өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл үшін пісірілген газқұбырының бір участогында орнатылған ресиверден пайдаланады. Жылжымалы компрессорлар жәрдемінде ресиверге ауа сығымдалып толтырылады (8 – сурет). Тазартқыш поршен үрмеленетін участоктың жапқышынан соң қойылады. Жапқыш ашылғанда сығылған ауа поршенді итеріп алып ұшады. Енді ресивер тұрған жерді тазарту үшін поршенді жапқыштың арғы жағына қояды да, тазартылған участоктың аяғы тығынмен пісіріліп бекітіледі. Енді осы участокқа сығымдалған ауа үрленеді. Жапқышты ашқанда сығылған ауа поршенді итере зымыратып, құбыр ішін тазалайды. Осылайша әрі қарай үрмелеу жалғаса береді. Үрмеленген участок кейінгі үрмеленетін жанындағы участок үшін ресивер болып қызмет етеді. Бұл үшін үрмеленген және үрмеленбеген участоктар арасына ажыратқыш крандары бар перемычка орнатылады. Ресивердегі ауа қысымы ресивер ұзындығының үрмеленетін участок участок ұзындығына қатынасы 1:1 болған жағдайда 1,0МПа ға сәйкес келеді.

Информация о работе Қазақстандағы газ және мұнай қоймалары