Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Апреля 2014 в 23:10, дипломная работа
Қазақстан Республикасындағы табиғи газбен қосалқы газдың бай қоры оны өндіру көлемін едәуір арттыруға береді. Мысалы, 1996 жылдан бері қарай газ өндіру көлемі екі еседен астам өсіп, 14,8 млрд м3 шамасына жетті. Жақын келешекте Каспий теңізі қойнауындағы кеніштердің ашылуына байланысты газ қорының 1,5-2 есеге дейін артуы мүмкін болып отыр. Өндірілетін газдың негізгі бөлігін қосалқы газ құрайтындықтан, мұнай өндіру артқан сайын, одан алынатын қосалқы газ мөлшері де арта бермек.
КІРІСПЕ
1. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫН ЖОБАЛАУДАҒЫ НЕГІЗДЕУ
1.1. Қазақстан өнеркәсібіндегі газ секторын дамыту мәселесі
1.2. Қазақстанның магистралдық газқұбыры
2. ЖҰМЫС ЖҮРЕТІН АЙМАҚТЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
2.1. Физикалық – географиялық мінездемесі
2.2. Аймақтың табиғи жағдайлары мен геологиялық – гидрогеологиялық мінездемесі
2.2.1. Орналасу орны
2.2.2. Климаттық мінездемесі
2.2.3. Гидрография
2.2.4. Геоморфология
2.3. Геологиялық құрылысы және гидрогеологиялық жағдайлары
2.4. Физикалық-геологиялық процессстер мен құбылыстар
2.5. Топырақтың физикалық механикалық қасиеттері
3. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ
3.1. Газдың негізгі физикалық қасиеттерін анықтау
3.1.1. Стандартты (қалыпты) жағдайлардағы газдың тығыздығы
3.1.2. Ауа бойынша газдың салыстырма тығыздығы
3.1.3. Газдың молярлық массасы
3.1.4. Газдың газ тұрақтысы
3.1.5. Газ қоспасының псевдокризистік температурасы мен қысымы
3.2. Газ құбырының есептік өнімділігін анықтау
3.3. Машина түрін, оның санын және жұмысының принципиалдық схемасын анықтау
3.4. Газқұбырының қабырғасының қалыңдығын есептеу
3.5. Газтасымалдаудың орташа параметрлері
3.5.1. Газқұбырындағы газдың орташа қысымы
3.5.2. Газдың орташа сығымдалу коэффициенті мен динамикалық тұтқырлығы
3.5.3. Газқұбыры бойынша газдың қозғалыс режимі
3.5.4. Құбырдағы тасымалданушы газдың орташа температурасы
3.6. Газқұбырының гидравликалық есебі
3.7. Газқұбырының ұжымды диаметрін анықтау және таңдау.
3.8. Тасымалданушы газдың орташа және соңғы температурасын тексеру
4. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰЛСАРЫ – ШАЛҚАР МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫ УЧАСТОГЫНЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ МІНЕЗДЕМЕСІ
4.1.1. Газқұбырының категориясы
4.1.2. Өткізгіш құбырдың біріктіру тетіктері
4.1.3. Құбырды өткізу әдісі
4.1.4. Өткізгіш құбырды монтаждау, пісіру және бақылау
4.1.5. Газқұбырының үрмелеу және сынау
4.1.6. Автомобиль жолдарымен қиылысу
4.1.7. Газқұбырының теміржолдармен қиылысуы
4.1.8. Газқұбырының су преградалардан қиылысып өтуі
4.1.9. Линиялық запорлық арматура
4.2.1. ГКС-1 бойынша технологиялық схема
4.2.2. Компрессорлық цех
4.2.3. Маймен қамтамасыз ету.
4.2.4. ЦН нығыздағыш жүйесі
4.2.5. Газ тазарту қондырғысы
4.2.6. Газды ауамен салқындату қондырғысы
5. БАТЫС ҚАЗАҚСТАН - ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ МАГИСТРАЛДЫҚ ГАЗҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰЛСАРЫ-ШАЛҚАР УЧАСКЕСІН ПАЙДАЛАНУ
6. ТЕХНИКА – ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
6.1. Капиталдық салымдар
6.2. Жылдық пайдалану шығындары
6.2.1. Жұмысшылар саны және еңбекақы фонды
6.2.2. Электр энергиясы
6.2.3. Ауыз су
6.2.4. Амортизациялық шығындар
6.3. Тиімділік көрсеткіштерін анықтау
7. ЕҢБЕКТІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
7.1. Еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері.
7.2. Өндірістік санитария
7.3. Қауіпсіздік техникасы
7.4. Өрт қауіпсіздігі
7.5. Қоршаған ортаны қорғау
7.6. Жобадағы нысанның төтенше жағдайға тұрақтылығын қамтамасыз ету.
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Мысалы "Астананы газдандыру" жобасын алайық. Бұл жобаның ауқымы өз аталуынан әлдеқайда кең. Бұл жоба бойынша Ресейдің Омск облысындағы Ишим (Рудный) қаласынан газқұбырын құрып, оны Уренгой – Челябинск магистралдық газқұбырымен қосу көзделген. Одан әрі Қазақстан территориясы арқылы құбыр Петропавл – Көшетау – Астана маршруты бойынша өтеді де, астананы және облысты газдандырып, әрі қарай Қарағандыға өтеді. Қарағандыдан Балқашқа дейін жалғастырып, одан әрі "Достық" станциясына (Қытайдағы Алашонкоу) дейін апарсақ, Қазақстан – Қытай газқөұбыры жобасының бірінші вариантына ие боламыз. Бұл вариантта Қытайға Қазақстандық және Ресейлік газ берілуі мүмкін.
Қазақстан – Қытай газқұбырының екінші варианты Ақшабұлақ – Қызылорда жобасының жалғасы болып табылады. Бұл жоба Қызылорда қаласын газдандыру бағдарламасының шеңберінде жүргізілді. Оның бірінші кездегі іске қосылған. Қытайға газ тасымалдау тұрғысынан қарағанда бұл жобаны Қызылордадан Шымкентке дейін жалғастыру, одан әрі оны жұмыс істеп тұрған Газли-Алматы газқұбырымен жалғастырып, содан соң Қытай шегарасына жеткізу көзделген. Батыстан бұл құбыр Бұхара – Урал магистралы арқылы Қарашығанақ және Жаңажол газ кеніштерімен біріктіріледі. Толық күйде құбыр тартылған маршрут мынадай болады: Құлсары – Шалқар – Ленинск – Қызылорда – Шымкент – Газли – Алматы және 750 км Қытайға дейін жалғасады. Бұл құбыр арқылы тек қана Қазақстандық газ экспортқа шығарылады.
Үшінші вариант Қазақстан газымен қоса өзбек және түрікпен газын Алматыға дейін, одан әрі жаңа құбыр бойынша Қытайға жеткізу көздейді.
Сонымен дерлік барлық Қазақстан ішіндегі жобаланушы ірі газқұбырлары белгілі бір дәрежеде Қазақстан – Қытай жобасында қатысады. Қазірше бұл жобалар жобалаушылардың миында ғана бар нәрсе. Бұл жобаның іске асуына қарай басымдылық беруші күшті аргумент болып табылатын нәрсе – Қазіргі бар және іске қосылған Қытай территориясындағы Батыс – Шығыс газқұбыры, ол импорттық газды қабылдау мүмкіндігін ие.
Аталған варианттың бастапқы екеуін өміршең деп санауға болады, өйткені олар өз газымен мемлекеттің өз қажетін өтей отырып, артығын Қытайға экспортқа шығаруды көздейді.
Біздің дипломдық жобада Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан облысы магистралдық газқұбырының Құлсары – Шалқар учаскесін жобалау мәселелері қарастырылады. Бұл тармақ істеп тұрған МГ "САЦ" және МГ "Бұхара – Урал" магистралдарын біріктіреді және Қарашығанақ, Қашаған, Жаңажол кеніштерінен өндірілетін Қазақстан газын пайдалану мүмкіндігін де көздейді.
Жобаланып жатқан Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан облыстық магистралдық газ құбырының Құлсары – Бершоғыр участогы Атырау және Ақтөбе облыстары арқылы өтеді. Құбырдың бастапқы нөльдік пикеті Құлсары елді мекенінде орналасқан.
Трассаның бағыты Құлсары поселкасынан солтүстік-шығысқа қарай бағытталып, көптеген бұрылыстармен жергілікті жердің жағдайларына бейімделе отырып өтеді.
Атырау облысында жер рельефі жазық болып келеді, деңгейі негізінен алғанда оң абсолюттік белгімен сипатталады. Көктемде су басып, жазға қарай толығымен құрғап қалатын тақырлар, солончактар, сорлар кездеседі.
Газ құбырының жобаланушы жобаланушы участогының өтетін аймағының географиясы Ембі өзенімен, сондай-ақ құбырды кесіп өтетін Есекжал суландыру жүйесімен айқындалады.
Жердің беткі өсімдік қабаты шөлде өсетін жантақ және тағы басқа олар көктемгі ылғалмен қаулап өсіп шығады да, шілде айына барып қурап қалады.
Жұмыс жүретін аймақтың батыс жағынан трассадан 1-3 километрдей қашықтықтан Ақтөбе-Атырау темір жолы өтеді. Жобаланушы газ құбыры желісі Аққыз тоғай-Құлсары асфальт жолын екі рет, сондай-ақ Мұнайлы- Аққызтоғай ауылдық жолын қиып өтеді.
Жобаланушы трассаның тікелей жанындағы елді мекендерге Құлсары және Аққыз тоғай поселкалары жатады.
Ақтөбе облысында жер рельефі төбешіктері бар жазық, жарлар және орлар кездеседі. Теңіз деңгейінен биіктігі яғни абсолюттік белгілері 110 метрден 294м аралығында өзгеріп отырады.
Ембі өзенінің жағалауында абсолюттік белгісі 10м шамасында болған “Көкжиде” деп аталатын, беті ажырықпен қапталған жазық құм массиві жазылып жатыр.
Жобаланушы газ құбыры өтетін аймақтың географиясы Ембі өзенімен айқындалады, мұнда көктемгі жаңбыр суларынан тасыған өзен арқылы ағаштар ағады.
Өсімдік қабаты – жартылай шөлейттік өсімдіктер, қысқа жусан, жантақ және тағы басқа шілденің ортасында толық қурап, күйіп қалатын өсімдіктер.
Жобаланушы құбыр аймағында жол торабы нашар дамыған: ең жақын Қызылорда-Ақтөбе темір жолы Қауылжыр станциясының жанында газ құбыры трассасын қиып өтеді де, одан әрі Шалқар қаласына дейін трассаға параллел жүреді.
Жобаланушы газ құбыры Қауылжыр станциясын елді мекендермен байланыстырушы бірнеше дала жолдарын қиып өтеді.
Трасса бойында кездесетін елді мекендер мыналар: жарқамыс поселкасы, Кемерші поселкасы, Қауылжыр поселкасы, газ құбырының ең соңғы нүктесі – Шалқар поселкесі.
Жұмыс жүретін аймақтың климаты қатаң континенталды болып келеді, қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Ауа температурасының өзгеру ауқымы Ақтөбе облысында қыста – 480С, қары қалың, жазда +450С-қа жетеді, Атырау облысында қыста қары аз, температура – 380С-қа дейін, ал жазда + 450С-қа дейін жетеді.
Топырақтың ең үлкен мұздау қалыңдығы Ақтөбе облысында 205см, Атырау облысында – 148см. Дала жұмыстарын жүргізуге ең қолайлы уақыт 20 сәуірден 5 қарашаға дейінгі кезең болып табылады.
Ұзындығы 456,2км болған (мекен жайы) газ құбыры участогының жобаланушы трассасы “Құлсары” комперссорлық станциясынан бастау алады да, солтүстік-шығыс бағытта жүріп отырып Шалқар қаласына келеді.
Административтік тұрғыдан алғанда қарастырылып отырған территория Қазақстан Республикасы, Атырау облысының Жылыой ауданына және Ақтөбе облысының Байғанин, Мұғалжар және Шалқар аудандарына кіреді.
Жобаланушы трасса бойлап көлік қозғалысы негізінен тың жерлер арқылы ғана мүмкін, жаз күндері көтеріңкі өтімділіктегі көлікпен жүрген дұрыс. Көктемгі және күзгі жаңбыр-шашынды кезеңдерде және Көкжиденің құмды массивінің ауқымында, сондай-ақ жылдың құрғақ кезеңдерінде тек жоғары өнімділіктегі автокөлік құралдарымен ғана жүріп өту мүмкін.
Жалпы алғанда қарастырылып отырған территорияның басым бөлігі – жартылай тұзды, нашар игерілген, бос жатқан шөл далалар.
1993-1995 жылдарда “Каз НИПИ нефт”
және АО ГТЦ Каз ГИИЗ
Қарастырылып отырған аймақтың климаты трассаның басынан аяғына дейін қатаң континенталды, бос жатқан жер болып табылады. Климаттың қатаң континенталды және аридты екендігі ауаның тәуліктік, орташа айлық және орташа жылдық температурасының амплитудасының қатаң өзгеруінен және жауын-шашын мөлшерінің мардымсыз екендігінен көрінеді. Рельефтің қалыптасуына жылдамдығы аса жоғары шамаға жететін және жиі соғып тұратын жел қатты әсер етеді. Осының нәтижесінде бірте – бірте көптеген су ағымдары мен көлдер кеуіп қалған, сөйтіп ЭОЛ-дық процесстердің белсенді дамуына алып келген. Трассаның басында ауаның орташа жылдық температурасы плюс 4,50С-тан трассаның соңында плюс 8,00С-қа дейінгі ауқымда өзгереді.
Бүкіл трасса бойлап қыс орташа суық, тұрақсыз, аз қарлы болып келеді. Күндіз кейде ауа жылынатын кездер де кездеседі, ондай кездер трасса басында – сиректеу, трасса соңында – жиірек және ұзақтау болады. Боранды күндер саны 25-35тен 15-20 аралығында. Тұрақты аяздар қарашадан басталады, трасса соңында – желтоқсан айының ортасынан басталады. Суық кезеңнің орташа температурасы -1200С-тан -18,20С аралығында.
Көктемнің бастапқы жартысында күн салқын болады, температура -7,30С-тан -6,20С ауқымында өзгереді, сезонның соңында күн біршама жылынып, температура +8,90С-тан +160С-қа дейін жетеді. Трасса соңында мамыр айының өзінде түнде су қататындай аяз болуы әбден ықтимал.
Жазы құрғақ, ыстық, трасса басында үш айға, трасса соңында 5 айға дейін созылады. Жауын-шашын аз болады, көбінесе құйып жауатын өткінші нөсер жауын түрінде болады. Көбінесе құрғақшылық болады. Күндізгі температура +210С-тан +300С аралығында жатады.
Күздің бірінші жартысы, әдетте жылы, екінші жартысы салқын, жауын-шашынды. Күндізгі температура +50С-тан +160С-қа, ал түнде -100С-тан +20С-қа дейін өзгеріп тұрады.
Кесте-2
Қарастырылып отырған аймақтың негізгі климаттық параметрлері
Метеоэлементтер |
Елді мекен атаулары | |||||
Құлсары |
Аққыз тоғай |
Жарқамыс |
Кемерші |
Қауылжыр |
Шалқар | |
Ауаның орташа жылдық t0C |
7,60С |
7,60С |
7,60С |
4,80С |
4,80С |
4,80С |
Абсолюттік максимум t0C |
-380С |
-340С |
-350С |
-350С |
-380С |
-480С |
Абсолюттік минимум t0C |
+450С |
+430С |
+430С |
+450С |
+450С |
+430С |
Қаңтардың орташа t0C |
-8,90С |
-8,90С |
-8,90С |
-120С |
-120С |
-15,20С |
Шілденің орташа t0C |
+25,20С |
+25,20С |
+25,20С |
+240С |
+240С |
+23,90С |
Топырақтың нормативтік мұздау тереңдігі; м саз балшық және суглинок үшін, құмдақ және құмдар үшін |
1,22
1,48 |
1,22
1,48 |
1,35
1,6 |
1,5
1,8 |
1,5
1,8 |
1,65
2,05 |
Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері, мм |
157 |
130 |
140 |
165 |
220 |
200 |
Желдің орташа жылдық жылдамдығы (<15м/с) |
5,3 |
6,3 |
5,8 |
4,3 |
4,5 |
4,5 |
Күшті жел соғатын күндер саны |
55 |
55 |
55 |
24 |
24 |
30 |
Шаңды боран соғатын күндер саны |
12 |
12 |
10 |
8 |
8 |
5 |
Жел жылдамдық арыны бойынша аудан |
ІІІ |
ІІІ |
ІІІ |
ІІІ |
ІІІ |
ІІІ |
Мұзтайғақ қалыңдығы бойынша аудан |
ІІ |
ІІ |
ІІ |
ІІІ |
ІІІ |
ІІІ |
Жел соғу бағыты күз - қыс |
ш, сш |
ш, сш |
ш, сш |
ш, сш |
ш, сш |
ш, сш |
көктем - жаз |
Б, СБ |
Б, СБ |
Б, СБ |
Б, О |
ш, сш |
Б, О |
Аймақтың гидрографиялық торабы Каспий теңізінің бассейіне жатады және уақытынша су ағатын Ембі өзенімен айқындалады. Ембі жазығының территориясында орлар, балкалар, сай-салалар көптеп кездеседі, олар уақытынша аздаған сулармен жаңбыр суларын өткізуші ретінде қызмет атқарады.
Ембі өзені Мұғаджар тауының батыс шатқалдарынан бастау алып, Каспий теңізінен 60-70 км қашықтықта орналасқан Қамыскөл көліне барып құяды.
Өзеннің аңғары оның көптеген келіп құюшы тармақтарымен, болып келеді, көлденең қимасының пішіні – трапеция түрінде болады. Жағалау террасаланған, екі терраса бар екенін көруге болады.
Өзеннің екі жағалауы жазық, оның ені негізінен 1-1,5км, ең енді жерінде 7-9км, ең енсіз жерінде 0,5-0,7км.
Өзінің микрорельефі бойынша екі бөлікке бөлінеді: руслалық и террасалық.
Өзен арнасы қатты ирелеңдеген, миандирленген, тарамдалмаған, плесті-домалақты мінезге ие. Плестар мен перекаттар, көбінесе олар құрғақ келеді, үздіксіз алмасып отырады. Плестардың ені 3 тен 35м дейін, тереңдігі 1,0-1,5м аралығында. Су бетінің еністігі 0,3%шамасында.
Су деңгейінің көтерілуі көбінесе наурыз айының ортасында басталады да, әдетте екі пикі болады. Біріншісі 8-12 күнге созылып, су деңгейінің көтерілуі 1,5-2,0м-ге жетеді. Одан соң су қайтады. Сәуір-мамыр ішінде судың дерлік жылдық көлемі 95-99% ағып өтеді, оның орташа мөлшері 95млн м3. Өзеннің өнімділігі онша көп емес 3м3/с. Ембі өзенінің максималды өнімділігі аз сулар үшін 385м3/с, жаңбырлы сулар үшін 220м/с, науардың орташа модулі 1м2 бет үшін 0,15-1,0м/с ке тең.
Ағымның жылдамдағы плесте 0,1-0,2м/с, перекатта 0,2-0,4м/с, ал тасқын суда 0,8-0,9м/с ке жетеді.
Болжам бойынша ұлтанның максималдық эррозия мөлшері – 1,09м.
Су мол болған жылдары өзен жағалауын толығымен тереңдігі 0,2-1,0м-ге жететін су басады, су қайтқан соң тез арада кеуіп қалады.
Өзен бетінің мұзбен қапталуы әдетте желтоқсанның ортасында болады.
Көктемгі су ағыны кезінде су тұщы, лайланған, содан соң тез арада су тұздалып кетеді де, ішу түгіл малды суаруға да жарамсыз болып қалады.
Тасқын су кезеңінде минералдануы 0,7-0,9г/л, кейін 20г/л ге дейін және оданда көпке артып кетеді.
Жобаланушы газ құбыры трассасы Ембі өзенін екі жерде қиып өтеді:
Тереңдігі 4 м-ге дейін жететін Ащысай балкасы трассаны ПК 2930+73 (293 км) қиып өтеді. Тереңдігі 3,5 м-лік Жайынды балкасы трассаны ПК 3010+86 (301 км) қиып өтеді. Тереңдігі 4 м-ге дейінгі Ақшолақ балкасы трассаны ПК 3250+17(325 км) қиып өтеді.