Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 11:56, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. «Жұмыссыздықтың індетінің» қазіргі бұрқ ете түсуі «бар жұртты жарылқайтын қоғам» жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне душар етуде.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Жұмыссыздықтың экономикалық-теориялық негізі........................................4
1.1.Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны.................................4
1.2.Жұмыссыздықтың құрылымы және қызметі..................................................6
1.3.Шетелде жұмыссыздық мәселесінің ерекшеліктері......................................7
2.Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты талдау......................................9
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы...9
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2009 жылғы жұмысыздық көрсеткіштеріне талдау.................................................................11
3.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары..................................................................................................................16
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары..................................................................................................................16
3.2. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты.....................19
Қорытынды............................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................24

Файлы: 1 файл

курс безработица.docx

— 227.81 Кб (Скачать)

Мазмұны:

Кіріспе

Жұмыссыздық әлемдегі  орталық проблеммалардың  бірі болып табылады. Және де ол бір  жүйеден екіншісіне өтетін елдерде  кең байқалады. «Жұмыссыздықтың індетінің» қазіргі бұрқ ете түсуі «бар жұртты жарылқайтын қоғам» жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне душар етуде.

Жұмыссыздықтың  тауқыметін тек оған душар болған еңбекшілер, ғана тартып қоймайды. Бүкіл  жұмысшы тобының халі мүшкілге айналады. Еңбекшілердің қалың тобы арасында ертеңгі күнге деген сенімділік өрбіп, келешектен қорқып-үрку сезімі пайда болады.

Жұмыссыздықты зерттеу  олардың пайда болу себептерін анықтайды, мемлекеттің тарапынан шараларды анықтайды. Бірақ сонымен қатар көптеген экономистердің ойынша жұмыссыздық қажет нәрсе, оны зұлымдық ретінде қарастыруға болмайды. Өйткені жұмыссыздықтың ең маңызды пайдалы жақтарына оның сапалы еңбекті, бәсекені туындыратыны болса керек. Менің жұмысымның мақсатына осы жатады.

Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде  жұмыссыздықтың экономикалық  сұрақтары қарастырылады, еңбек нарығының мазмұнын аштым, еңбек нарығының құрылымы мен қызметін анықтадым. Және шетелдік дамыған мемлекеттердің іс-тәжірибесіне қарай отырып, олардың жұмыссыздықтың дамуы мен ерекшеліктерін қарастырдым.

         Екінші бөлімде, Қазақстан Республикасының  еңбек нарығында жұмыссыздықты  мемлекеттік реттеу бағыттарын  қарастырдым және 2009 жылғы жұмыспен  қамтылған және жұмыссыздық көрсеткіштеріне  талдау жасадым.                                                                                      

         Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде,  Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі мен таралу жолдарын қарастыра отырып, жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекет саясатын қарастырдым.

1. Жұмыссыздықтың  экономикалық-теориялық негізі. 

1.1.Жұмыссыздықтың экономикалық  мәні және мазмұны  

Жұмыссыздық – еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады. Жұмыссыздық өте  күрделі құбылыс және қоғамның дамуы  барысында әр түрлі экономикалық мектептердің көзқарастары әр түрлі  болған.

Қазіргі жағдайда «монетарлық теория»  өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процесін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетті, кейінірек ол «Филлипс қисығы» деп аталды.

Р

      И

      Н

      Ф        Рн                   N  

      Л

      Я                                              W

      Ц 

      И                            Uн

      Я          жұмыссыздық  деңгейі, %

      %                                                                             U

                          Филлипс қисығы

Жұмыссыздық – бұл жұмыс күшіне деген сұраныс  пен оның ұсынысының арасындағы айырмашылықтан туындайтын нәтиже. Экономикада жұмыс күші жұмыспен қамтылған және жұмыспен қамтылмағандардан құралады.

Жұмыссыздық деңгейі – экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы жұмыссыздар  санының пайызбен өлшенген үлесі.

Шетелдік  мамандар жұмыссыздық себептерін талдый отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық, табиғи және т.б.

Батыс елдерінің  мамандары жұмыссыздықды екі  топқа бөледі:

    • Жиынтық сұраныстың жетіспеуіне байланысты;
    • Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты.

Тұрақты даму тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды жағдайы әлеуметтік бағдарланған рыноктік экономиканы құру болып  саналады. Елдің тұрақты дамуы  – адамдардың жұмыспен тұрақты түрде  қамтылумен, еңбек саласындағы әр алуан қисылтаяң ахуалдар көрінісінің  алдын алумен тікелей байланысты. Қазіргі кезде экономиканың нақтылы секторында жұмыссыздықпен күресу мәселесі жұмыс орындарын құрумен, жұмыспен қамтудың белсенді саясатын жүргізумен жұмыссыздықтан қорғаумен біртұтас түрде қаралуға тиіс. Рыноктік қатынастар пайда бола бастаған кезде мемлекеттің әлеуметтік саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі – еңбеккерлердің жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесін жасау болып табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау жүйесі дамыған елдерде қазіргі ғасырдың басынан-ақ белсенді түрде қолданыла бастаған болатын.

Қазақстандағы жұмыссыздық бойынша әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін халықаралық  тәжірибені талдау жасаудан басқа, оның мәнін, мағынасын, қызметін және оның қызмет істеу үдерісін анықтау қажет.

Жұмыссыздықтан  қорғау жүйесінің негізгі мақсаты – жұмыспен тұрақты қамтуды қаржымен қамтамасыз ету. Ол өзінің қызмет ету белгісіне қарай екі түрлі бөлек жүйеден тұрады:

    • Бірінші бөлек жүйе өзінің ішкі мағынасы бойынша жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету қызметін атқарады.
    • Екіншісі, жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу жөніндегі шұғыл шараларды жүзеге асырады.

Жұмыссыздық бойынша қорғау жүйесі үш негізгі көзден қаржыландырылады – жұмыс берушілер, жұмыскерлер және мемлекет. Егер бірінші бөлек жүйе экономикалық тұрғыдан жоғарыда аталған үш көздің есебінен қолдау тапса, екіншісі негізінен жұмыс берушілер есебінен алады. Рыноктік экономикасы бар елдерде жұмыссыздық жөніндегі қорғау жүйесін құру негізінен өзара бағынышсыз екі себепке байланысты:

    • Өндірістің рыноктік тәсілі үшін жұмыссыздық болмай қалмайтын әлеуметтік-экономикалық құбылыс және барлық жалдамалы жұмыскерлер жұмыссыз қалу қатеріне ұшырайды. Оның бола қалуы нақтылы жұмыскерге немесе кәсіпорынға байланысты емес. Көптеген жағдайда ол сыртқы әлемдік-экономикалық  факторларға бағынышты.
    • Мемлекеттік органдардың өз азаматтарына «еңбекке құқығын» қамтамасыз етуге конституциялық міндеті болып саналады.

Халықты жұмыспен қамту айрықша міндет. Жұмыссыздық  неге көп? Неліктен осылай болып отыр? – дегенде, кейбір саяси мәселелердің толық шешілмегендігінен емес, жұмыспен қамтамасыз етілуінің экономикалық тетіктерінің әлі де ойдағыдай қалыптаспағандығынан екеніне біздің сеніміміз мол. Жұмыспен қамту қызметі адамдарды еңбекке  орналастыруға, жұмыс берушілерді  жаңа жұмыс органдарын жасағаны үшін ынталандыруға бағдар беру керек. Бұрын  жұмыспен қамту мемлекеттік қызметі  болды, ол осы іспен шұғылданды, ал қазір мұнымен кәсіпорын құқығын  пайдаланатын биржалар шұғылданады. Ал олардың атқарып жүрген қызметі  нашар. Көбінесе, кәсіпорын жұмысқа  алған адамдарды «биржа қызметкерлері  жұмысқа арнайы орналастырды» деген  жалған анықтамалар жинайды екен. Сол үшін мемлекет бюджетінен олар ақша алады. Шағын несие беру, импорттың  орнын басу сияқты мәселелер де бар. Ол мәселелер кедейшілікпен күрес бағдарламасында өз орнын тапты. Бұл бағдарламада, қазіргі кезде тек дүниежүзілік банктің, халықаралық валюта қорының ұсыныстарына ғана сүйенуге болмайды.

Қазіргі кезде басты мәселе не? Ол – жұмыс орнының жетіспеушілігі. Жұмысшы күші жағынан ұсыныс көп, бірақ оларға деген сұраныс өте аз.

Еңбек рыногі саясатының белсенді шараларының басымдығы бар деп танылғанымен, барлық қаржылық міндет жергілікті бюджеттерге жүктеледі. Олар көп жағдайда белсенді шараларды атқару үшін қажетті қаражатты таба алмайды. Аудандық деңгейде жұмыспен қамту қызметінің ұйымдық құрамы мен қаржыландыру туралы мәселе әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Қазіргі кездегі негізгі міндет осы шаралардың нәтижесі мен тәжірибесін бағалауда болуға тиіс. Осы талдау негізінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшін кеңестер мен ұсыныстар жасалуға тиіс, ол атап кеткен салық саясаты, ақша саясаты, инвестиция саясаты сияқты мәселелер жұмыспен қамту саясатының маңызды құралдары болып саналады. Осы құралдар арқылы қазақстандықтар мұқтаж болып отырған жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етіп жасай алады.

                       1.2 Жұмыссыздықтың құрылымы және  қызметі.

Анықтама бойынша  жұмыссыздық - халықтың активті бөлігінің  жасауға қабілетті жұмыс таба алмау.

Жұмыссыздық негізінен  жұмыс орнына сай келетін адамдардың азаюынан, адамдардың санының көбеюінен  пайда болады. Жұмыссыз ретінде жұмыссыздар  биржасында тіркелген, жұмыс табуға нақты мүмкіндігі жоқ адамдар  айтылады.

Жұмыссыздықтың  келесі түрлері бар:

• Фрикционды

• Структуралық

• Циклдық

• Маусымдық

• Аймақтық

Фрикционды жұмыссыздық. Бұл жұмысшының бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысуынан пайда болады. Бұл экономикада тұрақты түрде  болады. Бұл жұмыссыздықты ақпараттық қамтамассыз ету арқылы, жұмыс  берудің структурасы жақсарту арқылы жетуге болады

Структуралық  жұмыссыздық. Бұл сұраныс структурасы мен ендіріс технологиясы өзгеруінің салдарынан болады. Ол негізінен жаңа процестер есебінен жұмысшылардың профессиясын жаңартуға итермелейді.

Циклдық жұмыссыздық. Бұл өндірістің циклды түрде төмендеуімен байланысты болады. Сонда өндірісті  аздаған инвестицияның есебінен өсіруге болады. Өйткені еңбек  ресурстары өте көп.

Жұмыссыздық пен өндірістен шығындар арасында Оукен заңдары жүреді. Ол=ВНП*2,5%.

1.3.Шетелде  жұмыссыздық  мәселесінің ерекшеліктері.

Американдықтар  еңбек ететін өмірі бойына, орта есеппен 7,5 рет жұмысын ауыстырады. Жапонияда, бір бөлігі өмірлік жалдаумен қамтылған жұмысшылар 2,6 рет жұмысын ауыстырады екен.

         Батыс Еуропада бұл  көрсеткіш  Жапонияға  қарағанда  жоғары, бірақ  АҚШ – тағыдан төмен  бұл процесс, нарықтық принциптерге  көшіп жатқан экономикаға тән  көрініс. Мысалы, Финляндия өндірісте  және басқа салаларда жұмыс  істейтіндердің үштен  бірі  – мамандықтарын ауыстырады немесе  басқа жұмысқа ауысады. Жұмыссыдықтың  әлеуметтік және саяси өткірлігін  азайту үшін  соңғы 30 жыл бойына  нарық қатынастары дамыған елдердің  үкіметтері жұмыссыздарға жәрдем  берудің бірнеше түрлерін қолдануда.  Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі, оның құқықтық негізін жасауды, әртүрлі мамандандырылған мекемелердің,  экономикалық тұтқалардың кең жүйесін қолдануды қажет етеді. Осылармен бірге, мемлекет, қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы төлеу сияқты, әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыру қажет. Жұмыссыздыққа берілетін жәрдем ақшаның мөлшері мен оны төлеу мерзімі: АҚШ-та – 26-34 апта бойына жалақының 50%, кейбір штаттарда 47аптаға дейін; Жапонияда – жұмыссыздық жасына және басқа  көрсеткіштеріне қарай 3-12 ай бойына жалақының 60-80%-ын; Францияда – 1-2,5 жыл бойына жалақының 42 пайызын, оған қосымша күніне 40 франк жәрдем ақша; Ұлыбританияда – 52 апта бойына  28,5  фунт стерлинг құрады. Жұмыс істейтіндердің еңбек ақысынан ұстап қалу есебінен арнаулы қорлар құру арқылы да жұмыссыздыққа байланысты жәрдем  ақша беріледі.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі