Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 11:56, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. «Жұмыссыздықтың індетінің» қазіргі бұрқ ете түсуі «бар жұртты жарылқайтын қоғам» жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне душар етуде.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Жұмыссыздықтың экономикалық-теориялық негізі........................................4
1.1.Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны.................................4
1.2.Жұмыссыздықтың құрылымы және қызметі..................................................6
1.3.Шетелде жұмыссыздық мәселесінің ерекшеліктері......................................7
2.Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты талдау......................................9
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы...9
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2009 жылғы жұмысыздық көрсеткіштеріне талдау.................................................................11
3.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары..................................................................................................................16
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары..................................................................................................................16
3.2. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты.....................19
Қорытынды............................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................24

Файлы: 1 файл

курс безработица.docx

— 227.81 Кб (Скачать)

         Нарық қатынастары дамыған көп   елдерде  еңбек нарығы  әр  түрлі топтағы адамдарды, әсіресе,  жастарды жұмыспен  қамтамасыз  етудің, жеке шараларын жүзеге  асырады. Осы мақсатта кәсіпкерлердің қатысуымен  жастар үшін жалақы шығындары бөлінеді және оларды кәсіптік  мамандыққа  дайындайтын шығындарды мемлекет толық өз мойнына алады.

         АҚШ конгресінің экономикалық  статистикалық  комиссиясының  жүргізген зерттеулерінің мәліметі  бойынша, қазір шет елдерде   жұмыссыздықтың 70-ке  жуық нысандары  және олардың болуының  ерекше  себептері де бар екен. Батыс  елдерінің  мамандары  жұмыссыздықтың  нысандары 2 үлкен  негізгі  топқа бөледі:

1. Жиынтық  сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең    алдымен, циклдық  жұмыссыздықты жатқызады;

2.Жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын жұмыссыздықты жатқызады.

Дамыған  шет елдерде  жұмыссыздық  зардабын бәсеңдететін  факторлардың бірі – ғылыми – техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін жаңа өндіріс түрлері мен шаруашылық салаларын тудырады, ол  материалдық өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы ғылыми-техникалық революция  жағдайында жұмыспен  қамтуды тұрақты  түрде өсіру,  негізінен өндірістік емес  салалардың дамуы  арқылы  жүзеге  асырылады. Оның  ұлғаюы,  тұрғындардың әртүрлі қызмет түрлеріне  деген шығынның  тез  өсуімен  және  халық  шаруашылығының   орташа көрсеткішіне  қарағандағы жоғарғы еңбек  ауқымдылығымен  сипатталады.  Мысалы,  2000 жылдары  жұмыспен  қамтуды көбейтуде,  өндірістік емес  саласы АҚШ  пен Жапонияда – 80-90 % ал Еуропада 100% құрады.

         Дүние жүзінің әрбір мемлекетінде еңбекке  қабілетті адамдарды заңменен  белгіленген. Мәселен, Ресейде әйелдер – 16-55,  ал ерлер – 16- 60 жас аралығында,  ал Қазақстанда әйелдер - 16-58,  ерлер -16-63 жасқа сәйкес келеді.  АҚШ –та әйелдер мен ерлер үшін бірдей 16-65 жас аралығы еңбекке қабілетті болып табылады.  Кейбір елдерде еңбекке қабілеттілік 15 жастан  басталады. Ал оның жоғарғы шегі көбінесе халықтың орта жасының ұзақтығына тәуелді.

         Сол сияқты мемлекеттердің егде адамдарды зейнетақымен қамтамасыз етуді қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. БҰҰ енгізген «экономикалық белсенді халық» санатына  жалпы өндірістік  және  өндірістік емес  саладағы еңбекке тартылған әрі еңбек етуді қалайтын адамдар  жиынтығын жатқызамыз. Бұл тұрғыда оның құрамына жұмыссыздар, яғни қызмет орны жоқ еңбекке қаблетті жастағылар, жұмыспен қамту қызметінің көмегімен немесе өз бетінше жұмыс іздеп жүрген адамдар тобы да кіреді.

          Экономикалық белсенді халық  арасында жұмыссыздық деңгейі  Украинада-8,8%; Ресейде-7,6%; АҚШ-та -6,7%; Батыс  Еуропа елдерінде 5%-дан (Швейцария) 18%-ға (Финляндия) дейін көтерілген. Ал кейбір дамушы елдерде бұдан  да жоғары дәрежедегі жұмыссыздық  көрсеткіштері әдеттегі жәйт.

           Қазіргі таңда халықтың еңбекке  қабілетті бөлігі мен осы жасқа  дейінгілер және одан жасы  асқандар арасындағы салмақ үлесі  тең емес. Мұндай арақатынас демографиялық  жүктеме деп аталады. Орта есеппен  дүние жүзіндегі еңбекке қабілетті  100 адам өз еңбекақысымен 70 бала  мен зейнеткерді асырайды. Дамушы  елдерде бұл көрсеткіш тепе-тең  болса, яғни 100-ге 100-ді құраса, ал  Жапонияда 100-ге 40-тан келеді.

           АҚШ пен Канадада жұмыс орындарының  қысқартылуын реттейтін арнайы  ережелерінің көптеген  түрлері бар және көп жағдайларда  олар екі объектіге бағытталған: 1) жұмыс орындарының үнемі қысқартылуына жол бермеу  немесе азайту; 2) жұмыстан шығарылған жұмыскерлерге  кездесетін  қиындықтарды жұмсарту бойынша  шаралар  қабылдау.

            Соңғы жылдары дамыған нарықтық  экономикасы  бар елдер   және  көптеген дамушы елдер  көбейіп келе жатқан жұмыссыздықпен  жұмысқа қабілетті адамдардың, әсіресе   әйелдердің тез өсіп келе  жатқан  санына  қарағанда қажетті жұмыс  орындарының екі есе азайуы  мәселелеріне  шалдықты. Адамның  жұмыстан кететін  орта  жасыда  өсті.

 

 

 

 

2.Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты талдау.

2.1 Қазақстан Республикасының еңбек  нарығының қалыптасуы мен дамуы.

         Осы уақытқа дейін  біздің  елімізде  еңбек нарығы болмады.  Мамандарды қайта дайындаудың тым  қарапайым  жүйесінің болуы - тұрғындарды толық,  бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір сүру ресурстарын бөлуге теңгермеушілікке жол  берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш  күштерінің дамуын  тежеді.  Әкімшілдік - әміршілдік басқару  жүйесі  жағдайында мемлекет жұмыспен қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес  орталықтандырылған  жоспар бойынша,  өндіріс салалары  мен аймақтарына бөлу  арқылы  шешіп отырады.  Жаңа жұмыс орындарын жасау,  еңбек етуге қабілетті әр  тұрғындардың  санынан асып кетіп отырады,  ал  ол өз  кезегінде жұмыс күшіне  деген сұраным еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет  жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс күшін қолдануға тек қана  мемлекет  белгілеген  еңбек нысандарының  шеңберінде  ғана  рұқсат  етілді.

         Қазақстан  Республикасы  нарықтық  экономикаға көшу  кезінде, бұрынғы экономикаға тән емес көптеген  қиыншылықтар  мен өзгерістерге  тап болды. Мемлекетте жаппай дағдарыс көрініс алды, жоспарлы экономикаға үйренген ел жаңа өзгеріске, өз бетінше, ешқандай дайындықсыз бет бұрды. Нарықтық экономикаға тән көріністер орын  ала бастады,  өнеркәсіптер  мен кәсіпорындар тұрып,  теңге тұрақсыздандырып,  инфляция өсіп,  жұмыссыздар саны кәсіби,  халық өз  уақытында төлемдер  мен зейнетақысын ала алмайтын халге түсті. Ел экономикасы құлдырау  шегіне жетті. Осыдан  экономиканың  негізгі құраушы бөлшегі,  мемлекеттің негізгі мақсаты – адам, адам факторларына ерекше көңіл бөлу, оны еңбекпен  қамтамасыз ету. Бұдан экономиканың құраушы бөлшегінің бірі еңбек  нарығы  болып табылады.

          Кәсіпорындардың жекешеленуі, тәуелсізденуі   және өз бетінше  кеңеюі  кезінде көптеген  экономикалық  мәселерге ерекше көңіл бөлу  керек болды,  соның ішінде  еңбек нарығына деген сұрақтар  көбеймесе, азаймады.

          Қазақстанда өтпелі кезең экономикасындағы  еңбек нарығының  ерекшеліктері.  Қазақстан экономикасының нарыққа  көшуінің әлсіз басқарылуы барлық  әлеуметтік-экономикалық және ең алдымен жұмыс күшін ұдайы өндірумен байланысты процестерге теріс ықпалын  тигізді. Әсіресе осы ықпалды еңбек және жұмыспен қамтылу саласындағы реформалардың нәтижелерінен көруге болады: соңғы жылдары жұмыссыздықтың деңгейі және  еңбек қоры едәуір өсті.

          Республикамыздағы 2005 жылдардың  басындағы жұмыспен қамтылудың  жоғарғы деңгейі орнына бүгінгі  таңда көп салалы нарық   шаруашылығының дамуы,  экономикада  жаңа  секторлар мен буындардың  қалыптасуымен байланысты  еңбек конъюнктурасындағы елеулі ауытқулар келді. Осы кезеңге еңбек және кәсіптік конъюнктурасының жаппай жұмыспен қамтылуды қолдау кезінде жинақталған еңбек қорының белгілі  бөліктерін әшкерелеген айқын байқалатын  параметрлі республикалық еңбек рыногының пайда болуы да жатады.

          Қазіргі нақты жағдай еңбек нарығының  барлық элементтерінің қайта  жаңартудың қажеттілігін көрсетіп отыр, 2000 жылдың бірінші шілдесінен бастап, Қазақстанда барлық жерде  тұрғындарды еңбекпен қамту қызметі жұмыс істей бастады. Нарыққа бейімделу  ең алдымен еңбекпен қамтуды реттеу механизімдерінің ұйымдастыру құрылымдарының жетілдіруді қажет етеді. Сол себеппен 2000 жылы Қазақстанда еңбекпен қамту  қызметі құрылды  және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеуді қаржыландыру механизмі белгіленді. Жұмыссыздық бойынша  жәрдемақы төлеу, жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіптік  даярлау және жаңа жұмыс орындарын ашу  бағдарламаларын  қаржыландыру үшін бюджеттен тыс «Жұмыспен қамту қоры» құрылды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру қызметкерлердің жұмыстан  босауына әкеп  соқты (негізінен – кәсіби даярлығы төмендер есебінен), кейіннен жекешеленген кәсіпорындарда өндіріс құрылымын өзгерту және жаңа функцияларының  буындары пайда болуына байланысты жұмысшыларға деген сұраныс артты. Осы кезде шағын және орта бизнес саласында оң өзгерістер  пайда болды,  ірі банк және салааралық құрылым,  холдингілік компаниялар ашу басталды.  Бұл кадрлерге деген сұранысты арттырды. Жұмысшыларды қысқарту тенденциясының тұрақты басымдылық алуы жұмыспен қамтылу  деңгейінің төменденуіне әкеп соқты. Жұмыссыз қалу айқындаушы факторға айналды. Бұл мемлекеттік емес сектордың жұмыспен қамту сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуда елеулі  өзгерістерге себепкер болды.

        Қазақстандағы жұмыссыздар арасында әйелдер басым (70%). Бұның себебі кәсіпорындардың  штаттық қысқаруына және меншіктің нысаны өзгеруіне байланысты   жұмыстан  босаған қызметкерлер арасында әйелдер саны көп болуында. 1/3 жуығы білікті мамандар: қол еңбегімен айналыспайтын жұмысшылардың, мамандар мен басшы  қызметкерлердің  жұмыссыздардың 25,10 және 1% құрайды. Жұмыссыздардың 1/3 жуығының он жылдан асатын еңбек тәжірибесі бар.

          Жұмысынан айырылған азаматтарының  жартысынан көбі қалада тұрады. Жұмыссыздық тұрақты сипат алды. Еңбек биржалары жұмыс іздегендердің  бәрін жұмыспен қамтамасыз ете алмайды. Басқа факторлар да республикалық жұмыспен қамту жүйесін қайта құруға өз ықпалын тигізуде. Еңбек етуге қабілетті тұрғындар санының өсу қарқынды едәуір бәсеңдетті. Ал, егде тартқан тұрғындар саны өсе түсті, бұл мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік баптарына түсетін салмақты ауырлатты. Жұмыспен қамту жүйесінің қалыптасуы және әрекет етуі еңбек ресурстарының  территорияларына байланысты. Республика аймақтарының экономикалық бағытты жұмыспен қамту жүйесін қалыптастыруға белгілі ықпалын тигізді. Сол себеппен жұмыс күшінің сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы және экономикалық аймақтар бойынша әртүрлі. Ірі индустриялық аймақ болып саналатын Орталық және Солтүстік Қазақстанда жұмыс күшіне деген сұраныс ұсыныстан 1,8-2 есе артады. Республикамыздың оңтүстік облысында – Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстанда – жұмыс орындарының саны мен ұсыныс арасындығы айырмашылық едәуір, әрі бос жұмыс орнына 3-тен 10-ға  дейін жұмыссыздан келеді. Жұмыссыздықтың ең жоғарғы деңгейі Семей обылысында 2005 жылы тіркелген болатын – 6,7%; ең төмен деңгейі – Алматы қаласында – 0,5%.

        Республика тұрғындарын жұмыспен  қамтылуындағы қайшылықтардың себебі  экономиканың жетілмегендігінде. Экономиканың минералдық шикізаттық бағыты түпкі өнім өндіретін салалардың, сондай-ақ өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның көп уақыт бойы артта қалуына әкеп соқты, бұл жұмыс күшін ұдайы өндірудің жағдайын төмендетті. Қазақстанда еңбек саласында нарықтық қатынастарды енгізу 2000 жылы Қазақстан Республикасының «Еңбек ету туралы» Заңнан қабылдаудан басталды, онда жұмыссыздық, еңбек нарығы, еңбекке сұраныс пен ұсыныс т.б. ұғымдар бірінші рет көрсетілді. 2007 жылы Еңбек заңының орнына ҚР Еңбек кодексі қабылданды.

 

2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2009 жылғы жұмысыздық көрсеткіштеріне талдау.

Статистика агенттігінің 2009 жылдың маусымындағы еліміздің еңбек нарығындағы жағдай туралы мәліметтеріне сәйкес еліміздің экономикасында 2009 жылдың маусымында 8 млн адам жұмыспен қамтылған. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 39,7 мың адамға артып отыр. Жұмыспен қамтылғандардың 65,9 пайызы «жалдамалы жұмысшылар» қатарына жатады. Ал жұмыссыздар саны 559,2 мың адамға жетіп, оның еңбекке жарамды халық санындағы үлесі 6,6 пайызды құрады. Ресми түрде еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 92,8 мың адам тіркелген. Халықаралық еңбек ұйымының стандарттары бойынша 2009 жылғы «жасырын жұмыссыздық» деңгейі – 1,1 пайыз.

Мамыр айында еліміздегі бір адамға шаққандағы номиналды еңбекақы 65 013 теңгені құрады. Бұл көрсеткіш  – өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда – 9,6 пайызға, айлық  еңбекақының нақты өсімі 103,2 пайызға  артқан.

Экономика салалары бойынша бұрынғысынша ең жоғарғы табыс қаржы саласында  – 126,0 мың теңге (еліміздегі орташа деңгейден 1,9 есе артық). Келесі орындарда: тау-кен өндірісі – 114,3 мың теңге (1,8 есе), жылжымайтын мүлікпен айналысатындар саласы – 100,4 мың теңге (1,5 есе), құрылыс  – 87,3 мың теңге (1,3 есе).

Ең төменгі еңбекақы бұрынғысынша балық аулау және өңдеу саласының  еңбеккерлерінде – 33,0 теңге. Бұл  орташа көрсеткіштен 49,2 пайызға кем.

Аймақтық көрсеткіштерге келсек, Атырау облысы жылдағыдай алдыңғы орында тұр. Ондағы орташа айлық көлемі – 125,8 мың  теңге (еліміздегі орташа көрсеткіштен 1,9 есе артық).

Жамбыл облысында еңбекақы деңгейі 43,2 мың теңгені құрап (33,6 пайызға  кем), еліміз бойынша ең төменгі орынды алып отыр.

 

БҰҰ сарапшыларының қорытындысы бойынша 2050 жылы алпыс жастан асқан әлем халқының саны миллиардқа жететін көрінеді. Демек, қарттар саны қазіргімен салыстырғанда екі есеге артады. Әлем халқының бұлайша тез қартаюының әлеуметтік-экономикалық салдары жақсы емес. Сондықтан да осыдан туындайтын әлемдік деңгейдегі мәселелерге байланысты алдын алу шараларын ұсынады. Оның ең бастысы еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Сонымен қатар, еңбек нарығына әйелдер мен зейнет жасындағы адамдарды мүмкіндігінше көп тартуға тура келетіндігі айтылады. Мысалы:

Мемлекет Ерлер Әйелдер 
Ресей 60 55 
Украина 60 55 
Беларусь 60 55 
Қазақстан 63 58 
Қырғызстан 60 55 
Өзбекстан 60 55 
Молдова 65 60 
Әзірбайжан 62 57 
Армения 65 61,5 
Түркменстан 65 60

Ал қазіргі кезде дүниежүзі  бойынша зейнеткерлердің саны Жапонияда - 21, Италияда - 20 пайыз. Бұл халық  санына шаққанда ең жоғары көрсеткіш. Қазақстандағы бұл көрсеткіш 11 пайыз  және зейнеткерлікке шығу жасы да достастық мемлекеттерімен салыстырғанда өте жоғары да, өте төмен де емес екен.

Енді жиырма бес жылдан кейін  дүниежүзінде халқының жасының қарттығы бойынша бірінші орынға Германия шығуы мүмкін және бұл көрсеткіш ел халқының өмірінің ұзақтығымен емес, табиғи өсімінің ең төмендігіне байланысты болып отыр. Ал қазіргі кезде халқының өмірінің ұзақтығы бойынша бірінші орында Жапония тұр. Германия федералдық статистика ведомствосының деректеріне қарағанда балалы болуға мүмкіндігі бар отбасылардың үштен бірінің өмірге ұрпақ әкелуге құлқы жоқ. Неміс әйелдерінің көпшілігі балалы болу оның қызмет бабында өсуіне, мансапты қызметкер болуына кедергі болады деп санайды екен. Неміс әйелдері ғана емес, кәрі құрлықтағы әйелдердің көпшілігі де осындай көзқараста көрінеді. 
Ал, зейнетақы мөлшері бойынша қазақстандық зейнеткерлердің жағдайы салыстыра қарағанда біршама жақсы.

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі