Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Сентября 2013 в 11:56, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыссыздық әлемдегі орталық проблеммалардың бірі болып табылады. Және де ол бір жүйеден екіншісіне өтетін елдерде кең байқалады. «Жұмыссыздықтың індетінің» қазіргі бұрқ ете түсуі «бар жұртты жарылқайтын қоғам» жайындағы аңыздың күлін көкке шығарды. Жаппай жұмыссыздық еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырап, экономикалық жағдайының нашарлап тұрақсыздануының, олардың материалдық күйзеліске душар болып, рухани запа шегуінің басты себебіне айналып отыр. Жұмыссыздық тек әлеуметтік қақтығыстарды ғана емес, сонымен бірге адамзат арасындағы қайшылықтарды да асқындыра түседі. Жұмыстан айырылу еңбекшілер үшін нағыз қасіретке айналуда. Ол тек материалдық жоқшылыққа, кедейшілік пен қайыршылыққа ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-психологиялық күйзеліске, өздерін өздері қандай қыруға, қылмыстың, маскүнемдік пен наша шегудің құжынап көбеюіне душар етуде.

Оглавление

Кіріспе.......................................................................................................................3
1.Жұмыссыздықтың экономикалық-теориялық негізі........................................4
1.1.Жұмыссыздықтың экономикалық мәні және мазмұны.................................4
1.2.Жұмыссыздықтың құрылымы және қызметі..................................................6
1.3.Шетелде жұмыссыздық мәселесінің ерекшеліктері......................................7
2.Қазақстан Республикасында жұмыссыздықты талдау......................................9
2.1.Қазақстан Республикасының еңбек нарығының қалыптасуы мен дамуы...9
2.2.Қазақстан Республикасының еңбек нарығындағы 2009 жылғы жұмысыздық көрсеткіштеріне талдау.................................................................11
3.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары..................................................................................................................16
3.1. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары..................................................................................................................16
3.2. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі мемлекеттің саясаты.....................19
Қорытынды............................................................................................................23
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................24

Файлы: 1 файл

курс безработица.docx

— 227.81 Кб (Скачать)

Мысалы, Украинадағы ең аз мөлшердегі зейнетақы 460 гривен (92 доллар). 2008 жылдан бастап жасы келіп зейнеткерлікке шыққандардың ең жоғары зейнетақы мөлшері белгіленген, ол шамамен 5640 гривенді құрайды. Тұңғыш балалы болғандардың жөргекпұлы - 12240 гривен болса, екінші балалы болғанда бұл сома - 25000 мың гривен, ал үшінші балалы болғандар - 50 000 гривен ала алады. Балалы болғандар  бұл соманы бірден ала алмайды, бөліп-бөліп  алады. Алғашқыда 5000 гривенді балалы бола салысымен алады, ал қалғанын бір  жыл ішінде екі-үшке бөліп ала  алады. Сәйкесінше, екінші, үшінші балалы болғандар да тиесілі қаражаттарын екі-үш жылдың ішінде бөліп-бөліп ала  алады. Бала үш жасқа толғанша ай сайын  аналары 130 гривен жәрдемақы алады. Бұл сома бала санының көптігіне  және отбасы табысының көлеміне байланысты көбірек болуы да мүмкін.

Қырғызстандағы орташа зейнетақы 1220 сом (11 доллар) құрайды. Барлық аналарға балалары 3 жасқа толғанша жәрдемақы  төленеді. 
Өзбекстандағы зейнеткерлікке жасы келіп шыққандардың орташа зейнетақысы айына 30 750 сум (24,21 пайыз). Балалы болғандарға бір реттік жәрдемақы көрсетіледі, бұл сома 120 000 сум (100 доллардан сәл көбірек). 
Армениядағы орташа зейнетақы 28 мың драмм (65 доллар). 2008 жылға дейін бұл көрсеткіш екі еседей аз болған. Балалы болғандарға бір реттік көрсетілетін жәрдемақы 35 мың драмм (95 доллар), бұл сома жағдайы төмен отбасылары үшін 75 мың драмға дейін жетеді (200 доллар). Үшінші және одан да көп балалы болғандарға 200 мың драмға (500 доллар) дейін көмек көрсетіледі. 
           Беларусь зейнеткерлерінің орташа зейнетақысы 292,2 беларусь рублі (136 доллар). 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 3 жасқа толмаған баласы бар аналарға төленетін жәрдемақы 148 мың 540 рубльді құрайды. Тұңғыш балалы болғандарға 929 350 және бұдан кейінгі туған әр баласы үшін 1 299 690 беларусь рублінде бір реттік көмек көрсетіледі. 
           Қазақстанда биылғы жылдың басынан бастап тұңғыш балалы болғандарға 35 040 теңге көлемінде бір реттік көмек көрсетіледі. Жұмыс істемейтін әйелдерге балалары бір жасқа толғанша ай сайын көрсетілетін жәрдемақы көлемі - 5840 теңге құрайды, ал екінші балалы болғандарға - 6424, үшінші балалы болғандарға - 7008, төртінші және одан көп балалы болғандарға - 7592 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі.

Жыл басынан бастап базалық зейнетақы 3000 теңгеден 4210 теңгеге көтерілген. Ең жоғары зейнетақы 26110 теңге көлемінде  белгіленіп отыр, мұндай зейнетақы  алатын зейнеткерлеріміздің саны - 784 мың адам. Республикамыз бойынша  орташа зейнетақы - 17870 теңге көлемінде, мұндай зейнетақыны 530 мың адам алатын болады. Ең төменгі зейнетақы - 12110 теңге  көлемінде, мұндай зейнетақыны 320 мың  адам алатын болады. Бұдан басқа  Ұлы отан соғысының ардагерлері  мен соғыс жылдарындағы тыл еңбеккерлеріне және басқадай қосымша төленетін мемлекеттік және әлеуметтік жәрдемақылардың 36 түрі бар.

Ресейдегі орташа зейнетақы 8 мың рубльді  құрайды (285 доллар шамасында). 5300 рубль - зейнетақы төлемінің базалық бөлімі. Ел аумағы бойынша әр аймақта әр түрлі федералдық үстеме төленуі де қарастырылған. 
Отбасындағы балалар санына қарай балалары 1,5 жасқа толғанша ай сайын төленетін жәрдемақы көлемі 1500 - 3000 рубльге дейін жетеді. Ал балалары 3 жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері 150-300 рубльді құрайды. Кәмелеттік жасқа толғанша төленетін жәрдемақы мөлшері осының жартысын құрайды. 
          Жоғарыда айтылғандармен қатар «аналық капитал» түсінігімен қалыптасқан екінші рет және одан кейін де балалы болғандар үшін бір реттік төленетін жәрдемақы қарастылған, оның мөлшері - 270 мың рубль ($9620 шамасында). Аталған жәрдемақы арнайы есеп-шотқа аударылады және бала үш жасқа толғаннан кейін ғана оның білім алуына немесе отбасының тұрмыс жағдайын жақсартуына және анасының зейнетақы қорын толтыру үшін ғана мақсатты түрде қолданыла алады.

Қазіргі кезде Қазақстандағы зейнеткерлер саны 1,7 млн шамасында болса, еліміз экономикасының қарқынды дамуы нәтижесінде  халқымыздың тұрмыс жағдайының жақсара  түсуімен байланысты табиғи өсіміміз жылдан-жылға артып халқымыздың  орташа жасы жылдан-жылға жасарып  келеді. Мысалы 1999 жылы өмірге келген балалар  саны - 220 000 болса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 330 000 жетіп отыр. Бұл соңғы он жылдағы  ең жоғары көрсеткіш. Ал қазақтар саны еліміз бойынша 9 млн 350 мыңға жетіп, 77 жыл бұрынғы көрсеткішіне қол жеткізген. Алла бұйырса, үстіміздегі жылы туатын балалар саны 350 мың шамасында болады деп күтіліп отыр. Бұл еліміздің еңбек нарығының болашағына сенім тудырады. Халқымыздың табиғи өсімі осы қалпында болса, 2010 жылы Қазақстандағы қазақтардың саны 10 млн-ға жетіп, жалпы халық санының 64 пайызын құрайтын болады. Қазақ жастары үшін тұрмыс құру, отбасы құндылықтары - мансап қуудан қашанда жоғары тұрған және көп балалы отбасы болу - ұлттық болмысымызға жат емес, сондықтан да Қазақстан үкіметіне тұрғын үй құрылысы бағдарламасын баянды түрде жүзеге асыру - мемлекеттік тұрғыдағы маңызды мәселе. Елбасымыздың тапсырмасы ауқымында салынатын 100 мектеп пен 100 аурухана өмірге келген қазақстандықтардың болашақта денсаулықтарының мықты және замана талабына сай баянды білім алуына үлкен себеп болмақшы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Қазақстан Республикасының жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдары.

3.1. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары

 

Осы уақытқа  дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды дайындаудың тым  қарапайым жүйесінің болуы тұрғындарды  толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызады, өмір сүру ресурстарын бөлуде меңгермеушілікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару  жүйесі жағдайында мемлекет жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша  өндіріс салалары мен аймақтарына  бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс  орындарын жасау еңбек етуге  қабілеті бар тұрғындардың сапасынан  асып кетіп отырады, ал ол өз кезінде  жұмыс күшінің қажеттігін тудырады. Және де, бұл қажеттілік экстенсивті  шаруашылық механизмінен қолдау тауып  отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды. Олардың  санының өзгеріп отыруы еңбек  өнімдерінің төмендеуінің және жұмыскерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауылшаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.

Оның  есебіне жұмыскерлерге, белгілі  бір жұмыс орнына ие болуға қақысы кепілдік берілетін және оны жұмыспен шығару жүзінде мүмкін болмады. Соның  нәтижесінде жұмыс күшіне деген  еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына  қатаң бақылау жасап отырды, олардың  өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек  формаларының шеңберіне ғана рұқсат етіледі.

Кадрларды тұрақтандыруға «жас маман» институты белгілі бір кезеңге, мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін уәде беруге уәде ету, бір кәсіпорында уәде үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қажет сияқты жанама әдістер де қолданылады. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы – қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде, экономикалық еңбекті ауыстыру заңы бұзылды. Оның мәні – адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеу керек, ал ол үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.

Қазір де жұмыспен қамту саласында, өндіріске  қажетті жұмыс күші мен олардың  жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырамын деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Ол көбіне сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яғни салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.

Бұл жағдайлар  қазір де нарықтық экономикаға өту  кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады  және бұл процесс шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп уақытты экономика қалыптасуы ықпал етуде, ал ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қардарлығын өндіріс қуатының толық пайдалануына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын өткізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елдегі еңбек ресурстарының саны – 1992 жылы 9,4 адамға жетті немесе халықтың жалпы санының 55%-ін құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7,4 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 млн-ға таяуы немесе 81%-і экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарықтық еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.

Енді  еңбек нарығына байланысты кейбір мәліметтерді қарастырып салыстырып көрейік: 1991 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмыс  іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді, оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы алғашқы 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75%-і әйелдер болды. Ал 1992 жылы ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54%-і жұмыссыздық  бойынша жәрдем ақы алады. Жұмыссыздардың 80%-не дейінгісі әйелдер, ал жартысына  жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі жоғары білімді, әрбір екеуі – орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі – жалпыға бірдей орта білімді.

1993 жылдың  аяғына қарай Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 2 500 500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Бұндай жағдайда, мемлекет қайта мамандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдем ақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.

Қазақстан Республикасының „Халықты жұмыспен қамту туралы” Заңына сәйкес жұмыстан босап қалып жұмыс аз деп тіркелген  адамдарға бұрынғы жұмыс орындағы негізгі жалақысының 50%-тен кем  емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.

Нарық қатынастары  дамыған көп елдерде жұмыссыз жүрген әр түрлі топтағы адамдарға, әсіресе жастарға арналған арнайы шаралар  қолданылады.

Ал енді Қазақстандағы жұмыссыздар көрсеткішін  нағыз санға жүгінетін болсақ 14,5 млн халықтың 2 млн-нан астамы жұмыссыздар екенін көре аламыз, бұл  жақсы ма, әлде жаман ба, оны келесі кестеден толық көре аласыздар.

Қазақстанның  еңбек нарығында бүгінгі күнгі  ең маңызды мәселелер – ол халықты  жұмыспен қамту және жұмыссыздық. Осы  мәселелерді шешу үшін ең алдымен  еңбек нарығын талдап, сонан соң  ондағы болып жатқан өзгерістерді бағалап, әр бір аймақтың еңбек ресурстарын  басқару жүйесін жетілдіру қажет. Осыған байланысты еңбекке жарамды  жастағы халықты жұмыспен қамту  және оны экономика салаларында  пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелері. Нарықтың экономикаға өту  нәтижесінде халықты жұмыспен қамту  құлымы да айтарлықтай өзгерді. Мысалға  алсақ, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  материалды өндіріс сферасында жұмыс  істейтіндердің саны жыл сайын төмендеген. Атап айтатын болсақ, ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің саны 1997 ж салыстырғанда 1999 ж 41,3% ға келіп, 104,7 мың адамды құраған. Осы жылдары жұмыссыз әйелдердің үлесі әрқашанда 50%-дан астам болған. 1998 жылы жұмысқа орналасу мәселесі бойынша 18342 адам, бұл небары 40%-дан  астамы әйелдер ал ¼ бөлігін 16-29 жас  аралығындағы жастар құрайды.

Құрылыс саласында жұмыс істейтіндердің саны 1997 ж. салыстырғанда 1999 ж осы  мерзімде 51,3%-ға қысқарып 1999 ж. бұл салада жұмыс істейтіндердің саны небары 10,8 мың адам құраған. Материалды өндіріс  сферасының ең басым бөлігін ауыл шаруашылығындағы сала алып отыр. Олай болса, халықты жұмыспен қамту саясатын ең алдымен ауыл шаруашылығын көтеруден  бастау керек.

Елімізде  осы 2003 жылдың қаңтар айында жұмыссыздар  саны 6,4 млн адам болса, 2002 жылы 513 мың  адам болған. Бұл мәлімет жыл сайын  жұмыссыздар саны көбейіп отырғанын  көрсетеді. Бұл эксперттік бақылау  бойынша жұмыссыздық пайызы 10,1%ға байқалды. Жұмыссыздар саны 2003 ж  қаңтарда 197,1 мың адам, ауыл шаруашылығында – 80,7 мың адам. Ал, әйелдер арасында 114,1 мың адам олардың 1/3 бөлігі ауылдағылар (яғни 38,9 мың адам).

Ресми түрде  тіркелмеген жұмыссыздардың саны мен  өздігінше жұмыспен қамтылғандардың  саны „көлеңкелі” экономика мен  жеке шаруашылықтарда басым болып  отыр. Оларды есепке алудың дұрыс жолға  қойылмағандықтан жұмыс пен қамтылғандар туралы мәселелер дәл болмайды. Ресми  түрде еңбек табысы жоқ жұмысшылардың  жұмыс орындары жасырын түрде  бар.

Жұмыссыздарды есепке алу кезінде жұмыспен қамту  орталықтарында тек қана тіркелгендер жұмыссыз болып саналатындықтан, нақты  шын мәніндегі жұмыссыздар тіркелгендерден  бірнеше есе көп болады.

 

3.2. Жұмыссыздық мәселелерін шешудегі  мемлекеттің саясаты.

   Казір көптеген мекемелер әлде қашан ұмытылған проблема жұмыс кадрларының кажеттігіне ұшырады. Бұрын олар өте көп болса, қазір олар әртүрлі салаға кетуіне, квалификациясы төмендеуіне байланысты өте аз. Ал бар жұмыс іздеушілердің квалификациясы жоқ немесе өте төмен. Сонда қоғам бір біріне қарама-қарсы екі түрлі ауруға шалдығуы мүмкін:

1. кадр дефициті

2. жұмыссыздық.

Университеттер, училищелер, колледждер мен өндіріс орындарының тіл табысуы бұл мәселені шешуі мүмкін. Осы тұста мемлекетке осы секторды басқару үшін белгілі бір стратегия қажет:

1. жұмысшыларды  мемлекеттен тыс әдіспен орналастыру,  бұл әдіс негізінен натуралды  шаруашылықтарға тән.

2. жұмыссыздық әсерін төмендету, бұл жерде жұмыс жасайтын сектор зардап шегеді, себебі жұмыссыздарға берілетін өтемақы салық есебінен алынады.

3. Жұмыс орындарын  ашу. Бұған келісу қиын өйткені  ол кедей елдерден имигранттар  келуін көбейтпесе ашылған жұмыс  орындарға жергілікті жұмыссыздардың  бара қоюы екіталай.

Жоғарыда аталған  әдістерден басқа қоғамдық реттеу әдісі  де бар. Ол коғамдағы басқа жұмыссыздыққа  әсері бар факторлар:

1. білім беру

Информация о работе Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі