Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді
Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі
Қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі.
Мотивтер немесе түрткілер - бұл әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты.
Түрткілер-қажетті қанағаттандыра алатын қабілеттің материалдық немесе идеалдық объектісі және оның қанағаттану қабілетін әкелетін қимыл-қозғалыстар.
Мотивация-бұл түрткілердің біршама тұрақты және қайталанбайтын жүйесі.
Темперамент-индивидтің психикалық әрекетінің жүйкелік динамикалық ерекшелігі жағынан мінездеме беру.
Қабілеттілік- қандай да бір немесе бірнеше әрекетті жемісті атқарудағы психикалық қасиет.
Мінез-құлық - адамның өміріндегі қарым-қатынасты оның барлық қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының танылу ерекшеліктері немесе белгілері.
Белсенділік - қоршаған ортадағы ақиқат шындық пен өзара қимылының өлшемі, кез-келген әрекеттің немесе қимыл-қозғалысы орындалуындағы өнімділігі және қарқындылығы.
Өзін-өзі реттеу сферасы - жеке адам өзінің жүріс-тұрысы мен әрекетін реттеуге бағытталған.
Талаптану, ниеттену - мінез-құлықтың мотивициялық компонентіне жатқызылады.
Ерік - кедергі қиыншылықты жеңудегі қажеттілік.
Адам-өзінің қажеттерін орындау үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Қажеттерін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш- сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен мақсатқа жетуге тырысады [26,12].
Ал, қажет дегеніміз- адамның ойлану қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі. Олай болса адамдардың қажеттері іс-әрекеттерінің негізгі түрткілері, яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы. Қажеттілік -өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер табиғи қажеттілік өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Сонымен қажеттілік - адамның белгілі бір тіршілікке немесе дамуда бір нәрсені керек етуі. Педагогикалық әдебиеттерде “мотив” ұғымы әртүрлі мағынада түрткі, ниет, ынта, ықылас т.б. ұғымдар арқылы берілген. Біз сараптай келе зерттеу жұмысымызда “түрткі” деп қарастырып отырмыз.
Ал, түрткі бір әрекетке талаптанған немесе ниеттенген белгілі бір қажеттіліктің қанағаттануымен байланысты. Түрткі орындалу барысында адамда қызығушылық пайда болады [27,17]. Өйткені, түрткі дегеніміз белгілі бір қажеттілікті өтеуге әсер ететін тұлғаның іштей құлшынысындағы белсенділігі. Мұның өзі іс-әрекетте, қарым-қатынаста, мінез-құлықта көрінеді. Ал, түрткінің сапасы мұратқа ұмтылу, қызығушылық, сенім, әлеуметтік тәртіп саласындағы құндылықтардан көрінеді. Ізденуге себеп болатын бағдар - таңдаған әрекетті мойындап, оны тауып, қажеттілікті өтеудегі ынта-ықылас. Мұның мән-мағынасы қажеттілікпен байланысты деп білсек, қажеттілікті өтеу - тұлғаны белсенділікке ұмтылдыратын қозғаушы күш деп түсінуге болады. Сонда түрткі адамды ынталандырады, ізденуге, оны табуға ықпал етеді. Былайша айтқанда түрткіні тұлғаның мінез-құлқы мен әрекетіндегі белсенділігін реттейтін жетекші фактор деп танимыз.
Түрткі жөнінде және оған анықтама беруге байланысты ұсынылған пікірлер баршылық. Мысалы:
- түрткі психологиялық құбылыс, іс-әрекетке деген ынта-ықыласты қозғаушы күш, қызығушылық;
- түрткі әрекеттенуші тұлғаның
таңдауына лайықты болған
- түрткі өзінің қажеттілігін
өтеудегі бағдары және іс-
Осындай анықтамаларды қорыта келгенде түрткі - қажеттіліктің өзі емес, оның құралы және тұлғаның бағдарлайтын жол екендігін мойындап, мынандай тұжырым жасауды орынды деп білеміз. Түрткі дегеніміз -қажеттілікті өтеудегі тұлғаның ізденуі, іс-әрекет, қарым-қатынастағы белсенділігі, ұмтылысы, үміт еткен қызығушылықтың нәтижесіне жетуге іс-әрекет жасауы. Қызығу - заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыттылған адамның біршама тұрақты ерекшелігінің бір көрінісі. Сөйтіп, адамның қызығуы - асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойланудан туындайды [28,14,18]. Түрткілер мамандықты таңдап алуға байланысты шәкірттің пәнге қызығушылығы, келешек мамандыққа байланысы жоқ (сурет, ән, әдебиет, спорт т.б.). Бұл әрекетте мұғалім оқушыны белгілі мақсатқа ынталандыру қажет [29.16].
Сонымен қатар, педагогикалық-психологиялық зерттеулерді сараптай келе түрткілерді екі топқа бөлуге болады:
а) оқушылардың жаңа білімді игеруге және ұғыну тәсілдеріне бағыттау түрткілері:
ә) өз бетімен білім алу, оны іс-әрекетінде қолдана білу түрткілері:
а)кең мағынадағы әлеуметтік түрткілер (оқуда белсенділік, ынталылық, жауапкершілік және борышын сезу);
ә) тар мағынадағы әлеуметтік түрткілер(отбасы, ұжым және жолдастарының, құрбы-құрдастарының арасындағы бедел т.б.);
б) ынтымақтастық әлеуметтік түрткі оқу-тәрбие жұмысында өзара әрекеттесуге ұмтылу және үнемі жетілдіру.
Ал,оқыту түрткілері - бұл оқушының әрекетіне әсер ететін әртүрлі бағыттарының жиынтығы. Мысалы: егер оқушының таланттылығы өзі оқитын обьектінің жұмысына бағытталған болса, онда танымдық түрткілер жоғарылай түседі. Егер оқушының таланттылығы, білімділігі оқуға басқа адамдармен қарым-қатынасында байқалса, онда танымдық түрткілермен қатар әлеуметтік түрткілер де пайда болады.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ бұлардың ішінде ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқуға қызығуының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы оқушының сабақты үлгеруіне ықпал етеді де, терең білімді алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары оқушыларда оқу түрткілерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады. Оқушы жастарда қызығудың жөнді көрінбеуі, олардың өмірін мазмұнсыз етеді. Мұндайда олар енжар болып іші пысады, зерігіп берекесі кетеді. Қызығудың мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктере байланысты. Қызығуы тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады.
Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, оның бірде біреуіне нақты тұрақтамайды. Мұндай “көрсе құмар” әуесқойлық қасиеттер адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл- үлкен кемшілік. Қызығуы тұрақтанбаған адам қызметтің қай саласында болмасын пәрменді еңбек ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтеруге жәрдемдеседі.
Қызығулар өзінің мазмұны мен бағытына қарай Қ.Б.Жарықбаев, Ә.Алдамұратов т.б. бір топ ғалымдарымыздың пікірінше материалдық, қоғамдық саяси, кәсіптік, эстетикалық, оқырмандық, спорттық, танымдық т. б. болып келеді. Бұл қызығушылықтардың әрқайсысы өз алдына бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, таным қызығулары: оқуға, ғылымға (математика, химия, биология, философия т.б.), ал кәсіпке қызығуларға салалы кәсіптің түрлеріне, мамандықтарға байланысты болып бөлінеді. Эстетикалық қызығулар: кино, театр, музыка, бейнелеу өнеріне тағы басқаларға сәйкес жіктеледі. Адам объектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады, осы тұрғыдан қызығуды тікелей және жанама деп екіге бөлуге болады. Тікелей қызығу айналадағы нәрселердің тартымдылығынан туады да, жанама қызығу – бұл әрекеттің түрткі нәтижесінен қажетсінуінен туындайды. Мұндай қызығу барысында адам көздеген мақсатқа біртіндеп, сатылап жетеді. Мәселен, оқуға, еңбек етуге т.т. қызығу. Жанама қызығу тұрақты болып келетін болса, адамның ісі оңға басып, ол әрнәрсені білген үстіне біле түсуге ықыласы артып отырады. Адамдардың қызығу саласындағы ерекшеліктері де әр түрлі. Бұл өзгешеліктер адамның іс-әрекетіне, көзқарасы мен талғамына, мұраты мен мүддесіне байланысты белгілі мазмұнға толы болады. Мысалы: бір адамдар саяси мәселелерге қызығатын болса, екінші біреулер эстетикаға, әдемілікке қызығады. Ал, үшінші біреулері ғылыми теориялық мәселелерге ерекше назар аударып отырады, төртінші біреулерде осы айтылғандардың барлығы бірдей тоғысып жатады. Мектеп жасындағы балаларда қарапайым танымдық қызығушылықтарымен қатар спорттық, оқырмандық қызығулары да кездеседі.
Қызығу пәрменді, белсенді болу үшін, бала тікелей бір әрекеттермен айналысуы қажет. Мұғалім не тәрбиеші балалардың қызығуын тәрбиелеуде олардың өзіне әлі де мәлім емес кейбір жанама қызығуларын тауып, соларды тұрақтандыру үшін әрекет жасауы керек. Сонда ғана бала рухани өмірге бай, зерігуді білмейтін, жан - жақты, қабілетті адам болып шығады [29].
Жалпы педагогикалық ғылыми еңбектерде қызығу, қызығушылық ұғымы деп қарастырылуда. Ал, педагогиканың тәжірибелік аспектісінде қызығушылық деп қолданылғандықтан екі сөз мағыналас, бұған екі сөздің мағынасы өзгермейтіндіктен, біз ғылыми еңбегімізде қызығушылық деп қолдандық. Қызығушылық қалыптасуы үшін адам бойында сенімділік туындауы керек. Сенім мен дүниетаным қатарласып жүрсе ғана өз мақсатыңа жетуге мүмкіндік туады.
Ж.Р.Баширова мен Н.С. Әлқожаеваның “Иман - тәрбие негізі” атты еңбектерінде имандылық, адам баласының бойында шын мәнісіндегі сенім мен сезімді тәрбиелейді дейді. Сенім деген ұғымға бір жақты қарауға болмайды, ол тек құдайға, Аллаға сену дегенді білдірмейді, сонымен қатар ғылымға, білімге, болашаққа адамның бір-біріне сенуін де сөз етеді. Бұған адамның талғамы, тәрбиесі, өскен ортасы, жанұясы, тәжірибесі де елеулі әсер етеді. Қызығу сенім, талап, мұрат, адамды әркезде іс-әрекетке талпындырып ең күшті қозғаушы түрткілердің бірі болып табылады. Түрткілер, қызығулар адамның іс-әрекетінде анық байқалады [30,12] – деген тұжырым жасаған. Яғни, адам өзі сенген нәрсеге ғана қызығушылығы артады.
Оқушы өмірінде оқу – іс әрекеттің негізгі саласы. Оқу – сабақ, сабақтан тыс жұмыстар арқылы жүргізіледі. Оқыту, тәрбиелеу, білім беру, дамыту, қалыптастыру – бірге жүретін үрдістер. Оқудың міндеті – оқушыларға ғылымның негізгі ілімін, ақыл-ой еңбегінің дағдысы мен әдісін үйренуден тұрады. Тәрбиелік міндеттер оқушылардың дүниетанымына, ғылыми ілімнің негізіне, табиғат заңдылықтары дамуының жүйелік көзқарасын, өзінің сендіру мүмкіндігін құрайды және сендіру мүмкіндігін арттырады. Олар оқу үрдісінде оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еркіндікке, тұрақтылыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа, ыждаһаттылыққа, саналылыққа, істі аяғына дейін жеткізуге, шындыққа, өзіне деген сындық қатынасқа, іскерлік пен жауапкершілікке уағыздайды.
Дамушы міндеттер – оқушылардың интенсивтік құрылымын талап ете отырып, психикалық (сезіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, еркін, сөйлеу) логикалық және бейнелі, көркем ойлау үрдісінің түрі, кез келген шығармашылық міндеттің шешімі, сезім мен ерікте мәдениеттіліктің пайда болуы. Білім беру - ұлттық және жалпы адамзаттың қазыналары, ғылым мен тәжірибенің жетістіктері негізінде қалыптастыру және дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау.
Білім беру, оқыту, тәрбиелеу – еңбек ету үрдісімен бірге жүреді. Еңбек үрдісі нәтижелі болу үшін, қажетті білімді, дағды мен іскерлікті, икемді жүйелі түрде меңгеру, оқу арқылы бала қоғамдағы ғасырлар бойы жинақтаған асыл мұрасын, дағды тәжірибесін өз бойына сіңіреді. Білім жүйесін меңгеру арқылы ғана адам ой мен дене еңбегінің тетіктерін жақсы түсінеді. Білімді меңгеру- ұзақ уақытты керек ететін күрделі үрдіс. Білімді игеру үлкен сапалылықты, өз бетімен жұмыс істеп үйренуді, өз мінез-құлқын меңгеруді керек етеді. Мәселен, баланың жасы өскен сайын оқуға деген қызығушылықтарының, түрткілерінің де мазмұны өзгереді. Түрткімен бірге қызығу, дағды және икем де бірге қалыптасады. Дағды адам әрекетінің қай-қайсысында да ерекше маңызға ие болады. Ол іске шапшаң, шұғыл кірісуге мүмкіндік береді, іс-әрекетке жақсылап дағдылану арқылы адам өндіріс құралдарын, дене шынықтыру, ақыл-ой жұмысын меңгеруде жақсы табыстарға жетеді. Адам әсіресе, өзінің негізгі мамандығына, алдына қойған мақсатына жетуге күш-қуатын пайдаланады. Ал икемділік- адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеттілігі. Икемділік білім мен тәрбиеге негізделеді. Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады дейді Қ.Б.Жарықбаев [31,44].
Икемділік – белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін тәжірибеде пайдалана алудың көрінісі. Икемділік білімнің амалға айналуы, ол саналы әрекетті қажет етеді. Икемділікті амалды жүзеге асырудың тәсілі деп те қарастыруға болады. Икемділік пен білім тығыз байланысып жатады. Адам түрлі ғылыми білімдерді үйренеді, бұл үшін ол сан алуан амал-тәсілдер қолданады, мақсат-бағдарын мәселені шешуге бағыттайды. Осы жолда түрлі проблемалық жағдайларға кездеседі, белгісіз нәрсені зерттеп білумен айналысады.
Адамның қызығуы әртүрлі істерді өз дәрежесінде орындауға ұмтылудан туады. Ал, түрткі сол істерге итермелейтін күш. Сонымен, түрткі – адамның белгілі қажеттіліктерін қанағаттандырудағы іс-әркетіне байланысты психологиялық көңіл-күйі. Қажеттілік адамның белсенді әрекетін тудыратын қозғаушы күш болса, білімге, оқуға итермелейтін оқушының танымдық қызығушылығын қалыптастыруда түрткілердің маңызы зор.
Танымдық түрткілер - оқушының басқа адамдармен әртүрлі әлеуметтік өзара қарым-қатынасының байланыстылығы. Танымдық түрткілер бірнеше топтарға бөлінеді. Олар: кеңейген танымдық түрткілер- оқушының жаңа білімді дамытуымен байланысты. Тағы да деңгейі бойынша бөлінеді. Бұл деңгейлер білімге деген қызығушылықтармен анықталады [32,16].
Ал, А.Н.Маркова танымдық түрткілерді үш топқа бөліп қарастырған.