Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа
бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.
КІРІСПЕ
1.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
|
КІРІСПЕ |
1. |
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ |
1.1 |
Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары |
1.2 |
Жұмыссыздықтың түрлері |
1.3 |
Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары |
2. |
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК- |
2.1 |
Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері |
2.2 |
Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі |
2.3 |
Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау |
3. |
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ |
3.1 |
Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі |
3.2 |
Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары |
ҚОРЫТЫНДЫ | |
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі қазіргі дағдарыс кезіндегі ең негізгі және маңызды мәселе болып табылады. Себебі нағыз әлеуметтік-экономикалық, этникалық проблема бұл – жұмыссыздық мәселесі. Өйткені, адамдар жұмыссыздыққа ұшырап өз қажеттіліктерін қанағаттандыра алмау себебінен әрқилы әлеуметтік те, экономикалық та және тағы да басқа проблемаларға тап болады. Ал бұл отбасының дамуын, отбасы жалпы қоғамның бір бөлігі болғандықтан, қоғамның дамуын, ол өз кезегінде Қазақстан қоғамының дамуын тежейді.
Жалпы еңбек нарығындағы қолайсыз жағдайларға қарамастан еліміздің орнықты дамуы - тұрақты жұмыспен қамту саясатымен тығыз байланысты. Экономиканың нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде жаңа тәуелсіз мемлекеттер жұмыспен қамту және жұмыссыздық жағдайларымен бетпе-бет кездесті. Нарықтық экономиканың қалыптасуына әсер ететін, қаржылық нарықтық инфрақұрылым шарттары әлі де болса жеткіліксіздігінен, көптеген әлеуметтік проблемалар, соның ішінде, еңбек және жұмыспен қамту саласында көптеген кемшіліктер бетала бастады. Отандық өндірістің дамуына ықпалын тигізетін экономикалық және қаржылық механизмдерінің жетіспеушілігі кейбір аудандарда әлеуметтік қақтығыстың пайда болуына әкеліп соқтырды, яғни кедейшілік пен жоқшылыққа әкелді. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2030» даму стратегиясының ең негізгі басымдылықтарының бірі - Бүкіл Қазақстандықтардың гүлденуі, жағдайының жақсаруы – жұмыссыздық пен кедейшілікке қарсы күрес болып отыр. Бұл басымдылықтың негізінде қаржылық сектордың, яғни, микронесиелендіру, ұлттық капиталды белсенді түрде тарту, қоғамдық жұмыстармен мен қызмет көрсетулер деңгейін жоғарылату болып табылады. Қазіргі кезеңде экономиканың нақты секторында жұмыссыздықпен күресу проблемасын жаңа жұмыс орындарының құрылуымен, жұмыспен қамту саясатының белсенді жүргізілуімен және жұмыссыздықтан сақтандыру жоспарларымен шешу керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: халықты жұмыспен қамту мен жұмыссыздық мәселесін талдау және реттеу механизмін теориялық- методологиялық негіздеу .
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
Отандық экономиканың шетел тауарларымен қызмет көрсетуіне ризашылығы, өзімізге кері әсерін тигізіп, бәсекелестік орта тудырады. Жоғарыда айтылған проблемалардың шешімі, жұмыспен қамтуды реттеу механизімінің қаржылық және ұйымдық - экономикалық өңдеуде ғылыми зерттеулерімен тығыз байланысты, яғни, жұмыссыздықты төмендетуде теориялық, сонымен қатар, тәжірибелік жоспарда қарау керек.
Нарықтық қатынастардың құрылу кезеңіндегі мемлекеттік әлеуметтік саясаттың ең негізгі міндеттерінің бірі - жұмыспен қамтылғандарды жұмыссыздықтан сақтандыру болып есептеледі. Бұл жүйе дамыған мемлекеттерде алдыңғы жүз жылдықта белсенді қолданылған. Экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде, яғни, Қазақстан Республикасында бұл жүйе төменгі дәрежеде дамыған. Қазіргі кезде бұл жүйе әлі теориялық және тәжірибелік негізде толық зерттелмеген.
Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау
саласындағы ғылыми
Экономикалық өсу адам әлеуетін дамыту және адам бойындағы таңдау қабілетін ұлғайту үшін кең мүмкіндіктер ашады. Осы әлеуетті іске асыру мақсаттарында адамдар анағұрлым негізді таңдау жасай білулері үшін бойдағы мүмкіндіктерді ұдайы кеңейтіп отырулары тиіс. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету экономикалық өсу мен адам дамуына мүмкіндіктер жасау арасындағы негізгі сабақтастырушы буын болып табылады. Барлық экономикалық мүмкіндіктердің ішіндегі ең маңыздысы Жұмыспен қамтылу немесе жұмыс істеу, лайықты тұрмыс деңгейіне жету үшін талап етілетін бірқатар тауарлар мен қызмет көрсетулерді иеленуге жағдай жасайтын табыстармен адамды қамтамасыз етеді. Бұл орайда жұмыспен қамтылу тек ақылы жұмысты ғана емес, сонымен қатар тіршілікке қажетті қаражаттар табудың барлық тәсілдерін ұйғарады.
Адамдар өз жұмысын ақшалай сыйақылар әкелуден бөлек көптеген өзге себептер бойынша да қастерлей біледі. Жұмыс қоғам өміріне адамның белгілі бір үлес қосуына және шығармашылық әлеуетін іске асыруға мүмкіндік береді. Жұмыс адамның өзін-өзі сыйлау сезімін және жеке басының қадір-қасиетін нығайтуға сеп болатын сый - құрметке ие болады. Жұмыс істеу сондай-ақ, адамның ұжымдық шешімдер қабылдауға қатысуына және адамдармен қарым-қатынас жасауына ұйытқы болады.
Жұмыс тұрмыс - салтымен біте қайнасады, өйткені адам еңбек қызметінің қай түрін таңдауына байланысты өзінің өмір жолын белгілейді. Жұмыс түрін дұрыс таңдауына адамның тек экономикалық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік және саяси әлеуетін арттырып, өмірге кең мүмкіндіктер ашып береді.
Түйіні: дипломдық жұмыс үш негізгі тараудан, кіріспе, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1. ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қазіргі заманғы экономика жағдайындағы маңызды категориялардың бірі – нарық екені белгілі. Нарық әр түрлі болып келетіні мәлім және олардың әрқайсысының өзіне тән теориялары бар. Нарықтың түрлерінің теориялық негіздеріне тоқталмас бұрын нарықтың өзінің мәнін анықтап алған жөн. Олай болса нарық деген не? Нарық дегеніміз тауар мен қызметті сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастар жүйесі, қалыптасу процесінде айырбас объектісіне нарықтық баға белгіленіп, оның меншік иесі ауысып отыратын айырбастың жақтары арасындағы байланыс формасы.
Ал енді нарықтың негізгі түрлерінің бірі еңбек нарығының теориялық негіздерін анықтап көрейік. Еңбек нарығының теориялық негіздерінің тарихына тоқталатын болсақ, оның іргетасының қалануына классикалық мектеп өкілдері көп үлес қосқснын байқаймыз. XIX және XX ғасырларда еңбек нарығы теориясы А. Маршал, Д. Кейнс, П. Самуэльсон, К. Маркс сияқты т.б. көрнекті экономист-ғалымдардың еңбектерінде қарастырылды.
Экономика
ғылымында алғаш және айтарлықтай
көлемді түрде еңбек нарығының
теориялық іргетасын қалаған
классикалық мектеп өкілдерінің
үлесіне тоқталар болсақ, алдымен
ауызға шотланд экономисті Адам Смит
алынары сөзсіз. Адам Смиттің еңбек
нарығының теориялық негіздерін
қалаудағы үлесіне келсек, оның ілімі
материалдық, қаржылық және адамзат
ресурстарын оптимал түрде
Қазіргі еңбек нарығы жалдау және еңбек ұсынысымен байланысты қоғамдық қатынастар жүйесі болып табылады. Еңбек нарығы нарықтық қатынастарға қатысушы жақтар немесе нарық субъектілері; нарық субъектілерінің қатынастарын реттейтін құқықтық актілер; нарық конъюнктурасы; халықты жұмыспен қамту қызметі; еңбек нарығы инфрақұрылымы; өндірістен босатылған, жаңа орынға ауыстырылған жұмысшыларға арналған әлеуметтік төлемдер мен кепілдіктер жүйесі; жұмыспен қамтуды қамтамасыз етудің альтернативтік уақытша формалары сияқты элементтерден тұрады.
Енді
еңбек нарығының негізгі
Жұмыспен қамтудың алғашқы теорияларының бірі классикалық теорияға келетін болсақ, аталмыш теория нарықтық жүйе адамзат ресурстарын қоса алғанда, барлық ресурстарды толық пайдалануды, яғни экономикадағы халықты жұмыспен тұрақты және толық қамтамасыз етеді деген қағиданы ұстанады. Сонымен қатар осы терияның негізін қалаушылар жұмыспен қамту көлемі бір жұмысшының жалақысының орташа ставкасына тәуелді болатындығын айтты.
Маршал жұмыскерлердің білім деңгейін арттыру, білікті жұмыскерлерге нарықты кеңейту қажеттігін, оның жұмыс күші нарығында жұмыспен қамтуды арттыратынын айтты.Ұзаққа созылған дағдарыс классикалық экономикалық теория тұжырымын жоққа шығарды. Ол жаппай жұмыссыздыққа бастаған ұзақ жылға созылған депрессия жағдайында жұмыспен қамтуды реттеу теориясында жаңа көзқарастарды дәлелдеуді талап етті. Осыған байланысты Д. Кейнстің «Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегінде жазылған жұмыспен қамту мәселесі «кейнстік экономикалық теория» деген атқа ие болды. Бірақ оның теориясында нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтумен қамтамасыз ететін өздігінен әрекет ететін механизм жоқ. Сондай ақ, ол баға мен жалақының икемділігі, сондай ақ , толық жұмыспен қамтуды қолдай алатын, нарықтық реттеу тетіктері ретіндегі процент ставкаларының ауытқуы туралы жұмыспен қамтудың классикалық теорияларын жоққа шығарды. Кейнстің пікірінше жұмыспен қамту деңгейі тұтынуға кететін шығындар мен капиталдық салымдардан құралатын эффективті сұраныс динамикасымен анықталады. Оның іліміне сай айналымдағы ақша санын ұлғайту өндірісті кеңейтуді және тауар ұсынысын өсіруді ынталандырады, сондай ақ, халықтың жұмыспен қамтылуын өсіруге және әскери шығындарды көбейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен, жұмыспен қамту жөнінде Д. Кейнс жасаған экономикалық теория нарықтық экономикада толық жұмыспен қамтуға кепілдік беретін, еңбек нарығының өзін өзі реттейтін механизмнің болмауы, тауардың сұранысы мен ұсынысының тепе теңдігіне инфляция мен жаппай жұмыссыздықтың айтарлықтай жоғары деңгейінде де қол жеткізу, мемлекет жұмыспен қамтуды қолдау, процент нормасын реттеуге ықпалын күшейту мақсатында экономикаға қажет инвестицияны жұмсау, жиынтық сұранысты, оның ішінде жұмыс күшіне сұранысты ынталандыру арқылы белсенді макроэкономикалық саясат өткізу сынды қағидаларға сүйенеді.
Жұмыспен қамту теориясының келесі бір түрі неоклассикалық теорияның жаңа бағыты – монетаризмнің негізін америкалық экономист М. Фридман қалады. Ол баға салыстырмалы түрде тұрақты болғанда ғана жұмыспен қамтудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге болатындығын айтты. Сондай ақ, М. Фридман: «Инфляция емес, болжанбаған инфляция ғана маңызды, инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, нақты факторларға сәйкес келетін жұмыссыздықтың нақты деңгейі болады...Жұмыссыздықты жеделдетілген инфляция көмегімен сол деңгейден төмен не жеделдетілген дефляция көмегімен жоғары ұстап тұруға болады... Инфляция мен жұмыссыздық арасында тұрақты компромисс жоқ, тек уақытша таңдау болуы мүмкін...Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты азайтуы мүмкін ал жоғарғы қарқыны өсірмейді... Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар ол – ақша санының өсу қарқының баяулату», - деген тұжырым айтты.
Олай болса, жұмыссыздық табиғи деңгейінде еңбек нарығындағы ұзақ және тұрақты тепе-теңдігіне қол жеткізуге болады. Ал бұл жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымы болып табылмақ. Жұмыссыздық деңгейі өспелі болып келеді және еңбек нарығындағы жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының тепе-теңдігі арқылы анықталады. Мемлекет тарапынан ұзақ мерзімде жасалған кез келген әрекет нәтижесіз болады, ал қысқа мерзімде инфляцияны өсіреді. Ондай кезде нақты қарқыны күткендегіден жоғары болады. Демек, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгеймен теңескен кезде мемлекет еңбек нарығына араласпауы тиіс.
Жұмыспен қамту теориясының қалыптасуына аса зор үлес қосқан ғалымдардың бірі – К. Маркстің экономикалық іліміндегі маркстік теория қосымша құн теориясы, капиталдың органикалық құрылымының өсім теориясы және халық туралы заң сияқты қағиаларға негіделеді. Маркстің зерттеуіндегі маңызды қағида – капитал құрылысы және оның жинақталу барысында басынан кешетін өзгерістері. Тұрақты капиталдың айнымалы капиталға қатынасын ол капиталдың органикалық құрылысы деп атаған. Мұнда құрылыс өзгеріссіз қалатын болса, еңбекке деген сұраныс капитал өсіміне пропорционал ұлғаяды. Олай болса, өндіріс және жұмыспен қамту өсімімен қатар жалақы да өсуі мүмкін. Бірақ нарықтық капиталистік шаруашылық өсіміне қарай капиталдың органикалық құрылысы өседі. Ең әуелі бұл өсім қосылған құн ықпалына негізделеді. Артық қосылған құн алуға талпыныс жасай келе, кәсіпкерлер кәсіпорындағы тауарлардың жеке құны қоғамдық құннан төмен болуын көздейді. Ал ол үшін тұрақты капитал шығындарын техникалық жағынан жетілдіру және ұлғайту қажет. Нәтижесінде айнымалы капитал үлесі азаяды, жұмыс күшіне сұраныс салыстырмалы түрде төмендейді, жұмыспен қамтылғандар саны барлық капитал мен барлық қоғамдық өндірістің өсімімен салыстырғанда, баяу ұлғаяды. Осыған байланысты К. Маркс өндірістің капиталистік тәсіліне тән халықтар заңын қалыптастырады, ол мынадай: «жұмысшы халық капиталды жинақтай отырып, өспелі мөлшерде қаражат өндіреді, ал ол оны салыстырмалы түрде артық халыққа айналдырады». Бұл артық халық капиталистік өндірісті дамытуда, оны қажетті жұмыс күшімен тұрақты қамтамасыз етуде аса маңызды болып табылады.