Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

Сонымен қарастырылған теориялық сұрақтар еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың қазіргі жағдайын анықтауға сондай-ақ, аймақтық деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы жұмыспен қамту туралы ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Мысалы А. Э. Котляр өз еңбегінде: « Социалистік құндылық, оны сақтап қалу, белгілі бір жағдайларда, шығынға  ұшырауды талап етеді. Ондықтан да социалистік  қоғамдық жағдайда да жұмыссыздыққа  сөзсіз жол бермеу тұрғысынан, жұмыспен толық қамтуды сақтап қалу үшін ұтымдылық  деңгейін, яғни экономикалық тиімділікті  де мүмкін деп табады» - деп атап көрсеткен.

Классикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит жұмыспен қамту жөнініде : «оның  көлемі бір жұмысшының еңбекақысының  орташа мөлшеріне байланысты анықталады, себебі олардың арасында тікелей байланыс бар: шамадан тыс жоғары еңбекақы төлеу жұмыспен қамтудың толық болмауына, еңбек ресурстарының толық пайдланылмауына әкеліп соқтырады- деп атап көрсеткен. Ол құбылмалы нарықтық механизм  табиғи (қалыпты, орташа) еңбекақыны белгілі бір деңгейде ұстай алады деп есептеді. Еңбекақының  едәуір өсуі халықтың еңбек ресурстарының өсуіне, жұмыс күшінің ұсынысының ұлғаюына және жұмысшылардың арасындағы бәсекелестіктің күшеюіне әкеліп соқтырады. Өз кезегінде бұл факторлар еңбекақының табиғи деңгейінің, табысының төмендеуіне әкеліп соқтырады да соның салдарынан тұрғындардың бала тууы азайып, еңбек ресурстарының саны кемиді де нәтижесінде жұмыс күші ұсынысы түседі  және кәсіпкерлердің арасында бәсекелестік күшейеді. А. Смит ілгермелі өсу заңдылығына сәйкес келеді және еңбекке деген сұраныстың жоғарылау шарты»- , дейді.

А.Смиттің  ілімін жалғастырушы Д. Рикардо еңбектің өзі мен еңбекақы тауар болып  табылады және өз негізінде табиғи бағамен анықталады да, оның маңайында  ауытқиды деген. Құбылмалы реттеушінің  әсерінен (елдің халқының қозғалысынан) еңбекақының ең аз мөлшері мен  оңтайлы еңбек ұсынысының арасында өзіндік тепе-теңдік қалыптасады А. Маршалдың: «еңбек нарығында басымдылық сатушылардан гөрі сатып алушылар жағында болады, себебі «әрбір жұмыс күшін сатушы оның тек бір данасына ғана қожа» - деген сөздері де өте орынды.

Дж. М. Кейнстің теориялық тұжырымдамасының басты  мәселесі, оның ойынша, «адамдар көбінесе табыстары өскен сайын тұтынымдарын да өсіруге бейім, бірақ бұл табыстың өсу мөлшеріне толық сәйкес емес»  дейтін тұжырымнан туындайтын «негізгі психологиялық заң» арқылы анықталатын  «тұтыну бейімділігі» мен «сақтау  бейімділігі» арасындағы функциялық байланысты табу. «Тұтыну бейімділігінің» әрқашан бірден аз екендігі ескерілгенде тұтыну сұранысы өндірілген өнімнен кем болады. Сұраныс жеткіліксіздігі «инвестициялық сұраныстың» өсуімен толықтырылуы мүмкін. Дж. М. Кейнс инвестицияларды кеңейту - өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың араларындағы үзілісті жеңудің ғана емес, сонымен қатар өндірістің қажетті деңгейіндегі өсуіне сәйкес «толық қамтылуды» қамтамасыз етудің, яғни жұмыссыздықты жоюдың да басты құралы деп есептеген. Бұндай байланыстың бар екендігіне классиктер де назар аударғанын атап өткен жөн. Мысалы, А. Маршал «заттық капиталдың өсуі оны пайдаланудың жаңа салаларына жол салуға итермелейді, бұл қол еңбегіндегі қамтылу ауқымын кездейсоқ тарылтып жіберуі мүмкін болғанымен де, тұтастай алғанда қол еңбегіне және өндірістің басқа да факторларына деген сұраныстың айтарлықтай өсуіне әкеледі»,- деп атап көрсеткен. Ол әрі қарай Дж. Стюарт Миллмен келіспеушілік білдіре отырып, тауарға деген сұраным көбіне жұмысқа деген сұранымды да туғызады деген қорытынды жасайды.

«Классикалық  емес» теорияның жаңа бағытының  жұмыспен қамтудың монетарлық теориясының  көш бастаушысы американ экономисті М. Фридман болып табылады. Ол: «қамтылудың  жоғары деңгейі тек баға біршама  тұрақты болғанда ғана мүмкін»,- деп тапты. М. Фридман: «кез-келген инфляция маңызды емес, тек шегерілмеген инфляция ғана маңызды; инфляция мен жұмыссыздықтың арасында орнықты келісім болмайды, жұмыссыздықтың нақты факторларға сәйкес келетін табиғи деңгейі бар... жұмыссыздықты бұдан төмен деңгейде тек жеделдеген инфляция арқылы ған, ал бұдан жоғары деңгейде тек жеделдеген дефляция арқылы ғана ұстауға болады», - деп жазады. « Инфляцияның өспелі қарқыны жұмыссыздықты төмендете алады, ал жоғары қарқыны – төмендете алмайды». «Инфляциямен күресудің бір ғана жолы бар ол – ақша санының өсу қарқының баяулату». Жоғарыда айтылғаннан мынаған келеміз – жұмыспен қамтудың жоғары деңгейін ұстап тұрудың шарты тұрақты бағаға немесе ақша ұсынысының жылдық орташа өсу қарқынын  4 пайыз деңгейінде ұстауға қол жеткізу.

 Толық   және  белсенді  жұмыспен  қамтылу   жағдайлары, жұмыс-сыздықтың  төмендеуі    экономикалық  теорияда  негізгі  орынды  алады. Экономикалық  жүйенің  дамуында    мемлекеттің  араласуы  қажет.

       Шетелдерде   жұмыспен  қамту   және  жұмыссыздық   жағдайларын   талқылау   құлдырау  кезінде  де, қазірде де актуалды  қаралуда. Жұмыспен  қамту  және жұмыссыздық   жағдайларын  зерттей  келе,  казіргі  кезде  әлемдік   көзқарас   бойынша  көптеген  қақтығыстарға  ие.

      XX ғасырдың  басында  әлемдік   масштабта   жұмыссыздық  деңгейі   жоғары  болғанда, жұмыссыздық - бұл   әлеуметтік  қатер  болып   қаралды. Бұл  жағдайға мемлекеттік   реттеу талап  етілді. Ал  ХХ  ғасырдың  орта кезінде  әлеуметтік  еңбек  қатынастарының  даму  шарттары  және  нарықтық  экономикадағы   құрылған  қоғам     негізінде   жұмыссыздық  түсінігіне дәстүрлі  жаңа  көзқарас  қалыптасып, жұмыссыздық  - мемлекетке  зиян  келтірмейтін  ауыспалы  әлеуметтік  құбылыс.

      Экономикалық  ұстаным  көзқарас  тұрғысынан  жұмыспен  қамтылу  -еңбекке  қабілетті   халықтың   қоғамдық  өнім жасау  жөніндегі   әрекеті. 

      Жалпыэкономикалық санат ретінде   жұмыспен  қамтылуды  анықтаудың  үш  тәсілі  бар:

1. Жұмыспен  қамтылу  жұмыс  күшінің   сұранысы  мен  ұсынысы  баланыстылығының  көрінісі  болып  табылады. Жұмыс  орындары  мен   қызметкерлердің   саны  бойынша, сондай-ақ  сапасы  бойынша  да.

2. Жұмыспен  қамтылу  еңбек  ету  үрдісі  немесе  жеке  адамдарға  табыс   әкелетін әрекет. Бұл  ретте   осы  заңға қайшы  келмеуін   атап  көрсеткен  аса  маңызды.

3. Жұмыспен  қамтылу  әлеуметтік - экономикалық  және  әлеуметтік  еңбек  қатынастарының  жиынтығы  іспеттес, оларды  қалыптастыру   мен  реттеу  заңнамалық   және  құқықтық  нормаларға,  еңбек   келісімдеріне  негізделеді.

      Әр түрлі  түсіндірмелерді   ескеру  арқылы  жұмыспен  қамтылудың  толық анықтамасы былайша  болуы мүмкін: жұмыспен қамтылу - нақты адамдардың  жеке  және  қоғамдық  қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты  заңға қайшы келмейтін   әрекеті, ол  жұмыс істейтіндерге   жалақы немесе  еңбек табысын  әкеледі, сондай-ақ  ол  еңбек  рыногындағы   жұмыс күшінің сұранысы  мен  ұсынысының  сандық  және  сапалық  баланстылығы дәрежесінің  көрінісі  ретінде пайда  болатын  әлеуметтік -экономикалық  қатынастар.

Халықаралық    еңбек  ұйымының  стандарттарына  сәйкес  елдегі  халықтың  барлығы  экономикалық  белсенді   және  экономикалық  белсенді  емес  топқа  бөлінеді.

Экономикалық  белсенді  халық -  статистикалық бақылаудың  есепті  мерзімінде  материалдық құндылықтармен  қызмет  көрсетулерді  өндіру  үшін  өздерінің еңбектерін  ұсынатын  адамдар. Осындай халықтың  қатарына қатардағы халық, сондай-ақ   қарулы  күштерде  қызмет  атқарып жатқан адамдарда кіреді  және  ол  екі құрамдас  бөліктен тұрады: жұмыспен  қамтылғандар  мен  жұмыссыздар.

       Экономикалық    белсенді  емес  халыққа - жасына  қатыссыз  жұмыспен  қамтылғандардың    және   жұмыссыздардың   санына кірмейтін   барлық  адамдар  жатады.

Жұмыспен  қамтылған  халыққа, ХЕҰ  стандарттары  бойынша, еңбекке  жарамды  жасқа  жеткен  және  олардан  ересек, жалданып  жұмыс  істейтін  және  өзін -өзі  жұмыспен  қамтитын   адамдардың  барлығы  жатады. Олар -  кәсіпкерлер, өздерінің  есебінен  жұмыс  істейтіндер, өндірістік  кооперативтердің  мүшелері, көмектесуші  отбасы  мүшелері, сыйақыны  ақшалай  немесе  заттай  алатын  оқушылар, жалға  ішінара       жұмыс  істеген  студенттер, үй  шаруасындағы  әйелдер  және  өздігінен  жұмыспен  қамтылғандар, тұрақты  немесе  мерзімдік   қызметтегі әскери   қызметкерлер.

      Жұмыспен  қамтылуды  өнімді, әлеуметтік  пайдалы, толық  және  толық емес  деп  жіктейді.

       Өнімді    жұмыспен  қамтылу - халықтың  қоғамдық  өндірісте жұмыс істеулері.

        Әлеуметтік  пайдалы  жұмыспен  қамтылу    тек  қоғамдық   өндірісте  жұмыс   істейтін   адамдардың ғана  емес, сонымен  бірге  әскери  қызметкер-лердің, еңбекке  жарамды  жастағы   оқушылардың, үй  шаруашылығын  жүргізумен    айналысушылардың, балаларға  қарайтындардың  санымен  анықталады.

        Жұмыспен  толық  қамтылу - қалағандардың барлығының ақы төленетін жұмысы  бар, кезеңдік   жұмыссыздық орын  алмайтын қоғамның жай - күйі.  Бұл орайда   уақытша және   құрылымдық  жұмыссыздықпен  анықталатын жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі сақталады.

        Бүтіндей келе   жұмыссыздық - барынша  қажет  емес  құбылыс  және  оның  нәтижесі мен  деңгейін  үнемі  қысқартып  отырған  жөн. Жұмыспен  қамту және  еңбек  нарығының  белсенді  критерийлерінің    негізі  жұмыссыздық  деңгейінің   жоғарылығы мен  үздіксіздігі  болып табылады. Жұмыссыздық  жеке  жұмыскерлер үшін  ғана  емес, кез - келген ұжым  үшін  негізделген  жағымсыз  құбылыс.

       Ғылыми - методикалық   әдебиеттердегі  талдауларға  жүгінсек,  шетелдерде  бұл  жағдайды  шешуге  бағытталған   өңдеулерді  біздің  мемлекетте  қолдана  алмаймыз.  Қазақстанда  бұл  өңдеулерді   қолдану   тікелей мемлекеттік  мекемелердің, акционерлі,  ортақ  мекемелермен  тығыз  байланысты.[10]

       Республикада  әлеуметтік - экономикалық  дағдарыстың  тереңдеуі әсіресе, 90 - жылдардың  ортасына  таман   халықты жұмыспен  қамту

жүйесінің  қалыптасуына   кері  әсерін   тигізді.

       Қазақстандағы  халықты  жұмыспен  қамту  жүйесін  келесі  кезеңдерге  бөлуге  болады:

       1 – кезең. 1990 - 1992ж.ж. Жұмыспен  қамту  қызметінің   жаңа  мемлекеттік     құрылуы,  еңбек  нарығының қалыптасуы  болып  табылады.

       2  -  кезең. 1992 - 1996ж.ж.  Өндірістің  тұрақсыз  болуы. Экономикалық  дағдарыстың  асқындауы - еңбек   нарығындағы  көптеген   қолайсыз  жағдайлар туғызды.  Осыған  байланысты    жұмыспен  қамту  жүйесін   басқару  қиындай  түсті.

3 – кезең. 1997 - 1998ж.ж. Жұмыспен  қамту   орталықтарының   белсенділігі,  шағын  және орта  бизнестің    салдарынан жұмыс   орындарының   пайда  болуы, қоғамдық  жұмыстардың   жүргізілуі. Мемлекеттік  қорға   қаржылық  ресурстарының түсуінің  төмендеуі,  халықты  жұмыспен  қамту    жұмыссыздық жағдайларымен   белсенді  түрде  айналысуға  мүмкіндік  берген  жоқ. 

4-кезең. 1999 жылдан  қазіргі  уақытқа   дейін.  Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздық    жағдайларын   шешуге  негізделген  жаңа  концепциялардың  пайда болуы.  Соңғы  жылдары  жұмыссыздық   халықтың  қалың  топтарын  қамтуда   және барған  сайын   ұлғайып  келеді. Оның  деңгейі   экономикалық ынтымақтастық   және  даму  ұйымына  кіретін   елдердің  барлығында  дерлік    өсу  үстінде. Тіпті  экономикалық   өсудің   жоғарғы    қарқындары   белгіленген  дамушы  елдердің  көпшілігі  халық  санының   өсуінен  қалып  қоймаулары  үшін  біршама  жылдам  қарқындармен  жұмыспен  қамтуды  ұлғайту    мәселесін  әрең  игеріп  отыр.  Жұмыссыздық - экономикалық  өсу    жетістіктерінің адам  дамуына   ықпалын   азайтатын  құбылыс.  Біріншіден, ол адамдармен үй  шаруашылықтарының   белгілі   бір  бөлігін   экономикалық  әрекет  жағдай  жасайтын мүмкіндіктерге  қол жеткізуден  айырады. Олар  үшін  адам  дамуы жағдайлары  едәуір  нашарлайды. Екіншіден,  жұмыссыздық   еңбек  дағдыларын  жоғалтуға,  яғни  жинақталған  адам капиталынан   айырылуға  ұшыратады  және  осылайша  ол  адам  дамуына   теріс  ықпалын  тигізеді.  Үшіншіден, жұмыссыздық  тек   жеке  адамдардың ғана емес,  сонымен  бірге  жұмыссыздардың  әл - ауқатының  деңгейін   қолдауға  мемлекеттердің  жұмыспен  қамту   жөніндегі   түрлі  бағдарламаларын  іске асыруға байланысты  елеулі  әлеуметтік    шығындарға  ұшыратады,  ал  мұндай  жағдай  адам  дамуына   анағұрлым  тиімді  бағытталуы  мүмкін  ресурстарды  қоғамнан  оқшауландырады. Сонымен,  жұмыссыздық  құбылысы  қоғам   үшін  қазыналық  жоғары  шығындарды, адам  капиталынан  айырылуды, әлеуметтік  саралаудың   күшеюін, жастар  проблемасының шиеленісуін  білдіреді.

Сонымен, қарастырылған териялық сұрақтар еңбек  нарығы мен жұмыспен қамтудың қазіргі  жағдайын анықтауға, сондай-ақ, аймақтық деңгейде еңбек нарығындағы жағдайды жақсартудың негізгі бағыттарын жасауға мүмкіндік береді.

      

 

1.2 Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың түрлері

 

      Жұмыспен  толық  қамтылмаудың   екі  түрі  бар:  көзге  көрінетін   және   жасырын. Біріншісі  толық   емес  жұмыс  уақытымен   жұмыс  істейтін   адамдар  санымен   тұлғаланады. Екінші  түрі  не  еңбек  ресурстарын  дұрыс  бөлмеуді  немесе  еңбек   пен  өндірістің  өзге  факторларының  арасындағы  баланстың  бұзылуын  көрсететін   талдамалық  ұғымды  білдіреді. Жасырын  толық  емес  жұмыспен  қамтылудың   өзіндік  белгілеріне   төмен  табыс,  төмен  еңбек  өнімділігі, жұмыс  істейтіндердің  біліктіліктерін  толық  пайдаланбау  жатады.

Еңбек  рыногын реттеу  үшін    икемді  қамтылудың  түрлі  нысандары  қолданылады. Олар  толық емес   жұмыс  уақытының  түрлі  режимдерінде   жұмыспен  қамтылу,  қызметкерлердің  әлеуметтік  мәртебесімен   байланысты  жұмыспен  қамтылу,  стандартты  емес  жұмыс  орындарындағы  жұмыспен  қамтылу. Жұмыспен  икемді  қамтылу   нысандары  толық   жұмыспен қамтылумен   жұмыссыздық   арасында  аралық  аймақ  құрады. Нарықтық  қатынастар  жағдайларында   жұмыспен  қамту     мен  жұмыссыздық  проблемалары   өткір  қозғалады. Жұмыссыздық дегеніміз - әлеуметтік - экономикалық  құбылыс,  осы құбылыс кезінде елдің экономикалық  белсенді    халықтың  бір бөлігі  біршама уакыт тұрақты жұмыссыз немесе  жалақысыз болады.

      Қазіргі  экономикалық  ғылымдарда   «табиғи  жұмыссыздық»   деген  түсінік  қолданылуда. Кейбір  жұмыскерлер  өздерінің  жеке  басының  ерекшеліктеріне  байланысты, психологиялық, физиологиялық, білім  деңгейіне  байланысты     тұрақты  бір  жұмыс  орындарында  тұрақтай  алмайды. Көптеген  жұмыскерлер,  соның ішінде  жастар   көбіне  жұмыс  орындарын  өзгертіп  отырады. Мұндай  жұмыссыздық  фрикциондық    болып  есептеледі, бұл қоғамға  пайдалы, себебі  нәтижесінде  белсенді  және  рационалды  жұмыс  күшіне  ие  болады.

        Уақытша  жұмыссыздық  жұмыспен  қамтылғандардың   өз  ынталары  бойынша жұмысты ауыстырумен байланысты,  осындай жұмыстағылар  өздеріне   ыңғайлырақ  жұмысты  өз  еріктерімен  іздейді.

       Құрылымдық жұмыссыздық   ғылыми-техникалық   прогресстің,  өнеркәсіптің  жаңа  салаларына  ашылуларының  ықпалымен   өндіріс  құрылымының  өзгеруімен  туындайды. Осындай  жағдайға   байланысты  жұмыс  күшіне   ұсыныс пен  сұраныс  арасында  сәйкессіздік  пайда  болады.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде