Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

Жұмыссыздыктың  әлеуметтік-экономикалық салдары. Көбіне жұмыссыздықтың экономикалық әсері  сипатталады да, кумулативті характерге ие әлеуметтік әсері ескерусіз қалады. Бірақ та жұмыссыздықтың елдің жағдайына тигізетін әсері көбіне әлеуметтік жағдаймен өлшенеді. Енді сол-салдарларға тоқталсақ . Кері әсерлер:

1. Крименогенді жағдайдың өршуі

2. әлеуметтік кернеудің өршуі

3. физикалық және психологиялық  аурулардың көбеюі

4. әлеуметтік дифференцияның өсуі

5. еңбек белсенділігінің төмеңдеуі 

Пайдалы әсері:

1. Жұмыс орнының әлеуметтік маңызының  артуы

2. Өз бос уақытының көбеюі

3. Жұмыс орнын таңдаудағы еркіндік

4. Әлеуметтің мән мен еңбек  құндылығының артуы

 Экономикалық салдарлар:

Кері әсерлер:

1. Алған білімнің құндылығын  жоюы

2. Өндірістің төмендеуі

3. Жұмыссыздарға көмек шығындары

4. Квалификациясын жоғалту

5 Өмір сүру деңгейінің төмендеуі

6. Ұлттық табыстың төмендеуі

7. Салықтың аз жиналуы

 Пайдалы әсері:

1. Экономиканы қайта жарақтауға  жұмыс күшіің резервін жасақтау

2. Еңбекке бейімділігін өсіру  мақсатында жұмысшылар арасында  конкуренция

3. Білімін жоғарылату үшін уақыт

4. Еңбек өнімділігі мең өндіріс  интенсивтілігі жоғарылауы

Сонымен, жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың түрлерінің әртүрлі екенің, әсерінің де әртүрлі екенін де және құрылымынын да қарастыра келе осының бәрінің қоғамға да тигізер әсерінің әрқилы екенін байқаймыз.

 

 

1.3 Жұмыссыздықты  реттеу механизмінің  қалыптасуының   негізгі  қағидалары

 

Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздықты  реттеу  механизімін  зерттеуші  ғалымдардың  пікірінше  мұндай  механизімді  реттеу  үшін  тұрақты  қаржылық блоктың болу керектегін дәлелдеп берді. Несие ресурстарының пайыздық салымдары  өндірістік сфераның, яғни жұмыспен қамту  саласының негінің құралы болып  табылады. Нарықтық экономиканың жоспарлық  экономикадан ерекшелігі орталықтан реттелуі, яғни жұмыссыздықтың толық жұмыспен қамтылудың мәселелерінен туындайды. Жұмыссыздықтың пайда болуына объективті жағынан қарасақ көптеген  мемлекеттерде  әлеуметтік тәуекелділік түрлерін басқару  жүйесіне тәуелді болады.

Еңбек  нарығындағы     қысымды  төмендетуді  басқарудың   көп  таралған  формасының бірі  жұмыссыздықтан  қорғау  жүйесі болып табылады. Бұл  блок еңбек  нарығында  кризистік  кезеңдік ғана емес, сонымен қатар  экономикалық  жоғарылауда да  септігін тигізеді. Жұмыссыздықты болдырмауда  кадрларды қайта оқыту, квалификациясын  жоғарылыту жүйесі негізгі орын алады. Бүтіндей келе жұмыссыздық, жұмыспен қамту  механизімдері  реттейтін негізгі  блоктары болып, құқықтық, қаржылық, экономикалық, әлеуметтік - ұйымдық, институционалдық, мотивациялық блок барлығы - әлеуметтік тәуелділікті басқару блогы болып  есептеледі. Бұл блоктар көптеген нарықтық экономикада дамыған елдерде  қолданылады. Бұл блок әр елде түрліше  қолданылады. Мысалы, Швецияда жұмыссыздық  және жұмыспен қамтуды реттеу механизмі  Солтүстік Америкаға қарағанда  әлеуметтік блокқа көп көңіл аударады. Ал, Жапония механизмінде мотивациялық психологиялық блок негізгі орынды алады.     

       Жоғарыда  аталған блоктар стандарттарға сәйкес өз қызметтерін атқарады.

       Құқықтық блок - көбіне халықты жұмыспен қамту мен еңбек нарығына әсерін тигізетін халықаралық конвенцияларға, заңдарға сүйенеді

      Қаржылық блок - мемлекеттік Банктің экономикалық саясатының негізінде еңбек нарығын реттейтін блок.

       Экономикалық  блок - қосымша жұмыс орындарының ашылуы, құрылуы, кепілдікпен салық салу, әлеуметтік салықтың өзгеруі, жұмыс уақытының максималды ұзатылуы, еңбекті қорғау шарттарындағы ескертпелер және т.б. қамтиды.

        Әлеуметтік блок - осы процестер қатысатын жалдамалы жұмысшылардың белсенді қатысуы, нарықтық экономика шарттарына бағынып, түрлі келісім шарттар жасайды.

        Жұмыспен қамту және жұмыссыздық механизімдерін реттеуде  мотивациялық-психологиялық блок әсерлі болып табылады. Оның негізгі құралы болып - еңбек процесіндегі психологиялық  ерекшелікті зерттеу . Бұл құрал көбіне  Оңтүстік Батыс Азия , Жапония, Қытайда  бет алған. 

      Ұйымдық- институтционалдық блок - еңбек қатынастары арасындағы құқықтық  кеңес берулер пункті.

       Жұмыспен қамту және жұмыссыздық реттеуде негізгі блок – құқықтық  болып келеді. Ол қалған блоктардың бәріне тікелей әсер етеді. Әлеуметтік бағытталған мемлекеттің құрылу  шарттары ара қатынасын құқықтық блок реттейді. Халықты жұмыпен қамту және еңбек рыногын реттейтін инфрақұрылым – нарықта әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастыратын нақты негізгі құрал болып есептелінеді.

       Жұмыспен қамту және жұмыссыздыққа әсерін тигізетін мемлекеттің қаржылық саясатын анықтағанда , оны негізгі 3 бағытта қарастыруға болады

  1. Ірі шаруашылық  обьектілерді несиелендірумен тығыз байланысты. Негізгі мақсаты – экономикалық проблемаларды шешу, сәйкесінше жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету.
  2. Жұмыспен қамту мақсатына бағытталған шараларды қаржылық қамтамассыз ету.
  3. Жұмыссыздық, жұмыспен қамту, әлеуметттік проблемаларды шешуге бағытталған  түрлі жобаларды қаржыландыру

Жұмыссыздықтан  сақтандыру  жүйесінің негізгі  мақсаты - тұрақты жұмысбастылықпен қамтамсыз ету. Ол 2 жүйеден тұрады:

         1. Жұмыссыздарға материалдық   көмек көрсету

         2. Жұмыссыздықты болдырмаудың алдын  алу шараларымен  айналысады.

      Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі 3 негізгі қаржылық көздерден - жұмыс беруші, жұмысшы  және мемлекетпен қаржыландырылады.

      Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде  жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің құрылуы екі негізгі  бір-біріне тәуелсіз түсініктерге байланысты:

  1. Жұмыссыздық – бұл қашып құтыла алмайтын әлеуметтік-экономикалық феномен. Еңбек нарығындағы әрбір жұмысшы жұмыссыз қалуы мүмкін. Ол көбіне ішкі әлеуметтік - экономикалық факторларға тәуелді. Осыдан келе кәсіпкер, жұмысшы және мемлекет – бұл әлеуметтік тәуекелдікке  қарсы тұру үшін  бірігіп, ұйымдық - экономикалық, қаржылық жүйесін атқаруда  бірлесіп жұмыс істеу керек.
  2. Өзінің азаматтарына еңбек етуге деген құқығын қамтамасыз ететін Мемлекеттік Конституцияның болуы. Бұл заң көптеген мемлекеттерде өз дәрежесінде сақталған. Мәселен, Португалия, Жапония, Испания  және т.б.  Португалия Конститутциясының 58-бабында:  «Барлық азамат  еңбек етуге құқылы. Мемлекет еңбек ету құқығында  әлеуметтік-экономикалық жоспарды дамытуға  кепілдік беруі керек».

        Люксимбург  Конституциясының 4 – бабында: «Заң еңбек етуге деген құқыққа кепілдеме береді және әр азаматқа  осы заңның орындалуын қамтамасыз етеді».

        Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің негізгі бағыты - жұмыссыз азаматтарға материалдық қызмет көрсету, бұл жұмыссыздыққа төленетін  жәрдемақымен есептелінеді. Бұл жәрдемақының негізгі қаржылық көзі болып – жұмысшы жұмыс істеген уақытындағы аударымдарынан беріледі.

        Жұмыссыздықтан сақтандыру және жұмыспен қамту механизмінде бір –бірінен тәуелсіз қызмет бағыттары бар:

   - Жұмыспен  қамту (жаңа жұмыс орнындарын  ашу) мүмкіндіктерін кеңейту және  шарттарды жақсартуды қаржыландыру.

   - Кадрларды  оқыту және қайта оқытуды қаржыландыру (кең кәсібиліктегі мамандарды  даярлау.

   - Жұмыссыздардың  жұмыс іздеуде мобильді мүмкіндіктерін  жасау. Бұл қызметтер бірігіп мекемелердегі еңбек өндірісінің деңгейін жоғарылатады.

        Жұмыссыздықтан және жұмыспен қамту механизмін реттейтін қаржылық және ұйымдық – экономикалық функцияларының негізін анықтай отырып, оның бірі әлеуметтік қауіпсіздікті қамтамасыз ету екендігін атап өту керек. Бұл жүйе бір жағынан жұмыссыздарға анықталған өмірлік деңгейімен қамтамасыз етеді. Екінші жағынан жұмыс іздеуге көмектеседі және де толық жұмыспен қамтуға кепілдік береді.

      90 - жылы байқалған экономикалық дағдарыс республиканың жұмыспен қамту жүйесін тез арада тұрақсыздандырды.

      Бір жағынан, реформаға дейінгі жылдары қалыптасқан еңбек потенциалы шаруашылықтың жаңа шарттарына дайын еместігі;

       Екінші жағынан, жұмыссыздық және  жұмыспен қамту механизімінің  ұйымдық-экономикалық, қаржылық реттеулері  төмен деңгейде еді. Осыған  сәйкес қазіргі кезеңде жұмыспен  қамту, жұмыссыздықты төмендету  механизімін реттеуде жаңа концептуалды  өңдеулерді қажет етті.

Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясатының негізгі қағидалары  Қазақстан  Республикасының жұмыспен қамту  саясатының мемлекеттік концепциясына  негізделеді.Бұл саясат келесі негізгі  қағидалардың сақталуын қамтамасыз ету керек

  1. Азаматтардың жұмыспен қамтылу түрлерін ерікті және еркін таңдауын;
  2. Жұмыс орындарынан жіберілетін кәсіби оқыту дәрежесіне ие болу;
  3. Әлеуметтік әділеттілік, әлеуметтік кепілдік және материалдық қамтамассыз ету  жолдарымен жұмызсыздықты азайту, еңбек нарығы сапасын жақсарту негізінде жұмыс күшінің бәсекелестігін орнату.

Аудандық  проблемаларға қатысты, концепцияда  көрсетілгендей халықты жұмыспен қамту  саясаты, аудандық жергілікті есеппен  іске асырылады.

Жұмыспен  қамту төмен аудандарда қосымша  жұмыс орындарын ашуды қолдау саясатына шикізат өндіретін  өндірістік орындарға, ауылшаруашылығына  көбірек көңіл бөліну керек.

Жұмыспен  қамту орташа және жоғары аудандарда жұмыспен қамту деңгейіне жеткен шарттарды, сақтау оның белсенді бөлігін  арттыру, жұмыс орындарын резервке қою саясатымен айналысу.

Қазақстан Республикасындағы жұмыспен қамту  және жұмыссыздықты  реттеу бұрынғы  және қазіргі кезеңде оған ғылыми методикалық базаның 

жетіспеушілігін атап көрсету қажет. Ол негізгі фундаментальді принцип, яғни процестегі қаржылық ресурстардың қозғалысына мән беру керек. Оның негізгі қағидалары:

    - Тәуекелділіктің болуы – бүкіл  халықтың жұмыспен қамтылуы және  жұмыс орындырын жоғалтып алу  тәуекелділігі.

    - Уақыт пенкеңістіктің белгілері  - жұмыссыздық және жұмыспен қамтуды  реттеу механизмі уақыт және  кеңістікке тигізетін залалдың  алдын алу керек.

Кеңістіктегі  фактор - түрлі аудан, мекеме немесе жеке жұмыс орындарының банкротқа  ұшырауы, жұмыстан аяқ астынан босатылуы  болып табылады. Уақыт факторы - бір  уақытта немесе бір кезеңде ғана емес, анықталған кезең ағымындағы түрлі залалдың қалануы болып  табылады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру «нөлдік экономикалық баланста құрылған».

    - Халықтың саны баяу және ақырын  көбейеді, соның негізінде зейнеткерлер  контингенті көбейеді.

    - Экологиялық жағдайдың нашарлауы,  денсаулық сақтауда әлеуметтік  шығындары жоғарылайды.

    - Әлеуметтік қызмет көрсету сапасының  көлемі талаптарының өсуі.

        Әлеуметтік сақтандыру жүйесінде белсенді рөльді мемлекет алады, яғни, сақтандырылуы ретінде. Мәселен, объективті себептерге байланысты  әлеуметтік жарналарды аудармаған болса, ең бірінші орында мемлекет сақтандыруы керек.

       Ресей ғалымдарының  пайымдауынша, біріңғай әлеуметтік салық әлеуметтік төлемдерді төмендетеді.

        Қазақстанда қазіргі кезде бірыңғай әлеуметтік салық 26%-ды құрайды. Әлеуметтік сақтандыру жүйесінің дамуына кері әсерін тигізеді.

        Шетелдік тәжірибеге сүйенсек, әлеуметтік сақтандырудың негізгі түрлері, жұмыссыздарды даярлау, қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарды жүргізу жұмыстарында ұлттық кең масштабтағы жоспарларды жүзеге асыру.

Бұл жүйенің  негізгі мақсаты нарықтық экономикаға  сәйкес түрлі әлеуметтік тәуекелділіктермен катоклизмдерден халықты әлеуметтік қорғау болып табылады. Сонымен қатар, бұл жүйе еңбек нарығының қалыптасуы  мен дамуына ықпалын тигізуі  қажет. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі нарықтык экономиканың құрамдас бөлігі болып  табылады. Бұл жүйенің  негізгі қағидалары:

  - Қазақстан Республикасы азаматарының  құқықтарын қамтамассыз ету және кепілдендіру;

  -   Қазақстан Республикасы азаматтарының теңдігі;

  - Барлық  азаматтарды жұмыссыздықтан әлеуметтік  сақтандырудың барлығына тәуелділігі;

  -   Адамдардың өмірлік деңгейін жоғарылату;

  -   Мемлекеттің еңбек потенциалын толық және белсенді түрде қолдану;

  - Жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыруды қамтамасыз етуді қоғамдық қызығушылықпен жүзеге асыру.

Қорыта келе, біз жұмыспен  қамту және жұмыссыздықты  реттеу механизімінің  негізгі  қағидалары қоғамның әртүрлі құрамдас бөліктерімен тығыз байланысының бар екенін ескере және сол бөліктердің барлығын қолдана отырып, жұмыссыздықтың үлесін азайтуға бағытталған іс-шараларды жүзеге  асыру қажет екенін байқаймыз.

 

2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

2.1  Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері

 

Қазақстанда экономикалық реформалар басталған  кезде, демографиялық  үрдістердің, еңбекке жарамды жасқа кіретін  және ол жастан шығатын адамдардың ара салмағының ықпал етуімен еңбек рыногында құрылымдық терең өзгерістер жүрді. 1991 жылмен салыстырғанда 2008 жылы республикадағы жалпы халық санының 9.5% - ға азаюы кезінде, экономикалық белсенді халықтың саны 13.1%-ға кеміді. 1991 жылы жалдамалы жұмыскерлердің саны экономикалық белсенді халықтың  95.8%-ын құраса, ал 2008 жылы осы көрсеткіш 51.5%-ға дейін азайды. Сонымен бірге еңбек ресурстары көпқұрылымында өздігінен жұмыспен қамтылған халықтың және жұмыссыздардың үлесі өсті.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде