Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

        Сонымен, халықтың жұмыспен қамтылуы мен жұмыссыздар санын әлеуметтік этникалық құрамына байланысты қарастыру барысында олардың құрамының әртүрлі екенін байқаймыз. Және әйелдер жұмыссыздығы көп кездесетінің,  ауыл халқының жұмыссыздық деңгейінің және ұзақ мерзімді жұмыссыздық бойынша  қала халқының үлесінің жоғары екенін көре аламыз.

 

 

2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау

 

        Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің негізгі жұмыс жасау бағыттары. Алматы қаласының халқын әлеуметтік қорғау.Әлеуметтік саясаттың негізгі бағыты халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыруды Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы қамтамасыз етеді. Толықтай алғанда 2008 жылы әлеуметтік қорғауға 3969,1 млн теңге аударылған

        Халықтың жақсы өмір сүруін қолдау мақсатында әртүрлі жәрдемақылар түрлері мен тұрмысы төмен отбасыларға көмектер көрсетілді.

  1. Атаулы әлеуметтік көмек (АӘК). АӘК шамамен 5 мың адамға, 142 млн. теңге мөлшерінде берілді. Отбасының 1 мүшесіне орташа төмен мөлшері 2408 теңге құрады. 2009 жылы бұл төлемді 4,0 мың адам, 146,4 млн теңге шамасында алатын болады.
  2. 18 жасқа дейінгі баларға арналған жәрдемақылар. 2008 жылы бұл жәрдемақыны 32,8 млн теңге мөлшерімен 4000-нан астам бала алды, 2009 жылы бұл жәрдемақыны 41,9 млн теңге мөлшерінде 3000 бала алатын болады.
  3. Тұрғын үй көмегі. Аз қамтылған отбасыларға тұрғын-үй коммуналдық қызметтерінің төлем ақысы 2007 жылы мамыр айынан бастап 10%-ға дейін төмендеген болатын. 2008 жылы сәуір айынан бастап ҰОС-ға қатысқан азаматтарға және мүгедектерге және тағы басқа осындай азаматтарға тұрғын үй көмегінің айлық мөлшері 28,3%-ға көтеріліп, 2552 теңгені құрады. 2008 жылы тұрғын үй көмегі 8,9 мың адамға 235,1 млн теңге көлемінде берілді. 2009 жылы осы көмек 8,3 мың адамға 222,4 млн теңге көлемінде беріледі.
  4.   Мүгедек балаларын оқытып, тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдемақы. 2008 жылы бұл жәрдемақы 448 адамға 10 млн теңгеден астам қаржы мөлшерінде берілген. 2009 жылы бұл жәрдемақыны 388 мүгедек балалар 12,8 млн теңге көлемінде алады деп күтілуде.
  5. Арнайы қалалық жәрдемақы. Жалпы мемлекеттік әлеуметтік қорғау шараларынан бөлек, тек Алматы қаласында ғана зейнеткерлер мен тылда еңбек еткен азаматтарға ай сайын қалалық бюджеттен  1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде арнайы қалалық жәрдемақы алады. 2008 жыл бойына 133,6 мың жәрдемақы алушыға 1,9 млрд теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалған. 2009 жылы шамамен 132,1 мың адам 2017,9 млн теңге көлемінде алады деп күтіледі.

        Халыққа қызмет көрсету орталығының міндеті – құжаттарды қабылдау, аталған мемлекеттік қызмет түрлерін алу жайлы азаматтарға консультациялық кеңстер беру. Қабылданған құжаттар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жіберіледі. Онда құжаттар қатталып, әлеуметтік көмектер , жәрдемақылар тағайындалып, көмектер беріледі.

Алматы  қаласының 2006-2008 жылдарға арналған мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыру  аяқталды. Бұл бағдарламалардың орындалуы  әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің  стационарлық желілерінің кеңйуіне, мүгедектерді бейімдеуде техникалық, құралдармен, және олардың жеке қажеттіліктерін есепке ала отырып, әлеуметік қызметтермен қамтамасыз етуге жол ашты. Мүгедектердің қажеттіліктері арнайы қозғалу құралдарымен, протездік-ортопедтік көмектермен, сурдо және тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз етілген. 2008 жылға протездік-ортопедтік көмектер 50,1 млн теңгеге көрсетілген. Мүгедектер 17,4 млн теңгеге сурдо-техникалық құралдармен, 11,1 млн теңгеге кресло-арбалармен, 10,0 теңгеге тифлоқұралдармен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ гигиеналық құралдармен де қамтамасыз етіліп, оларға жеке көмекшілер мен арнайы жест мамандарының қызметтері көрсетіледі және қаладағы пансионаттар мен шипажайларда емдеу-сауықтыру қызметтері жүргізілуде.

Мүгедектердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын  қарап тексеру жұмыстары да ұйымдастырылған. Оларға арналып әлеуметтік карталар, автоматты есептеу жүйесі және мүгедектер дайлы негізгі мәліметтер базасы орнатылған. Үйге қызмет көрсету және шипажайлық-курорттық сауықтыру  жұмыстары жүргізілуде. 2660 мыңнан астам  жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмектер аудандық әкімшіліктерден 27 бөлімшелерден үйге қызмет көрсетеді. 988 мүгедек балалардың үйлеріне барып  қызмет көрсететін 13 әлеуметтік бөлімшелерде қызмет атқарады.

Психоневрологиялық  аурулары бар адамдарға арналған үй-интернаттарының құрылысы басталды және мүгедектерге арналған қалалық  реабилитациялық орталығының құрылысы жоспарланып отыр. Алматы қаласының әкімшілігінің қаулысымен 2008 жылы қаңтар айының 28 жұлдызында Абай даңғылының оңтүстік жағынан, Момышұлы көшелерінің батыс жағынан 0,5672 га жер учаскесі туралы мемлекеттік акт қабылданған. Құрылыстың құны – 716 млн теңгені құрады. Аталмыш құрылыстың қаржысы жергілікті бюджеттен бөлінді. Ағымдағы жылы техникалық-экономикалық өңдеуге 4,3 млн теңге көлемінде қаржы жұмсалды.

Әлеуметтік  транспорттық инфрақұрылым обьектілеріне  мүгедектердің қолжетімділігін  қамтамасыз етугеерекше назар аударылып  отыр.

2009 жылы  мүгедектерді әлеуметік қорғау  шараларын жүзеге асыруға жергілікті  бюджеттен – 189,0 млн теңге,  республикалық бюджеттен – 14,1 млн теңге қарастырылып отыр.

Ардагерлер  үйінде 329 соғыс және еңбек ардагерлері  тұрып жатыр, ал мүгедектер мен психологиялық  аурулары бар адамдарға арналған үй-интернаттарда – 551 адам, ақыл-есі  төмен балаларға арналған үй-интернаттарда 152 мүгедек балалар тұрып жатыр. Әлеуметтік бейімдеу орталықтарында тұрғылықты жері жоқ адамдарға тегін түнгі  орын, үйі жоқ адамдарға тегін  тамақ беріледі және оладың жеке куәлігін қайта қалпына келтіру, қалалық  әлеуметтік мекемелерге жолдама  қағазын дайындау шаралары қарастырылып жатыр. Қазіргі таңда аталған  орталықта 156 адам тұрып жатыр.әлеуметтік тұрғын үйде 56 адам тұрып жатыр. ӘТҮ-ң  тұрғындарына 2008 жылдың 11 тамызынан  бастап «Мырза Интернэшнл» ЖШС күнделікті ыстық комплексті түскі аспен  қамтамасыз етіп отыр.

    Ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша жұмыспен қамту органының анықтауымен жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халық санының 0,3 %-н құрады (былтырғы жылы 0,4% болған). Аудандық бөлімшелерде есепте тұрған жұмыссыздардың саны сәйкесінше азайып, олардың саны 2299 адам болды.

2008 жылдың  басынан бері жұмыспен қамту  және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімшелерінің ықпалымен: 4501 жұмыссыздар  жұмысқа орналасты. Әлеуметтік  жұмыс орындарына 546 жұмыссыз азаматтар  жолдама алды. Әлеуметтік жұмыс  орындарына жолдама алған жұмыссыздардың  еңбекақысы жергілікті бюджет  қаражатынан 2 төменгі жалақыны  құрайды. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 4848 жұмыссыз қатысқан. Қоғамдық жұмыстарға  қатысқан жұмыссыздардың жалақысының  орташа мөлшері желтоқсан айында 22791 теңгені құраған.

1600 жұмыссыз  кәсіптік және қайта даярлау  курстарынан өткен. Жұмыс іздеп  жүрген азаматтарға жұмысқа орналасуына  ықпал ету мақсатымен арнайы  бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп  тұрады. Жыл бойына 11 бос жұмыс  орындары жәрмеңкесі өткізілді. 

Бағдарлама  аясында жыл бойына 13815 жұмыс орындары құрылған, оның ішінде 1074 (%) уақытша. Жұмыс  күшінде жұмыс орындарын құрайтын және сұранысты бақылайтын негізгі  сала - 60% (8255) жаңа жұмыс орындарының  ашылуына ықпал ететін кіші кәсіпкерлік  болып отыр. Жұмыс орындарының 52% (7138) сауда қызметтерімен айналысатын  ұйымдарда, 20%-ы (2784) – өндірісте құрылған. Аудандық бөлімдерде аталған бағдарламалардың көрсеткіші келесідей: Алмалы ауданында  – 101,4%, Әуезов ауданында – 130,5%, Бостандық  ауданында – 106,4%, Жетісу ауданында  – 104,0%, Медеу ауданында – 109,4%, Түрксіб  ауданында - 79%.

2008 жылы  Еңбек биржасына 4045 адам келген, 1714 адам жұмысқа орналасты. Еңбек  биржасы базасында жұмыссыздар  мен жұмыс іздеушілерге арналып  6 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.  Жұмыс іздеп келуші азаматтарды  тіркейтін жаңа бағдарлама орнатылған. Ғаламторда жұмыс іздеп жүрген азаматтарға арналған сайт бар.

        Жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қорғау. Басты міндет жұмыссыздық деңгейін одан ары төмендету, халықты жұмыспен қамту деңгейін көтеру болып қалады, біріншіден жоғары оқу орындарын бітірушілерін жұмыспен қамтумен ықпал ету, яғни жұмыссыздарды жұмыспен қамтуды кеңейту есебінен жұмыс жүргізу. Тапсырысты жүйелеумен жұмысшы күшін ұсынуды ұйымдастыру, еңбек нарығы бойынша ақпараттық базаны дамыту, әлеуметтік серіктестікті кеңейту жұмыстың негізгі бағыты болып саналады. Жұмыссыз жүрген уақытында тіркелген жұмыссыздардың еңбекке деген ынта-жігерін сақтап қалу үшін уақытша жұмыспен қамту шараларын қолдану ұсынылады: олар мыналар: қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру. 2008 жылға жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін 240,5 млн теңге қарастырылған немесе 18,2 %-ға артық. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасы арқылы 4500 жұмыссызды, оның ішінде 750-ге жуық мақсатты топтар жұмыссыздарын жұмысқа тарту болжалады.

 

 

            

 

Диаграмма 5.ҰОС  мүгедектері мен қатысушыларына, зейнеткерлерге арналған санаториялық-курорттық  сауықтыру орындары

 

        4300 адам әлеуметтік көмекке мұқтаж болады, олардың табысы кедейшіліктің төменгі деңгейінде, шығындары 135,7 млн теңгені құрайды.

Жастарды  жұмыспен қамту көрсеткіштерін көтеру мақсатында тізімде тұрған жоғары жоғары оқу орындарын бітірушілердің тұрақты  мониторингі мен кәсіби құрамын сараптау, кеңес беру және қайта даярау жұмыстарын жүпгізу жоспарланады. Жоғарғы оқу орындарын бітірушілер жайлы ақпараттар алмасу, әртүрлі профессиялар мен мамандықтар бойынша оларды жұмыспен қамту, кәсіби деңгейде еңбек нарығында жұмысшы күшіне сұраныс тудыру жұмыстары да жалғасады.

Арнаулы топтардағы жұмыссыздарды жұмыспен қамту жұмысының тиімділігін  көтеру әлеуметтік жұмыс орындарын  қалыптастыруға көмектеседі. әлеуметтік жұмыс орындарына 500 жұмыссыз бағытталады. Жұмыссыздар қатарынан қабылданған  жұмысшының ақысын төлеудегі жұмыс  берушінің жарты шығыны жергілікті бюджеттен төменгі жалақының  жартысы көлемінде толықтырылатын болады. Әлеуметтік жұмыс орындарына бағытталған жұмыссыздардың еңбек  ақысын төлеуге жұмсалған жергілікті бюджет шығыны 99,0 млн теңгені құрайды .

Халықтың  жұмыспен қамтылмаған бөлігін тиімді түрде жұмыспен қамтуға жұмыссыздар  үшін, оқу орындарында да өткізу көзделеді, қалаға жақын орналасқан мөлтек аудандарда жылжымалы жұмыс  орындары жәрмеңкелерін де қарастырған  жөн. 2008 жылы бос жұмыс орындары жәрмеңкесін  өткізу үшін жергілікті бюджеттен 2,5 млн  теңге бөлінген.

        Қалалық еңбек биржасы негізінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесін, жұмыссыздар, жұмыс берушілер және оқу орындары үшін оқыту семинарларын өткізу жоспарланған. 

        Қазақстан-Норвегиялық «СИСЛАБ» жобасын іске асыруда жоғары оқу орындары бітірушілерінің қатарынан мамандарды жұмыспен қамтудың кешенді жүйесіне сүйене отырып, олардың нақты ұжымдар мен ұйымдарда іс-тәжірибеден өту, жұмыс берушінің тапсырмасымен жобаларын орындау, шағын және орта кәсіпкерлік негізіне оқытуды қамтамасыз ету жұмыстары жалғастырылады. Жоба ұшқыр және 3 жылға қарастырылған және Норвегия Үкіметі, ПРООН және жергілікті бюджеттің қаржылық көмегімен сақтандырылған. Жоба жемісті іске асса, бүкіл Қазақстанға енгізіледі.

        Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы басты бағыт қаланың әлеуметтік инфраструктурасын жақсартумен байланысты әлеуметтік жұмыстар мен қызмет көрсету саласындағы жұмыстар тізбегін кеңейту болып саналады. 2008 жылы қоғамдық жұмыстарға 4500 жұмыссыз тартылады, олардың еңбек ақысын төлеуге 101,8 млн теңге қажет. Тұрғылықты жеріне сай жасөспірімдер мен жастармен жүргізілетін бірінші кезектегі шараларды іске асыру мақсатында аулалық клубтарда жұмыссыз педагог мамандар үшін қоғамдық жұмыс жүргізу жалғасады.

        Жұмысшы күшінің сапасын жақсарту, еңбек нарығында жұмысшы күшін ұсыну мен сұраныс арасындағы ауытқушылықты теңестіру жұмыссыздарды кәсіби оқыту мен қайта даярлау курстарына бағыттауға ықпал етеді. 2007 жыл бойына 1600 жұмыссыз кісілер жаңа мамандықтарға үйретілетін немесе өздерінің біліктілігін арттыра алады. Кәсіби оқытуға кететін жалпы саны 35,4 млн теңгені құрайды.

        Жұмыстың басты бағыттарының бірі жұмыспен қамту органдарының ақпараттық базасын жетілдіру болып табылады. Бос жұмыс орындар базасын, жұмыссыздар, жұмыс берушілер және жоғары оқу орындары базаларын кеңейту ақпараттың қала халқына жетуін қамтамасыз етеді және азаматтарға жедел қызмет көрсету сапасына көмектеседі. Осы мақсатта «Алматы қаласының еңбек нарығын – Рынок труда города Алматы» газеті тұрақты шығарылатын болады.

        Әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу механизмі ретіндегі әлеуметтік серіктестіктің маңызды рөлін ескере отырып, 2008-2010 жылдарға арналған Алматы қаласы жұмыс берушілерімен өндіріс иелері одағымен, Алматы қаласы әкімі арасындағы аймақтық келісімді іске асыру, әлеуметтік серіктестікті дамыту бойынша үш жақты қалалық комиссиясының рөлі мен статусын одан ары ұлғайтуға бағытталған жұмыс жалғасады.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде