Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

Маусымдық жұмыссыздар жәрдемақы  алуға  құқығы жоқ. Францияда сақтандыру режимі икемделген қағидалармен жүргізіледі. Оның көлемі көбіне  берілетін жалақыға тәуелді.

Кесте 11. Франциядағы жалақы мен жұмыссыздыққа берілетін жәрдемақының арақатынасы.

 

 

Жалпы айлық жалақы

Жалпы күндік жәрдемақы

Төмен немесе тең 5554фр.

Жалпы күндік жәрдемақының 75%

5554- тен 6081- ге фр. дейін

Күніне 138,84 фр.

6081-тен 10050- ге фр.дейін

Жалпы күндік жалақының 40,4% + 56,95 фр.күніне

10050 фр.- тан жоғары

Жалпы күндік жалақыдан 57,4%

Түпдерек: ТМД елдерінің статистикалық  агенттігі 


 

11- кестеде көріп отырғанымыздай, жәрдемақы жалақы көлеміне тікелей тәуелді. АҚШ. АҚШ-та жұмыспен қамту және жұмыссыздық проблемасын шешу және қарастыру 1935 жылы түрлі кезеңдік жұмыссыздық проблемаларына байланысты  әлеуметтік актілердің қабылдануына сәйкес пайда болды. Жұмыссыздарды әлеуметтік сақтандыру АҚШ-та заңның негізінде жүргізіледі.Әрбір штат жұмыссыздықтан сақтандыруда қаржыландыруда өзіндік нормативтерін тағайындайды. Бұл нормативтер жұмыскердің жалақысынан ұсталып, жұмыс берушіге аударылып отырады. Әрбір штатта жұмыспен қамтылу  деңгейі және жұмыссыздық жағдайлары әртүрлі.

90 - жылдары жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесінде 90% жұмыс орындары тіркелді. Егер жұмыскер еңбек шартын бұзса  немесе өз еркімен жұмыстан кетсе,  онда ол жәрдемақы алу құқығынан айырылады.[26]

Мәселен, Нью-йорк штатында  жұмыссыздыққа  байланысты алынатын жәрдемақысын оған дейін 20 апта жұмыс істеп, өз еркімен  жұмыстан босамауы керек.

Кесте 12. АҚШ штаттарындағы апта ортасындағы берілетін жәрдемақы,               дол.

      

Штаттар

Аптааралық жәрдемақы

Штаттар

Аптааралық жәрдемақы

1

2

3

4

АҚШ

190

Миссури

184

Айдоха

182

Мичиган

205

Айова

200

Монтана

165

Алабама

142

Мэн

171

Аляска

172

Мэрилэнд

195

Аризона

151

Небраска

161

Арканзас

172

Невада

194

Вайоминг

181

Нью- Гемпшир

153

Вашингтон

212

Нью- Джерси

255

Вермонт

168

Нью- Йорк

206

Вирджиния

173

Нью- Мексико

157

1

2

3

4

Висконсин

202

Огайо

202

Гавайи

270

Оклахома

175

Делавэр 

224

Округ Колумбия

236

Джорджия

166

Орегон 

191

Западная Вирджиния

176

Пенсильвания

219

Иллинойс

213

Пуэрто- Рико

94

Индиана

187

Род Айлэнд

228

Калифорния

152

Северная       Дакота

175

Канзас

202

Северная Каролина

193

Кентуки

221

Теннесси

155

Колорадо 

208

Техас

189

Коннектикут

222

Флорида

198

Луизиана

128

Южная Дакота

150

Массачусетс

254

Южная Каролина                                           

165

Миннессота

234

Юта

198

Миссисипи

141

   

 

12 - кестеден көріп отырғанымыздай, минималды және максималды жәрдемақы мөлшері 2.5 есе өскенін көреміз. Мәселен, Пуэрто-Рико және Нью-Джерси  жұмыссыздықтан төленетін жалақының орта есебінің негізінде төленеді. Апта ортасындағы берілетін жәрдемақының көп мөлшерде  Гавайи-270дол., Массачусетс - 254долл., Миннесота -234долл., Коннектикут - 222долл., Вашингтон-212долл. Жұмыссыздары, ал ең төменгі миссисипи-141долл, Луизиана - 128долл., Вирджиния - 173долл., Пуэрто-Рикко - 94долл.  алады екен. Яғни, жоғарғы жәрдемақы алатын штатардың тұрмыс жағдайы төмен болған деп есептейді.

 

Кесте 13. ТМД мемлекеттері бойынша жұмыспен қамтылған халық саны (млн. адам)

    

Мемлекеттер

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

Қазақстан

6,7

7,0

7,2

7,2

7,4

Армения

1,1

1,1

1,1

1,1

1,1

Беларусь

4,4

4,3

4,3

4,3

4,4

Грузия

1,8

1,8

1,8

1,7

1,7

Қырғыстан

1,9

1,9

2,0

2,1

2,1

Молдова

1,5

1,4

1,3

1,3

1,3

Ресей

65,6

66,0

66,4

66,8

67,0

Таджікістан

1,9

1,9

2,1

2,1

2,1

Өзбекстан

9,3

-

9,9

10,2

20,7

Түпдерек: ТМД елдерінің статистикалық  агенттігі 


 

 

     13 - кестеден көріп отырғанымыздай, ең көп жұмыспен қамтылған мемлекет – Ресей, яғни, 2002 жылдан 2006 жылға дейін тұрақтылығын сақтаған. Ал ең төменгі көрсеткішті Армения, Қырғызстан, Тәджікістан йеленіп отыр. Біздің еліміз орташа деңгейде, 2006 жылғы көрсеткіші – 7,4 млн. адамды көрсетіп отыр.

Сонымен, жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесі, көріп  тұрғанымыздай, әр елде әр түрлі кезеңде,  әр түрлі себептерге, дағдарыстарға  байланысты әрқилы дамыған. Және әр елде сақтандыру жүйесі әр түрлі болып  келеді, тигізетін көмегі де біркелкі емес. Сондықтан да, біз де өзіміздің  жұмыссыздықтан сақтандыру жүйемізді  осы дүниежүзілік тәжірибеден өткен, әр түрлі мемлекеттердің жүйесінің  жақсы жақтарын ғана алып, ескеріп  дамыта берсек еліміздегі қоғамның да өмірі де жақсара түсетіні анық. 

 

 

 

 

3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары

 
     Елімізде халықты жұмыспен қамтуда қордаланып қалған бірқатар проблемалар бар және олар шешуді қажет етеді. Проблемалардың алғашқысы - халықты тиімсіз жұмыспен қамту, еңбек өнімділігінің төмендігі және өз бетімен жұмыс істеушілер үлес салмағының жоғарылығы. Бізде қазіргі таңда өз бетімен жұмыс істеушілердің үлес салмағы 34 пайызға жуық.  
Саладағы басты проблемалардың тағы бір ұшы ұлттық еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың теңгермелі еместігіне келіп тіреледі.  
Министрдің айтуынша, өткен жылы елімізде 21 мың жұмыс орны толмай қалған. Бұл жағдайдың басты себептерінің бірі - еңбек ресурстары сапасының төмендігі, кадрлар дайыдығының экономика талаптарына сәйкес еместігі.               Министрдің айтуынша, сонымен қатар, елімізде жастар мен әйелдер арасында жұмыссыздар деңгейі жоғары болып тұр. 2008 жылы ол тиісінше 7,4 және 7,9 пайызды құраған. Бұл жұмыссыздықтың орташа салалық пайызынан айтарлықтай жоғары. «Халықтың мақсатты топтарын - оралмандарды, мүгедектерді, зейнетақы жасындағы адамдарды және әйелдерді жұмыспен қамтудың қиындығы да саладағы негізгі проблемалардың бірі», деді министр. Оның айтуынша, өңірлік еңбек рыногы жағдайының айтарлықтай жіктелуі де жұмыссыздар санының төмендемеуіне әсер етуде. Ол 9,3 пайыз шамасында. Бұл орташа республикалық деңгейден 2 пайызға жоғары. «Бұл жалпы экономикалық жағдайдың жіктелуіне ғана емес, жергілікті жерлердегі жұмыспен қамтитын өкілетті органдар жұмысының жеткілікті дәрежеде тиімді еместігімен де байланысты», деді министр. Оның пікірінше, жұмыс күшін тартудың қолданыстағы тәжірибесі ішкі еңбек рыногындағы жағдайды тұрақтандырмай,керісінше оны қиындатып отыр. «Өкінішке орай, әлі күнге шейін елімізге әкелініп жатқан жұмыс күшінің жартысы үшінші санаттағы мамандар», деді министр. «Өткен жылы ішкі еңбек рыногына тартылған шетелдік жұмыс күші - 40 мың адамнан асқан». Жұмыспен қамту және еңбек ресурстарын дамыту Әлеуметтік саясатты іске асыру жөніндегі маңызды шаралардың бірі халықтың жұмыспен тұрақты қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатта Халықты жұмыспен қамтудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылып келді. Статистика агенттігінің  деректері бойынша 2007 жылы 7,6 млн адам республика экономикасы салалрында жұмыспен қамтылған (2006 жылға қарағанда 227,6 мың адамға – 3,1 %-ға артық). Республика бойынша жұмыссыздық деңгейі 2009жылдың қаңтарының деректері бойынша 7,1 %-ды құрады (2008 жылы – 6,6 %). Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша елімізде 2006 жылы 259 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 118,5 мың жұмыс орны құрылған (2005 жылы 242,8 мың жұмыс орны, оның ішінде ауылдық жерлерде – 119,3 мың жұмыс орны). Жұмыссыздарды оқыту және қайта даярлау, олар үшін қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөніндегі міндеттерді шешу қамтамасыз етілді. Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) жұмыссыздықтың өсуiнiң алдын алу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу және өнеркәсіптiк өндiрiстiң инновациялық дамуының, аграрлық саланың жоғары білікті кадрларға қажеттiлiгiн қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды сектордағы халықтың жұмыссыздық деңгейiн төмендету, жұмыс күші сапасының артуы, жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс орындары санының теңгерiмдiлігі, ұлттық еңбек рыногын қорғау жолымен өнiмдi жұмыспен қамтылуы. Республикада соңғы жылдары қалыптасқан әлеуметтiк-экономикалық ахуалды, сондай-ақ халықты жұмыспен қамтудың өңiрлiк бағдарламаларында көзделген жұмыссыздықты азайту жөніндегі шараларды ескередi.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының әлемдiк шаруашылық байланыстар жүйесiне ықпалдасуға бағдарланғанын назарға ала отырып, Бағдарлама 2003 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымы мақұлдаған Жаһандық жұмыспен қамту бағдарламасында және 2002 жылғы Еуразиялық жұмыспен қамту хартиясында қамтылған тәсiлдердi ескере отырып әзiрлендi.

Бағдарлама 2008-2010 жылдардағы кезеңде шешiлетiн мiндеттердiң тiзбесiн айқындайды, бұл мiндеттердi шешу тетіктерi мен одан күтiлетiн нәтижелердi қамтиды. Бағдарлама экономика саласындағы жаңа жұмыс орындарының құрылуы арқылы өнiмдi жұмыспен қамтылуына жәрдемдесуге және кәсiпкерлiк қызметті және өзiн-өзi жұмыспен қамтуды, жұмыс күшiнің сапасын арттыруды қолдауға және рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiң өсуiне, нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу жөнiндегi шараларға бағытталған еңбек рыногындағы белсендi саясатты жүзеге асыру. Бағдарламаны әзiрлеу үшiн "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003-2006 жылдарға арналған және Қазақстан Республикасында әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдетудiң 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаларын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарлары негіз болып табылады. Соңғы жылдары еңбек рыногындағы жағдай жұмыссыздық деңгейiнiң төмендеуiмен және жұмыспен қамтылған халық санының артуымен сипатталады.[31] 
        Жұмыссыздық деңгейi 7,1% болды.   Tipкелген жұмыссыздар үлесінің азаю үрдiсi байқалады. Олардың саны 2007 жылмен салыстырғанда азайды. Жұмыссыздар құрылымындағы әрбір екіншi адам - әйел, әрбiр үшінші адам - 15-39 жаста. Жұмыспен қамту проблемасы шағын қалалар мен тоқыраған ауылдық өңiрлерде аса өткiр болып отыр.

Республикада  еңбек рыногы жай-күйінің мониторингі  үшін облыстар, қалалар мен аудандар бөлінісінде жұмыс күшіне сұраныс  пен ұсыныстың тіркелуін көрсететін деректер базасы құрылды. Сапа мен ұсыныстың  кәсіптік-біліктілік құрылымының сәйкессiздiгi және халықтың еңбек ұтқырлығының төмен  болуы себептi жергiлiктi еңбек рыноктарындағы жұмыс күшінің бiр мезгілдегi тапшылығы  жағдайында қазiргi уақытта Қазақстанда  оған сұраныстың жеткiлiктi екенін талдау дәлелдеп отыр. Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi органдардың ай сайынғы  бос орындар банкі 15-17 мың бiрлiктi құрайды. Бiрақ кәсіптік белгiсi бойынша  жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың  сәйкессiздігінен айына бір бос  жұмыс орынынан орта есеппен 7-10 жұмыссыз үмiттенедi.

Бiлiм  беру қызметтерінің рыногы сұраныстың өзгеруіне шұғыл әсер етуге дайын  болмады, бұл бiлiктi жұмысшы кадрлары тапшылығының проблемасын шешуге және жұмыс күшіне деген ұсыныс пен  сұраныстың сәйкессiздiгiн жоюға  мүмкiндiк бермейдi.

Кедейлiкті  азайту жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламаны, Ауыл жылын өткiзу жөніндегі iс шаралар жоспарын iске асыру барысында еңбек рыногындағы белсендi шаралардың нәтижелері жақсарды. 2007 жылы елiмiзде 220,4 мың жұмыс орыны, оның iшiнде 50% - ауылдық жерлерде құрылды. Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдардың көмегiмен өтiнiшпен келгендердiң әрбiр екiншiсi (2006 жылғы 154,6 мыңмен салыстырғанда 167,5 мың адам) жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамту органдарына өтiнiшпен келген азаматтардың жартысынан көбі қоғамдық жұмыстарға қатысады. Жұмыссыздардың едәуір саны оқуға, қайта даярлауға және біліктілiгiн арттыруға жiберiлдi. 2007 жылы ғана 26,9 мыңнан астам жұмыссыз оқуын және қайта даярлауды тәмамдады.

Сонымен қатар, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу caяcaтын iске асыруда белгiлi бiр  проблемалар да бар. Жаңа жұмыс орындарын  құру қарқыны көбiнесе жұмысқа орналасқан жұмыссыздар санының көбеюiмен  әрдайым сәйкес келмейді, қайта оқытудан өткен жұмыссыздардың үштiң бiрiнен  астамы еңбек рыногында өз орынын таба алмайды, қоғамдық жұмыстар өңiр  үшiн де экономикалық, әлеуметтiк  және экологиялық жағынан әрдайым  пайдалы емес. Репатрианттарды (оралмандарды) жұмысқа орналастыру проблемасы шешiлген жоқ. Талдау бұл бағыттағы жұмысты ұйымдастыруда айтарлықтай кемшілiктер бар екенін дәлелдейдi. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарындағы және Астана және Алматы қалаларындағы оралмандардың жұмысқа орналасу деңгейi орташа республикалық деңгейден екi eceгe жуық төмен.

1. Еңбек рыногындағы  өзектi проблемалар;

2. тиімсiз  жұмыспен қамтудың басым болуы;

3. жұмыс күшіне  деген сұраныс пен ұсыныстың  біліктілік-кәсiби құрылымының сәйкессiздiгi;

4. бiлiктi кадрлардың  еңбек әлеуетінiң жоғалуы; 

5. кадрлар  даярлаудың экономика қажеттілiктеріне  сәйкес болмауы; 
6. халықтың жекелеген топтарын (әйелдер, жастар, зейнеткерлік жас алдындағы адамдар, мүгедектер) жұмысқа орналастыру қиындығы

7.  өңiрлік еңбек рыноктарының үлкен сараланымы,

8. тоқырауға  ұшыраған, жұмыс күшi артық ауылдық  аудандардағы, шағын қалалардағы  жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, 

9. шекаралас  мемлекеттерден келетiн жұмыс  күшінің заңсыз ағымдары. . 
      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігiнің болжамы бойынша 2008-2010 жылдары 826 мың адам жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi органдарға өтінішпен барады, олардың шамамен жартысы жұмысқа орналастырылатын болады.

2008-2010 жылдары белгiленген квота шегiнде тарихи отанына келетін оралмандар қатарынан шамамен 45 мың отбасының құрамында еңбекке жарамды жастағы 100 мыңнан адам келедi деп болжануда.

2008-2010 жылдардағы кезеңде IЖӨ өсiмi жылына бес пайыз, жұмыссыздық деңгейi 7,2% болған кезде 2009 жылы жұмыспен қамтылғандардың саны 8 млн. адам  ғана болады.

Жұмыспен  қамтудың салалық құрылымын өзгерту  жағдайында импорт алмастыруға бағытталған  құрылымдық-технологиялық қайта  құруға, өнеркәсіп саясатындағы басымдықтарды  таңдауға сәйкес, өндiрiстi әртараптандыру мен жаңа жұмыс орындарын құру, бiлiктi жұмыс күшіне тапшылықтың  пайда болуы заңды құбылыс  болып табылады.

Мемлекеттік және салалық (секторальдық) бағдарламалар  шеңберінде жұмыс орындарының жартысынан астамы туризм және инфрақұрылым саласында, 20% астамы өндiрiстік секторда, шағын  және opтa бизнесте құрылатын болады деп күтілуде. Экономиканы құрылымдық қайта құру жұмыс күшіне сұраныс  сипатындағы және оның кәсіптік-біліктілік құрамындағы өзгерiстерге апарып соғады. Тиісінше, кәсіптік бiлiм беру жүйесінде  мамандар даярлаудың көлемі мен бейіні де өзгеруі тиіс. Индустриялық даму стратегиясын іске асырумен бірге өнеркәсіпте  істейтін адамдар саны да едәуір көбейеді деп күтілуде. Агроөнеркәсіп кешенін  дамыту бағдарламасы шеңберінде ауыл шаруашылығы бейініндегі мамандарға сұраныс артады деп күтілуде. Мұнай  газ өнеркәсiбiнiң республикадағы көш бастаушылық жағдайына байланысты, оның даму перспективалары осы саладағы кадрларды даярлау мәселесіне жаңа тәсілдері. Нарық инфрақұрылымы, тұрмыстық  және халыққа сервистiк қызмет көрсету, көлiк, байланыс, мектептегi бiлiм беру, ғылым қызметкерлеріне тұрақты  сұраныс. Экономиканың бiлiктi кадрларға қажеттілігі басқару және әкiмшiлiк-өндiрiстiк қамтамасыз ету саласындағы басшылар мен мамандарға деген тұрақты сұраныспен сипатталатын болады. Өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс және т.б. кәсіпорындарының менеджмент және шаруашылық қызметін талдау салаларында тiкелей жұмыс iстейтін мамандарға сұраныс едәуір артады. Қоғамды ақпараттандырудың дамып келе жатқан процесіне байланысты компьютерлiк технологияны игерген бiлiктi мамандарға және техникалық орындаушыларға сұраныс көбейедi. Мүгедектер тарапынан жұмыс орындарына тұрақты сұраныс сақталады. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздық деңгейін азайу. Міндеттер: 
 1. халықты жұмыспен қамту деңгейiн өсiруге ынталандыратын шараларды жүзеге асыру;    

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде