Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

 

 

Кесте 7 . Гендірлік көріністегі  ҚР-ң еңбек нарығының негізгі индикаторлары.[18]

 
 

2006

2007

2008

 

Бар-лығы

ерлер

әйелдер

Бар-лығы

ерлер

әйелдер

Бар-лығы

ерлер

әйелдер

Экономикалық тұрғындар белсенді халық, мың адам

8028,9

4071,5

3957,4

8228,3

4167,3

4061,0

8415,0

4244,1

4170,9

Экономикалық тұрғындар белсенді халықтың деңгейі, %

29,7

74,9

65,0

70,4

75,6

65,7

71,1

76,1

66,7

Жұмыспен қамтылған халық, мың  адам

7403,5

3808,9

3594,6

7631,1

3922,8

3708,3

7857,2

4017,7

3839,5

Жалдамалы қызметкерлер, мың адам

4776,6

2501,0

2275,6

4973,5

2590,4

2383,0

5199,4

2711,0

2488,4

Өз бетінше жұмыс істейтін қызметкерлер

2626,9

1307,9

1319,0

2657,6

1332,4

1325,3

2657,8

1306,8

1351,0

Жұмыссыздар, мың адам

625,4

262,5

362,9

597,2

244,5

352,7

557,8

226,4

331,4

Жұмыссыздық деңгейі, %

7,8

6,4

9,2

7,3

5,9

8,7

6,6

5,3

7,9

Жастар жұмыссызды-ғының деңгейі, %

12,1

10,0

14,7

9,4

8,5

10,5

7,4

6,8

8,2

Ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі,%

4,0

2,9

5,1

3,3

2,3

4,3

2,8

1,9

3,7

Экономикалық тұрғыдан енжар (әрекетсіз) халық, мың адам

3493,9

1362,2

2131,7

3463,2

1345,0

2118,2

3416,2

1331,9

2084,3


 

 Жұмыссыздардың  жалпы санында жастар үлесі  28,6% (183,5 мың адам), жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 7,4 % құрайды. Ел бойынша орта көрсеткіш шамасына қарағанда 5,3%-дық пункте көп. Еуро-аймақ елдерінде ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,4%, әйелдер арасында - 10%, жастар арасында (25 жасқа дейінгілер) – 17,8% құрады. Бұрынғыдай әйелдер мен жастардың (15-24) еңбек нарығында бәсекеге қабілеті төмен болып табылады. Жұмыссыздық құрылымында осы санаттардың сандық басымдылығы сақталуда. 2008 жылы жұмыссыз әйелдер саны ерлерге қарағанда 105 мың адам немесе 46,4%-ға көп болды және 331,4 мың адамды құрады. әйелдер арасында жұмыссыздық деңгейі 8,2%, ерлер арасында - 6,8% қалыптасты.

Соңғы жылдары  ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі белгіленді. 2008 жылы оның деңгейі 2,8% болып қалыптасты, бұл көрсеткіш 2007 жылға қарағанда 0,5%-ға төмен. Бірақ жұмысты ұзақ мерзім бойы іздеген жұмыссыздар үлесі одан да көп. Өткен жылы 229,4 мың адам бір жылдан аса мерзім ішінде жұмыссыз (кәсіпсіз) жүрген, бұл көрсеткіш олардың жалпы санының 37,3%-ын құрады. Жұмысты бір жыл немесе одан артық уақыт іздеген жұмыссыздар арасында әйелдердің үлесі басым -67%. Ерлер арасында ұзақ мерзімдік жұмыссыздық деңгейі 3,1%, әйелдерді құрады,1 айдан 6 айға дейін жұмыс іздегендер саны 246,7 мың адамды немесе жұмыссыздардың жалпы санының 38,5%-ын құрады, 6 айдан 12 айға дейін тиісінше, 116,1 мың адам және 18,1%. 114,2 мыңнан астам адам бұрын ешқашан жұмыс істемегендер, бұл жұмыссыздардың жалпы санының 18,6%-ы. Жұмыссыз халықтың жартысына жуығы (48,3%) жалданып жұмыс істейтін қызметкерлер ретінде жұмыс іздеуде, олардың 67,5%-ы мемлекеттік ұйымдарда, 24,2%-ы – мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыс істеуді қалайды, 51%-ы – кез-келген жұмыспен айналысуға келіседі.[32]

Кесте 8. Жұмыспен қамтылмау себебі бойынша экономикалық енжар халық, мың адам.[18]

      

 

Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

Экономикалық енжар халық, барлығы

3383,4

3476,9

3493,9

3463,2

3416,2

соның ішінде түрлі себептер бойынша:

         

Оқу (күндізгі бөлім)

1259,8

1299,4

1325,8

1271,3

1252,4

Үй шаруашылығын енгізу

175,6

206,9

202,6

199,1

195,3

Зейнетке шығу

1425,1

1446,0

1430,9

1440,2

1436,1

Денсаулық жағдайы бойынша (мүгедектікке байланысты жұмысқа жарамсыз)

 

249,6

 

244,9

 

251,5

 

250,8

 

247,2

Басқа да себептер

273,3

279,7

283,1

301

285,2


 

2008 жылы 15 жас және одан асқан экономикалық тұрғыдан енжар халық саны 3,4 млн. адам болды, оның ішінде ерлер – 1,3 млн. адам (38,1%), әйелдер – 2,1 млн. адам (61,9%). Экономикалық тұрғыдан енжар халық арасында негізгі үлесті зейнеткерлер – 42% және күндізгі оқу бөлімінде оқитындар – 36,7% құрайды. Денсаулық жағдайы немесе мүгедектік және еңбекке қабілетсіздік себебі бойынша 7,2%-ы белсенді емес болды, ал 5,7%-ы – үй шаруашылығын жүргізумен айналысатындар. Жұмыссыздардың басым бөлігі бұрын экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс істеген және олардың тек бір бөлігі ғана оқуды аяқтағаннан кейін жұмыс таба алмағандар. 2005 жылы 501 мың жұмыссыздардың немесе 78,2%-ның еңбек тәжірибесі болған. Олардың негізгі үлесі (21,7%) ауыл шаруашылығында жұмыс істеген, ал сауда саласында табысы бар жұмыс 14% - жұмыссыздарда болған, өнеркәсіпте - 10%, құрылыста – 7,3%, көлік және байланыста – 5,4%, білім беруде – 5,2%. Бірқатар жұмыссыз ерлер санын бұрын аграрлық секторда, құрылыста, көлік пен байланыста жұмыс істеген тұлғалармен, ал әйелдер қатары-денсаулық сақтауда, білім беруде, сауда саласында.

Қазақстандағы  жұмыссыздықтың   өсуін  тежеп  отырған  фактор:  ол жаңа  немесе  экономиканың  бұрынғы   секторларының  қарқынды  дамуынан  жаңа  жұмыс  орындарының  пайда  болуы.  Бұл  мемлекет  өзінің  бұрын  бар  болған  көптеген  функцияларын  өзінен  аударғанымен  мемлекеттік  аппарат  санының  өсуі,  банктер  және  т.б.  қаржы  институттарының,  салық  және  кеден  органдарының  жұмыскерлер  саны  өсті.  Заң  базасының  күрделенуі  заңгерлерге  сұранысты  өсірді,  жылдан  жылға  ішкі  істер  органдары,  жеке  күзет  қызметтері  кеңеюде.

 

Кесте 9. ҚР-ның аймақтары бойынша жұмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі.[18]

                                                                                    

Атауы

Жұмыссыздар саны, мың адам

Жұмыссыздық деңгейі, пайыз

Жылдар

2002

2003

2004

2005

2006

2004

2005

2006

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Қазақстан Республикасы

906,4

780,3

658,8

640,7

625,4

8,4

8,1

7,8

Ақмола 

52,4

47,2

38,3

37,4

36,5

9,2

8,9

8,6

Актөбе

43,5

41,3

34,5

34,3

32,5

9,4

9,2

8,5

Алматы

93,8

74,0

62,3

59,0

57,7

7,8

7,3

7,1

Атырау

32,4

27,5

21,0

21,0

19,8

9,3

9,1

8,4

Шығыс Казакстан

61,4

55,9

29,3

28,7

27,6

9,2

9,0

8,6

Жамбыл

61,8

60,9

50,4

48,7

46,9

10,2

9,8

9,2

Батыс Қазақстан

23,0

40,8

53,7

51,4

51,1

7,4

7,0

6,9

Қарағанды

96,6

66,2

46,8

45,4

43,3

8,5

8,2

7,8

Қостанай

64,5

58,2

30,3

29,4

27,9

10,2

9,7

9,3

Қызылорда

37,2

36,0

17,9

18,3

17,7

9,8

9,7

9,3

Маңғыстау

21,0

15,4

78,7

75,5

75,8

7,8

7,5

7,2

Павлодар

57,0

41,4

31,6

30,5

30,2

7,7

7,6

7,4

Солтүстік Қазақстан

45,2

39,1

32,6

31,2

28,6

8,1

7,9

7,2

Оңтүстік Қазақстан

118,6

97,3

54,5

53,6

52,4

7,2

7,1

6,9

Астана қаласы

22,5

18,3

24,1

24,0

24,3

8,3

8,2

8,0

Алматы Қаласы

75,5

60,0

52,7

52,2

52,9

8,8

8,4

8,2


 

Облыстар  бойынша халықтың ақшалай табыстарының елеулі айырмашылықтары бар. Мысалы : мұнай өнеркәсіпті облыстар мен  ауылшаруашылықты облыстар арасында ақшалай  табыстарының айырмашылығы 18 есе. Сондай-ақ облыстар ішіндегі табыс дифференциациясы да өте үлкен.                                                                

 

 

 

 

Диаграмма 3. ҚР-ның  2008 жылдың 4 тоқсандағы жұмыспен қамтылған халықтың құрылымы. [19]

 

Аймақтар  жұмыспен қамтылу деңгейлері бойынша  да ерекшеле-неді.Аймақтардағы жұмыс күшіне сұраныстың төмендеуі олардың әлеуметтік- экономикалық дамуының ерекшеліктерімен анықталады. Сондай-ақ жұмыс күші сұранысына мынандай факторлар әсер етуі мүмкін: құрылымдық қайта құру қарқындары, өндірістің техникалық жабдықталуы және т.б. факторлар.

        Халықтың өмір сүру деңгейінің әлеуетін және шынайы қорын анықтауда экономикалық белсенділік маңызды фактор. Ал халықты жұмыспен қамту қашанда әлеуметтік саясаттың негізі десек, 2008 жылдағы халықты жұмыспен қамту саясаты, жылдағыдай жұмыссыздық деңгейінің төмендеуіне және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдауға бағытталғанын айтқан жөн. Облыстық мәслихат шешімімен 2007 жылдың 12 желтоқсанында бекітілген өңірдегі халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіруге бағытталған 2008-2010 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2008 жылға арналған жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстар, кәсіби оқытуларды ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс орындарын құру жоспарларының толық орындалуы нәтижесінде көптеген мәселелердің тиянағы келтірілді.

 

 

Диаграмма 4. ҚР – ның 2008 жылдың 4 тоқсандағы экономикалық тұрғыдан белсеңді халықтың құрылымы.[18]

 

Төртінші  диаграммада көрсетілгендей ҚР-ның 2008 жылдағы 4 тоқсандағы экономикалық тұрғыдан белсеңді халықтың құрылымын аймаққа бөліп қарағанда, Оңтүстік Қазақстанда экономикалық белсеңді халықтың жалпы санының 13,3%, Алматы облысына- 10,2%, Шығыс Қазақстан- 9,1%, Қарағандыға- 8,6%, Алматы қаласына- 8,4% тиесілі.

        Облыста өткен жылы 18 650 тұрақты жұмыс орындары іске қосылып, жұмыссыз ретінде тіркелген 20 091 адамның 18 416-сы жұмыспен қамтылды.

        Негізінен жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасу деңгейі бұрынғы жылмен салыстырғанда 91,0 пайыздан 91,7 пайызға өсіп, жұмыссыздық деңгейі 6,7 пайыздан 6,4 пайызға төмендесе, тіркелген жұмыссыздар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 0,3 пайызды құрады. Демек, бұл істе біршама алға басқандық байқалады.

        Аймақтарға экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайда әкелетін, сонымен қатар, арнайы білімі жоқ тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін қоғамдық жұмыстарға жыл сайын жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтардың 10 мыңнан астамы қатысады. Ақылы қоғамдық жұмыстардың 2008 жылы 50 түрі бойынша 10 107 жұмыссыз жіберілді, ал кәсіби даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға жіберілгендер саны 109 пайызға өсіп, 3270-ке жеткені де көп істің түйінін тарқатты.

        Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне жүгінетін халықтың дені (55,7 пайыз) әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар болып табылады. Халықтың бұл тобы әлеуметтік қолдаудың барлық түрлеріне басымдықты ие екені де белгілі. Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар үшін 2008 жылы 453 әлеуметтік жұмыс орындары құрылып, аталған бағдарламалық көрсеткіштің 129,4 пайызын құрағанын да айтуға тиіспіз.

        Жұмыссыздардың жұмысқа орналасуына ықпал ету және жұмыс берушілерге кадрлық әлеуетті қалыптастыруға көмек көрсету мақсатында облыс бойынша жоспарланған 22 жәрмеңке нәтижелі болып, өткен жылдың 27 наурызында “Нұр Отан” ХДП облыстық филиалының басшылығымен өткен “Таңдай білсең, мамандықтың бәрі жақсы” атты бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде өздеріне лайықты жұмыс табуға тілек білдірген жақын орналасқан аудандардың жастары шақырылып, 316 адам жұмысқа жолдама алды. Жұмыссыз азаматтардың ішінен қоғамдық жұмыстарға 67 адам, кәсіптік оқуға 38 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына ондаған адам жіберіліп, әлеуметтік мәселелері оң шешілді.

        Қоғамның әлжуаз топтарын қолдау бағытында облыста атқарылған істер аз емес. Әлеуметтік көмектің әр түрін облыс бойынша өткен жылы 222 мыңнан астам адам 3,4 млрд. теңге көлемінде алды, яғни 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда қаржы мөлшері 1 млрд. 200 млн. теңгеге өскен. Алайда, 2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы дағдарысы бүгінгі күнде әлеуметтік саладағы жетістіктерге көлеңке түсіріп, еліміздің еңбек рыногында тұрақсыздық тудырғаны баршаға аян. Облыс экономикасы мен қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары қабылданып, жаппай жұмыссыздықтың алдын алу және жұмыспен қамту деңгейін тұрақтандыруға бағытталған нақты міндеттер белгіленді. Сонымен қатар еңбек рыногын тұрақтандыру мәселелерін шұғыл қарастыру жөнінде жұмыс тобы құрылып, республикалық жұмыс тобына деректерді шұғыл түрде жинақтау мақсатында салалық басқармаларға нақты тапсырмалар беріліп, тиянақты жұмыстар жалғасын табуда.

        Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты шаралардың бірі – жергілікті атқарушы органдар мен жұмыс берушілердің арасында жұмыскерлердің еңбек құқығы мен кепілдігін сақтау туралы меморандумдарға қол жеткізу болса, бүгінгі күнге облыстағы 71 ірі кәсіпорынның 53-імен, ал аудан және қала деңгейіндегі орта кәсіпорындардың 163-мен меморандум қабылданып, маңызды мәселе жалғасын табуда. Қазіргі әлемдік қаржы дағдарысы кезеңінде, бұл әлеуметтік-экономикалық мәселелердің тетігін табудағы игі істердің бірі болса, өткен жылы 14 ауданда әлеуметтік жобаларды іске асырған кәсіпорындармен 1 млрд. 123 млн. теңге көлеміндегі 113 меморандум қабылданғанын атап айтқан жөн.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде