Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

        Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау мәселелері эконгомика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, ішкі саясат, денсаулық, білім беру департаменттері мен, басқа да қалалық қызметтермен, аудан әкімдіктерімен, жұмыс берушілермен, үкіметтік емес ұйымдармен, ардагерлер және басқа да ұйымдармен, саяси партия өкілдері мен халықтың әртүрлі топтарымен өзара тығыз байланыста шешілетін болады. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғаудағы мәселелерге ақпараттық қолдауды бұқаралық ақпарат өкілдері қамтамысыз етеді.

        Жоспарланған іс-шаралардың кешенділігі барлық бағыттағы іс-әрекеттерді жоғары деңгейде үйлестіруге мүмкіндік береді және оның орындалуы халықтың экономикалық белсенді тобынан 7,7-7,8% жұмыссыздықтың жалпы деңгейін сақтауға ықпал етеді. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,5%  мөлшерінде сақталады.

        Күнкөріс деңгейінің ең төменгі сатысында тұратын азаматтар саны азаяды және олардың саны жалпы халықтың санынан 3,0% -дан артық аспайды, көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасы көтеріледі.

Қорыта  келсек, Алматы ең ірі мегаполис  болғандықтан, бұндағы жұмыссыздық  деңгейі де жоғары болып табылады. Және бұл жағдайды жақсарту үшін әлемнің жетекші елдерінің тәжірибелеріне жүгінсек, онда еңбек нарығына мемлекеттік қызметтен басқа да жоғары білікті мамандарды, жастарды жұмысқа орналастыруда көптеген мемлекеттік емес фирмалар мен ұйымдар да атсалысады. Біздің елде мұндай жүйе енді-енді қалыптасуда, сондықтан да мемлекет тарапынан қолдауды қажет етеді.Жұмыспен қамту қызметінің жұмысын оңтайландыру мақсатында қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, кәсіби бағдар, қайта оқыту, жаңа жұмыс орындарын ашу салаларындағы өз өкілеттіктерін келісім шарттар жағдайында меншіктің түрлі формаларындағы субъектілерге беру де орынды.

3. ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі

Жұмыссыздықтан  әлеуметтік сақтандыру жүйесі шетелдерде кешірек дамыды. Нарықтық экономикада негізгі дамыған мемлекеттің бірі бола тұра Германияда әлеуметтік сақтандыру жүйесі 1884- жылдары ғана дамыған.

Жұмыссыздықтан  әлеуметтік сақтандыру жүйесінің аспектілерінің тарихи дамуын талдайтын болса, ол өзінің дамуын тек ХХ ғасырдың басында ғана беталған. Бұл жүйені тұрақты заңдастырған ең  алғашқы мемлекет – Франция болып есептелінеді. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан сақтандыру заңы мемлекетте 1905 жылы қабылданған.

Содан кейін 1907 жылы Данияда дами бастады. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесі алғашында жеке және міндетті түрде дамыды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономиканың дағдарысқа ұшырауы еңбек нарығындағы азаматтардың жұмыстарынан айырылуға әкеліп соқтырды. Бұл жүйе нақтырақ мемлекеттік деңгейде қабылданған елдерде толығырақ іске асырылды.Мұндай жүйе міндетті түрде Европпа елдерінде дамыған. (Нидерландия -1916ж , Австрия, Испания – 1919ж).

Негізінен жұмыспен қамту және жұмыссыздық жүйелері үлкен экономикалық дағдарыстардан кейін алға қойылды.

Европа  мемлекеттерінде оның негізгі дамуы  бірінші дүниежүзілік соғыс және оның салдарынан болған дағдарыстарға тәуелді болса, ал дамыған мемлекет, АҚШ – та Ұлы депрессиядан кейін, 30- жылдары дамыды. АҚШ –та жұмыспен қамту туралы 1- заңнама федералды деңгейде 1935 жылы ,ал штатық деңгейде, 1932 – 1937 жылдары қабылданды. 1940 жылы Канадада дами бастады.

Азия  елдерінің ішінен, Жапонияны бөліп  көрсетуге болады. Жапонияда жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің дамуы, айтарлықтай дамыған. 20 жылдардың ұлы депрессия жағдайларынан кейін, әлеуметтік сферада көптеген проблемаларға әкеп соқтырды, яғни, жұмыспен қамту саласына да кері әсерін тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жұмыс орындарынан ажырап, жұмыссыз азаматтар саны көбейді. Жұмыссыздық - қауіп тудыратын, экономикалық, әлеуметтік проблемаға айналды. Сондықтан да жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру қажеттілігі туды. 1947 жылы Жапонияда «Жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру» заңы қабылданды. Жұмыс істейтін азаматтарды жұмыссыздықтан сақтандыру әлеуметтік жүйенің негізгі бір этапы болып  90-жылдар болып есептелінеді.

Нарыққа өту кезіндегі көптеген Республикаларда  жұмыспен қамту заңдары қабылдана  бастады , оның ішінде жұмыссыз азаматтарға  жәрдемақы төлеу, олардың білімін  жетілдіру, қайта оқыту керектігі  айтылған. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесін талқылай келе, келесілерді атап көрсетуге болады. Бұл проблема көптеген елдерде, олардың экономикалық кезеңдерінде бет алып, дамығанын айтады.

Жүйенің дамуын 4- негізгі кезеңге бөлуге болады.

  1. Бірінші дүниежүзілік кезең және одан кейінгі дағдарыс (Европа мемлекеттері)
  2. 30 -жылдардағы Ұлы депрессия жылдары (АҚШ, Канада)
  3. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең  ( Жапония)
  4. 90–жылдардағы КСРО мемлекеттерінің нарықтық экономикаға өтуі.

Әлемдік тәжірибе дәлелдегендей, жұмыссыздықтан сақтандыру жүесінде түрлі мемлекеттерде  қаржылық қамтамассыз етуі, әртүрлі  болып келеді.

Дания мен  Финляндияда жұмыскерлердің жарнасы, басқа да жарналармен қатар жүреді. Көптеген мемлекеттерде жұмыссыздықтан сақтандыру жалақы қорынан есептелінеді, ал оның шығындарын мемлекеттік бюджет жауып отырады. Жұмыссыздықтан сақтандыру құралдарының ставкасы түрлі елдерде бірдей    емес. Мәселен, Жапонияда – 55%, Ирландияда- 77.5% , АҚШ-та жұмыспен қамту мақсатындағы ынталандыру жарналары мөлшерінен  0.8% құрайды.

Бүкіл шетел  мемлекеттерінде жұмысыздық кезеңге  дейін жәрдемақы тағайындалады. Жәрдемақының мөлшері және оның қағидалары түрліше болып келеді. АҚШ та, Канадада, Жапонияда жәрдемақыға  жоғарғы деңгей тағайындалған, яғни, 80%-ды құрайды. Германияда жәрдемақы  мөлшері – 63%-ды құрайды. Нидерландияда  – 70%, Австрияда -40 тан 80%, Ұлыбританияда  – 61%.

Германияда, Жапонияда, Францияда жәрдамақы  төлеудің максималды ұзақтығы жұмысшының еңбек стажына, жасына тәуелді болса, ал АҚШ пен Канадада мемлекеттегі жұмыссыздықтың деңгейіне байланысты болады. Жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру әртурлі мемлекетте өзіндік ерекшеліктері бар. Сол елдерге толығырақ тақталып өтейін.

 Жапония. Экономикалық әдебиттерде талқыланғандай соғыстан кейінгі кезеңмен 90 жылдарға дейінгі кезең Жапонияда басқа мемлекеттерге қарағанда артық жұмыс орындарында жұмыс күшін қысқарту кең етек алатын. Әлемдік жұмыспен қамту концепциясына жүгінсек экономикалық дағдарыс кезеңіндегі көптеген Жапондық корпарациялар жұмыс күшін қысқартуын барынша азайтты.

Жапондық  менталитеті бойынша- ұйымшылдық, яғни жұмыс күшін қайта даярлау  шығындарын қысқарту әдісін қолданады. Түрлі экономикалық дағдарыс кезеңінде  дәстүрлі түрде әйел адамдарды жұмыстан шығарған. Басқа мемлекеттерге қарағанда Жапондық жұмыссыздық деңгейін тепе-теңдікке  ұстап отырды. 90 жылдары экономмикалық дағдарыс кезеңде Жапонияда өмірлік жолдама жүйесінің шайқалуына әкелді. Жұмыссыздық деңгейінің көтерілуіне септігін тигізді. Жапонияда жұмыссыздықтан  әлеуметтік сақтандыру жүйесі төрт жүйенің бірі болып табылады. Яғни ол өзіне медициналық қатерлі жағдайдан сақтандыру, зейнетақылық қамсыздандыру және де жұмыспен қамту болып табылады. Жапонияда жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыспен қамту сферасындағы белсенді саясатқа  қазіргі талаптарға сай   жауап қайтарады. Оның негізгі мақсаты- жұмыссыздықтың алдын - алу, еңбек нарығында белсенді саясат жүргізу. Осының негізінде жүйе келесілерге бағытталады:

  1. Кадрларды оқыту және қайта оқыту жүйесінің қазіргі заманға сәйкестігі. Жұмыскерлердің қабілеттіліктерін кәсіби түрде дамыту;
  2. өндірістік- тұрмыстық ортада жұмыскерлерге түрлі жақсарту жолдарын жетілдіру.

Жұмыссыздарға жәрдемақы төлеу негізгі 3 бағытта  жүргізіледі:

  1. материалдық;
  2. еңбекке тұруға байланысты;
  3. тұрақты жұмыс орнын табуға байланысты.
  4. Материалдық  жәрдемақы

Аяқ асты жұмысынан айырылып қалуына байланысты беріледі.

Күнделікті  жәрдемақы минималды жәрдемақының  мөлшері 60 тан- 80%  құрайды.

Кесте 10 .Жұмыссыздарға төленетін жәрдемақы көлемінің ұзақтығы, күндер

а) тұрақты  жұмыс орындарында істейтін жұмыскерлерге

 

Жасы

Қамсыздандыру кезеңінің ұзақтығы

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жыл-ға дейін

10 жылдан жоғары

30 жастан төмен

90

90

180

30 жастан 45 жасқа дейін

90

180

210

45 жастан 55 жасқа дейін

180

210

240

55 жастан 65 жасқа дейін

210

240

300

Жұмысқа орналасуда қиыншылықтары бар  азаматтар (мүгедектер)

55 жастан төмен

240

240

240

55 жастан 60 жасқа  дейін

300

300

300

Түпдерек: ТМД елдерінің «халықаралық салыстырмалы» статистикалық агенттігі 


 

Кесте 10. ә) уақытша  жұмыс орындағы жұмыскерлер

        

Жасы

Қамсыздандыру кезеңінің ұзақтығы

1 жылдан 5 жылға дейін

5 жылдан 10 жыл-ға дейін

10 жылдан жоғары

1

2

3

4

30 жастан төмен

90

90

180

30 жастан 45 жасқа дейін

90

180

180

45 жастан 55 жасқа дейін 

180

180

210

55 жастан 65 жасқа дейін

180

180

180

10 кестенің жалғасы

1

2

3

4

Жұмысқа орналасуда қиыншылықтары бар  азаматтар (мүгедектер)

55 жастан төмен

180

180

180

55 жастан 60 жасқа  дейін

210

210

210

Түпдерек: ТМД елдерінің «халықаралық салыстырмалы» статистикалық агенттігі


 

Жұмыссыздарға әлеуметтік жәрдемақы төлеу, сақтау мерзімі мен жасына тәуелді. 30 жасқа дейінгі жұмыссыздарға жалақы төлеудің минималды күні  90 болса, 55-тен 60 жасқа дейінгі азаматтарға 300 күн болып есептелінеді. Себебі, 30 жасқа дейінгі азаматтар, жұмысқа қабілетті болып саналады.

Швеция. Швеция Австриямен қатар, жұмыссыздықтың деңгейі әлдеқайда төмен болып есептелінетін мемлекеттер қатарына креді. Негізінен бұл мемлекеттегі еңбек нарығының қалыптасуына  тәуелді болып келеді.

Қазақстан мен Ресей экономисттерінің пайымдауынша, жұмыспен қамту саласында Шведтік  модель белсенді мемлекеттік саясат жүргізеді, нәтижесінде бұл мемлекетте жұмыссыздық деңгейі төмен.

Еңбек нарығына бағытталған негізгі саясат –  жұмыссыздықтың қатерін алдын-алу. Түгелдей жұмыспен қамтылуға қол  жеткізу келесі шаралармен жүзеге асырылады.

  1. Фискалдық саясатың шектеулі түрде жүргізілуі, жалақының берілу негіздері.
  2. Ынтымақтастық саясатының орындалуы, еңбек ақының дұрыс берілуі.
  3. Еңбек нарығында бәсекеге қабілетсіз жұмыс орындарын, жұмыскерлерді  қолдау негізінде белсеңді саясат жүргізу.
  4. Әлеуметтік жағдайларды қамтамассыз ететін экономиканың түрлі секторларындағы азаматтарды жұмыспен қамтуды қалыптастыру.

Жоғарыда  аталған шараларды қаржыландыру еңбек нарығында мемлекетпен  реттеледі. Яғни, келесі бағыттарда:

  1. Жұмыс іздеп жүргендерді орналастыру
  2. Қажет, жұмыскерлер талап етілетін, жұмыс орындарын ашу, технологиямен жабдықтау.

Жұмыспен қамту саласындағы түрлі жоспарларды өңдеу ұлттық, аудандық және жергілікті деңгейде құрылады, оған кәсіпкерлер мекемелердің бірігуі қажет.

Швецияның еңбек нарығы белсенді саясатты, жұмыспен қамту және қайта даярлау шығындарын қаржыландырумен айналысады. Жұмыссыздықпен күресудегі белсенді шаралар шағын  және отбасылық кәсіпкерлікке қолдау көрсету, мемлекеттік субсидиялар мен несиелерге максималды түрде кепілдік беру, осының негізінде бастапқы капитал кәсіпкерлердің 80%-мен қамтамассыз етілді.

Атап  өткеніміздей, мемлекетте фискалды саясат пен ынтымақтастық саясаты жүргізіледі. Негізгі фактор болып, Швецияның еңбек нарығын тұрақтандыру, мекемелерде дағдарыс болған жағдайларға байланысты әлеуметтік сақтандыру қорларын жетілдіру.

   Франция. Францияда жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру жүйесі 1958 жылы 31 желтоқсанда «Еңбек туралы заңы»қабылданды. Француздық жүйе жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы келісімшартқа тәуелді. Заң, келісілген шарттардың негізгі қағидаларын атап көрсетеді. Шарт өзіндік құқықтық күшке ие. Ол келісім формасында өңделеді. Шарт Францияның әлеуметтік жұмыстар және Еңбек Министірімен бекітіледі. Францияда жұмыссыздыққа жәрдемақы – сақтандыру және ынтымақтастық тәртібімен беріледі. Егер сақтандыруды басқару тәртібі  еңбек нарығында  - жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер болса, ынтымақтастық тәртібінде – тек 1 ғана мемлекет болып табылады. Сол сияқты әлеуметтік сақтандыру тәртібінде жұмысшы мен жұмыс беруші жарналарынан болса, ынтымақтастықта - мемлекетік бюджеттен төленетін салық есебінен жүргізеді. Егер де әлеуметтік сақтандыру режимінде  жәрдамақыны жалдамалы жұмыскерлер ала-алатын болса, ынтымақтастық режимінде – бұрынғы әскери қызметтегілер, сотталғандар , жұмыссыздар, жұмыс таба алмай жүргендер.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде