Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа
бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.
КІРІСПЕ
1.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Өнеркәсіп
жене ауылшаруашылық объектілерінің аумақтық
әркелкі орналасулары, бірқатар аймақтарда
халықтың ықшам қоныстанулары еңбек
ресуртарында әр түрлі қажеттіліктерді
туындатады. Қазақстан халқының жұмыспен
қамтылу проблемасы мынадай ерекшеліктермен
сипатталады халықтың ұдайы өсіп-өнуі
негізінен ауылдық жерлерде шоғырланған,
ал қажеттілік қалалар мен өнеркәсіп
инфрақұрылымы дамыған
Жұмыспен қамтылған халықтың салалық құрылымында да сондай-ақ елеулі өзгерістер байқалды. Мәселен, 2008 жылы құрылыста жұмыс істейтіндер саны 2004 жылмен салыстырғанда 4 есеге жуық, өнеркәсіпте-негізінен өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар санының елеулі қысқаруының есебінен 2 есеге, денсаулық сақтау саласында 1.6 есеге азайды. Сонымен қатар осы кезең аралығында саудада жұмыс істейтіндер саны– 1,5 есеге, ауылшаруашылығында – 1,4 есеге өсті, оған шаруа және жеке аула қожалықтар санының ұлғаюы себеп болады.
Көлем санаты жағынан екінші орындағы даму үрдісі – халықтың өздігінен жұмыспен қамтылуы соңғы 3 жылдың ішінде құбылмалы болды. Бұл орайда олардың есептеу әдісі жетілддірілмеген, сондықтан өздігінен жұмыспен қамтылғандардың кейбір бөліктері жұмыссыздар қатарына есептелулері мүмкін.
Жастар жұмысқа орналасуға байланысты ең осал топ болып табылады, осы себептен олар кедейшіліке де бейім. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың жоғары деңгейіне және толық жұмыспен қамтылмауға, әсіресе ауылдық жерлерде көп кездесетін жұмыссыздыққа ұшырататын әлеуметтік және экономикалық проблемалармен олар бетпе-бет кездесті. Жастар халықтың ішінде еңбек нарығында әлсіз бәсекеге қабілеттілікті тудыратын санатқа, топқа жатады. Жастардың еңбек нарығындағы жағдайының ерекшелігі олар күшті энергетикаға ие болып, тезірек өзін өзі көрсетуге, өмірден өз орнын табуға ұмтылуымен қатар кәсіби білімінің жетіспеушілігіне қарай, қажетті мамандандырылған және еңбек дағдыларының жоқтығына қарай жұмыс күшінің ең әлсіз тобына жататындығы. Кез келген қысқартулар кезінде жұмыс берушілер тәжірибелі, мамандандырылған жұмысшы кадрларды сақтап қалып, жастарды қысқартуға тырысады. Сонымен қатар,жастардың жартысы жұмысты оқумен қатар бірге жүргізгісі келеді, бұл да жұмыс берушіге қосымша қиындықтар туғызады.Жастардың әйелдер жағы еңбек нарығында өздерінің физиологиялық ерекшеліктеріне қарай кейбір еңбек салаларында әйел күшін қолдану мүмкіндігі жоқтығына байланысты ғана емес, сондай ақ әйелдердің ер адамдарға қарағанда жұмыс берушілерге үлкен әлеуметтік жүк болуына да байланысты (декреттік байланыстар, баланы күтуге байланысты дәрігерлік қағаздар және т.б.) одан да төмен бәсекеге қабілетті болып келеді.
Жұмыссыз жастардың 1/3 бөлігі мектептің, КТУ, орта арнайы оқу орындары мен жоғары оқу орындарының түлектері. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, түлектердің барлық типтегі оқу орындарынан алған мамандықтарының жартысына жуығы еңбек нарығында қажетсіз болып қалады екен. 2004 жылдың 9 айының ішінде жоғарғы оқу орындарының халықты еңбекке тарту орталықтарына тіркеуге тұрған түлектерінің тек 1,7% ғана жұмыс тапқан.
Жас жұмысшыларға
деген сұраныс республика бойынша
жұмысқа орналасқысы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол дамушы елдердегі сияқты демографиялық факторларға (туудың жоғарылауы, еңбекке қабілетті жастардың жоғарғы үлесі) байланысты туындаған жоқ (дегенмен, аймақтық деңгейде республиканың оңтүстік аудандарында бұл фактор орын алған), немесе қазіргі дамыған елдердегідей еңбек нарығында мамандандырылған ересек адамдармен бәсекеге түсумен байланысты болған жоқ(дегенмен бұл факторды толықтай алып тастауға да болмайды).
Жастар жұмыссыздығы, егер ол ауқымды сипатта болса және уақытына қарай ұзақ болса, қоғам үшін де, ең жас жұмыссыздың жеке басы үшін де біршама теріс зардап әкеледі.
Жастар жұмыссыздығының басты теріс салдарына еңбекке қабілетті, энергияға толы, жұмыс істегісі келетін азаматтардың жұмыссыз жағдайы, яғни шығарылмаған өнім жатады. Кейбір экономистердің ойынша, жұмыссыздықтың шынайы деңгейінің 1% толық жұмысбастылық жағдайындағы жұмыссыздық деңгейіне көтерілуі ұлттық жалпы өнімнің шынайы ауқымы потенциалды ВНП ден 2,5% есе артта қалып қояды. Өндірісі дамыған елдер жұмыссыздықтың экокномика үшін залалды салдары бар екенін баяғыда ақ мойындаған. Мысалы, АҚШ - та есептелгендей әрбір қосымша жұмыссыздық пайызы өскен сайын жұмыссыздыққа байланысты проблеманы шешуге арналған федеральдық бюджеттің 25-30 млрд. долларға өседі.
Жұмыссыздықтан туған экономикалық шығындар ең бірінші жұмыссыздардың өз бастарына түседі. Осыған байланысты жоғалтқан еңбекақының орнын жұмыссыздыққа байланысты алынатын жәрдем ақшаны беру дәрежесі өте маңызды: орнын толтыру дәрежесі төмен болған сайын материалдық жағдай соншалықты төмендейді, жұмыссыз бен оның отбасының өмір сүру деңгейі құлдырай түседі. Қазақстан Республикасында орнын толтыру дәрежесі бұрынғы жұмыс орнындағы еңбек ақысының мөлшеріне байланысты емес, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген азаматтардың ішінен жұмыссыздарға мемлекеттік адрестік әлеуметтік көмек көрсету ғана қарастырылған.
Жұмыссыздық
ауыр әлеуметтік салдарларды да туғызады.
Ол ең алдымен әлеуметтік теңсіздікті
дамытады, жұмыссыздар қатарына кірген
жұмысшының әлеуметтік мәртебесін өзгертеді,
оны еңбек етуге мүмкіндігі жоқ
және өмір сүруге қажетті қаржыдан
айырылған тұлғаға айналдырады.
Әсәресе ұзақ уақыттық жұмыссыздық
адамның болашаққа деген
Көптеген
жас жұмыссыздардың алдында күрделі
әлеуметтік психологиялық проблемалар
да туындайды. Зерттеушілердің айтуынша,
жұмыссыздықтың теріс салдарының ішінде
өзін өзі нашар сезінуі, теріс
эмоционалды жағдайлар (депрессия,
апатия, өзіне деген төмен баға
беру), алкоголизм, өзін өзі өлтірудің
көбеюі орын алған. Жұмыссыздық және
ауыру мен өлім деңгейі арасында
байланыс байқалған. Американдық зерттеуші
М. Аргайлдың келтірген
Жұмыссыздықтың делинквентті нысандарымен байланысы да анықталған. Батыс елдерінде тұрақты табыс жоқ тұлғалар жасайтын қылмыстардың өсуі 46% асады. Ресми ресейлік статистика 39%ды (жасырын жұмыссыздықты есепке алмағанда) көрсетеді. Қазақстанның ірі өндірісті облыстарының бірі Қарағанды облысының еңбекпен қа мту қызметтері мынадай мәліметтер келтіреді: 70% қылмысты жұмыссыздар жасайды екен. Әрине сөзсіз қылмыстың көп үлесін жас жұмыссыздар құрайтыны сөзсіз.
Жұмыссыздықтың отбасына, әсіресе әлі де бекімеген жас отбасына тигізетін екі күрделі теріс әсері байқалған. Біріншісі өмір сүру деңгейінің төмендеуі, екіншісі әлеуметтік тонустың және отбасыішілік қатынастардың нашарлауы.
Жасөспірім
балалары бар жұмыссыздар отбасының
өмір сүруінің материалдық жағдайы
осындай отбасыларының өмір жағдайларының
теріс бейімделуіне әкеп соғады да,
олардың көпшілігінің мінез құлықтарында
тірі қалу стратегиясы қалыптасады.
Олар отбасының барлық міндеттерін
орындауға шамалары ккелмейді, ол ең
алдымен баланы әлеуметтіндіру, денсаулығын
сақтау, отбасы мүшелерінің мәдени
рухани қажеттіліктерін
Ерлі зайыптылар жұмыссыздыққа ұшырай отырып бір біріне көп жағдайда бірлік пен өзара түсінушілікті көрсетпейді, сондықтан бұл отбасыларында жиі жанжалдар туады. Батыстың зерттеушілері К.Леана мен Д.Фельдманның айтуынша жұмыссыздардың жұмысшыларға қарағанда отбасынан алшақтауы, оны тастап кетуі немесе өз зайыптарымен айырылысуы 3-4 есе жиі байқалады екен. Дәл осындай тенденция ресейлік мамандардың социологиялық зерттеулерінде де көрінген. Сұралғандардың мойындауынша, жұбайлар арасындағы қатынас және балаларды тәрбиелеуге қатысты проблемалар әрбір екінші отбасында жұмыссыз қалғаннан кейін пайда болған. Мұнда да отбасы ішілік қатынастар қырғи қабақ болып (20%), жұбайлар мен балалары арасында бір біріне деген жеккөрініш байқалған (16%), ал отбасылық атмосфера жанжалға айналған ( 11%).
Көптеген облыстар үшін ұзақ
мерзімді жұмыссыздық тән.
Қазақстандағы
шағын және орта кәсіпорындар
жалпы жұмыспен қамтудың 20%-ын
қамтамассыз етеді.
Мемлекеттік
еңбек инспекциясы еңбек
Жұмыспен
қамту саласының негізгі
Жоғарыда мазмұндалған мәселелердің негізінде қазақстандық еңбек рыногының үлгісі , қолданыстағы ең артықшылықты үлгілердің элементтері мен оларды қолдану мүмкіндіктерін, сондай-ақ демографиялық , саяси және әлеуметтік- экономикалық даму ерекшеліктерін ескеру арқылы халықаралық стандарттарға сәйкес қалыптасуы тиіс.
Халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыруды реттеу жүйесі Республикамызда әртүрлі тәсілдермен жүргізіледі. Яғни, «Халықты жұмыспен қамту туралы заңымен» Қазақстан Республикасы заңдарымен реттеледі.
Нарықтық қатынастарға көшуде жұмыспен қамту саласындағы саясат, белсенді және енжар болып екіге бөлінеді.
Белсенді саясат – жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатындағы мемлекеттік басқару мен жүргізілетін, құқықтық, ұйымдық және экономикалық шаралар жиынтығы. Оның жүргзілуі жұмыс іздеп жүрген азматтарды кәсіби оқыту, даярлау негізінде жүргізілген шараларға негізделеді.
Енжар саясат – жұмыссыз азаматтарға жәрдемақы төлеу және жұмыспен қамту қызметтері арқылы жұмыс орындарын табумен ғана шектеледі.1990 жыл 15 желтоқсанда қабылданған «Халықты жұмыспен қамту» заңнамасына сәйкес, халықты жұмыспен қамтудағы белсенді және енжар саясатты қатамассыз етудегі түрлі бағдарламалар, жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік сақтандыру сияқты мәселелерді – мемлекеттік қор қаржыландырады.
Нормативтік
– құқықтық құжаттарға байланысты,
мемлекеттік қордың жұмыспен қамтылуға
жәрдемдесуі келесілер
- Халықты
жұмыспен қамтуды реттеу жүйесінде
қаржылық ресурстардың
Қоғамдық
жұмыстарды қаржыландыру, жергілікті
бюджеттен қаржыландырылады. Қоғамдық
жұмыста істеймін дейтін азаматтармен
2 жақты келісім шарт жасалады.
Қоғамдық жұмыстағы азаматтарға
істеген жұмысының нәтижесіне байланысты,
жалақысы беріледі. Бірақ бұл жалақы,
жұмыссыздарға төленетін
Жұмыссыздарды оқыту, қайта даярлау, кәсіби біліктілігін арттыруды қаржыландыру. Жұмыссыз - деп тіркелген азматтарды, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне сәйкес, арнайы оқу-орындарда оқытылатын болды. Яғни, сол оқу орындарымен, жұмыспен қамту қызметі келісім шартқа тұрады. Бұл шығындарды қаржыландыру - мемлекеттік қормен жүзеге асырылады. Кемінде 12 ай стажы болған жұмыссыз азаматтарға, кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау кезеңінде жалақының 100% - ы негізінде стипендия төленеді.