Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

        Кезеңдік  жұмыссыздық   өндірістің  құлдырауы,  экономикалық дағдарыс-тар  кезінде,  кәсіпорындар    жаппай  күйзеліске  ұшырайтын,  жұмыспен  қамтылғандар  саны  көптеп  қысқаратын  жағдайларда  пайда  болады.

Жұмыс істемейтіндер  құрылымы да біркелкі болмайды. Олардың  ішінде ұзақ уақыт бойы жұмыс таба алмай, күдер үзіп еңбек нарығынан  біржолата кеткендер болады. Сонымен  қатар еңбекке қабілеті бар, бірақ  жұмысқа ықыласы жоқ, жұмыс істемеуді  тұрмыс қалпы ретінде қалайтын адамдар  болады. Мұндай жағдай, әдетте еңбектен тыс табысы бар адамдар арасында жиі кездеседі.

Осы сөз  болған екі топты жұмыс істемейтін адамдар қатарынан алсақ, нәтижесінде  көптеген жұмыссыз жүрген адамдар санына шағамыз. Негізінен, белсене жұмыс  іздеп жүрген осылар еңбек нарығында  жұмыс күші ұсынысының жиынтығын  құрайды.

Толық жұмыссыздар екі бөліктен тұрады:

- жұмыстан босағандар. Жұмыстан айырылған соң еңбек нарығына жұмыс іздеп келеді;

- алғашқы рет еңбек нарығына келгендер. Әр түрлі оқу орындарын бітіргендер және түрлі себеппен бұрын еңбек нарығына шықпағандар (мысалы, үй шаруасында болған әйелдер).

Жұмыссыздықтың  амалсыз және еркін екі түрі бар. Амалсыз жұмыссыздықта адам берілген жалақы деңгейінде жұмыс істегісі келеді, бірақ жұмыс табылмайды. Еркін жұмыссыздықта (кейде күту жұмыссыздығы деп аталады) адам жұмыс таба алар еді, бірақ жұмыс істемегенді қалап, айлығы, ұсынылған жалақыдан жоғары жұмыс орнын іздеуді жалғастырады.

Көріну  сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық  түрін ажыратады. Бұған берілген уақыт кезінде экономикалық белсенді халық санына кірмейтін адамдар  жатады, бірақ олар егер де ұсынылған  жұмыс қолайлы келсе, жұмыс күші қатарына қосылуға даяр.

Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық  көкейтесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек  қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде  үзбеген (осы себепті жұмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн, апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар  жатады. Ал, халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды. Сондай-ақ, қазір бір  бос орынға үміткер саны барған сайын  өсіп жатыр, осы себептен жұмысшылар арасындағы бәсекелестік күшеюде.Бос  орын - жұмыс берушiдегi бос жұмыс  орны (қызмет).Ұзаққа созылған жұмыссыздық - 12 және одан да көп айға созылған жұмыссыздық.

Құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл экономика толық жұмылды-рылған деңгейде болатын жұмыссыздық болып табылады. Құрылымдық немесе фрикциондық жұмыссыздық еңбек базары құрылымынан туындайды, яғни экономикадағы жұмыс орындары сипаттамасымен, жұмысшылар мен фирмалардың мінез-құлқына ықпал ететін жұмыссыздыққа көмек сияқты әлеуметтік дәстүрлер және еңбек базары институттарынан туындайды.

Экономисттер “құрылымдық” терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылымын өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немесе мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толық жауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелері нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады.

Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп отырады. Құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс  орнына орналасуы үшін арнайы оқұ  курсын өту керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді болып  келеді, сондықтан да ол қауіпті  болып келеді.

Құрылымдық  жұмыссыздық дәрежесі жалпылама  жұмыссыздық дәрежесімен бірдей болады.

Циклдық жұмыссыздық дегеніміз – бұл құрылымдық жұмыссыздықты басып озатын жұмыссыздық болып табылады. Яғни ол келесі түлек толық жұмылдырылған түлек дәрежесінен төмен болған жағдайда пайда болады.

Циклдік жұмыссыздық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық  шығындардың жетіспеушілігімен  сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық  сұраныс азайғанда, жұмысбастылық  төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол  себепті циклдік жұмыссыздықты  кейде “сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық” деп атайды.

Көріну  сипаты жағынан жасырын жұмыссыздық  түрін ажыратады. Қазақстан жағдайында жасырын жұмыссыздық көкейкесті мәселе ретінде қарастырылады. Оған жұмыс істемейтін, бірақ еңбек қатынасын кәсіпорынмен ресми түрде үзбеген (осы себепті жқмыс істеушілер қатарында болып есептелінеді) және мөлшерленген жұмыс уақытында (күн,апта) жартылай жұмыс істейтін адамдар жатады. Ал халықаралық тәжірибеде бұл жәйтті толық жұмыс істемеушілік деп атайды.

Жұмыссыздық әр қоғамда кездесетін құбылыс және тұрғындардың өмір сүру деңгейіне әсер ететін болғандықтан нақты талдауды қажет етеді. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі көптеген мәселелерді тудырады: теңсіздіктің өсуі және адамдардың әлеуметтік жатсынуы, еңбек өнімділігінің төмендеуі  және экономикалық тұрақсыздықтың өсуі, қолданылмайтын адамдық ресурстар, жұмыссыздықтан туындайтын адамдық  ауыртпашылықтар.

Дүние жүзілік  көлемде жұмыссыздықтың өсуіне қатысты  үш түрлі қатынас бар:

  1. Американдық модель: едәуір жұмыс күшіне жұмыс орындарын беру арқылы төмен деңгейдегі табысты бөлу арқылы кедей жұмысшылар тобын құруға тәуекел ету;
  2. Скандинавиялық модель: барлығына бірдей қанағаттандыратын деңгейде  жұмысбастылықты мемлекеттік секторда жұмыс орындарын ашу арқылы кепілдеме беру, инфляциялық қысым көрсету мен мемлекеттік қаржылық құралдардың азаюына тәуекл ету арқылы жүзеге асады;
  3. Европалық модель: экономикалық өсімнің қорын қорын сақтау және қымбат жүйе арқылы жұмыссыздарға жәрдем ақы, жоғары жалақы беру арқылы жұмысы бар адамдардың табысы мен еңбек жағдайын қолдау.

Нарықтық  қайта құрулар қазақстандық қоғамның көптеген салаларына түбірлі әсерін тигізді. Қазақстандағы экономикалық, саяси, әлеуметтік саладағы өзгерістер жұмысбастылық саласына да әсер етті.

Жұмыссыздық адамның жасымен,  білім деңгейімен және елді мекеннің түрімен тығыз  өзара байланысты. Мысалы, социологиялық  зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, жастардың жұмыссыз қалу мүмкіндігі 14 пайыз болса, орта жастағылардың  жұмыссыз қалу мүмкіндігі  8,7 пайыз. Білім деңгейі жоғары топтағы  адамдарда жұмыссыздық деңгейі  төменірек.

Л.Айтымбет жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде  жұмыссыздардың мына топтарын бөліп  көрсетеді:

    1. Енжар күтушілер
    2. жағдайға қарай енжарлар
    3. Енжар қызығушылар
    4. Белсенділер
    5. Өзін өзі ұйымдастырушылар
    6. Түңілушілер.

Қазіргі кезде социологтар жұмыссыздықтың мынадай түрлерін бөліп көрсетеді:

    1. өндірістің дағдарысына, құрылымдық өзгерістерге, жұмыссыздардың жыныстық жастық сипаттамасына, еңбек нарығындағы жұмыскерлердің типтеріне байланысты қалыптасатын ұзақ мерзімді жұмыссыздық;
    2. өзінің еркінен тыс  жұмысынан айырылып қалғандар. Олардың көбі өндірістің қысқарып қалуына және ондағы құрылымдық өзгерістерге  байланысты жұмыс орнынан босатылғандар; олар негізіне тұрақты мамандар тізімінде болған, толық жұмыс уақыты бойынша қызмет атқарған, салыстырмалы түрде жоғары жалақы алған жұмыскерлер;
    3. 25 жастағы және одан үлкен ересек жұмыскерлер. Бұл көрсеткіш барлық деңгейде білімі және мамандығы бар жұмыскерлердің бәрін қамтиды;
    4. Толық жұмыс уақыты бойынша жұмыс табуды мақсат етушілер. Бұлар уақытша немесе толық емес жұмыс уақыты бойынша жұмыс істейтіндер.

Ерікті және еріксіз жұмыссыздық та бар.Ерікті жұмыссыздықтың түрлері:

      1. Тұрғындардың бір елді мекеннен екінші елді мекенге тұрақты жылжуының, таңдап алған мамандықтан жаңа мамандыққа көшуінің, адамның өмірлік кезеңдерінің өзгеруінің салдары ретіндегі функционалдық жұмыссыздық. Бұл тұрғыдан алғанда жұмыссыздыққа әсер етуші факторлар – миграция, адамның кәсіби және демографиялық мобильділігі;
      2. Мерзімдік жұмыссыздық мамандықтың сипатына байланысты пайда болады. Еңбекті ұйымдастырудың ерекшелігі, жұмыстың  ауа райының жағдайына байланыстылығы жұмыссыздықтың бұл түрінің ерекшелігін анықтайды. Оған ауыл шаруашылығы жұмысшылары жатады.
      3. Жұмыс жағдайларына, жалақы деңгейіне қанағаттанбау және басқа мотивтер жұмыскерлерді ерікті жұмыссыздыққа алып келеді.

        Еріксіз жұмыссыздық жаңа технологияны ендірудің, нарықтық экономика жағдайындағы өндірістің циклдық сипатына байланысты жұмыс күшінің құрылымы мен жұмыс орындарының құрылымдарының сәйкес келмеуінің нәтижесінде пайда болады. Қазақстан экономикасын модернизациялау жадайында еріксіз жұмыссыздықтың екі түрі көрінеді:

  1. ҒТП байланысты экономиканы модернизациялаудың нәтижесінде жұмыс орындарының жойылуы, өндірістің рационалдануы технологиялық жұмыссыздыққа алып келеді;
  2. Құрылымдық жұмыссыздық мамандануы, дағдылары, біліктілігі нарық талаптарына сәйкес келмейтін жұмыскерлерді қамтиды. Ол жұмыс күшінің құрылымы бос жұмыс орындарының құрылымына салалар, мамандықтар, квалификациялар бойынша сәйкес келмеген жағдайда қалыптасады.

Жұмыссыздардың  үлес салмағының өсуіне экономиканың құрылымдық өзгерістері, меншіктің түрлерінің қалыптасуы, кәсіпорындардың банкроттық жағдайы, Қазақстандағы мемлекеттік және аймақтық бюджеттің жағдайы әсер етеді. Тұрғындардың жұмыс орындарына деген сұранысы адамдардың басым көпшілігінің салмақты жинақтарының, қозғалмайтын мүліктердің, қызмет көрсету саласының болмауына байланысты өсе түсуде. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі міндетті түрде экономиканың нақты саласындағы құрылымдыұ қайта құруларға ғана емес, көбіне бәсекелік жағдайға бейімделе алмаған әлеуметтік топтардың мінез құлқын анықтайтын психологиялық факторларға да байланысты. Жұмыссыздардың бұл тобы жұмыс іздеудегі белсеңділік деңгейінің жеткіліксіздігімен, әлеуметтік мобильділігінің төменділігімен, тапқан жұмыс орнын сақтап қалу мүмкіндігінің аздығымен сипатталады.

Қазіргі қазақстандық қоғамда жұмыссыздыққа  деген қатынастың үш түрін бөліп  көрсетүге болады.

Бірінші -  жұмыссыздықты қиын қабылдау, мамандық бойынша жұмысты белсеңді түрде  іздеу, бұл жағдайды болып жатқан әділетсіздік ретінде санау.

Екінші - жұмысты қажеттілік және болмай қоймайтын  жағдай ретінде, ал жұмыссыздықты қоғамнан еркінен тыс шығып қалу ретінде  қабылдау. Бұл топтағы жұмыскерлер  кез келген жұмысқа келіседі және нақты жұмыс емес, жалпы жұмыс  іздейді.

Үшінші - жұмыс ешқандай құндылық болып  есептелмейді, ал жұмыссыздық қалыпты  жағдай ретінде қабылданады. Осы  топ бір мезгілде экономикалық және әлеуметтік жүйелердің шетінде қалғандықтан, тез маргиналдық жағдайға ұшырайды. Бұл топқа жататындар шағын өнім өндірумен айналысатын әр түрлі  экономикалық органдар ашуға ұмтыла отырып, мемлекет беретін әлеуметтік көмектің барлық түрлерін де максималды пайдалануға ұмтылады.

Қазақстан Республикасындағы кедейлікті кедейліктің  өсуімен өзара байланысты зерттеу  қажет. Қазақстанда жұмыссыздық  пен кедейлік пропорционалдық өзара  байланысты. Жұмысбастылық пен алатын табыс мөлшері адамдардың өмір сүру деңгейін құраушы тамақтану, денсаулық, туу деңгейі, демалыс сияқты бөліктеріне  тікелей әсер етеді. Жұмысбастылықтың төмен деңгейі уақыт өткен  сайын кедейлікке алып келеді. Әсіресе, ұзақ мерзімді жұмыссыздық, бұл топты  құрайтындардың бірінші кезекте  жұмыссыздар санын толықтыруына алып келеді. Жұмыскерлердің жұмыс  орны арқылы әлеуметтік қызметтің көп  түрлерін алуы бағынышты болуы да кедейліктің өсуіне алып келеді.

Қазіргі қазақстандық социологияда жұмыссыздықты  зерттеудің келесі бағыттары бар:

  1. Жұмыссыждықтың бағыттары мен сипатын анықтау;
  2. Жұмыссыздықтың мотивтері мен себептері;
  3. Жұмыссыздардың мінез құлықтарын топтастыру;
  4. Нарықтық жағдайдағы жұмыс бастылық пен жұмыссыздық;
  5. әр түрлі әлеуметтік топ өкілдерінің жұмысқа орналасудағы кәсіби мотивтерін зерттеу:
    1. әйелдер;
    2. жастар;
    3. интеллигенция;
    4. басқарушылар;
    5. оралмандар;
    6. этникалық топтар;
    7. мүгедектер арасындағы жұмыссыздықты зерттеу:
    1. жұмыссыздық және жеке адамның әлеуметтенуі;
    2. жұмыссыздық және әлеуметтік мобильділік;
    3. жұмыссыздық және кедейлік;
    4. жұмыссыздық және қылмыс.

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде