Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа
бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.
КІРІСПЕ
1.
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2. нысаналы
топтарды жұмыспен қамтуға
3. халықты
жұмыспен қамту саясатын
4. жұмыспен қамту саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетілдiру.
Халықты жұмыспен қамту
Нысаналы топтар үшiн әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру,қоғамдық жұмыстарда жұмыспен уақытша қамтуды дамыту. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы заңнамаларын, бос жұмыс орындарын жасыру және нысаналы топтарды қоса алғанда, азаматтардың еңбек құқықтары бөлігінде бұзушылықтарды анықтау жөнiндегі жұмыс жандандырылады.[33]
Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың теңгерiмдiлігі
жөніндегі шаралар.
Жұмыс күшiне сұраныс пен ұсыныстың
теңгерiмдiлiгi болуы үшін кәсіптік даярлауды
еңбек рыногындағы қажеттiлiктерге сәйкес
жетілдiру, еңбек рыногындағы жұмыс күшіне
деген сұраныс.Бұл ретте мыналар:
- еңбек рыногындағы сұраныс пен ұсыныстың
және бiлiм беру қызметтері рыногындағы
мамандар даярлаудың көлемін, бейіндері
мен мерзiмдерiн болжау;
- жұмыс берушілердiң таяудағы 3 жылда жұмыс
күшіне деген қажеттілігiн айқындау және
кадрлар даярлау жүйесiн экономика қажеттіліктерiмен
сәйкес келтіру мақсатында жұмыс күшiне
сұраныс мониторингiн жүзеге асыру;
- жұмыссыздарды кәсiби даярлау, біліктілігін
арттыру, қайта даярлау есебінен еңбек
рыногындағы бәсекелестік қабілетiн арттыру;
бастауыш, орта және жоғары кәсiби білім
берудiң Кәсіптер (мамандықтар) жіктемелерiне
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу; кәсіпорындардың
әрбiр есептi жылдың аяғында жыныстық жасы,
кәсіптiк және біліктілік белгiлерi бойынша
кадрлар құрамын көрсететін статистикалық
есептемесіне өзгерiстер енгiзу; оқушылары
кәсіптiк бағдарлауды дамыту, еңбек рыногында
талап ететін кәсіптер, мамандықтар бойынша
олардың еңбек қызметiне уәждемесін арттыру
көзделеді. Халықтың әлеуметтiк қолдауға
мұқтаж нысаналы топтарының жұмыспен
қамтылуын ұйымдастыру.
Еңбек рыногындағы қажеттіліктi ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлаудың икемдi жүйесін ұйымдастыру еңбек рыногындағы жұмыссыздардың бәсекелестiкке қабілеттілігiн арттыру жолымен оларды кәсіптік даярлау, біліктілігін арттыру, қайта даярлау apқылы жүргiзілетін болады.
Кесте 14. Қазақстан Республикасы бойынша 2005-2007 жылдар кезеңінде құрылған жұмыс орындарының саны.[18]
Р/с |
Экономика |
Жылдар |
Жиыны | |||
2005 |
2006 |
2007 | ||||
1 |
Өнеркәсіп |
3786 |
6585 |
5219 |
15590 | |
2 |
Құрылыс |
10404 |
18948 |
18948 |
48300 | |
3 |
Көлiк |
11204 |
11451 |
11976 |
34631 | |
4 |
Ауыл шаруашылығы |
16012 |
1718 |
488 |
18218 | |
5 |
Шағын және орта |
100000 |
100000 |
- |
200000 | |
6 |
Денсаулық сақтау |
52 |
1010 |
- |
1062 | |
7 |
Бiлiм беру |
397 |
1296 |
253 |
2446 | |
8 |
Мәдениет |
217 |
133 |
133 |
483 | |
9 |
Туризм |
540000 |
- |
- |
540000 | |
10 |
Спорт |
1529 |
1829 |
1242 |
4600 | |
11 |
Басқа салалар |
20930 |
15873 |
8 |
36811 | |
Республика бойынша |
705031 |
158843 |
38267 |
902141 |
Нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуына
жәрдемдесу жөнiндегi шаралар әлеуметтік
жұмыс орындарын құру;кәсіптік даярлауға
біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға
әрi қоғамдық жұмыстарға жiберу кезінде
басымдықты құқық, шағын кәсiпкерлiк субъектілеріне
жұмысқа орналастыру; кәсіптік бағдарлау,хабардар,
2008-2010 жылдары қоғамдық жұмыстардың басым
дамуына байланысты жол құрылысы мен оларды
жөндеуге, ағаш отырғызуға, елдi мекендер
мен өңiрлердiң санитарлық-эпидемиологиялық
жай-күйін жақсартуға, өңiрлердің инфрақұрылымын
(коммуналдық желілер, телефондандыру,
электр тарату желілерінің құрылысы және
т.б.), көлік инфрақұрылымын дамытуға арналған
қоғамдық жұмыстарды кеңейту мен қайта
бағдарлау және әлеуметтiк қызметтер көрсету
көзделеді. Жұмыспен қамтудың өңiрлік
проблемаларын шешуде жергіліктi атқарушы
орындардың рөлін арттыру жөніндегi шаралар,
бос орындар туралы ақпарат жинау жөнiндегi
жұмысты жандандыру, халықты және жұмыс
берушілерді еңбек рыногындағы ахуал
туралы хабардар ету, буклеттер, жадынамалар,
плакаттар тарату арқылы жұмыс iздеуге
жәрдемдесу, сондай-ақ бос жұмыс орындары
туралы мәліметтердi жариялау, жұмыс іздеуде
қиындық көретін азаматтарға консультациялар
беру, лайықты жұмыс таңдауға, оның ішінде
бос орындар жәрмеңкелерiн, жұмыс iздеу
клубтарының қызметiн ұйымдастыру, қоғамдық
жұмыстарға жiберу жолымен жәрдемдесу,еңбек
рыногындағы бәсекелестiк қабілеттілiктi
арттыру мақсатында жұмыссыздарды кәсіптiк
даярлауға, біліктілiгiн арттыруға, қайта
даярлауға жiберу, еңбек рыногындағы жұмыс
күшіне сұраныс пен ұсыныс мониторингін
жүргізу, жұмыспен қамтудың белсендi саясатын
жаңа жұмыс орындарын құру жолымен iске
асыру, нысаналы топтарды қоса алғанда,
еңбек рыногындағы қажеттілiктi ескере
отырып жұмыссыздарды кәсіптiк даярлаудың
және қайта даярлаудың сапасын жақсарту,
шағын және орта кәсіпкерліктi қолдау
және дамыту, қоғамдық жұмыстардың түрлерін
кеңейту және қайта бағдарлау, жұмыс күшін
аумақаралық, оның ішінде халықаралық
шарттарға сәйкес алмасуды дамыту жөніндегі
жұмыс жалғасатын болады. Жұмыспен қамту
мәселелерi жөнiндегi уәкілеттi органның
қызметiн жұмыспен қамтуды реттеу және
еңбек рыногы мәселелерiнде еңбек делдалдығымен
айналысатын жұмыс берушілермен, қоғамдық
бiрлестiктермен, жеке жұмыспен қамту агенттiктерi.[33]
Жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегi уәкілеттi
органның қызметін жұмыспен қамтуды реттеу
және еңбек рыногы мәселелерінде еңбек
делдалдығымен айналысатын жұмыс берушілермен,
қоғамдық бiрлестiктермен, жеке жұмыспен
қамту агенттiктерiмен ықпалдастыру, жұмыспен
қамту органдарының жеке жұмыспен қамту
агенттіктерiмен және жұмысқа орналастыруға
жәрдемдесу саласындағы үкiметтік емес
ұйымдармен өзара iс-әрекеттерін кеңейту,
ұйым қызметкерлерiн өндiрiсішілiк оқыту,
сондай-ақ босатылуға жататын қызметкерлердi,
олардың еңбек рыногындағы бәсекелестік
қабiлетi мен кәсiптiк ұтқырлығын арттырудың
маңызды құралы ретiнде, ілгерiлеп кәсіптік
оқыту жүйесiн дамыту, жұмыспен қамту мәселелерi
жөніндегi органдар, бiлiм беру ұйымдары
мен Жұмыс берушілер конфедерациясы арасында
Бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа
орналастыру туралы келiсiм жасасу арқылы
бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа
орналастыруға жәрдемдесу мәселесi бойынша
өзара әрекет ету жолымен жүзеге асырылады.
Инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеу
кезінде еңбек рыногындағы ахуалды ескере
отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу Ішкі
еңбек рыногын қорғау мақсатында инвестициялық
келiсiм-шарттар жобаларын қарау жолымен
инвестициялық бағдарламаларды әзiрлеген
кезде еңбек рыногындағы ахуалды ескере
отырып, қосымша жұмыс орындарын ашу. Бiлiм
беру ұйымдарының түлектерiн жұмыспен
қамтуға жәрдемдесуге, жоғары оқу орнының
шәкiртi мен жұмыс берушiнің арасында жұмысқа
орналасуға шарт жасасу, кәсiптік бiлiм
беру орындарын бiтiргеннен кейiн одан
әрi жұмысқа орналастыру перспективасымен
жұмыспен қамту органдары арқылы жастар
практикасын (тағылымдама мен тәжiрибенi
жұмыс орнында өткiзу) ұйымдастыру, мемлекеттік
ұйымдарда немесе жарғылық капиталында
мемлекеттiң үлесi елу пайыздан асатын
ұйымдарда жұмыс орны.
Бiлiм беру ұйымдарының түлектерiн жұмысқа
орналастыру мониторингi орталықтағы
сияқты өңiрлiк деңгейлерде де жүзеге асырылатын
болады.Осы жұмыстарды iске асыру үшiн
жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты 10552,4 млн.
теңге көлемiнде, оның iшiнде, 2007 жылы - 3219,7
млн. теңге, 2008 жылы - 3606,7 млн. теңге, 2009
жылы - 3726,0 млн. теңге көзделедi. Бағдарлама
туындайтын іс-шараларды орындау жұмыспен
қамту мәселелерiн шешуге және жұмыссыздық
деңгейiн азайтуға мүмкiндiк бередi. Шараларды
iске асыру есебiнен 2008 - 2010 жылдары:
902,1 мың жұмыс орнын, оның ішінде құру, 403,1 мың адамды, оның жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, 333,5 мың адам үшін қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру, 70,8 мың жұмыссызды кәсіптiк оқуға және қайта даярлауға жiберу, нысаналы топтар үшін 24,1 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құру, ұзақ уақыт жұмыссыз жүргендер үшiн клубтық жұмыс ұйымдастыруды қаржыландыруға 7,9 млн. теңге бағыттау, білім беру ұйымдарының түлектерiн жастар практикасы арқылы жұмысқа орналастыруды қаржыландыруға 165,4 млн теңге бағыттау, 2009 жылдың аяғына қарай жұмыссыздық деңгейiн 7,2 пайызға дейiн ұстау көзделіп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасының - 4.3.5. « Халықты әлеуметтік қолдау, еңбек қатынастары және көші-қонға арналған» бөлімінде жұмыспен қамтуға және жұмыссыздықтың алдын алуға байланысты жоспарлар былай көрсетілген: жүктілігі бойынша демалыста және бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша демалыста болған кезеңде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры жүзеге асыратын әлеуметтік төлемдерден зейнетақы жарналарын аударуды жалғастыра отырып, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілікті, бала тууды және ана болуды міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіледі; әлеуметтік көмек көрсетудің атаулылығы күшейтіледі; тұрмысы төмен халықтың жұмыссыз бөлігі арасында жұмыспен қамтудың белсенді нысандары пайдаланылады; мүгедектерді, оның ішінде сапалы әлеуметтік қызмет көрсетулер жолымен, қолдау қамтамасыз етіледі.
Орнықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жергілікті атқарушы органдар жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Еңбек нарығында отандық мамандардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және еңбек көші-қонын реттеу мақсатында: ұлттық еңбек нарығының мүдделерін ескере отырып, өңірлік аспектіде шетелдік жұмыс күшін пайдалану проблемаларын кешенді шешуге бағытталған көші-қон саясатын жетілдіру; Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жағдайында ішкі еңбек нарығын қорғауға және Қазақстан мен Орталық Азия өңірі елдерінің арасында білікті жұмыс күшінің басқарылатын қозғалысына бағытталған тетіктерді қалыптастыру; жергілікті мамандарды кәсіптік даярлауға және қайта даярлауға айрықша ден қоя отырып, шетелдік мамандарды қазақстандық кадрлармен ауыстыру жөніндегі саясатты жүргізу;еңбек нарығының өңірлік және салалық қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыздарды кәсіптік даярлаудың және қайта даярлаудың икемді жүйесін құру; кәсіптік даярлыққа және біліктілігін арттыруға жіберу кезінде әйелдер мен жастарға басым құқық беру жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.
Республика ұйымдарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында еңбекті қорғауды басқару жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Республика ұйымдарында өндірістік жарақаттануды азайту жөніндегі ескерту, алдын алу шаралары, сондай-ақ қауіпсіздік нормаларын сақтауды мемлекеттік және ведомстволық бақылау күшейтіледі.
Отбасының жағдайын жақсарту, ерлер мен әйелдердің некедегі құқықтары мен мүмкіндіктеріне кепілдіктердің сақталуы мақсатында Қазақстанда неке мен отбасының беделін арттыру жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленетін болады. Гендерлік саясатты одан әрі институционалдық дамыту мәселесі пысықталатын болады. Халықты гендерлік мәселелер бойынша ақпараттық ағарту ісі және білім беру жүйесіне гендерлік білімді енгізу жалғастырылады.
Дағдарыс орталықтарын дамыту, сенім телефондарын, зорлық-зомбылық құрбандарына арналған уақытша баспана мен панажай желісін құру үшін шаралар әзірленетін болады.
Және де Президентіміз Н.Ә.Назарбаев биылғы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты өзінің халыққа жолдауында жұмыспен қамту мен жұмыссыздықты азайту мәселесіне көп көңіл бөлді. Дағдарыс кезіндегі осы бір маңызды мәселеге қатысты президентіміз талқылау жасап, былай деді: «Босаған қаражат бізге, ең алдымен, қазақстандықтардың еңбекпен қамтылу стратегиясын іске асыру мүмкіндігін береді. Ол бізге дағдарыс ауыртпалығын еңсеруге ғана көмектесіп қоймайды, сонымен бірге дағдарыстан кейінгі уақытта экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз етеді. Ол әрбір қазақстандық отбасына жаңа мүмкіндіктер беруі тиіс. Жұмыс орындарының жеткіліктілігі Үкімет мүшелері мен әрбір әкімнің Қазақстан экономикасының тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігі айқындалатын негізгі көрсеткіш болуы тиіс. Әрбір әкім, әр министр апта ішінде қанша жұмыс орнының қысқарғанын және жергілікті орындарда қаншасын ашқанымызды білуі тиіс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негізі болып табылады.
Бізде еңбек
рыногын дамыту үшін мүмкіндіктер бар,
оларды ойлап табу керек емес. Нақ
осыған біз қосымша бөлінген қаражатты
жұмсаймыз.
Біріншіден, бұл коммуналдық желілерді
қайта жарақтандыру және жаңғырту. Бұл
– сумен қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз
ету, энергетика мен кәріз сулардың нысандары
мен желілері. Үкіметке әкімдермен бірлесіп
осы мақсатқа кететін қажетті шығындарды
анықтауды, жұмыстарды қаржыландыруды
ғана емес, сонымен бірге бюджеттен бөлінген
әрбір теңгенің пайдаланылуын қатаң бақылауды
тапсырамын. Бұл көзге көрінбейтін жұмыс,
бірақ та бізге оны бәрібір істеуге тура
келеді. Ол – болашақ дамудың негізі. Бұл
қалалар мен жергілікті орындарда орасан
көп жаңа жұмыс орындарын ашудың мүмкіндігі.
Біз халқымыздың сатып алу қабілетін арттырамыз.
Егер парасатпен жұмыс істей білсек, босаған
адамдарды жаңа мамандықтарға үйрету
керек.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты әлдеқашан-ақ
ретке келтіру керек еді.
Екіншіден, бұл жергілікті мәндегі
автомобиль жолдарын салу, қайта жарақтандыру
және жөндеу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды,
ең алдымен мектептер мен ауруханаларды
жаңарту. Бұл енді ӘКК-лердің міндеті,
олар халықтың барынша жұмыспен қамтылуын
қамтамасыз етуге міндетті. Мәселенің
қаржылық жағы – Үкімет пен әкімдердің
құзырында. Біз қазір халықпен келісіп,
тура айтуға тиіспіз: құрылысы басталған
мектептер мен ауруханаларды салып бітіреміз.
Жағдай осылай болып тұрғандықтан, біз
жаңаларын кейінге қалдыра тұрамыз, алайда
қаражатты қолданыстағы мектептерді,
ауруханаларды, медициналық пункттерді
жөндеуге жұмсаймыз. Осылай жұмыс орындарын
да құрамыз. Сондай-ақ, біз салуды белгілеген
магистралдық автомобиль және темір жолдарын
да тоқтата тұруға тура келеді. Мұның орнына
ақшаны облыс орталықтарының, қалалардың
төңірегіндегі жолдарды, ауданаралық
жолдарды ретке келтіруге жұмсаймыз. Осылайша
біз тылымызды бекіте түсеміз. Үшіншіден, әрбір нақты
елді мекендегі жергілікті мәндегі нысандар.
Бұл жергілікті биліктің шешуі бойынша
жолдарды, клубтарды немесе басқа нысандарды
абаттандыру мен көгалдандыру, жөндеу.
Бұл мақсаттарға атаулы трансферттер
бөлінуі тиіс. Жергілікті өзін-өзі басқару
органдары ретінде аудандық мәслихаттарға
қаражат бөлінуі тиіс. Жұмыспен қамтудың
жергілікті проблемалары мен мәселелерін
шешу үшін бұл қаражатты қайда жұмсау
керектігін олардың өздері шешетін болсын.
Бұл жұмыстың тиімділігі үшін дербес жауапкершілікті
тұтастай әкімдерге жүктеймін.