Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2012 в 20:43, дипломная работа

Краткое описание

бұл дипломдық жұмыста жұмыссыздық әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылған. Оның ішінде жұмыссыздықтың түрлері, типтері, оған әсер етуші факторлары, Қазақстандағы жұмыссыздық, шетелдегі жұмыссыздық сипатталады.

Оглавление

КІРІСПЕ
1.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Жұмыспен қамтудың теориялық мәселелері, негізгі функциялары
1.2 Жұмыссыздықтың түрлері
1.3 Жұмыссыздықты реттеу механизмінің қалыптасуының негізгі қағидалары
2. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ
2.1 Жұмыссыздықтың қазіргі мәселелері
2.2 Әлеуметтік топтардың жұмыссыздық деңгейі
2.3 Алматы қаласы бойынша халықтың жұмыспен қамтылуын талдау
3. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МЕХАНИЗМІН РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Жұмыссыздықтан сақтандыру жүйесінің шетелдік тәжірибесі
3.2 Халықтың жұмыспен қамтылуын реттеу шаралары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Файлы: 1 файл

ӘЛ.docx

— 245.13 Кб (Скачать)

Аталған барлық жобаларды іске асыру үшін біз жергілікті өндірісшілердің әлеуетін барынша пайдалануға тиіспіз. Егер қажетті өндірістер бүгінде жоқ болса, оларды құру керек, мұның өзі бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.  
Біз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығының қарсаңында тұрмыз. Осы датаға орай бүкіл Қазақстанда кең ауқымды жұмыс өрістеуі керек. Бұл біздің ұрпағымыз үшін, біздің халқымыз үшін ұмытылмас жылдар. Қазақ ұлтының және бүкіл Қазақстанның тарихында мұндай кезең болған емес. Осының барлығына тереземіз тең, керегеміз кең ел болғанның арқасында қол жеткіздік, ел ретінде, қазақ ретінде, мемлекет ретінде мұндайлық сәулелі күннің басымызға тәуелсіздіктің арқасында ғана қонғанын біздің ұрпақ ұмытпақ емес. Ел шежіресіндегі ерекше бұл белеске біз барынша дайындықпен баруымыз керек. Қазірден бастап әр ауылдың кем-кетігін қалпына келтіріп, көгалдандырып, жолдарымызды жөндеп, үйлеріміздің іші-сыртын әрлесек, елдің де көңілі көтеріле түседі. Сондықтан бұл жұмысты біз қазірден бастауға тиіспіз. Әр ауыл әкіміне шамамен 50-100 миллион теңгедей аздап ақша бөлсек, олар аудандық мәслихаттардың бақылауымен қандай да бір қиындық көріп жатқан тұрғындарға қажетті мәселелерді шешер еді, шағын несиелер берер еді.  
Осылайша біз жұмыспен қамтылу мәселесін шешіп қана қоймаймыз, сонымен бірге біздің елімізде жаңа өндірістердің пайда болуы үшін ынталандыру жасаймыз. Төртіншіден, бұл әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру. Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы Заң бізге бюджет қаражатын осы мақсатқа пайдалануға мүмкіндік береді. 2008 жылы 13 мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша өз мүмкіндіктерін іске асырды. Біздің бүгінгі міндетіміз – қазіргі бар бағдарламалардың аясын кеңейту. Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Сонда біз 96 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етеміз. Осымен бір мезгілде біз Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы төлеудің барынша ұзақ мерзімін 4-тен 6 айға дейін ұлғайтуға тиіспіз. Әлемдік дағдарыс жағдайында біздің жұмыспен қамту стратегиямыз кадрларды қайта үйрету және қайта даярлау жөніндегі толық ауқымды жұмысқа бағытталған. Үкіметке әкімдермен бірлесіп қазіргі бар оқу орындарының базасында мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біздің адамдарымыз оқып-үйренуге тиіс, бүкіл әлемде адамдар өмір бойы оқумен өтеді. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтіп бүгін қажет болып отырған мамандықты игеруге мүмкіндік те бар, қажеттілік те бар. Біз қазір барлық ірі құрылыс кәсіпорындарын адамдарды басқа мамандықтарға оқыту үшін қарыз бөлуге міндеттейміз. Барлық жерде осылай болуға тиіс. Егер Үкімет пен әкімдер жұмысты ойдағыдай ұйымдастыра алса, адамдар оқуға отырады да, жаңа мамандықтарды игеріп алып кетеді. 
Кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөніндегі жүйелік жұмыс мынадай мақсаттарды көздеуі тиіс:

· Жаңа мамандық бойынша жұмыс істегісі келетін  әрбір адамның оқу мүмкіндігі болуы тиіс.

· Экономиканың еңбек ресурстарына деген болашақ сұраныстарын, ең алдымен, ауыл шаруашылығында қамтамасыз ету.

· Шетелдік жұмысшыларды отандық кадрлармен біртіндеп алмастыру. Біз оларды жартылай қысқартып, өз адамдарымызбен алмастырмақпыз.  
Сонымен қатар әлемдік дағдарысқа, біз бастан кешіп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, біз олардың шешілуіне ғана шоғырланып қоя алмаймыз. Біздің болашағымыз экономиканың одан әрі жаңғыртылуы мен базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты. Біз қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды қаржыландыру және іске асыруды жалғастырамыз.

Ең алдымен  бұл мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту.  
Бізде мұнай өңдейтін үш зауыт бар, сөйтсе де әлі күнге жанармай сатып аламыз, авиация керосинімен де қамтамасыз етілмегенбіз. Енді қазір бұл іспен айналысу керек. Біз осы мұнай өнімдеріне деген ішкі сұранысты біртіндеп толық қамтамасыз етуге тиіспіз. Біз Атырауда мұнай-химия кешенін салуды жалғастырамыз. Мойнақ ГЭС-інің құрылысын биыл аяқтаймыз, Екібастұз 1-ГРЭС-ін кеңейту және қайта жарақтандыру жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Ол жерде сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп тұр. Бұл дайын, шығынды қажет етпейтін электр қуаты. Екібастұз 2-ГРЭС-інің үшінші энергия блогын салу жұмысын жалғастырамыз, биыл Балқаш ЖЭС-ін салуды бастаймыз. Біздің жоспарларымызда “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистралдық газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру бар. Биыл біз дайындық жұмысын қолға аламыз. Онда 5 мың адам жұмыс істейтін болады, ал 2010-2012 жылдары 50 мың адамға дейін жетеді. Мұның өзі Қазақстанды Еуропадан Азияға жетіп жататын көлік дәлізіне айналдыратын күретамыр болады. Сондықтан да біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды қолдану арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауылшаруашылық техникаларын жинау жөніндегі өндірістерді құру, ет өңдеу өндірісін дамыту, биязы жүнді қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу секілді экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту жөніндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруды жалғастыруға шешім қабылдадық. Құрылыс үшін басқа да маңызды жобаларды қарастыру керек. Бұл Көксарай су қоймасын, басқа да ірі ирригациялық нысандарды салуды жалғастыру. Қызылқұм массивінде 60 мың гектар суармалы жерді игеру мақсатын алға қойғанбыз. Бүгінде техникалық-экономикалық негіздемесі мен кірме жолдары бар нысандарда жұмысты бастау керек. Біздің бағалауымыз бойынша, экспорттық мамандандыру перспективада 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, таяудағы бес жылда ІЖӨ-нің қосымша өсімінің 8 пайызға жуығын қамтамасыз етеді. 
Осылайша, өзіміздің стратегиялық таңдаумен жүріп, біз экономиканың нақты бәсекеге қабілетті болатын, сыртқы рыноктарда өз орнымызды табатын секторларында жұмысты дәйектілікпен жалғастырудамыз».

        Сонымен, мемлекет тарапынан дағдарыс кезінде халықты барынша жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың алдын алуға бағытталған бірталай шаралар істелініп жатыр. Халықтың тұрмыс жағдайы осындай дағдарыс сияқты қиын кезде  нашарлап кетпеу үшін әр отбасы өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жұмыс істеуі керек және осы жұмыс орындарымен халықты қамтамасыз ету үшін мемлекет жұмыс орындарының жабылмай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына өз қолдауын шамасы келгенше көрсетіп, алға әр түрлі мақсат-бағыттар мен шаралар қоюда.  Және осы көзделген шаралар орындалса құба-құп болар еді.

                                          ҚОРЫТЫНДЫ

Бүгінгі таңда халқымызды елеңдетіп отырған, ең негізгі жағдайлардың бірі- халықты жұмыспен қамту саясаты болып отыр.Жағарыда қарастырылған Халықты жұмыспен қамту саясатының жүргізілуі және жұмыссыздық мәселелерінің теоретикалық негіздері және одан шыққан реттеудің құқықтық негізін, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуін, жұмыссыз азаматтардың материалдық қамтамасыз етілуімен де тығыз байланысты нәтижелерді калесідей қорытуға болады : Жұмыспен қамту– бұл халықтың еңбекке кірісу мөлшерін, жұмысшы мен оның жеке мұқтаждықтарының қанағаттандырылу дәрежесін, ақы төленетін жұмыс орындарындағы табыс табуға мүдделілігін көрсететін еңбек қызметіне қатысуы жөніндегі қатынастар жиынтығы. Экономикалық әдебиеттерде жұмыспен қамтудың классикалық, кейнстік, неоклассикалық, маркстік (социалистік) теориялары белгілі. Қазір жұмыспен қамту мынадай формаларға бөлінеді: толық жұмыс күні режимі белгіленген еңбек; толық емес жұмыс уақыты белгіленген еңбек (толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы); белгілі жағдайларға байланысты үйден тыс жұмыс істей алмайтын адамдарды қоғамдық өндіріске тартуды ұйымдастыру формасы ретіндегі үй еңбегі; қосымша жұмыс – негізгі жұмыс орнынан тысқары жұмыс күнінде жүйелі төлемді жұмысты орындау; дәстүрлі және дәстүрлі емес, бірінші реткі және екінші реткі формалар. Жұмыспен қамту саясатын реттеу - өте қиын және көп функицоналды комплекс. Ол басқару объектісінің - атап айтқанда - жұмыспен қамту, жұмыссыздық, даму процестерінің ерекшеліктерін ескеруі қажет. Бұл комплекс – жалпы экономикалық объективті субъективті факторлардың ара - қатынасымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде экономикалық ғылымдарда жұмыспен қамтамасыз ету және жұмыссыздық мәселелеріне жаңа көзқарас қалыптасты. Егер ХХ ғасырдың  басында, (ол экономикалық дерт болса) барлық әдіс-тәсілермен күрестің әлеуметтік дерт болып есептелінсе, ХХ ғасырдың ортасында басқаша көзқарас қалыптасты. Жұмыссыздық макродеңгейден экономикалық нарықта «табиғи» атрибут болып саналды, сонымен қатар жұмыс беруші мен жұмыс шыға микродеңгейде мүмкіндігінше қажет етілмейтін элемент болып саналады. Ол көбіне тәуекелділік категориясымен тығыз байланысты.

Әлеуметтік  тәуекелділік деңгейінің өсуі, яғни жұмыстан айырылуды, келеңсіз жағдайлардың нәтижесі деп қарамау керек, бұл нарық  шарттарындағы табиғи, құқықтық процесс  болып табылады.

Тұрақты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін, нарықтық экономика шарттардағы  жұмыссыздықтың зардаптарының төмендеуін қаржыландыратын негізгі тұтқасы  болып, сақтандыру жүйелері саналады. Жұмыссыздықты сақтандыру тәуекелділік басқарудың құралы негізінде жұмыс  істейтін және жұмыссыз азаматтар, кәсіпкерлер  мен мемлекет арасындағы қаржылық ағымға тәуелді. Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі функцияларына мыналарды жатқызуға болады.

 

 

қоғамдық  әлеуметтік қауіпсіздігі сақтау;

жұмыстық  трендті қорғау.

 Қоғамның  әлеуметтік сақтандыру функциясы  қалыптасқан нормалар арқылы, яғни  жалақыдан жұмыспен қамту қорына  аударымдар есебінен жүргізеді.  Жұмысбастылық трендтің сақталу  функциясы жұмыс беруші мен  жұмысшылардың жұмыс уақытындағы белгілі бір қорға жіберілген жарналары жұмыссыздыққа немесе дағдарысқа ұшыраған мерзімде қаржылық резервтің негізгі көзі болып табылады. Экономикалық дағдарыс кезеңіндегі жұмыссыздарға жәрдемақы төленетін жәрдемақы, халықтың сатып алу мүмкіншілігін қолдап, сұраныс дефициттін төмендейді. Жұмыспен қамту және жұмыссыздықты реттеу келесі қағидаларға негізделеді:

  -Жұмыспен қамту түрін азаматтар өздері таңдауға құқылы.

  - Жұмыссыз азаматтар әлеуметтік сақтандыру және жұмыспен қамту саясатын өңдеуде, мемлекет жұмыс беруші және жұмысшы арасындағы кең үш жақты келісім шартқа отыру;

   -Реттеуші шараларының адрестігі;

   -Жұмыспен қамту және жұмыссыздық саясатын жүргізуде аудандық ерекшеліктер есебі;

     -Әлеуметтік кепілдіктерді және материалдық қамтамасыз ету жолдарымен жұмыссыздықты сақтау. Қазақстанда қалыптасқан жұмыссыздық әлеуметтік функция жүйесі түбірлік қайта қалыптасуды қажет етеді. Бұл жүйенің қандай негізінде мемлекеттік азаматтардың барлығын жұмыссыздықтан әлеуметтік сақтандыру.

- Осы  жүйеге кіретін адамдардың өмір  деңгейін төмендететін бүкіләлемдік  күзету;

- Халықты  жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыруды  қамтамасыз етуде жас ұрпақты  ынтымақтастығы;

- жұмыссыздықты  сақтандыруды қамтамасыз етуде  қоғамның және жеке қызығушылықтарды  ескеру;

- әлеуметтік  кепілдіктер балансын сақтау  және мемлекеттің экономикалық  өсуіне септігін тигізетін экономикалық  стимулдарды сақтау;

- Жүйені  қалыптастыруды қамтамасыз етуде  жұмыс беруші мен жұмысқа қабілетті  азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігі;

- мемлекеттік  бюджеттен тәуелсіздігі.

Жұмыспен  қамту жүйесін реттеу құрылымын  ұйымдық басқару жұмыс беруші мемлекет мекемелелерін теңдестіктің қатысуымен құрылуы қажет. Бұл жүйенің  қаржыландыруы  келесідей көздерден  қалыптасуы керек.

- Мемлекеттік  бюджеттен қаржылық түсім.

- Жұмысшылардың  аударымдары

- Жұмысшылардың  жарналары.

Осының  негізінде толық жұмыспен қамтылғандар осы ресуртардың қалыптасуына міндетті. Жұмысшылар жарналары жұмыссыздыққа төленетін жәрдемақы төлеуге мақсатты қаржылық бағытталуы. Жұмыс берушілер мен мемлекеттік қаржылар негізінен қоғамдық жұмыссыздықты өткізуде қолданады. Жұмыссыздарды даярлау, жұмыспен қамту шараларына негізделген шаралардан несиелендіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Рынок труда: Учебник./под ред. проф. В.С.Буланова и прф. Н.А.Волгина.-2-е изд., перераб. и доп. – М.:Издательство «Экзамен2, 2003. 480с.
  2. Саясат журналы №1, 2006.46бет.
  3. А. Маршалл. Принципы экономической науки.М.: Прогресс,1993   Т.2 – с.18.
  4. А. Смит. Исследование о природе и причиеах богатства народов. М.: Соцэкгиз. 1962г. С. 50-53
  5. Ж.Байзатов. Особенности функцирования рынка трудовых ресурсов на современном этапе реформирования // Транзитная экономика№3, 2004г.С 94-98
  6. Отчёт о мировом развитии – 1995. Трудовые ресурсы и глобализация экономики. Всемирный банк.Вашингтон. 1995. С.174.
  7. ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 2001 жыл қаңтар
  8. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы 2008жыл 6 ақпан
  9. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «ДАҒДАРЫСТАН ЖАҢАРУ МЕН ДАМУҒА»- 2009 жыл
      1. Платонов О.А. «Повышение качества трудовой жизни. Опыт США» М., 1992
  1. Лебедева Л. Опыт США государственное страхование на случай безработицы человек и труд.№ 11,1999. стр. 31-38.
  2. Кожамкулова И. Региональные особенности совершенствования структуры занятости трудовых ресурсов//Транзитная экономика. 2003. №3. С.56-60.
  3. Гаузер Н. Повышение гибкости – актуальная проблема современного рынка труда. Журнал. «Мировая экономика и международные отношения №10, 1991
  4. Киселев И.Я. «Трудовой договор: вопросы регулирования найма и увольнения (обзор зарубежного опыта» М.:1997
  5. Концепция государственной политики занятости населения РК. 22 мая, 1996. – Вопросы труда,стр.20.
  6. Агафонов, Меңлібаев  «Жастармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс»-Астана 2005;бет,121.
  7. Рынок труда. Учебник под ред. Буланова. 2000г
  8. Статистический ежегодник Казахстана: Статистический сборник/ Под ред. А.А. Смаилова – Алматы: Агенство Республики Казахстан по статистике, 2009-с. 466,
  9. Интернет. Статистика агенттігінің мәліметтері. www.stat.kz
  10. Алматы қаласы бойынша жұмыспен қамту департаментінің материалдары.
  11. Реформирование экономики Казахстана: проблемы и их решение. Под ред. д.э.н. профессора М.Б. Кенжегузина. Алматы, 97. – 357 стр.
  12. Пронина Л.И. Повышение эффективности социального обеспечения. М., Экономика,1990,стр.132.
  13. Е.Тишин. Актуальные проблемы социального развития и пути их решения. – Экономист,1997,№ 4.,стр,43-48.
  14. Мельдаханова М.К.Занятость населения: стратегия и механизм регулирования. Алматы,99. – 296 стр.
  15. Материалы департамента социальных дел министерства труда во Франции. Алматы,96. стр. 67.
  16. Фильев В.И. Социальное страхование в России и зарубежных странах/ Практическое пособие.- М.: ЗАО « Бизнес- школа « Интел- Синтез».- 1997.- с-176
  17. Э. Молодякова. Механизм регулирования трудовых отношений и Японии.// Проблемы теории и практики управления. 1997, №3
  18. Э.Н. Фербярова. Региональные проблемы структурных преобразований и политика занятости: из опыта восточноевропейских стран.// Труд за рубежом.- М., 1995, №1
  19. Казакстан  на пути к рынку Отв. Ред. А.К. Кошанов. – Алматы. ИЭ   МН-АНРК, 1991ж
  20. Ажинурина Д./Еңбек ету бостандығы және оны қорғаудың мәселелері/Алматы, 2005 ж
  21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 – 2009 жылдарға арналған бағдарламасы
  22. Еңбек Кодексі
  23. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»- 2009 жыл

Информация о работе Жұмыссыздық-әлеуметтік құбылыс ретінде