Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді

Оглавление

Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 917.00 Кб (Скачать)

білімге қол жеткізу тәсілдерін ұдайы жетілдіруге бағытталумен ерекшеленетін, өз бетінде білім алу түрткісі [33,22].

В.А.Сластенин [34,44-45] тұжырымдауынша түрткі  студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетіндегі маңыздылығын атап көрсетеді:

- жеке тұлғаның қалыптасуының  негізі,ол студенттің әрі қарай  дамуының факторы ретінде көрінеді;

-ойлау жүйесін реттеуге әсер етіп,интеллектуалды белсенділігінің көзі болады;

- танымдық тапсырмаларды шешуге,ізденуге  шығармашылық күш беріп, білім  сапасына, оның тереңдеуіне әсер  етеді;

- өздігінен білім алуға ұмтылушылықтың  дамуының ішкі шарты болып  табылады;

Аталған зерттеулерді қарастыра келе танымдық түрткілер мен қызығушылықтар- оқушылардың білімін дамытып, әртүрлі әдістер арқылы әрі қарай жетілдіреді. Яғни,ғылыми танымға – оқу әрекетін білуге,зерттеуге, ізденуге деген  қызығушылықтарын туғызады. Ал,өзіндік білім түрткісі – оқушылардың білімін жетілдіру әдістері. Бұл деңгейлер оқушылардың нәтижеге жетуін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік топтар да бірнеше қосымша топтарға бөлінеді. Кеңейген әлеуметтік топтар деп оқушылардың өз Отанына, қоғамына тиімді болу үшін білім алуға ұмтылуы, қоғам алдында өз борышын өтеу, жауапкершілік сезіммен оқу керектігін түсінуі деп есептеген жөн [35].

Әрбір түрткі мен қызығушылық әрекеттің орындалуында басқарушы роль атқарады. Оқушылардың әлеуметтік және танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруға, талпындыруға қоғам алдындағы борыштарын өтеуге, өзіндік білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге үйретуді жатқызамыз.

Адамда түрткі мен қызығушылықтың өркендеуі әртүрлі іс-әрекеттердің дамуына байланысты. Оған оқудағы жеке пәндердің түрлері және оқу жаттығуларының формалары кіреді. Мұндай кең мағынада оқушылар өздерінің оқу пәндері мен жаттығуларына ден қойып, бар көңілімен орындайды. Олар білімдерін толтыруға және мектеп бағдарламасынан қалмай оқуға, өздерінің танымдық көзқарастарын дамытуға талпынады. Сонымен бірге болашақ мамандықтарын таңдап алуға ұмылады.

Психологтар оқыту мотивациясын терістеу және дұрыстау деп екіге бөледі. Терістеу мотивациясына оқушының оқуға деген талпынысының төмендеп кетуі нәтижесінде болады, оған мектептегі ескертулер мен төменгі баға, ата-аналарының балаларын ұрып-соғуы және қорқытуы, сыртқы ортамен байланыстағы қобалжулары жатады.

Ал, дұрыстау мотивациясынан керісінше, оқушылардың оқу бағдарламаларын оқуға деген талпынысы, оқуда, еңбекте табысқа жетуге деген құштарлығы, білім жетілдіру бағытындағы талаптары көрінеді. Сонымен қатар сыртқы ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасы байқалады. Түрткілердің, қызығушылықтардың түрлері оқушылардың көзқарасына жақын болуы керек. Осыған байланысты оқушының мінез-құлқын да қарастыруға болады. Қарым-қатынас үрдісі нәтижесінен қанағат алуға ұмтылу және басқа адамдармен қатынасты жақындатуда байқалады. Мұнда оқушы басқа адамдармен, мұғалімдермен, достарымен өзара қарым-қатынаста болады. Негізгі ерекшелігі, өзін-өзі тәрбиелеуі және жеке тұлға болып қалыптасуы жатады[36].

Әрбір іс-әрекет белгілі бір түрткілерден, қызығушылықтардан туындайды. Демек, оқу жүйесін жақсарту үшін оқу ахуалында  қойылған мақсатқа, белгілі бір білім іскерліктерді меңгеруге ықпал етеді.  Мұндай жағдайларда білім мен іскерліктер басқа негізгі мақсаттарға, қолайсыз жағдайларға  қалмау, қоғамдық немесе жеке табыстарға жету, даңқ атақ құмарлықты қанағаттандыруға жету құралы ғана болады[ 37,24].

Оқушы жақсы өсуі үшін-білімнің өмірде керек екенін түсінуі және сол білімге қызығуы қажет. Бұған жетудің жолдары:

  1. өзін-өзі тану
  2. басқаларға  сол ортаны таныту
  3. табиғи ортаны тану
  4. ғылыми негіздік таным
  5. өмір тәжірибесі арқылы таным
  6. ұлттық таным т.б.

Бұл іс-әрекеттің барлығы оқу әрекетіне итермелейді.

Оқу - белгілі бір шамада мәжбүрлік сипатта болады да, негізгі мақсатқа жету жолында жеңу керек болатын нәрсенің бәрі кедергі болып көрінеді. Мұндай жағдайда қарама-қарсы әрекет жасайтын күштердің болуы тән. Ішкі түрткілерге адамды өз мақсатына оқуға ынталандыратын түрткілер жатады. Бұған білімді білуге әуестік, өзінің мәдени деңгейін көтеруге ұмтылу мысал бола алады. Әрине, олар оқу барысында кездесетін қиыншылықтарды жеңуге байланысты ерік-жігер, күшін талап етеді. Бірақ, бұл күш-жігер сыртқы кедергілерді жеңуге бағытталады. Мұндай ахуалдар педагогикалық тұрғыдан қолайлы. Ондай жағдай жасау педагогтің маңызды міндеті. Олар оқушының мінез-құлқын басқаруды, оқушыны тәрбиелеуді, оның мақсаттарын, мүдделері мен мұраттарын қалыптастыруды талап етеді.

Белгілі бір зат, оқиғалар, жағдайлар немесе іс-әрекет адамның айқындалған белсенділігінің  негіздерімен байланысты болғандықтан, іс-әрекеттің себептеріне айналады және оны үш категорияларға бөлуге болады:

  1. Ішкі негіздер. Олар адамның қажеттіліктерімен анықталып, ағзаның туа біткен немесе   қоғам қалыптастыратын әлеуметтік қажеттіліктерді білдіретін жүре біткен сипатта болуы мүмкін.
  2. Сыртқы негіздер. Олар адамның іс-әрекетінің қоғамдық жағдайларымен анықталады. Мұндай негіздерге талаптану, үміт күту сияқты мүмкіндіктері жатады.
  3. Жеке түпкі негіздер. Олар адамның мүдделері, ұмтылыстары, бағдарламалары, сенімімен, дүниеге, қоғамға көзқарастарымен, өзі туралы түсінігімен анықталады.

Осы айтылған ойларды жүйелей келе, оқушылардың  өзін қоршаған әлемге деген танымдық қызығушылығының дамуы жалпы үш кезеңнен құралады.

Танымдық қажеттілік пен қызығушылықтардың туындауының негізгі шарттары субъект әрекетінде пайда болатын мәселелік жағдайларда көрініс береді.

Сондықтан да алдыңа қойған мақсатыңның нәтижесін көрсең, ісіңнің оңға басқанына куәгер болсаң, жаңа білімді іздестіруде оқудың жаңа әдістерін табуға мұғалімдер мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеуде талаптары арта түседі. Әрбір оқушының оқу жұмыстарында табысқа жету жетістіктері, қиындықтардан тез шығуы және қиын істерді шешуінің мүмкіндіктерімен байланысты. Бұл жерде эмоцияны оқушылардың еңбегін бағалаудағы әділетті көзқарастарының пайдалы қортындылары болып табылады. Бұл эмоцияны В.Сухомлинскийдің айтуы бойынша еңбектің “бақыты” мен “қуанышы” деуге болады. Ол сонымен бірге жақсы оқуға деген талпыныс, өзінің адамгершілік қасиетіне деген сезімі сияқты бірнеше эмоцияларды көрсетеді [39,11]. Алдымен  мінез-құлық қалыптасады.

Мінез-құлық өмірдің алдында қалыптасатын негізгі, өзекті қасиеттер, яғни адамның өміріндегі қарым-қатынастары, қимыл-қозғалыстары мен қылықтарының белгілері. Эмоционалды жағдайлар сезгіштің жиынтығымен байланысты, мұнда қызығулар, түрткілер, қажеттіліктер, мақсаттар мен міндеттер, ойлар, оянулар, ұмтылыстар туралы ұсыныстар енгізіледі.

Сонымен қатар жеке тұлға дамуындағы танымдық қызығушылықтар ұғымына ғалымдар әр түрлі пікірлер айтады. Жеке тұлға әлеуметтік қатынастармен бірге сапалы іс-әрекетті жүзеге асыратын, нақты қоғамның мүшесі ретінде өзін-өзі басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Танымға, танымдық әрекетке қажеттілік көп ғасырлық адамзаттың тәжірибелерді игеруінде қалыптасады. Балалық шақтың өзінде танымдық қажеттіліктер, хабарламаның әр түрлі жақтарын, өмірлік пікірлердің қорын игеруге бағытталады.

Адамның бұдан былайғы өмірінде қызығушылықтың, білімді игерудің түрлері мен тәсілдері және объектісі өзгереді. Демек, танымға деген қажеттілік адамның ішкі қасиетіне тән бола отырып, жылдан жылға дамуына ие болып отырады.

Әрбір адамда, әсіресе ересектерде, танымдық қызығушылықтар біршама танымды және бағытталған болып құрылады. Бұл кәсіби әрекетке байланысты қызығушылықтар, қоғамдық өмірді түсінуге қажеттіліктерден туындайтын қызығушылықтар,мәдениеттің әртүрлі салаларына деген қызығушылығының әсерінен пайда болатын тілектер [40,12].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әсер ететін факторлар



макро

-жеке дара қасиеттері

-ниет

-тілек

-ынта

-ықылас

-себеп

 

меза

-белсенділігі

-қоршаған орта

- білім

 

микро

-ұнайтын мамандығы

-ата-анасының кәсібі


 

Танымдық қызығушылықтың даму кезеңдері



 

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың алғашқы кезеңде туындауы

 

ұнайтын іс-әрекетке қызығушылығын тұрақтандыру

 

тұлғаның қалыптасуының  бағыт-бағдарына, өмірлік мақсаттары мен жоспарына сәйкестендіру жүйесіне әсері


 

қажеттіліктен туындайтын қызығушылықтың сипаты

 

 

сөйлеу

 

Тұрақты қызығушылық сипаты

 

 

белсенділігі

 

қызығушылықтың іс-әрекеттегі көрнісі

 

өзін-өзі тәрбиелеу

 

сезіну

шығармашылығы

өзін-өзі білімдендіру

өзін-өзі анықтау

үйрену

ізденушілігі

өзін-өзі дамыту

талаптану

қаблеттілігі

өзін-өзі сендіру

үміттену

мінез-құлқы

іскерлік дағдысы мен кәсіби біліктілігін қалыптастыру


 

 

 

 

Танымдық қызығушылықтар


 

1 сурет - Оқушылардың танымдық қызығушылығының дамуы

 

Ал,оқу-танымдық әрекеттерге келетін болсақ, онда ол ғылыми фактілер мен заңдылықтарға, танымның тәсілдері мен әдістеріне, яғни теоретикалық білімнің құндылығына бағытталған танымды қызығушылықтармен қанағаттандырылады.

Танымдық әрекеттің іргелі сипаттамасында мотивацияның әлеуметтік қыр-сырын ескермей, тек жеке адамның өсуге және дамуға, әлеуметті мағыналы әрекетке өзін-өзі нақтылау мен өзін-өзі бағалауға  деген тепе-теңдікте түсіну мүмкін емес.

Танымдық қызығушылықтардың дамуы кезеңдеріне тоқталып өтейік (3 сурет). Бірінші кезеңде қызығушылық әдетте жарық әсерімен, танымның жаңа құрылымымен байланысты. Ал келесі кезеңінде  адам заттың тек сыртқы жағына емес, оның ішкі мәніне, құбылыстың пайда болуындағы себептерді түсінуге тырыса отырып зейінін салады.

Қызығушылықтың дамуы, сонымен қатар, оның мамандануына, білім тереңдігіне, зейіннің тұрақтылығына, оған қоса адамның білім саласындағы біршама күрделі мәселелерді шешуге ұмтылуымен байланысады. Танымдық қызығушылықтың дамуының ең жоғарғы табалдырықтарында адам өзін таным әрекеттерінің шыңында көреді, өзінің өмірлік жоспарлар жүйесінде танымдық қызығушылықтарын қосады [41,32].

А.Н.Матюшкин [42,12] көрсеткендей, танымдық қажеттілік мақсаттарға жетуге деген іс-қимылдарды орындаудағы мүмкіндіктер болған кезде пайда болады, яғни қажеттілік – бұл адамға жаңа ақпаратты іздеуге, оның керек шешімін қалыптастыруға итермелейді.

Х.Хенхаузен [43] еңбектерінде оқушының бойында қалыптасатын танымдық қажеттіліктердің, ақыл-естің әрекеті педагогтардың, ата-аналардың жаппай ақпараттық құралдарынан, көркем әдебиет пен ғылыми әйгілі шығармалардың әсері арқылы белсендіріліп отырылады. Оқу әрекетінде қызығушылықтардың, түрткілердің бірден-бір мағынасы оқу барысында және сыныптан тыс жұмыстардың барысында тәрбиеленетін танымдық қажеттілік болып табылады [44].

Г.И.Щукина бойынша [45,54] “Танымдық қажеттілік ынталандырудың  негізгі көзі–оның ойынша оқу материалдарының мазмұны, оқушыға әкелетін алдағы ақпараттардың белгісіздігі, таңқаларлық сезімдерді оятатын, айқын құбылыстарға жаңаша қарауға мүмкіндік беретін, білімді жаңа өлшемдерді ашатын материалдар; ғылыми білімдердің пайда болуы мен даму тарихын айқындайтын, оқылатын білімдердің практикалық мәнін сипаттайтын мазмұн” – деп есептейді. Танымдық қызығушылық оқудағы және өз бетінше тәрбиені, оқушылардың танымдық белсенділігінің қалыптасуына интенсификациялық ойлау әрекетіне, оқушылардың білім деңгейінің дамуындағы оқу процесінің ұйымдастырылуына, оқудың эмоционалды атмосферасын және оқу процесінің жағымды формасын құруына ыңғайлы жағдай туғызады.  Сонымен бірге ақыл-ой тәрбиесі әлеуметтік жұмыстарды оқушылардың зейінді болу шеберлігінің, оқу ақпараттарын есте сақтаудың, ойлау операцияларын әр түрде болуының дамуымен байланыстырады. Оқушылардың зейінін дамыту үшін оқытушылар алдына істелінетін жұмыстардың міндетін дәлірек қоюы керек, үнемі ең маңыздыларын белгілеп қою керек, тақырыпқа байланысты айқын мысалдармен қызықтырып отырылуы керек. Сынып мұғалімдері зейінді дамытудың әртүрлі арнайы жаттығуларын (қызықты ойындар, оқушылардың зейінін анықтайтын ойындар) қолданады. Зейіннің дамуымен қатар есте сақтау үрдістеріне  қалыптасуы да игеріледі – сөздік, көру, бейнелеу, қимылдық, есте сақтау процестері. Есте сақтаудың дамуы оқушылардың материалдарды есте сақтауына (ұзақ және қысқа) деген нұсқаулардың қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Мұндай нұсқау жаңа материалдарды ойлаудың барлық процестерінің бойында әрекет жасауы керек [46,12].

Информация о работе Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс