Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді
Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі
Зейін дамыған жағдайда оқытушылардың оқу жұмыстарындағы тұрақтылығын көтермейді, оқытылғанды нақтылаудағы олардың мақсаттылығын дамытады, қабылданған материалдың мазмұнын айтуға үйретеді. Сонымен қатар есте сақтауға, дағдылануға арналған арнайы жаттығуларды да пайдаланып отырады.
Оқушылардың ойлауын дамыту үшін әсіресе олардың салыстыру, анализдеу, синтездеу, талдап қорыту, себеп-салдар байланысын құру, жіктеу және жүйелеу операцияларын тұрақты түрде талдау керек. Осы операцияларға байланысты ақыл-есті тәрбиелеу, жаңа оқу ақпараттарын игерудің аналитикалық және синтетикалық тәсілдерін қабылдаудағы өзара байланыстылыққа ұмтылуы керек. Оқушыларға оқылған проблемаларды, ұғымдарды, құбылыстарды талдауды үйрету керек, сонымен қатар, синтезделген мінездемелерді нақты фактілерге сүйеніп, бақылай отырып, белгілі бір нақтыланған талдау жасау, арқылы қорытынды жасау керек. Ойлау әрекетінің дамуында оқушыларға оқылған материалдардың мәнін түсіндіріп, ең бастысын бөліп қарауға шеберлігі де әсер етеді [47,13]. Олар:
- ақыл-ой тәрбиесі ойлаудың
- оқушылардың нақты фактілерді талдап қорыту шеберлігі және жалпы көзқарастың шешімдерді жасай алуы;
- көзқарастық идеялардың
- өзінің ой-пікірін негіздеп және қорғай алу шеберлігі;
Ал, диалектикалық ойлау – сол ғылыми теорияның дамуын, ғылымдағы көзқарас пен пікірлер таласын талдауды үйрену. Практикалық түрде әрбір оқулық пәні оқушыларға ғылыми жаңалықтың тарихи негізін, ғылым тармақтарын, жаңа ғылыми жағдай мен бұрынғы жаңалықтар арасында логикалық байланыстарын, ғылыми дамуының ішкі логикасын, оның заңдылықтарының ішкі қайшылық идеяларын, ескі көзқарастарды жаңа ұсыныстармен ауыстыруын ұсынады. Осы жоғарыда айтылған жағдайлар оқушылардың күнделікті даму барысында, әсіресе білім алу деңгейлерінде түпкілікті шешім қабылдауына көптеген әсерлер жасайды. Бәрінен де бұрын жеке адамның қызығушылығында оқу әрекеті – адамның еңбек, таным және қатынас субъектісі ретінде оның жалпы өмір тіршілігінің нақты түрінің бірі. Адамның танымдық қажеттіліктері мен қызығулары адамның жалпы өмірлік бағыттылығындағы нұсқаулар мен құндылықтардың жалпылама жүйелерін белгілейді [48,41].
Оқушылардың таным процесі өзіне тән ерекшелігі бар күрделі психикалық үрдіс. Оқушының нәтижелі оқуына әсер ететін сыртқы және ішкі күштер немесе белгілі себептері болады. Оқушының білім алуда ілгері қарай басуына себепкер болатын негізгі күш – түрлі қайшылықтар. Оқушының оқуына түрлі әсер ететін себептердің бірі – түрткілер, қызығушылықтар [49].
Қызығу - күрделі психологиялық үрдіс. Мысалы: қызығуды-миға жеңіл әрі жағымды әсер ететін өзгеше көңіл күй деп философиялық сөздікте бағаланса, Пьеронның (1957) психологиялық сөздігінде қызығуды - адамның назарын аударатын әрі оның іскерлігін арттыратын ерекше нәрселер деп көрсетті. 1964 жарық көрген (Қызығу психологиясы) атты еңбегінде американ психологы Дональд Супер: Қызығу дегеніміз не? - деген сауалға: қызығу - бұл бір нәрсеге табыну, мінез көрінісінің қасиеттерінен бой көрсету деп жауап береді [50,11]. Кеңестік дәуір психологиясында қызығу теориясын материалистік позициядан іздейді. Адам қызығуға тұратын заттардың бәрі обьективті өмірде бар. Сондықтан да қызығудың обьективті-субьективті жағы болады. Қоршаған ортадан адам мүддесіне құрылыс материалдарын ала алады. Олар көптеген жағдайлар әсерінен құрылады. Кең әлеуметтік және табиғи жақын орта, оның мінез сатысы адамдармен қарым-қатынасы, тәрбиелеу және оқыту процестері, ерекше стимулдармен ыңғайластырылып қоршаған ортаны тудыратын жеке адамдық белсенділік бәрі адам қызығушылығын қалыптастырады.
Қоршаған ортаның алуан түрлілігі секілді, адам қызығулары да алуан түрлі болып келеді. Мысалы: пәндік қызығулар адамның көркем-өнерге, денешынықтыруға, техникаға, сондай-ақ танымдық пәндерге қызығуы. Оның ішінде бір нәрсеге ғылымның бір түріне немесе спорттың бір түріне қызығуы басым болады. Бұндай қызығуларды пәндік немесе сабақтан тыс өзіндік жұмыстар жүргізу арқылы дамытамыз. Жалпы қызығудың ерекше, әрі өте маңызды бөлігін -танымдық қызығушылық құрайды. Оны оқушының өз білімін тереңдетуге ұмтылысынан көреміз. Яғни, танымдық қызығу, оның оқуға, тіпті өмірге жаңаша қарауына әсер етпей қоймайды. Оқушы сол сабақты сабырсыздана күтеді, сол мұғаліммен қарым-қатынасты немесе интеллектуалдық қуанышты бастан өткереді, бұған кешегіден де көбірек білгендігіне қуанады.
К.Д.Ушинский еңбектерінде “Танымдық қызығушылық оқушының білімге , бір нәрсені білуге құштарлығын арттырып қана қоймайды сонымен қатар айналадағы бізге белгісіз, жұмбақ, сырларға жауап іздеуге итермелейді- деп қарастырады [51,23]. Ол үшін танымдық қызығушылығының психологиялық табиғатты оқу барысында қолдау мен қолпаштауға ие болу керек. Танымдық қызығушылыққа бекітілген өмірлік маңызы бар процестер жайлы мұғалімнің ойланып, толғанатын жері де осы .
Мысал келтірер болсақ әдебиет пәнінің мұғалімі оқушыларына шығарманың құрылысын талдатып, кейіпкерлерін тапқызып, мазмұнына талдау жасатқызу арқылы олардың ішкі сезімдері, көңіл-күйі, қанағаттану, ләзаттану, сезімдері мен тікелей әсер ете отырып жұмыс жасаса, математика, химия мұғалімдері сезімді былай ысырып қойып, оқушының тікелей тапсырманы шешу мүмкіндігі, ойлау дәрежелерімен жұмыс істейді. Яғни, сабақтың эмоционалды жақтарына аса назар аудара бермейді. Оқушылардың танымдық қызығуының қалыптасуына ең алдымен пән мұғалімдерінің ықпалы зор. Ол үшін мұғалім сабақта қызықты, тартымды оқыту үшін жиі пайдаланатын әдістерді оқу барысында пайдалануымызда екі маңызды мақсаттарды ескеруіміз қажет.
1. Танымдық қызығуды тек қана оқыту, балаларды сабаққа тарту, қызықтыру құралы деп қана қарамай, сонымен қатар баланың ішкі психологиялық жан-тербеністері, жекелік ішкі процестерін қалыптастыруда маңызы ерекше деп қарау.
2. Оқушының өзінің көңілі
3. Сонымен қатар оқушылардың
танымдық қызығушылығын
Тәрбие - адам өмірінде ғана болатын қоғамдық құбылыстарға итермейтін саналы әрекет. Яғни, дұрыс өмір сүру үшін, қоғам бақытты болуы үшін жеке адам тәрбиелі болуы керек. Жеке адамның даму ерекшеліктерінің әлеуметтік құрылымында алатын орны жастардың сұраныстары мен мақсаттарына байланысты туындайтын денсаулық, адамдармен қарым-қатынас, білім, еңбекке араласу, кәсіпті таңдау, жастардың рухани дамуы, мәдени деңгейі, жастардың бос уақытын пайдалануы, тұрмыстық мәселелері, міне мұның бәрі жастардың танымдық қызығушылығына, дүниетанымына және мақсат, мұраттың жақын келешегі – перспектива адамгершілік мәселесіне жатады. Біршама мәнді, мағыналы болып танымдық қызығушылыққа маңызды әсер ететін түрткі, қажет, зейін, қабілет, ой, қиял, тағы басқа психологиялық процестер түрлерін айтамыз [52,14].
Оқыту - мұғалімнің білім берудегі жетекші әрекеті болса, оқу баланың танымдық түсінігіне, біліміне, ізденуіне, ықпал ететін құбылыс. Оқыту үрдісі - мұғалімнің оқушылармен рухани қарым-қатынаста ұдайы ынтымақтастықта болуды қажет етеді. Жоғарғы сынып оқушыларында еліктегіштік қасиет басым болып келеді [53, 16]. Оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік санасының өсуіне, оның дара тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік туғызу. Жеке тұлғаның даму деңгейі мен әлеуметтік сұрану талаптарына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық, психологиялық жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастыру.
Қазіргі таңдағы елімізді адамгершілік тәртіпсіздік сияқты жаман қасиеттерден сақтандыру үшін, жоғарғы сынып оқушыларының бос уақытын дұрыс пайдалана білуге көңіл аударуымыз қажет. Өйткені, жастар бойындағы зерігушіліктің, әдепсіздікке соқтыратындығын, теріс жолға бастайтындығын, мектеп өмірінен жиі байқаймыз. Ондай жолға жібермеудегі тосқауылдан туған жол халқының әдет-ғұрпындағы салт-дәстүріндегі әдептіліктік таным-тағылымы. Сондықтан да жастарымыздың санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің мәні зор. Ақынжанды, ақжарқын шешен өнерпаз, өнегелі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан тәлім-тәрбиелік әдеттері мен ғұрыптары, рәсімдері және салт-сапалық дәстүрлері жас ұрпақтың жан жүйесіне әсер етіп, анасына сіңсе, ұлтық мәдениетті игерген, иман жүзді, инабатты ұрпақ жалпы адамзаттық асыл қасиеттердегі игіліктермен тоғысуына мүмкіндік алады. Халқымыздың асыл қазыналарын білуге, игеруге қызықтыру, ұлттық тәрбиені меңгеру басты міндеттеріміздің бірі.
Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырудың сипаттары мен ұлттық ерекшеліктерінің көрсету барысында бүкіл адамзаттық құндылықтарын педагогикалық категория бойынша жіктеді. Оны төмендегідей тұрғыда қарастырамыз.
Жалпы тұрғыда:
а) бойға дарыту б) машықтандыру жолдары
ә) ойға қондыру в) жаттығу әдістері
Ұлттық тұрғыда:
а) Халыққа тән болмыстың сипатын ашу
б) Ұлттық тәрбиенің басты ерекшеліктері
в) Әдет-ғұрып, салт-дәстүрге қызығушылығы
Әр халықтың тәлім-тәрбиелік мұрасы- ұлттық мәдениетінің маңызды белгісі болып табылады. Осы арқылы ол ұлттың ұлттық тәрбиесінің ерекшеліктерін білеміз. Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырып, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дархандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы- әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулап, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген .
Қазақтар “Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле”- дегендей, халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз. Ұлттық тәрбиеміздің халықтың сан ғасырлар тарихымен тығыз байланыста болып, осы уақытқа дейін дәстүрлі тәрбие құндылықтарын жоғалтпай жалғастырып келеді. Халқымыздың ұлттық тәрбиесі негізінен жүйелі болған. Өйткені, тәрбие әке-шеше, отбасынан бастап, ағайын- туыс, көрші-қолаңның бәрі араласып, бәрі де халықтың баласына ортақ қамқорлық жасаған. “Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр”деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себебті ұлтымыз:”Балаң өзіңе тартса- жұбан, қоғамға тартса - қуан” - деп бекер айтпаған. Біздің тәрбиеміздің бір ерекшелігі - қыз балаға қамқорлықпен қарау. Себебі халқымыз қыз тәрбиесіне баса назар аударған. “Ел болам десең- бесігіңді түзе” дегендей, тәрбие бесіктен басталатынын бәрімізге белгілі. Ал бесік иесі- ана. Ал қазіргі заманда қыз баланы, яғни болашақ бесік иесін тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлуіміз керек, өйткені қыз бала ертеңгі бойжеткен, ана, халқымыздың болашағы. Сондықтан да отбасының берекесі болмай, Отанның мықты болуы мүмкін емес. Яғни, Қазақстанның әлем мойындайтын мемлекет болуы әрбір отбасына, оның мүшесіне әсіресе әйел затына көбірек байланысты. Себебі қашанда отбасының ұйытқысы - “Әйел” деген даналық сөз бабалардан болашаққа жалғасып келеді. Баяғының білімпазы Ризаудин Ибн Фахруддин: “Әйелдері тәрбиелі болған халық -тәрбиелі, әйелдері тәрбиесіз болған халық-тәрбиесіз”. Әйелдері үнемшіл,пысық, жігерлі, талантты болса- халық бай, ал жалқау, салақ немесе ысырапшыл болса, халық тақыр кедей болады,-деп бекер айтпаса керек. Тіпті, қыз бала анасына тартады деп қортынды жасаған халықта ақылды әжелер, инабатты аналары бар ауылдың бойжеткеніне көрмей-ақ құда түсу салты да бар. Қызды тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу,-деген сөз. “Халықты тану үшін қызын көр”- дейді. “Кәріге құрмет, үлкенге міндет” демекші үлкендерді, қарттарды, ақсақалдарды сыйлау тәрбиеміздің ең басты ерекшелігі деп санауға болады. Себебі халқымыздың тарихына үңілсек, ұлттық танымды қалыптастырушы ата-анаға деген көзқарас пен құрмет ерекше болған. Яғни, халқымыздың ұрпақ тәрбиелеу үрдісі, отбасындағы қарым-қатынас үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету тәрізді ұлттық дәстүрлері әрқашан сақталған және оның ұрпақ тәрбиелеудегі маңызы айрықша, халықтық мінез- құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық пен әділдік сияқты қасиеттеріміз ұлттық дәстүр ретінде қалыптасқан. Бұған дәлел “Үлкенді ұлықтап өскен ел ойсырамайды”, “Кәрі, кәрінің сөзі- дәрі”, “Кәрісі бардың ырысы бар”, “Атасыз үй батасыз, анасыз үй панасыз”, деген ұлағатты сөздеріміз, мақал- мәтелдеріміз бекер айтылмаған болу керек. “Бала- артта қалған із, бақыт- ұзатылған қыз”, “Ұл-қызың мұрагерің, ертеңгі із басарың, өшпес ескерткішің, жалғанда жасар жалғасың” - дейді халық. Сондықтан да адалдық құндылықтарды, халықтық ұранын зор ниетпен бағалай біліп, оларды адамзат мүддесіне жарату, салт-тәрбие көрсетілген). “Қыз өссе, елдің көркі”, “Жоғалтпа салт-дәстүріңді”, “Ұлттық тәрбиеміздің ерекшеліктері” т.б. тақырыптарда пікірталас, әңгіме жүргізу арқылы оқушылардың ұлттық тәрбиеге деген танымдық қызығушылықтарын оятуға міндеттіміз[53,14].
Тәрбие саласында мақсатқа жетудің негізгі принципі - көзделген істің мазмұны, оны жүргізу әдістемесі мен тәсілі және түрі екендігін үнемі ескертуге тиістіміз. Оқу әрекеті баланың дамуының басты шарты, оқушылардың кейінгі саналы өміріне қажетті қызығулардың, түрткілерінің, дағдылардың қалануының негізі болғандықтан, оқыту үрдісіндегі маңызды мәселелердің бірі саналы оқу әрекетін қалыптастыру болып есептеледі. Олай болса, оқу үрдісі баланың әрбір даму кезеңдерінде пайда болатын жетекші әрекетінің сәйкестендіріп, қоршаған дүниені тануға, танымдық қасиеттерін әрекет тәсілдерін меңгеруге, бойындағы қабілеттерін жетілдіруге, жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ұмтылдыру қажеттіліктерін туғызады.
1.2 Математика пәні бойынша
сыныптан тыс жұмыстарды
ХХІ
ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында
оқытылатын математика пәнінің орны ерекше
және оны сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту
пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс
жұмыс түрлерін математика пәнінен де
ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу
жұмысын толықтырып, материалды оқушыға
терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін
дамыту барысында ұйымдастырылады. Математика
курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі
сыныптан тыс жұмыс түрлеріне:
үйірме, факультативтік курстар, экскурсия,
олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар,
ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың
математика пәніне қызығушылығын арттыру,
ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа
баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және
өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын
қалыптастыру мақсатында сыныптан тыс
өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Мектептің міндеті оқу бағдарламасынан тыс әр түрлі тәрбиелік -білімділік мәні бар сабақтан тыс уақыттарда жүргізілетін жұмыстарды сыныптан тыс жұмыстар деп атайды. Бұл оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі болып табылады. Оның негізгі мақсаты - балаларды жан-жақты дамытуға бағытталады, ал, тыс жұмыстың негізгі міндеті - оқушылардың қызығуын, талғамын, қабілетін, іскерлік пен дағдыларын дамытып, олардың бос уақытын дұрыс пайдалы ұйымдастыру. Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып өткізу жолдары, әдістемесі, түрлері мен формалары Н.И.Болдырев, В.И.Фурсов және т.б. өз еңбектерінде атап көрсеткен. Егер сыныптан тыс тәрбие жұмысының оқу үдерісімен ұштасатын болса, онда бүкіл тәрбие жұмысының жүйесін дұрыс ұйымдастыруға көмектеседі.
Сыныптан тыс жұмыс шартының бірі - балалардың жеке ерекшеліктерін есепке алу. Ұжымдық жұмыс үдерісінде олардың неге қызығатынын анықтауға көмектесетін жағдай жасалады. Тәрбие беру мақсатында өткізілген сыныптан тыс жұмыстар балаларды мұғаліммен жақындастырады. Балалармен қарым-қатынас жасау мұғалімнің оларды жан-жақты зерттеп білуіне, олардың сүйіспеншілігі мен құрметіне бөленуіне жағдай жасайды. Бұл мұғалімнің оқушыларға тәрбиелік ықпал жасауына қажетті шарттардың бірі. Осы жұмыс үдерісінде танымдық іс-әрекеттерін, табиғатты оқу үйренуге және оны қорғауға бағыттайды, туған өлкені сүюге тәрбиелеуге жағдай жасайды, патриоттық сезімін дамытады.