Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді

Оглавление

Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 917.00 Кб (Скачать)

Дәстүрлi оқытуда оқу процесiне қатысушылардың «басқарушылар мен орындаушылар» түрiндегi  рольдерi белгiленген. Басқарушылардың қарым-қатынасы қарапайым басқару түрiнен қатал әкiмшiлiкке дейiнгi шеңбер iшiнде жүзеге асып жатады. Олардың iсiнiң негiзгi мәнi - оқушыларды белгiленген нысанға қарай бастау, ал орындаушылар мұғалiм соңынан ерiп отырулары керек. Мәселенiң бұлай шешiлуi дамыта оқыту жүйесiнiң мақсаттарына мүлдем қайшы келедi.

Дамыта оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесiнiң ерекшелiктерiне тоқталып өтейiк. Бұл жүйе дәстүрлi  оқытудан төмендегi ерекшелiктермен, өзгешелiктермен айқындалады:

-оқыту мазмұндағы өзгешелiктер;

-мақсаттардағы айырмашылық;

-дидактикалық принциптердегi;

-әдiс-тәсiлдердегi ерекшелiктер;

-оқытуды өзгеше ұйымдастыру;

-мұғалiм еңбегiнiң нәтижелiлiгiн  анықтаудың жаңа көрсеткiштерi;

-мұғалiм мен оқушы арасындағы  жаңаша қарым-қатынастар.

Л.В.Занков жүйесiне сәйкес бастауыш мектептiң негiзгi мақсаты - баланы жалпы дамыту. Ал жалпы даму деп байқамапаздығын, ойлауын дамыту және практикалық iс-әрекеттi меңгеруi қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерiк-жiгерi, сезiмдерiнiң дамуы алынады.

Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендiгiне тоқталған жөн. Қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сананың еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның iшкi сезiмдiк қуаттарын бiртұтас етiп алады. Оның «Он жетiншi сөзiндегi» қайрат, ақыл жүректiң сөз таластыруында, тек бiрлесiп ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын үш түрлi құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсетпек болады. Бұдан бұл мәселенiң ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтерiлiп келе жатқандығын көруге болады. Әр жерден оқта-текте көрiнiп қалатын дарынды балаларды ұстаздың қырағылықпен көре бiлiп, оны арнаулы оқу орындарында оқытып- тәрбиелеуi – ерекше жауапкершiлiктi қажет ететiн iс.

Үйде де түзде де дарынды балалармен жұмыс жүргiзетiн тәлiмгерлер жан-жақты бiлiмдi, әсiресе бала жанын жазбай танитын сезiмтал психолог болуы керек.

Ерекше зейiндiлiк, жинақылық, күрделi ақыл-ой жұмысына әрқашанда  әзiр тұру, еңбекке жұмылушылықтың еңбексүйгiштiкке ұласуы, демалыспен санасып жатпай, қажымай–талмай еңбектену - дарынды балалардың басты ерекшелiктерi.

Мектепке дейінгі  даярлық жүйесімен  сабақтастық  - баланың оқу әрекетіне  еркін енуінің  бірден-бір кепілі. Баланың  мектепке даярлау   мектепке дейінгі  ересектер тобында  белгілі бір деңгейде  қалыптасып келеді де,  мектептегі  жүйелі  оқу әрекетіне  араласқанда  өзінің дамуын  жалғастырады.  Бұл жағдай  баланың   мектеп оқушысы  болып қалыптасуына, ойын әрекетінің  оқу әрекетіне  ұласуына  негіз болады.

Мектепке келгеннен кейін оқушының  ойын түріндегі  өзіндік іс әрекетін  дамыта отырып,  оқу әрекетіне  ұштастыру  оқытушы  тарапынан  жоғары біліктілікті  талап етеді.

 Мұғалім  оқушының өз бетімен  жұмыс істей білу қабілетін  ашудың педагогикалық – психологиялық, ғылыми - әдістемелік негіздерінен  хабардар болуы тиіс.  Мұнда мектептің  басқару жүйесі  мен ұйымдастыру  тәжірибесі, сондай –ақ   материалдық – техникалық әлеуеті  де зор рөл атқарады.

Өз бетімен  ойнай алатын  бала өз бетінше  ойлай да алады. Демек, оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыруды бастауыш   сатыда – ақ қолға алуға толық негіз бар.

Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық – психологиялық, әдістемелік негіздері білім беру жүйесінің  барлық кезеңдерінде қарастырылады.

Қазіргі заманғы педагогикалық – психологиялық ғылым  жас  ерекшелік психологиясымен  зерттеуде  мектепке келген баланың, яғни оқу әрекетінің  субъектісі  ретіндегі  тұлғаның  дамуына  бағытталған психологиялық – педагогикалық  жұмысты жүйелі  жүргізу үшін  мектепке дейінгі жас пен кіші мектеп жасын бірлікте қарастырады. Өздігінен  орындайтын жұмыстар деп берілген тапсырманы  мұғалімнің басшылығымен, бірақ оның тікелей  қатысуынсыз, оқушылардың өздері атқаратын  жұмыстарды айтады.  Оқушылар өздігінен  орындайтын  жұмыстар жөнінде  сөз қозғалғанда,  оның өзара тығыз байланысты екі міндетін  ескерген дұрыс.  Бұл міндеттердің  біріншісі – оқушылардың  танымдық қызметіндегі  дербестікті  дамыту,  оларды  білімді  өздігінен  игеруге, дүниеге  көзқарастарын қалыптастыруға  үйрету; екіншісі – оқушылардың  алған білімін іс жүзінде  қолдана білуге баулу.

Оқушылардың  өздігінен атқаратын  жұмыстарды олардың ой еңбегін  дамытуға  бағытталған және мұнда  мұғалімнің берген  тапсырмаларын орындаудың  ең тиімді  тәсілдерін өздеріне  іздеттіру көзделген.

Математика сабақтарында оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарын былайша жіктеуге болады: оқулықпен, оқу құралдарымен  және басқа  анықтама әдебиеттермен  жұмыс істеу, үлестірмелі  материалмен  жұмыс істеу,  сабақта өздерінің  жолдастары  берген жауапты толықтыру; математикалық  конференцияларда жасаған баяндамаларға  немесе хабарламаларға  пікір айту;   жеке немесе топтық тапсырмаларды орындау; рефераттар жазу;  кейбір көрнекі құралдарды  (плакаттар, сызбалар, альбомдар) жасау; экскурсия  кезінде  өлшеуге немесе  есептеуге байланысты практикалық жұмыстар орындау.

Негізгі дидактикалық мақсатқа сай өздігінен орындайтын жұмыстар:

  1. білім алу және оны одан әрі тереңдетуге;
  2. іскерлік пен машықтарды игеруге;
  3. білім, іскерлік  және машықтарды қолдануға бағытталған.

Математика сабақтарында оқушылар өздігінен  орындайтын жұмыстардың ауызша және жазбаша, сыныптағы  немесе үйдегі, жалпы сыныптық, топтық, жаппай және жеке түрлері пайдаланылады.

Оқу материалының мазмұнына, оның оқулықта баяндалу ерекшеліктеріне,  қолда бар оқу жабдықтарына  және басқа факторларға  сәйкес дидактикалық  принциптерді  басшылыққа ала отырып,  мұғалім оқу процесінде өздігінен  орындайтын  жұмыстардың әр түрін  немесе олардың үйлесімділерін  қолдануды жоспарлауы тиіс.  Оқушыларға өздігінен  орындауға берілетін  тапсырмалар  айқын мақсатты көздеуі және олардың  ынтасын арттыруы шарт. Сондықтан оқушылардың ынтасын арттыру үшін  берілетін тапсырмалардың  тың материалдан  тұруы, практикалық  қолданыстары анық, зерттеу сипатында болғаны орынды.

Сонымен оқушыларға  тапсырма бергенде  олардың шығармашылық белсенділігі, жеке бас ерекшеліктері, жалпы математикалық  мәдениеті тәрізді  факторларға назар аударған дұрыс.

а) Оқушылардың сабақта  өздігінен орындайтын жұмыстарын  тиімді ұйымдастыру үшін  математика кабинетінде  дидактикалық материалдар, үлестірмелі материалдар, баспа негіздегі дәптерлер, т.б  оқу құралдары жинастырылуы қажет.  Дегенмен, оқушыларға оқулықпен жұмыс істеуді үйретудің  орны ерекше.

Оқулық бастауыш білім берудің  мемлекеттік жүйесінде  қабылданған  математикалық білімнің деңгейін, көлемін және құрылымын анықтайды.  Дәлірек айтқанда,  оқулық – оқыту ісінде  бас тартуға болмайтын  мемлекеттік құжат.

Сондықтан мұғалім   математика оқулығының,  басқа оқу құралдарымен  салыстырғандағы  жетістіктері мен кемшіліктерін,  әдістемелік құралдарда  ұсынылатын кейбір қағидаларды  қолдану ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.  Сонымен бірге, ғылымның дамуын көрсету үшін,  оқушыларға жеке ықпал жасауы үшін  оқу материалын ғылыми-әдістемелік және ғылыми – бұқаралық әдебиеттердегі  материалдармен  ұдайы салыстыра отырып оқытса,  нұр үстіне нұр.

Әр сынып оқулықтары қажетіне қарай орындалуға тиісті жаттығулармен, есептермен, практикалық тапсырмалармен, суреттермен, графиктермен қамтамасыз етілген. Әдістемелік тұрғыда  бұлар өзін-өзі  ақтаған материалдар, сондықтан оларды  оқу процесінде  тиімді пайдалану керек.

Оқушыларды  оқулықтармен жұмыс істеуге  үйрету кезінде  математикалық мәтінді талдау, ең маңыздысын бөліп көрсету, оларға сұрақ қоя білу,  сұраққа жауап бере  білу,  жауаптардың  жоспарын жасау, кестелер мен суреттердегі  қажетті мәліметтерді іздей білу, сызбаларды оқи білу сияқты  мәселелердің назардан тыс қалмауы керек.

4-сыныпта мәтінде баяндалған  мағлұматтарға зейін қоя білу, параграфтың соңында берілген  немесе мұғалім қойған сұрақтарға  мәтіннен  жауап іздеу, графиктер  мен кестелерден мәліметтер ала  білу, алфавиттік  көрсеткіштерді  пайдалану сияқты оқулықпен жұмыс істеудің алғашқы машықтары қаланады.

Мазмұндауға тиісті материалдың жоспарын құруды үйрету ісін алдымен мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде бастаған жөн. Бұл оқушылардың  математикалық мәтінді зейін қоя оқу, оқығандарын ой елегінен өткізіп, талқылау және ой түю машықтарын  шыңдауға көмектеседі. Ал оқу материалының жоспарын құру оқушылардың  аналитикалық-синтетикалық  қызметін дамытып, мәтіндегі  ұғымдардың  арасында  байланыстар  орнатуға дағдыландырады.  Осыған орай, оқулықтағы теориялық материалмен  жұмыс барысында  мынадай тапсырмалар орындалады:

а) сұрақтарға жауап беру;

Мәтінді оқу, ондағы ең маңызды мәселені бөліп көрсету.

        ә)  Оқушылардың  үйде өздігінен  жұмыс істеуі  математика курсын игеру процесінің  маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін арттыру үшін оқулықтың  тиісті бөлімін оқытумен, есебін шығарумен шектелмей, керісінше оны түрлендіріп отыру қажет.

Үй тапсырмаларының тиімділігінің  басты шарты – барлық оқушының тапсырманы ұқыпты да сөзсіз орындауы.  Бұл тапсырманы орындаудағы  дербестіктің   деңгейін  үйге берілген  есепке ұқсас  есептерді сыныпта шығарту, үйге тапсырылған материал бойынша  математикалық  диктант,  конспект жаздыру және т.б жолдармен анықтайды.

Оқушыларға шамадан  тыс тапсырма беріп қиындық туғызбас  үшін үй тапсырмасының  мазмұнын толық, әрі анық тұжырымдап,  кездесетін қиындықтарды атап айтып, оларды меңгерудің  жолдарын  көрсетіп отырған пайдалы. Егер мұғалім сыныпта  өткен материалды   оқулықпен немесе ондағы қосымша материалдармен  байланыстырмаса, сыныпта шығарған есептерге  ұқсас есептер бермесе, оқушылар сөзсіз қиындықтарға ұшырайды.

Жалпы сыныпқа  ортақ тапсырмалармен бірге, оқушылардың жеке ерекшеліктеріне  сәйкес тапсырма берудің маңызы зор.  Математикаға икемі бар оқушыларға  әр түрлі тақырыпқа  шығармашылық   тапсырмалар бере отырып, зерттеу сипатындағы  есептер шығарғанда, баяндама  немесе реферат  жазғанда ерекше  қамқорлық көрсетудің орны бөлек.

Үйге берілетін тапсырманың көлемі мен сипаты әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жас ерекшелігі) байланысты  оқу жоспарымен  анықталып отырады.  Дегенмен, тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немесе уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған  үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.

        б)  Оқушылардың  өздігінен орындайтын жұмыстарының  бірі – шығармашылық жұмыс.

Математика бойынша өздігінен  шығармашылық жұмыс орындау оқушылардың пәнге ынтасын арттырып, ізденгіштік қасиеттерін тәрбиелеп, математикалық  ой-өрісін дамытады. Шығармашылық жұмыстарды  орындау барысында  оқушы оқып үйренген теорияның, не есептің  жаңа қырларын ашады,  өз ой-пікірін айтады, табылған мәліметтер бойынша қорытынды жасауға үйренеді. Мұның өзі оқу процесінде оқушылардың шығармашылық қызметіне  ерекше  мән беру қажеттігін көрсетеді. Әдетте, оқушылардың шығармашылық жұмысына мынадай жұмыстар жатады:

  • үйреншікті  тәсілдерді қолданбай есеп шығару немесе түрлендіру;
  • бір есепті бірнеше тәсілмен шығару
  • есепті не мысалды оқушылардың өздеріне құрғызу;
  • математикалық диктант, шығармалар жаздыру;
  • оқушыларға әзіл-жұмбақ есептер даярлату және т.б

Оқушылардың шығармашылық қызметінің  дамуында  мәліметтері әр түрлі   тапсырмалардың атқаратын рөлі зор. Себебі,  мәліметтері   құбылмалы тапсырмалар  дербестікті,  ізденуді талап ететін шығармашылық, танымдық қызметінің  элементтерін қамтиды.

Орындалу уақыты  жағынан шығармашылық тапсырмалар әр түрлі болады. Осындай тапсырмалардың бірі математикалық диктант жаздыру.

Егер оқушы математикалық диктант, шығарма жазғанда ізденгіштік танытса, қайсыбір фигураның қасиеттерін анықтаса, математикалық сөйлемдерді   өздігінен дәлелдесе, онда ол жұмыс солғұрлым  құнды  әрі қызықты болмақ. Бұл бағытта салу  есептерінің, есептерді шешіп, зерттеудің берері мол.

Математикалық шығарма жазу оқушылардан:

  • қосымша әдебиеттерді оқуды;
  • оқыған материалдарды  қорыта білуді;
  • жазба тілдің қалыптасуын;
  • жазғандарын көркемдеуді талап етеді.

Сондықтан мұғалім қажетті әдебиеттердің  тізімін оқушыларға берумен бірге, оларды зейін қоя оқуға, оқыған материалдарын  өз сөздерімен конспектілеуге,  түйінді мәселелерін  бөліп алуға, оларды  рет-ретімен жазбаша баяндауға баулыған жөн.

Математикалық шығарма жазу мерзімі әдетте 1-1,5 айға  созылады.  Осы уақыт аралығында оқушыға ауық-ауық кеңестер беріп тұрған абзал.

Математикалық  материалдарды  сапалы игеру  негіздерінің бірі  оқушылардың өздігінен  орындайтын жұмыстарының арасына тығыз байланыс орнату, олардың сабақтастығын нығайту болып табылады.

в) Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу іскерлігін шыңдаудың  бір тәсілі математикалық жазба дәптерді пайдалану,

Бұл дәптерге  оқушы алдымен тақтаға жазылғандарды; сабақтың тақырыбын, жоспарын, өтілген күнін, кездескен жаңа терминдер мен символдарды,  интернационал сөздердің мағынасын,  қорытылған форманы көшіріп жазады, графиктерді сызады. Соңында қорытынды жазу керек,   мұның өзі жалпы әсердің  тұтастығын сақтауға көмектеседі. Сонымен бірге,  бұл дәптерге   ғылым мен техника жаңалықтарын,  математиканың жаңа қолданымдарын, математик-ғалымдардың өмірінен қысқаша  мағлұматтар жазған жөн.  Үй тапсырмасын мынадай тәртіпте орындауды ұсынуға болады: дәптердегі жазбаларды қайта қарау, сөйтіп, жазба бойынша сабақтың  барысын еске түсіру, қажетті материалды оқулықтан оқып, жазбамен салыстыру,  математикалық сөйлемдерді, формулаларды, қорытындысын жаттап алу, ақырында оқу материалын ой елегінен өткізіп өзін - өзі тексеру.

Информация о работе Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс