Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді

Оглавление

Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 917.00 Кб (Скачать)

Оқушылардың  өзіндік жұмысын  ұйымдастырудың маңызы  өте зор, өйткені сол арқылы оқушылардың  іс - әрекетінің  дербестігі артады;

Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша, бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен  алуы керек.  Мұғалімнің  қызметі  оның білімінің, шеберлігін  ұзақ  жолды қысқару үшін,  ол  жолдан балалар  қиналмай  оңай  өту үшін, керек білімін  кешікпей, кезінде  алып отыру, балаға жұмысты  әліне қарай  шығындап беру мен бетін белгілеген  мақсатқа  қарай  түзеп отыру керек.

Оқушылардың  өзіндік жұмыстарының  мән – мағынасы, оны ұйымдастырудың тәсіл – амалдары туралы педагогикалық  әдебиеттерде  әр түрлі  пікірлер айтылады.

Профессор Р.Г Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік  жұмыстарын ұйымдастыру  мына шарттарға  байланысты:  оқушылардың  істейтін  жұмысының  мақсатына  айқын түсінуі; жұмыстың жемісті  аяқталуына,  оның алдағы нәтижесіне  қызығуы;

Жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен  орындауын  көздеу керек.

Оқушылардың өзіндік жұмысына  тән негізгі  сипаттарды  анықтап беру қажет. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың  негізгі шарттары  мыналар:

-   мұғалімнің  нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі;

-   жұмысты орындаудың және  аяқтаудың  уақытын белгілеуі;

-   мұғалімнің  басқаруымен  оқушылардың  дербестігінің  өзара 

    байланысы,

-  олардың жұмысты өз еркімен   және қолдауымен  істеуі, оған әсер

    ететін  мотивтер т.б

Оқушылардың өзіндік жұмысына  мұғалімнің  тапсырмасы бойынша, өздері  жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін  бағалап  орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар,  оқушылардың  өзіндік жұмысының   жоғары формасына,  олардың  өз еркімен  жаңа амал – тәсілдер қолданып  жасайтын  шығармашылық  жұмыстары да жатады.

Оқушылардың  таным әрекеті  білім алу қажетімен ұштасады.  Осыған орай, олардың  дербестігі,  ең алдымен,  белсенділікке байланысты, ол белсенділік  дербестікті  қажет етеді.  Оқушылардың  өздігінен  істейтін әрекеті  оның белсенділігін  арттырады.  Бұл екі термин өзара  ұқсас болғанымен, олардың мазмұнында  айырмашылық бар.  Қысқаша айтқанда, бұлар бір мағынадағы ұғымдар емес. Белсенділік – дербестікке қарағанда  мағынасы кең ұғым.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруды халық  педагогикасының   үлгілерін қолданудың  тиімділігін  тәжірибе көрсетіп отыр.

Мысал ретінде «Әдеп әліппесі» пәнін оқыту барысында  бастауыш  сынып оқушыларына  біз сабақтарда  оқушылардың  өзіндік жұмысын  орындатуда  әртүрлі  тәсіл – амалдарды қолдандық. Солардың ішінде мәтінді ауызша  мазмұндату, еркін мазмұндату.

Еркін мазмұндату, түсінігін, не есте қалғанын айтқызу. Көркемдеп немесе мәтінге жуық мазмұндату. Іріктеп  мазмұндату, не негізгі ойды ғана айтқызу.

Өз бетінше жұмыс істеу дегеніміз – оқушылардың оқу үрдісіндегі өз бетінше  танымдық  әрекеттерін  ұйымдастыру мен басқарудың  арнайы педагогикалық  құралдары  түрінде  көрінетін  жасанды педагогикалық   конструкциялар. К. Ушинский  кез-келген  оқытудың  жемістілігінің   бірден – бір берік негізі – оқушылардың  өз бетінше   әрекет етуі,  олардың дербес  жұмыстарды орындауы  деп  есептеген. Өз  бетінше  жұмыс – біржақты ұғым емес,  оның әртүрлі пішінде  болуы,  оған алуан  әдістер мен тәсілдер  қолданылуы мүмкін.  Өз бетінше  жұмыстарды жүргізу  әдістемесі  алдыңғы қатарлы  педагогика ғылымы  дүниеге әкелген  талаптарға сәйкес  келеді. Оның оқыту үрдісіндегі  ерекшеліктерін  қарастырып көрейік.

 Оқу уақытындағы  жұмысты ұйымдастырудың  негізгі түрі – сабақ.  Әр сабақтың  жоспары   нақты іс-әрекет  түрлерінен  тұрады. Әр сабақтың  әдістемелік жобасын  жасау ісі оқушылардың  жеке ерекшеліктерін  ескере  ахуал туғызу ұстанымы  бойынша  жүзеге асады.  Оқушыларды танымдық  іс-әрекетке  үйрету  үшін сабақтарда   оқушы жаңа білімді игеруіне дәнекер болатын әрекеттердің  ерекше түрлері мен тәсілдеріне  көңіл бөлінеді.

Оқушылардың өз бетінше жұмысын сабақтың құрамдас  бөлігі  түрінде  өткізуге болады.  Түсіндіру,  әңгімелеу, шамамен он-он бес, кейде жиырма  минут уақытты  өз бетінше  жұмыс істеуге  бөлу. Бұл уақыт есеп шығаруға, жоспар жасауға,  сұрақтарға жазбаша  жауап беруге, жаттығу орындауға, кітаппен, түпнұсқамен  жұмыс істеуге арналады.

Өз бетінше  істелетін  жұмыстың мұндай түрі – ең пәрменді әрі кең  таралған түрі.  Оны ұқсас  жағдайларда  қолдануды үйренуге, қандай да бір еңбек    операцияларын  меңгеруге және белгілі  дәрежеде  дағды  қалыптастыруға  көмектеседі.  Есте сақтау, қайтадан айтып  беру, тіпті  ой толғау  қабілеті  дамиды, бірақ белгілі  бір  қалыпты сақтайды. Неғұрлым  күрделі жұмыстар  ізденіске, күрделі есептерді шығаруға байланысты.

Өз бетінше жұмыстардың іргелі түріне оқушылардың өз бетінше еңбектенуіне толығымен арналған арнайы сабақтар немесе сабақ бөліктері  жатады. Олар:

  • таратпа материалмен жұмыс;
  • есеп шығару;
  • зертханалық, тәжірибелік жұмыстарды жүргізу;
  • бақылау жұмыстары;
  • қателермен жұмыс; т.с.с.

Толығымен өз бетінше жұмысқа арналған  сабақтар салыстырмалы   түрде сирек өтеді, оларға мұқият дайындық қажет. Бұл дайындықтың ұзын – ырғасы шамамен  мынадай:

  • тақырып таңдап алынып, қалыпқа келтіріледі;
  • өз бетінше  жұмыстың мақсаттары  белгіленеді (бірдеңені білу, бірдеңені үйрену, шешім табу, т.б);
  • операцияның, іс - әрекеттің  реттілігі ойластырылады;
  • материалдық  база дайындалады (дидактикалық  материал, техникалық құралдар, әдебиет  т.б)
  • өз бетінше жұмыстың  қалай атқарылатынын  оқушыларға алдын ала  үйрету;
  • жұмыс нәтижелерін қаттау тәсілдері,  қорытынды  және аралық бақылау, оқушылардың  өз бетінше   жұмыс барысындағы рөлі, көмекке  мұқтаждарына  дер кезінде  көмек көрсету мәселелері  ойластырылады;
  • кейбір жағдайларда, егер қажеттілік туса, техникалық  қауіпсіздік қамтамасыз етіліп, оқушыларға нұсқау беріледі;
  • сабақ басталар алдында  оқушыларға  жұмыстың қалай жүретіні  жөнінде  түсінік беріледі.

Негізгі міндеттер:

  • оқушылардың  өзіндік жұмысы туралы түсінік беру;
  • оқушыларды өз бетімен  тапсырманы  орындау әдістемесімен таныстыру;

Мынадай тақырыптарды қамтиды:

1. Мектеп оқушыларын  өз бетімен  тапсырманы  орындауға үйретудің  теориялық - әдіснамалы негіздері;

2. Өз бетімен  тапсырманы  оқу  әрекеті  базасы негізінде  үйретудің мүмкіндіктері;

3. Оқушыларды  өз  бетімен тапсырманы  орындауға үйрету әдістемесі;

Оқушылардың  өз бетімен орындайтын жұмыстарына қалай көңіл аударатындығын анықтап алуға  болады:

  1. Оқушылардың  өз беттерімен  орындайтын жұмыс түрлерін атаңыз.
  2. Өз беттерімен  орындайтын жұмыс  түрлерінің қайсысын жиі – жиі қолданасыз? Неге?
  3. Өз бетімен орындайтын  жұмысқа  қанша уақыт бөлесіз?
  4. Оқушы әр түрлі  тапсырмаларын  өздігінен шешіп  орындайтын ортақ тәсілдерін қалай үйретіп жүрсіз?
  5. Сабақ барысының  қай кезеңінде  өз беттерімен  орындауға тапсырма бересіз?
  6. Оқушыларды  өз беттерімен жұмыс жасауға  баулуда  қандай әдіс – тәсілдер  қолданып жүрсіз?
  7. Өз бетімен орындаған жұмысты тексеру мен бағалауды  қалай ұйымдастырасыз?
  8. Өз бетімен  орындайтын жұмысты  барлық  оқушыларға  бірдей ұсынасыз ба? Неге?

  Оқу әрекетінің мазмұны   оқу тапсырмалары  түрінде  құрылады.  Демек,  оқушылар жаттығу, есеп, тапсырмаларды  өз беттерімен  орындай алуларына  жете көңіл  бөлулері керек.  Математика  пәнінде есеп  жаттығулардың  ерекше түрі қарастырылады.  Жаттығулар – оқушылардың  білімін бекіту, біліктері мен дағдыларын  дамыту мақсатына  қызмет ететін  әдістемелік тәсілдер  немесе  машықтандыру тапсырмаларының жүйесі. Ойлау амалдарын меңгеру, білімдерді  берік және саналы игеру мақсаттарында  пайдаланылады.

Жаттығулар жүйесінің тізбектестігі, қол жетерлігі,  қолданылуының реттілігі  зор рөл атқарады.  Оқыту және тәрбиелеудің  басқа әдістері, тәсілдері және құралдарымен өзара байланыста болады.

Оқушыларды өздері орындаған немес орындайтын  жаттығулар, есеп,  тапсырмаларының мақстаын анықтауда әр түрлі тәсілдерді  қолдануға болады;  нақтылы – практикалық  міндеттен оқу  міндетін ажырата білу;

Бұл жаттығуды, есепті, тапсырманы орындауда нені үйрендің?

Сондай-ақ мақсатты анықтау  шарттарымен таныстырған жөн: тақырып аттары, өткен материалдар туралы білімі; тапсырма, жаттығу, есеп мазмұны, өткен іс-тәжірибесі.

Талдау мен мақсатты  анықтаудың байланыстығына  көңіл аудару керек; үй тапсырмасының  мақсатын анықтау  т.б

Сыныптарда сол күні орындалатын тапсырмаларға қажетті ғана  ереже,  заңдар еске түсіруге  тапсырма беріледі.  Жаттығуларда  көрсетілген талаптарды  орындау реттілігіне  де үйретіледі; жоспар туралы ұғым беру, бірнеше ұсынылған жоспарлар  ішінен дұрысын табу; Жеке, топтық, ұжымдық жоспар жасау, шашыранды  амалдарды белгілі  бір жүйеге келтіру т.б

Оқушылар өздері дұрыс талдау  жасағандығын, мақсатын дұрыс белгілегендігін, қажетті өткен материалдарды  еске түсіргендігін, жоспарды  дұрыс құрғандығын немесе  дұрыс еместігін тексеріп,  бағалауға  үйренеді. 

Қорытындысында  оқушыларды  өз бетімен жұмыс істеуге баулу негізгі  оқу әрекетінің  құрылымын меңгеруі болып табылады.

Оқушылардың  өздік жұмыстарының жоғары түріне олардың  өз еркімен  амал – тәсілдер  қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.  Өзбетінше  ізденімпаздықпен  жұмыс істей білу, яғни  оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімдерін іс жүзінде  қолдана білу белгілі бір  нәтижеге жету  ұмтылу т.б.  Оқушылардың шығармашылық  дербестігін  қалыптастырудың  алғышарты  болып табылады.  Бастауыш мектеп оқушыларының  өз бетімен жұмысын арттыру  мен шығармашылық  қабілеттерін дамытуда  жаңа ақпараттық  (компьютерлік) технологияны пайдалану және оның тиімді әдістемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.

Жаңа ақпараттық  технологияның  басты тиімділігі – бұл мұғалімге  бастауыштағы  оқу үрдісінің  құрылымын түбегейлі  өзгертуге, оқытудағы  пәнаралық байланысты  күшейте  отырып,  оқушылардың  дүниетанымдарын  кеңейтуге  және  жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.

Сонымен қатар жаңа  ақпараттық технологияның  негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға  өз бетімен немесе бірлескен  түрде шығармашылық  жұмыспен  шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін  көріп,  өз-өзіне сын көзбен қарауына  және жеткен жетістігінен  ләззат алуға  мүмкіндік беруі.

Аталған  проблеманы  шешу ең алдымен,  шығармашылық  қабілет дегеніміз не,  ол қандай  өзіндік қасиеттерімен  ерекшеленеді және оны  компьютердің көмегімен  тиімді дамыта аламыз ба деген  мәселелерді  шешуді талап етеді.

И.Д. Левитовтың  пікірінше, оқушылардың   шығармашылық  қабілеттері  деп  іс - әрекет  қорытындысында  жаңа бір нәрсені  үйренулері және оқушылардың  даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің  тәжірибелерінің  көрінуі болып табылады.

Бастауыш сынып оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде  И.П Волковтың айтқан пікірі өте құнды.  Сондықтан да біз өз зерттеуімізде  автордың пікіріне қосыла  бастауыш сынып оқушыларының  шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетімен  меңгерген  білімдерін,  іскерліктерін, дағдыларын  пайдалана отырып, өздеріне бұрыннан белгісіз жаңадан бір нәтиже алуы деп түсінеміз.

Психологиялық  зерттеулерге  қарағанда оқушылардың «ойша» әрекеттену  қабілеттері  әсіресе,  бастауыш мектеп жасында, яғни негізгі  оқу іс-әрекеті, дағдылары қалыптасқанда  үздіксіз дамиды және сондай-ақ  олардың шығармашылықпен  өзін-өзі көрсете білу қажеттігі басым.  Бұл оның жеке тұлғасының  анықталуына, өз қабілеттерін  жүзеге асыруға  және оның  қанағаттандырылуы  оқушыға әрқашан  қуаныш сезімін тудырады.

В.В Давыдов оқушыларда  осы кезеңде  байқалатын  психологиялық  жаңа сапалық қасиеттерді  сипаттай отырып былай дейді: «Оқушы өз әрекетінде  барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың  түрлі  варианттарын  салыстыра  алады және есептің шешуін бақылай алады.»

Оқу іс-әрекетінде қажетті  бақылау, өзін-өзі   бақылау,  сондай-ақ  есептің  шешуін ауызша  түсіндіруді  талап ету, бағалау  қажеттігі  бастауыш сынып  оқушыларында ішкі  жоспар бойынша  әрекеттенуге  және ойша жоспар құруға қолайлы  жағдай туғызады.

Оқыту әрекетінде  мұғалім мен оқушының тығыз байланыста  болуы, мұғалім бар күш – жігерін, педагогикалық  шеберлігін  оқушы бойындағы  табиғи мүмкіндіктерді  ашуға,  үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық  жағдай жасауы, оқушының   өз тарапынан  белсенділік, дербестік көрсетуі, өзіне деген сенімділігі  арқылы ғана  шығармашылық  әрекетті  қалыптастыруға болады.  

Біздің ойымызша  оқушылардың  шығармашылық  әрекетінің  пайда болуының  шарттарын мына түрде  көрсетуге болады:

а) пәнге үйретудің  ашықтығы, бұл шарт оқушыларға  өз әрекетін таңдауға және еркін жоспарлауға мүмкіндік береді;

ә)  сыныптағы білім кеңістігінің әр бағытта болуы,  бұл әр бағыттылық, көп мазмұндылық шығармашылық  әрекетінде  жан-жақты болуына әсер етеді;

Информация о работе Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс