Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді

Оглавление

Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі

Файлы: 1 файл

Дипломная работа.doc

— 917.00 Кб (Скачать)

Жазба дәптерді ұдай пайдалану оқушылардың іс-әрекетінде қосымша  әдет қалыптастырады, әр түрлі математикалық  факторларды есте ұстауға көмектеседі,  оқушының жеке «сөздігі», «анықтамалығы» пайда болады. Сөйтіп, арнайы жазбалар арқылы оқушы өзінің ақыл-ой қызметін  тәртіпке келтіреді, уақытын үнемдейді, жазба тілін дамытады, ой – пікірін қысқаша баяндауға машықтанады.

Оқушылардың үйде өздігінен жұмыс істеуі – математика курсын игеру процесінің  маңызды да қажетті бөлігі. Үй тапсырмасының тиімділігін  арттыру үшін оқулықтың тиісті  тақырыбын оқытумен,   есебін шығарумен шектелмей, керісінше, оны түрлендіріп отыру қажет. (Мәселен, қызықты есептер  шығару, есеп құрастыру, есепті түрлендіру бір түрден екінші түрге,  есепті әр түрлі тәсілмен шығару, кері есеп құрастыру, есепті тексеру, есеп құрастыруға мағлұматтар іздестіру, дидактикалық тапсырмаларды орындау, танымдық және шығармашылық тапсырмаларды орындау және т.б)

Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы оқушылардың жауапкершілігін арттырып, өздігінен  білім алу дағдыларын қалыптастырады.

Үй жұмысы - өзіндік жұмыстың бір түрі.

Бұл жұмысты оқушылар өз беттерімен үйде мұғалімнің көмегінсіз орындайды.

Сондықтан үй тапсырмасының мақсатты  айқын болуы негізгі шарт. Сонда оқушы берілген  тапсырманы  ынтамен істей алады.

Сондықтан үйге тапсырма бергенде не істеу керектігін айтып, оның орындалуын егжей-тегжейлі түсіндіруден гөрі, қысқаша нұсқау беріп, бағыттау керек. Үйге тапсыратын жұмыстың көлемі  мен сипаты  әрбір жеке жағдайға (сыныптың даярлығы, жас ерекшеліктері) байланысты оқу жоспарымен  анықталып отырылады. Дегенмен, үйге тапсырманың шамадан тыс берілуі оқушыларды жалықтырып жіберуі немес уақытын көп алуы мүмкін. Дұрыс ұйымдастырылған үй тапсырмасы  оқушылардың жауапкершілігін  арттырып, өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастырады.  Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындауы мұғалімнің оны тексеру  әдісіне байланысты. Егер мұғалім оны  оқушыға ауызша оқытып, тексеретін болса,  онда оқушы үй тапсырмасын ата-аналарының көмегімен шығарып,  оны жете түсінбей, тек  таза көшірумен шектеледі.

Үй жұмысын тексеру тек бақылау қызметін ғана емес, оқыту, үйрету міндетін де атқаруы керек.

Тапсырманы тексеру – сабақтың бір бөлігі . Яғни, ол жаңа материалды пысықтауға негіз болады.

Оқушылардың дамуына қолайлы жағдай туғызу, мектеп, жанұя, мұғалiмнiң ролiн анықтау үшiн бағдарлама қажет. Сол бағдарламаның мақсаты - баланың жеке бас ерекшелiктерiн дамытуға жол ашу, қабiлетiне қарай шығармашылық тұлға қалыптастыру, оның дамуына ерекше жағдай туғызу.

Бағдарлама мiндеттерi:

- Оқушылардың жан-жақты  табиғи, интеллектуалдық қабiлетiн  дамыту;

- Оқушылардың арнаулы  шығармашылық қабiлетiн - терең және жан-жақты ғылыми негiздерiн игеру бiлiмi бойынша тұрақты дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;

- өз бетiмен бiлiмiн көтеру  және ғылыми зерттеу қызметiнiң  дағдыларына оқыту, сонымен қатар  жеке бастың өзiн жетiлдiруге iшкi қажеттiлiгiн қалыптастыру;

- жеке бастың өнегелiк негiздерiн, қоршаған ортаға адамгершiлiк  қарым-қатынасын қалыптастыру;

- жеке бастың үздiксiз жетiлуiне iшкi қажеттiлiгiн қалыптастыру.

Жалпы барлық таным процестерi бiрiгiп, интеллектуалды жүйе құрайды. Оқушының интеллектуалды жүйесiн дамытуда зерттеушiлiк белсендiлiгi арқылы оқушы өзiн-өзi дамытып, танып бiлуге, жол ашады, интеллектуалды даму үшiн оқушының бiлуге деген  құштарлығы қажет.  Оқушының жеке басының дамуын зерттеу процесi негiзгi екi бағытта жүргiзiледi:

    - оқушымен кезеңдiк жұмыс  жүргiзетiн мұғалiмдер, сынып жетекшiсiнiң  қатысумен мектеп психологының  көмегiмен, жылына кем дегенде бiр-екi рет өткiзiледi;

- оқушының iс-әрекетiн, мiнез-құлқын  барлық мұғалiмдер және оқушының  өзi үнемi белгiлi бiр мақсатқа бағыттап  бақылап отырады.

Оқушыларды дамыта оқыту үшiн мұғалiмдер мынадай шарттармен жұмыс iстеу керек, яғни мұғалiм болып келген адам осы жиырма тоқтамға жан-жүрегiмен келiсуi қажет.Олар:

1. Оқушының кемшiлiгiн көргiш болсаң  ықыласын өлтiресiң.

2. Кiсi екенiне күмәнмен қараған  баладан кiсi шықпайды.

3. Баланы таңқалдыруды ұмытпа: «Даналыққа  ұмтылу таңқалудан басталады»

4. Мұғалiмдiк қызметтiң мақсаты  өз пәнiн жақсы үйретуден гөрi тереңiректе: Мұғалiм – адамды  жасаушы адам. Мұғалiм үшiн баға - құнды емес, бала - құнды.

5. Сабақ дегенiмiз – мұғалiм  мен оқушының кiсiлiк қарым-қатынасы.

6. Адамгершiлiктi мұғалiмнiң келбетi - оның кiсiлiгi мен маман ретiндегi бiлiгiнiң үйлесiмiнен тұрады. Адамгершiлiгi мол мұғалiм баланы жақсы көредi, балаларды емес нақты баланы тәрбиелейдi.

7. Мұғалiмге өз сабағын бiлу  жеткiлiксiз, адамның жан-дүниесiн  жетiк тануы керек.

8. Әр бала – қабiлетiнiң жоғары-төмендiгiне қарамастан, өзiнше тұлға, табиғаттың таңғажайып құбылысы.

9. Баланың мүмкiндiгiне сенген  мұғалiмнiң iсi әр түрлi болады.

10. Ұстаздың керемет құралы - өз  кiсiлiгi.

11. Мұғалiм мен баланың қарым-қатынасы  қуанышты және мазмұнды болуы керек.

12. Әр баланың күнделiктi өмiр-тiршiлiгi - өзiнше бiр тағдыр. Тағдырға жауапкершiлiкпен  қараған дұрыс. Сабаққа келмесе  себебiне үңiл,  әуелi кемшiлiктi өзiңнен iзде, мұғалiм! Сабақ үстiндегi тыныштыққа  еңбекпен, iзденiспен, тапқырлықпен қол жеткiзуге болады.

13. Көптiң көзiнше баланың кемшiлiгiн  бетiне баспа, оны құрметте, сыйла. Бiреуге сыйлы болам десең өзiң  сыйлай бiл.

14. Сабақтың мақсаты – баланың  басқаға ұқсамайтын жеке қасиетiн  аша түсу.

15. Қиын тақырыпты бiр рет түсiндiре салып, тапсырма беруге асықпа, келесi тақырыпты сол қиын тақырыпты тағы түсiндiруден баста.

16. Мұғалiмнiң жасанды емес, шынайы  болуы – аса қажеттi шарт.

17. Баланың ықпалын оята бiл. Кiсi екендiгiне сендiре бiл, төмендетпе, жасытпа.

18. Қазақ елiнiң әр баласы - халқының Тұлғасы.

19. Балаға көзқарас өзгерсе, бүкiл  мектептiң мазмұны өзгермек.

20.Мектептегi құндылықтар: бала, баланың  көңiл-күйi.

 

 

1.3  Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары

 

Мектептегі білім беру  міндеттерінің  негізгілерінің  бірі – оқушыны  шынайы  әлем жағдайындағы  өмірге  дайындау, өзіндік іс - әрекетін  қалыптастыру.

Қазіргі мектеп тәжірибесінде  оқушының тапсырманы  айнытпай  орындаушы ретінде  тәрбиелеу  басым бағыт  алып отыр.  Ол оқушының өз бетімен  ойлануына,  өзіндік пікірін  білдіруіне  кері ықпал етіп,   білім алуға  деген қызығуын  төмендетеді.  Оқушының  өзіндік жұмысын жүйелі, бірізділікпен  ұйымдастыруға баулу біртіндеп зерттеушілік әдісін қолдануға  әкеледі. Нәтижесінде  оқушының  өзіндік іс - әрекеті  терең  ізденіске бастайды.

Францияның ағарту iсiнiң өкiлi К.А. Гельвеций адамдардың барлығының бiрдей, терең дәрежеде болатындығын, сол себептi кез келген баланы талант дәрежесiне көтеруге болады дегендi уағыздап кеткен. Осы пiкiрдi қуаттайтын XIX ғасырдағы немiс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшiн өз ұлын өзi дайындаған жүйесi бойынша тәрбиелейдi. Нәтижеде әкесiнiң атымен аталған кiшкентай Карл 9 жасында Лейпциг уиеверситетiне түсiп, бiр жылда оның толық курсын бiтiрдi. 13 жасында философия докторы деген атақ алды. 18 жасында Гейдельбург университетiнiң профессоры, 23 жасында Берслау университетiнiң кафедра меңгерушiсi қызметiн атқарды. Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенiң адамның iшкi мүмкiндiктерiн ашудың күштi құралы екенiн көрсеткенiмен, Карлдың өзiнiң осындай таңғажайып болуы мүмкiн екенiн де жоққа шығармайды.

Оқу – тәрбие үрдісінде  қолдана бастаған  зерттеушілік  әдістің  қажеттігі  оқушының  білім алу үрдісінде  қоршаған ортасына  қызығуымен,  сүйіспеншілікпен қарауымен   түсіндіріледі.  Оқушының өз бетінше  зерттеу  жүргізуі  оның жеке талабын  қанағаттандыруға   және көкейінде  жүрген сұрақтарға жауап табуға  үлкен ықпал етеді.  Одан басқа  өз бетінше  зерттеу жүргізу  интеллектуалдық  және шығармашылық  қабілеті  мен ойлау, зерттеу білігінің  дамуына мүмкіндік туғызады.  Оқушы өз бетінше  зерттеу жүргізу  арқылы қоршаған ортасын  тани алады,  жаңа білімді дайын күйінде  емес,  өзі үшін  жаңа білімнің  көзін ашады.

Дидактикалық  тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған  өзіндік жұмыс  білімді тереңдетуге, толықтыруға,  дағды мен іскерлікті  қалыптастыруға  танымдық қабілетінің дамуына, балалардың дербес жұмыс істеу  мәдениетін  көтеруге,  шығармашылықпен  жұмыс істеуге  және ғылыми жұмыстармен айналысуға мүмкіндік жасайды.

Өздігінен атқаратын  жұмыстарды барлық  сабақ барысында  жүзеге асырылады.  Бұл орайда  оқушылардың   жас ерекшелігі мен  білім қабілеті  ескерілуі шарт.  Қабілеті  жоғары оқушылар  тапсырманың  мақсатын  түсініп,  оны қандай жолмен  орындауды  бірден біледі.   Кейде олардан  берілген  тапсырманы  тезірек орындау  да талап етіледі.   Сыныптан тыс жұмыс жүргізудің мақсаты:

- тіл сабағында оқушылардың  жүйелі оқуға, ойды талдауға, ережені  саналы түсінуге   дағдыландыру.  Бұл жұмыстар   жаттығу,  түсіндіру, бекіту, білім тексеру барысында  жүзеге асады.  Өздігінен  жұмыс істеуге  дағдыланған  оқушы  кездескен  қиындықтарды  жеңе алатыны, өз ісіне  тыңғылықты,  алға қойған мақсатына жетпей қоймайтыны күнделікті  сабақтардан байқалады.    

Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім  қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Бастауыш сыныпта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың  маңызы зор. Себебі,  өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру нәтижесінде оқушылардың іс-әрекетінің  дербестігі артады. Өзіндік жұмыстар дегеніміз – оқу жүктемесін  мұғалімнің көмегінсіз  даярлау болып табылады.  Дұрыс ұйымдастырылған  сыныптағы  өзіндік жұмыстар  балалардың  еркін дамуын, ойлау қабілетін жетілдірумен қатар мінез – құлқындағы  өзіндік менін қарастырады. Сондықтан да тәжірибелі мұғалімдер әрбір сабақтарда  өзіндік жұмыстарды  ұйымдастыру мүмкіндігін  іздестіреді.  Мұғалімдер  көбіне  тексеруші, даярлаушы, оқуға байланысты  өзіндік жаттығуларды қолданады.

Даярлаушы өзіндік жұмыстар – үздіксіз білімнің өзектілігін айқындау, ептіліктің  дамуы үшін жүргізіледі.  Мысалы: ауызша немесе  жазбаша түрде  салыстыру түрінде, ережелерді  еске түсіру, берілген мәтінді алдын ала оқу. т.с.с

Оқуға байланысты өзіндік жұмыстарға жататын:

-  оқушылардың  оқу  материалымен  оқулық арқылы немесе басқа да мәліметтер  арқылы танысуы;

- қадағалаушы өзіндік жұмыстар  қатарына үйде де, сыныпта да  орындалатын   өзіндік жұмыстар;

  Үйдегі және сыныптағы өзіндік  жұмыстарды  жоспарлай отырып  мұғалімнің мыналарды ескергені  жөн:

-  сабақ құрылымындағы  өзіндік жұмыстардың орнын;

-  өзіндік жұмыстардың әдістерімен, оқу қызметімен сай келуін;

- оқушылардың деңгейіне орай  өзіндік жұмыстардың көлемін  және оқытылған материалдың  деңгейін;

-  өзіндік жұмыстарды орындау  барысында  туындайтын қиындықтар;

-  өзіндік тапсырмалардың формасын  анықтау;

Мұғалім өзіндік жұмыстардың  шартын әрқашан  есте ұстап оның мақсат – мазмұнын және әдістемесін  анықтайды. Ал, өзіндік жұмыстардың  мақсаты көп.  Мысалы:  оқу сабақтарында  оқылған мәтіннің  мазмұнын  толық түсіну үшін және оқу,  жетістіктерінің  қалыптасуына  көмектеседі.  Осылайша, әрбір сабақ  өзіне тән ерекшелікке ие.  Мұнда тек формасы мен әдістемесі  өзгереді де жалпы талаптар  өз күшінде  қалады.  Олардың ішіндегі маңыздысы - өзіндік жұмысты  дұрыс та  тез орындауға  баса көңіл бөлу. Сонда ғана  әр сыныптың  сабақ жүйесіндегі  өзіндік жұмыстары сапалы болады.

Р.Г. Лемберг, Е.Я. Голант, Д.Н. Богоявленский, Л.В.Занков  және  тағы да басқа көрнекті ғалымдардың  еңбектерінде  өзіндік жұмыс  оқушылардың өзін - өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой  тәбиесін беру құралы ретінде анықталады.

Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды  ұйымдастырудың теориялық - әдіснамалық  проблемалары  көптеген ғылымдардың еңбектеріне  арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырады:

 - оқуды белсендіру құралы ретінде

(Б.П. Есипов, П.И Пидкасистый);

- оқушылардың танымдық дербестігін  қалыптастыруға бағытталған теориялық  тұжырымдамалар;

-  дербестік - өзіндік ұстаным, рухани  – практикалық білім ретінде;

Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру проблемаларымен ғалымдар А.Х Аренова, Н.Н Световская,    А.Я. Савченко айналысты. Бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік жұмысы  проблемасын талдау, бұл зерттеліп отырылған мәселенің  толығымен  тұтас педагогикалық  үрдісте жүзеге асырылатынын  көрсетіп берді. Өзіндік оқу іс - әрекеті оқу үрдісінің ішкі жүйесі ретінде оқушылардың  өзіндік шығармашылық  іс-әрекетінің  ең басты қажеттілігі – оқушыны ойға жетелеуінде,  ойланта отырып, өзіндік ойының  қалыптасуы оны шығармашылық жұмысқа жетелейді. Шығармашылық еңбек алдымен оқушыға қанат бітіреді, қиял береді. Бастауыш сынып оқушыларының  өзіндік оқу іс-әрекеті  ұғымын дамытуды біз философиялық  категориялар бірлігінде  қарастырамыз.

Ғылыми педагогикалық  зерттеулерде  «өзіндік жұмыс»  ұғымына  бірнеше анықтамалар берілген:

  • оқыту үрдісіне еңгізілген оқушылардың  өзіндік жұмысы  мұғалімнің  тікелей қатынасуынсыз  орындалатын жұмыс; Бұл жағдайда оқушылар саналы түрде тапсырманың мақсатына қол жеткізуге  өздерінің күштерін пайдалану  және  танымдық  іс - әрекетінің  нәтижелері  арқылы  тырысады.
  • оқушының  тапсырмаларды еш көмексіз, мұғалімнің  бақылауынсыз орындауы;
  • өзіндік оқу іс-әрекеті  дегеніміз – бұл дидактикалық  ұғым,  ғылыми  практикалық  міндеттерді  өз бетімен  қою, оның шешімін  табудың  өзіндік  тәсілдерін болжау  және анықтау,  жеке тұлғаның  өзін - өзі бақылауы, өзін - өзі бағалауы негізінде  педагогикалық   үрдіске  қатынасушылардың  өзара іс - әрекетінде  қалыптасқан.

Информация о работе Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс