Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Мая 2015 в 16:33, курсовая работа
Зерттеудің көкейкестілігі. Қaзіргі кeзeңдe қoғaмның дaму бaғыты бүкіл oқу-тәрбиe жұмыcының aлдынa жac жeткіншeктeрдің тілін, aқыл-oйын, жaлпы білім дeңгeйін, дүниeтaнымын дaмыту мәceлecін қoйып oтыр. Қaзaқ eлінің тәуeлcіз мeмлeкeт мәртeбecінe иe бoлуы, қaзaқ тілінің мeмлeкeттік дәрeжe aлуы, тұңғыш Кoнcтитуция, Білім бeру зaңының қaбылдaнуы ұрпaқ тәрбиecінe жaңaшa қaрaуды, oны жaқcaрту жoлдaрын нaқты aйқындaуды тaлaп eтeді
Кіріcпe
1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың теориялық негіздері
1.1 Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық алғышарттарының негіздері
1.2 Математика пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы
1.3 Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын математика пәні бойынша қалыптасытру жолдары
2 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
2.1 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту бойыншa тәжірибелік-экспериментік жұмыстaрды ұйымдaстыру
2.2 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың тaнымдық қызығушылықтарын сыныптан тыс жұмыстар aрқылы дaмыту тәжірибесі
2.3 Педaгогикaлық іс-тәжірибе нәтижесі
Қорытынды
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeт тізімі
б) оқушының мұғаліммен бірлесе отырып өз шығармашылық әрекетінің жеке бағдарын құруы; ыңғайлы жоспардың жасалуы және шығармашылық жұмыстардың белгілі кезендерінің орындалу жүрісі оқушының жеке бағдарын құру құралдары болып саналады.
Өзін - өзі тәрбиелеу ең алдымен жеке тұлғаның адамгершілік және интеллектуалдық жетілу формасында көрінеді.
Тұлғаның рухани жан дүниесі дамып, соның негізінде адамгершілік қасиеттері жетілген салтын олар мінез – құлқындағы, жүріс – тұрысындағы кемшіліктерге, жолдастары мен ұстаздары және ата – анасы туысқандары мен арасындағы қарым – қатынасқа сын көзбен қарай бастайды. Әдетте өзін - өзі тәрбиелеу процесі жеткіншек шағынан бастау алады. Осы кезеңде олардың қылықтарында үлкендерге еліктеу, бой түзеу, өзбетінше әрекет жасау, өздерін көрсетуге ұмтылуы және әр нәрсеге қызығушылығы артады. Есейген сайын өздері мен жолдастарының қылықтарына сын көзбен қарап, баға беруге, білгендері мен оқығандарын талқыға салуға, өздері оқыған әдеби кітаптағы кейіпкерлері мен көгілдір экраннан көрген жағымды бейнелерге т.с.с ұқсауға тырысу басымырақ келеді.
Өзін - өзі тәрбиелеуде міндетті түрде қоғамдық - әлеуметтік түрткі болуы керек. Түрткі – тұлғаның мақсатқа жетуде, оны саналы әрекетке жетелейді. Өзін - өзі тәрбиелеудегі негізгі шарт, мотив пен қажетсінуді қамтамасыз ету.
Өзін - өзі тәрбиелеудің маңызы тұлғаның мінез – құлқындағы кемшіліктері мен әрекеттегі сәтсіздіктерді үнемі сын көзбен қарап, оларды болдырмаудың тиімді жолдарын іздестіруді көздейді. Өзін - өзі тәрбиелеудің шарттары мен жолдары.Өзін - өзі тәрбиелеудің жолдары мынандай:
1. Тұлғаның өзін - өзі сендіруі
2. Өзін - өзі бақылауы
3. Өзін - өзі сынауы т.с.с
Ұйымдастыру тәсілдері:
1. Тұлғаның мәдени ой - өрісін кеңейтуде көркем - әдеби шығармаларын үзбей оқуы;
Өзіндік тәрбие – адамның өзіндік дамуға, өзіндік білім алуға, өз ұнамды қасиеттерін жетілдіріп, келеңсіз тұлғалық сапаларын жоюға бағытталған саналы әрі мақсатты бағдарланған іс - әрекеттері.
Өзіндік тәрбие бірліктері - өзіндік таным, өіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік есеп және өзіндік қадағалау, өзіндік тәрбие тәсілдері - өз-өзіне бұйрық беру өзіндік сергектік көтеру, өзіндік қолдап – қуаттау, өзіндік мадақ, өзіндік жаза
Өзіндік тәбиеге ынталандырушы жағдай тек тәбиешінің тәрбиелік іс - әрекетін ғана емес, сонымен бірге тәрбиеленушінің өз қалауы мен ынта-ықыласын қамтыған дұрыс тәрбие.
Өзіндік тәрбие элементтері мектеп жасына дейінгі балалардың өздерінде де көрініп жатады
Оқушыларды өздігінен тәрбиелеу, математикаға деген ынтасын арттыру үшін оқыту әдістерін дұрыс таңдап алудың маңызы зор. Бұл өзекті мәселені шешуде, ең алдымен, оқушылардың математикалық іс-әрекеттердің мән – мағынасын түсініп, әрбір баланың қабылдау ерекшелігінің және орындау қабілетінің деңгейін ескерген жөн.
Мұғалімнің басты міндеттерінің бірі – сыныптағы әрбір оқушының мәтінді есеп шығаруға әзірлігін, мүмкіндігін және қабілетін анықтау және бұған сәйкес есеп шығаруды ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту іс – тәжірибесінде оқушылардың өзіндік іс - әрекеттерін жетілдіру жұмыстарында математика мұғалімнің алдына оларды басқара білу, қайта өңдеу, жеке – дара іздену және шығармашылық міндеттері қойылып отыр. Мәтінді есепті шығару кезінде оқушының мейлінше дербестігін қамтамасыз етуде мұғалімнің көрсететін көмегі қандай болады?
Алдымен мұғалім оқушының есеп шығару идеясын іздеуге, есепті жан-жақты қарастырып, оның бұрын меңгерілген білімге шығарылған есепке қандай қатынасы мен ұқсастығы барлығын анықтауға бағыт беруі керек. Бұрын шығарылған ұқсас есепті немесе қосалқы есептерді таңдап ала білуі оқушының есеп шығарудың кейбір тәсілдерін меңгергенін білдіреді. Алайда, төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты есеп шығару іс – тәжірибелері әлі де жетілмегендіктен, олар есеп жөнінде ұзақ тиянақты ойлай алмайды, тек қана өз істерінің нәтижесін мейілінше тезірек көруге ұмтылады. Сондықтан сыныпта мұғалім оқушыларға есеп шығаруға қажетті қосалқы есептерді өзі ұсынуы керек немесе көмекші сұрақтар беру арқылы оқушыларға бағыт бергені жөн. Дұрыс қойылған жетекші сұрақтар жүйесі балаларға есептің негізгі идеясын түсінуге көмектеседі. Мұндай жағдайда, оқушыларға мынадай жетекші сұрақтар ұсынған пайдалы.
Оқушылар алдымен 99-ды жазады, бұдан кейін соңғы 9-ды 8-бен алмастырады, өйткені келесі сан және одан кейінгі ең үлкен сан 8 болғандықтан. Осылайша пайымдау арқылы берілген есепті барлық оқушылар шығара алуы мүмкін.
Мұғалім қосалқы есептерді таңдағанда олардың кез келгені болмауы немесе себепсіз алынбауын қадағалауы тиіс, ал оқушыларға мұғалімнің неге дәл осындай қосалқы есепті келтіргені туралы түсінікті болуы керек. Сонда оқушының өз бетімен есептер шығаруда қосалқы есеп табу біліктері қалыптасуы мүмкін.
Оқушылардың оқу жұмыстарының қиыншылығы оқу материалының ерекшелігіне, оның ұғынуының, зейін қоюының, ой-өрісінің жеке-дара ерекшеліктеріне байланысты екені мәлім. Сондықтан сыныптағы оқушылардың әрқайсысының жеке-дара ерекшелігін жақсы білетін мұғалім есеп шығару біліктерінің деңгейіне сәйкес оқушыларды үш топқа бөлуіне болады.
Бірінші топтағы оқушылардың бұрын өтілген оқу материалдарына қатысты білімінде кемшіліктер бар, өз бетімен есеп шығару кезінде бір-екі қадамды ғана орындауы мүмкін, құрама есепті шығару кезінде тиянақты іздене алмайды және берілген мен ізделінетін шамалар арасындағы байланысты табуда қателіктер жібереді, есеп шығаруға әрекеттену барысында қалыптасатын болжамдарды негіздеу біліктері нашар.
Екінші топтағы оқушылар бұрын өтілген оқу материалдарын жеткілікті меңгерген оларды бұрын шығарылған есептерге ұқсас есеп шығаруға қолдана алады. Осы топтағы оқушылар жаңа типтегі есептерді шығару әдіс – тәсілдерін меңгере отырып, осыған ұқсас есепті шығара алады, бірақ өз беттерімен құрама (типтес емес) есеп шығару біліктері нашар және олардың тапқырлық ойлары қалыптаспаған әрі есеп шығару жолын іздеу кезінде болжамдарды қинала келтіруі мүмкін
Үшінші топтағы оқушыларды неғұрлым үздік және өз бетімен тиянақты болжам жасай алатын оқушылар құрайды.
Олар бұрын алынған білімді жаңа жағдайларға, жағдаяттарға пайдалана алады, өз бетімен құрама есепті жай есептерге жіктеп, есеп шығару жолын іздеу кезінде қажетті болжам келтіріп негіздей алады. Бұл оқушылар бір типтегі есеп шығару әдіс-тәсілдерін тез және жеңіл жалпылайды, мұғалімнің көмегіменесеп шығарудың бірнеше тәсілдерін келтіреді және әртүрлі эврикалық тәсілдерді қолдана алу ы да мүмкін.
Оқушылардың есеп шығара білу біліктерін және оларға ықпал жасайтын әсерлерді ескере отырып, мұғалім сабақты жан-жақты жүргізуі тиіс және әрбір топ оқушыларына сәйкес есеп таңдап алып, оқушылардың есеп шығару біліктерінің деңгейін жақындату мақсатында көрсетілетін көмектің түрін ойластырғаны жөн.
Әрине, бірінші топ оқушылары тек қана жай есептер шығаруы тиіс деген көзқарас теріс, өйткені мұндай үйреншікті әдіс білім деңгейі нашар оқушылардың әртүрлі бағытта іздену жүргізуіне кедергі жасайды, яғни олардың ой - өрісінің дамуын тежейді. Сондықтан осы топтың оқушыларымен де жай есептермен қатар құрама есеп шығаруды қарастырғаны дұрыс. Бірақ, құрама есеп ұсына отырып, әр топтың оқушысына мұғалімнің көрсететін көмегі түрліше болуы қажет.
Математика сабқтарында және сабақтан тыс кезде өзіндік жұмыстар жаңа материалды оқып үйренуге дайындау, мақасатымен, жаңа материалды таныстыру кезінде алған білімін, білігін және дағдылығын қаншалықты меңгергенін тексеру үшін өткізіледі.
Математиканы оқу процесінде есеп кезекті дидактикалық материалдар үшін пайдаланылады:
Сонымен қатар есеп шығару кең көлемдегі тәрбиелік мақсатты да көздейді:
Мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмейді, деңгейіне қарай оқушының әрекетіне мән беруі тиіс. Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына ұдайы жағдай жасалу қажет. Ол үшін мынадай міндеттер орындалуы керек:
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:
Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. өйткені сол арқылы оқушылардың іс- әрекетінің дербестігі артады. Бұл туралы А. Байтұрсыновтың пікірі бойынша: «Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі оның білімінің, шеберлігінің ұзақ жолды қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмайоңай өту үшін, керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап берумен белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек» - деген.
Оқушылардың өздігінен
Мысалы: бастауыш сыныпта «Зат есім» сөз табын өткен кезде окушыларға мынадай өз бетімен жұмыс түрлерін ұсынуға болады:
а) әр топтың берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазыпоқу керек.
1- топ кім? - әнші, ақын, оқушы.
2- топ кімдер? – балалар, күйшілер, малшылар.
3- топ не ? – ауыл, кітап, қоян.
4- топ нелер? – дәптерлер, құстар, жануарлар.
ә) «суретті билет» ойыны арқылы мынадай тапсырмалар бреуге болады.
Әр топтың оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атын атайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, суретке шағын әңгіме жазады.
Сонымен қатар профессор Жауынбай Қараевтің «Деңгейлік саралап оқыту технологиясы» арқылы оқушылармен өз бетіндік жұмыс жүргізуге болады. Деңгейлік оқытудың мақсаты - әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.
Бұл технологияда, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып білім сапасын артуына көмектеседі. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады.
Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Мысалы, деңгейлік тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейге беріледі,1 деңгейдегі тапсырма мелекеттік стандарт деңгейі, бұны орындауға барлық оқушылар міндетті, 2-3 деңгей бірте-бірте күрделенеді және бұл деңгейді орындауға оқушылар құқылы.
4 деңгей оқушының
Үйірмелік жұмыстарды өткізуді ұйымдастыруға байланысты жазылған Л.Ф.Мельчаковтың, А.В.Михеевтің, М.Н.Скаткиннің, Г.С.Орынбаеваның және т.б. еңбектерін атап өтуге болады .
Жоғары аталған еңбекте оқушыларға білім мен тәрбие берудегі үйірме сабақтарының маңызы, үйірме сабақтары үшін материалды іріктеп алу, оларды өткізу әдістері, оқушылардың қызметін есепке алу және бағалауды ұйымдастыру мәселесі баяндалған.
Үйірме ерікті, оған қабылданған оқушылар белгілі бір ережелерді сақтауы тиіс. Үйірме жұмысының нақты жоспары болу керек, оған арнайы журнал ашылады. Ол журналға үйірме мүшелерінің аты-жөні, жоспары, жеке тапсырмалары, қатысуы туралы белгілеп жазылады.
Енді "Жас математик" үйірмесінің жұмысына тоқталып өтейік: