Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 18:24, доклад

Краткое описание

Президент Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық дамуға күш салу қазақстандық қоғамдағы ең маңызды тенденцияға айналды. Әлеуметтік саланы үдемелете дамыту оң нәтижелер беруде. Икемді және жүйелестірілген әлеуметтік саясат азаматтардың өмір сапасын ғана айқындап қоймай, сонымен бірге қазіргі заманғы әлемдік экономикаға тән экономикалық катаклизмдерді ауыртпалықсыз және әлеуметтік сілкіністерсіз еңсеруге жағдай жасайды.

Файлы: 1 файл

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту.docx

— 822.31 Кб (Скачать)

Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту

Президент Н.Ә.Назарбаевтың саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық дамуға күш салу қазақстандық қоғамдағы ең маңызды тенденцияға айналды. Әлеуметтік саланы үдемелете дамыту оң нәтижелер беруде. Икемді және жүйелестірілген әлеуметтік саясат азаматтардың өмір сапасын ғана айқындап қоймай, сонымен бірге қазіргі заманғы әлемдік экономикаға тән экономикалық катаклизмдерді ауыртпалықсыз және әлеуметтік сілкіністерсіз еңсеруге жағдай жасайды. Ел Конституциясында бекітілген әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыруда кірістер саясаты мен халықты әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру айрықша орын алады. Ең төменгі әлеуметтік үлгі-қалыптар мемлекеттік әлеуметтік кепілдіктерді жүзеге асыру негізі болып табылады, мемлекет халықтың әлсіз топтарына қолдау көрсету үшін әлеуметтік көмекті ұйымдастыруға аса зор қаржылар жұмсайды. Сонымен бірге, Мемлекет басшысы белгілеген қоғамды әлеуметтік-экономикалық жаңғырту бағытын жүзеге асыра отырып, елде, басты мақсаты жұмыспен қамтудың тұрақтылығы мен өнімділігін қамтамасыз ету есебінен халықтың табысын арттыру болып табылатын «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы кең ауқымда жүзеге асырылуда.

 

 

АНА МЕН БАЛАҒА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ

Қазіргі уақытта Қазақстанда ана мен балаға қолдау көрсетудің тұтас жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде. Оның құрамына әлеуметтік қорғау және өндірісте гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, жүктілігіне, бала тууына және бала күтіміне байланысты бүтіндей бір мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мен сақтандыру жөніндегі жәрдемақылар кіреді.

Үстіміздегі жылдың 9 айында ғана 300-ден астам балалы отбасыларға 108,5 млрд. теңге жұмсалды, оның ішінде бюджеттен 49,9 млрд. теңге, әлеуметтік сақтандыру қорынан 58,6 млрд. теңге бағытталды.

2012 жылдың 1 қыркүйегіне қарасты:

– 293,3 мың адам бала тууына байланысты (табысына қарамастан) 15,4 млрд.теңге жәрдемақы алды;

– орта есеппен 147,9 мың адам жалпы сомасы 18,5 млрд.теңге болатын 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша (табысына қарамастан) жәрдемақымен қамтылды;

– мүгедек бала тәрбиелеп отырған 58,6 мың адам (табысына қарамастан) жалпы сомасы 9,5 млрд. теңге бала күтімі бойынша жәрдемақы алды;

– жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себеті құнынан төмен отбасыларына 18 жасқа дейінгі балалар үшін 589,2 мыңнан астам баланы қамти отырып, ай сайын 6,5 млрд. теңге жәрдемақы төленді.

 

 

Үстіміздегі жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 62,3 млрд. теңге бөлінді. 91 мыңнан астам қатысушымен әлеуметтік келісім-шарттарға қол қойылды, олардың 68,2%-ы жұмыссыздар (62,2 мың адам), 25,1%-ы өз-өзін жұмыспен қамтығандар (22,9 мың адам) және 6,1%-ы аз қамтамасыз етілген азаматтар (5,5 мың адам). Бағдарламаға қатысушылардың жартысынан астамын (59,6% немесе 54,4 мың адам) 29 жасқа дейінгі жастар құрайды.

ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ

2012 жылдың 1 қаңтарынан еңбекақының ең төменгі мөлшері (ЕЕТМ) 17 439 теңге сомасында белгіленді, 2011 жылға қарағанда өсім 15 999 теңге болып, 9%-ды құрады. Республикада еңбекақы төлеу саласындағы ахуалға жасалған талдау бір қызметкердің орташа айлық номиналды еңбекақысы 2012 жылдың ақпан-тамызында 99 336 теңге құрап, 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 16,5%-ға өскенін көрсетті. Нақты еңбекақы индексі 2012 жылдың қаңтарында 2011 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 7,2%-ды құрады.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру

Үстіміздегі жылы бағдарлама орта және жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар селолық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жолымен халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған «Селолық елді мекендерді дамыту» атты жаңа, төртінші бағытпен толықтырылды. Аталған бағытты жүзеге асыруға 2012 жылы республикалық бюджеттен 10 млрд.теңге бөлінді, 565 жобаны жүзеге асыру қарастырылған.

 

 

Қазіргі уақытта елде, негізінен нарық экономикасы қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілікті мемлекет, жұмыс беруші және жұмысшы арасында базалық, міндетті ынтымақты және ерікті деңгейлерде бөлуді қарастыратын әлеуметтік қамтамасыз ету жүйесінің көп деңгейлі моделі жұмыс істейді.

ҚР қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі комитетінің мәліметтері бойынша, 2012 жылдың 1 мамырына қарасты зейнетақылық жиналымдар көлемі 3,0 трлн. теңгені құраған.

Міндетті зейнетақы жарналары есебінен жиналған дербес зейнетақы шоттарының саны 8,8 млн. бірлікті құраған.

Таза инвестициялық табыс сомасы 630,4 млрд.теңгені құрайды.

 

 


Информация о работе Әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту