Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Ата-ана бұл болашақ кішкене адамды дене күші мол және рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы, яғни тән жүйесі жағынан да жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуі тиіс. Дұрыс тәрбиенің кілті - бүкіл отбасы өмір құрылысында. баланың денессі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі отбасы. Отбасы - бұл бірге тұратын жақын туыстары, әке-шешесі, ата-әжесі, балалары және тағы басқалар.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3


І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8


ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12

2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12

2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19


ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23

3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23

3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26


Қорытынды..................................................................................................................31


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32

Файлы: 1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 167.14 Кб (Скачать)

 

 

Тұрар  Рысқұлов  атындағы  Қазақ Экономикалық  Университеті

 




 

 

 

«Басқару» факультеті

 

«Экономиканы мемлекеттік  реттеу» кафедрасы

 

«Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы» пәні бойынша

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

 

 

Тақырыбы: Отбасымен әлеуметтік жұмыс                                  

 

 

 

                                                                         

                                                                              Орындаған: Султанова Г.Б.

                                                                           «Әлеуметтік жұмыс» мамандығы

                                                                                                         2 курс студенті

                                                                                        Тексерген: аға оқытушы

                                                                                                    Бердімұратова Қ.Қ.                                                                                                                                                                                                            

                                                                          Қабылдаған: доцент Абенова К.А.   

                                                                           аға оқытушы Рыскулова М.М.

                                                                                 оқытушы Сағидолда Н.С.

 

                                                                            

 

                                              

 

 

 

 

 

Алматы 2010

Жоспар

 

 

бет

Кіріспе......................................................................................................................3

 

 

І тарау     Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі                                       

                  теориясы мен әдістемесі............................................................................5

 

    1. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5

 

    1. Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8

 

 

ІІ тарау    Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін  әлеуметтік жұмысқа     

  талдау...........................................................................................................12             

 

2.1            Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12

 

2.2             Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

 

2.3            Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс

                 түрлері....................................... ....................................................................19

 

 

ІІІ тарау  Отбасымен  жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың

                 жолдары.......................................................................................................23

 

3.1             Жас отбасымен  әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23

 

3.2             Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26

 

 

Қорытынды..................................................................................................................31

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32                                          

 

 

  

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда отбасындағы ажырасу, қиын бала, ұрыс-керіс сынды жайттар күннен-күнге артуына байланысты өзекті әрі ауқымды мәселеге айналып отыр. Осындай проблемалардың түйінін шешуде әлеуметтік жұмыстың алар орны ерекше. Сондықтан, отбасындағы проблемаларды шешуде әлеуметтік  көмек көрсетуіміз керек.

Курстық жұмыстың мақсаты: отбасыға жалпы анықтама бере отырып, алда туындайтын мәселелерге көрсетілетін әлеуметтік жұмыстың мәні мен мазмұнын ашу, отбасымен әлеуметтік жұмысты талдау, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жетілдіру жолдарын көрсету.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәнін айқындау;
  • отбасымен әлеуметтік жұмыстың маңызын анықтау;
  • қазіргі заман отбасында ата-ананың тәрбиелік ықпалының ерекшеліктерін

ашып көрсету;

  • бала  мен ата-ана қарым-қатынасының педагогикалық – психологиялық

тұстарына сипаттама беру;

  • ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттырудың педагогкалық шарттарын

айқындау;

  • жас отбасымен  әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттарын көрсету;

Отбасы – адам баласының  түп қазығы, алтын ұясы. Себебі: адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, сол ортаның ыстық-суығына  бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Кәмілеттік жасқа толғаннан  кейін де өзі отбасын құрып  бөлек шықпағанша, туған ата-анасының қол астында, қамқорлығында болмақ. Демек, отбасы – негізгі қамқорлық  мектебі.

Отбасы – некеге қарағанда  күрделірек қарым-қатынастар жүйесі, ол тек жұбайларды ғана емес, сонымен  қатар балаларды, туыстарды, жұбайларға жақын адамдарды біріктіреді. Отбасы – бұл әлеуметтік институт пен  шағын әлеуметтік топ белгілерін иеленетін әлеуметтік жүйе. Отбасы әлеуметтік институт ретінде жұбайлардың, ата-аналардың, балалар мен басқа туыстардың өзара қарым-қатынастарын реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялардың және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығымен сипатталады. Отбасы – некеге немесе қандас туыстыққа негізделген шағын топ, оның мүшелері тұрмысының ортақтығымен, өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысады.

Отбасы – адамдардың өзара  әрекеттесулерінің ежелгі институты, бірегей құбылыс. Оның бірегейлігі  бірнеше адамның ондаған жылдарға есептелетін ұзақ уақыт ішінде, яғни адам өмірінің көп бөлігінде өте тығыз өзара әрекеттесетіндігінде. Қарқынды өзара әрекетесудің, мұндай жүйесінде таластардың, дау-дамай мен дағдарыстардың пайда болмауы мүмкін емес.

Отбасы ұжымы - бұл тату-тәтті, бір-бірімен байлнысты бір мақсаттағы, мүддесі мен көзқарасы біріккен адамдар тобы. Отбасы адамдардың біртұтас тату ұжымға бірігуі, ең алдымен ата - ана мүддесінің мәні мен мағынасына, әке  мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достарына, жолдастарына қалай  қарайтындықтарына байланысты. Өз баласының  тәрбиесін жеке өз ісің ғана емес, қоғам алдындағы азаматтық борышыңды орындау деп қарау керек. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Ата-ана бұл болашақ кішкене адамды дене күші мол және рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы, яғни тән жүйесі жағынан да жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуі тиіс. Дұрыс тәрбиенің кілті - бүкіл отбасы өмір құрылысында. баланың денессі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі отбасы. Отбасы - бұл бірге тұратын жақын туыстары, әке-шешесі, ата-әжесі, балалары және тағы басқалар. Ата-аналардың қарым-қатынасын реттейтін ұлттық ойындар, қалжың түрлері, достық, туысқандық, құрдастық қарым-қатынастың деңгейлері (жеңгесі, қайнысы, нағашысы мен жиендері, жездесі мен балдыздары т.с.с.) тәрізді салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ырымдардың барлығы қазақтардың өзіндік дүниетанымның қалыптасуда,  тәлім тәрбие беруде үлкен рөл атқарады. [1]

Соңғы жылдары Қазақстан  Республикасында әлеуметтік жұмыс  мамандағы, сондай-ақ барлық пәндерінің арасынан отбасы туралы ғылым өзекті тақырып болып, отбасы, әйел, өскелең жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін жаңа мамандық маманына талап күшейді.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.                                                                                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстардың ғылым ретіндегі теориясы мен әдістемесі

 

1.1  Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері

 

Орыс тіліндегі «семья»  сөзінің қазақша баламасы әлімсақтан отбасы екендігі аян. Бұқаралық ақпарат  құралдарында ғасырлар бойы тілімізде  орныққан «отбасы – ошақ қасы»  тіркесіндегі төмендету сипатында  айтылған мағынасынан алыстай алмай, «жанұя» сөзімен ауыстырып қолданылса деген пікірлер жиі айтылып жүр. «Жан» мен «ұя» сөйлем ішінде, синонимді  түрде «семья» сөзінің стильдік қызметін атқарғанымен, дәлме-дәл терминдік  мағынасына дұрыс нұсқа бола алмайды. Сол сияқты үй-елмен ұғымдарының  жиынтығынан тұратын «үйелмен»  сөзі де «жанұя» сөзі іспетті баламалық  рөл атқарады.

      Отбасы және отбасы тәрбиесінің теориялық мәселелерін педагогикалық және психологиялық, әлеуметтік, экономикалық, демографиялық және физиологиялық аспектіде зерттеген ғалымдар (И. Бестужев-Лада, И.В. Гребенников, В.Н. Колбановский, И. С. Кон, Э.И. Новиков, А.Г. Хрипкова т.б.) өздерінің зерттеулерінде қоғам өмірінде отбасы рөлінің маңызына тоқталып, бала тәрбиесінде халықтың этникалық, этикалық, ерекшеліктерін есептеудің қажеттілігін дәлелдейді.

 Түрлі мамандық иелерінің отбасы тақырыбына деген қызығушылығы, ғалымдардың зерттеулері көрсеткендей, әлеуметтік ортада отбасының өмір сүруінің көп функциялы сипатына байланысты.

Жалпы алғанда, зерттеу бірнеше  бағытта жүргізілді:

  • отбасы мен некенің туындауын және қоғамда дамуын зерттеу (Дж.Ф.Мак-Леннан, Л.Морган, Г.И.Бахофен, Ф.Энгельс, Ю.И.Семенов, М.Мид және басқалары);
  • отбасы мен некенің типтері мен түрлерінің дамуын зерттеу (И.В.Гребенников, С.В.Ковалев, В.П.Меньшутин және басқалары);
  • отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы психологиясының мәселелері (С.В.Ковалев, Л.В. Ковалева, А.И.Кочетов, Л.В.Панкова, В.А.Сысенко, В.С.Торохтий, Т.А.Трапезкова, В.Сатир, Н.М.Ходаков)
  • отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдерін жасау (Ю.П.Азаров, И.В.Гребенников, Н.К.Крупская, П.Ф.Лесгафт, А.С.Макаренко және басқалары).

     Отбасына тарихи көзқрасытың басы швейцар ғалымы И. Бахофеннің «Ана құқығы» (1861ж) еңбегі деуге болады. Бұл еңбегінде ол қоғамның дамуының бастапқы салаларына жыныстық қатынастардың ретсіздігі немесе жыныстық еркіндіктің кең тарауы тән деген болжам айтты. Бұдан кейін қоғамның дамуында басты роль әйелге тиесілі болды (матриархат). Кейінірек еркектердің басымдығы бекіді (патриархат).

    Отбасы туралы жаңа ілімге сын айтқан ағылшын заңгері, психолог, тарихшы Г.Мэн қоғамның дамуында матриахтың болғанын жоққа шығарды.

      Американдық зерттеуші, тарихшы, этнограф Л. Морган отбасының дамуына қатысты басқа көзқарасты ұстанды. Ол 200-ден астам қоғамдық топтың неке –отбасы қатынастарын зерттеді. Л.Морган адамзаттың даму тарихын үш кезеңге бөлді: тағылық, варварлық, өркениет.

     Олардың әрқайсысы өзіндік қоғамдық институттары мен өнердің түрлерін жасады. Ч.Дарвин ілімнің тікелей әсерімен ол отбасының даму теориясын сомдады. Л.Морганның іліміне сәйкес отбасы мынадай кезеңдерден өткен:

  • қандас туыс отбасы;
  • пуналуалды отбасы;
  • полигамия (алдымен әйелдер жағынан, кейінен еркектер жағынан)
  • моногамия

     Отбасына деген нақты ғылыми пікірді Ф.Энгельс негіздеп берді. Ол бірінші болып мәдениеттің, яғни тағылық пен варварлықтың алғы тарихын ғылыми тұрғыдан сипаттады. Әр кезеңді ол төменгі, орташа және жоғары сатыларға бөлді. Ол өзінің «Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің туындауы» атты еңбегінде отбасына оның тарихи даму барысында талдау жасайды. Алғашқыда неке топтары ұрпақтарға бөлінгенде, яғни, ата-аналар мен балалары арасында жыныстық қатынасқа жол берілмегенде, бұл қандас туыс отбасы болды. Онан кейін пуналуалдыотбасы алмастырды, ол апа мен бауырлар арасындағы жыныстық қатынасқа жол бермеді.

  Ал кейініректе жұптан тұратын отбасы пайда болды, онда еркек пен әйелден бір-біріне қатысты жұбайлық адалдықты талап етті, ал көзге шөп салу қатаң жазаланды. Өркениеттің табалдырығын арттарда туындаған отбасының соңғы түрі моногомия болып табылады. . [2] 

      Отбасы қоғамның жеке ұйымы ретінде зерттеу, оның даму тарихын зерттеу ертеден орын алған. Ал, ғылыми тұрғыдан жүйелі зерттеу тек ХІХ ғасырдың ортасында басталған. Осы кезде көптеген ғалымдардың еңбектері (Ф.Энгельс, Дж.Ф. Мак-Ленанн, Л. Морган, И. Баховен )  неке түрлерін және некенің қоғамдық дамуын зерттеуге бағытталған еді. Ал, ХХ ғасырда батыс ғалымдары некенің құрылымын (Боуен, Олсон, Бэйтсон), дамуын (Соломон, Дювель, Шепард, Беннис, Куутсар және т.б.) зерттеуге ден қойған.Отандық психология және социология ғылымдарында жанұяның құрылуы мәселелері қарастырылды (А.Г. Харчев, Н.Я. Соловьев, В.М. Медков, А.И. Антонов, И.В.Гребенников,Э.Г.Эйдемиллер, В.В. Юстицкис, А.Н.Елизаров және т.б.).            Отбасы және отбасындағы қатынастар психологиясы саласында   ата-аналар  мен балалардың қатынасы мәселесі ерекше зерттеу нысанына айналды. Аталмыш мәселелер бойынша зерттеулер, олардың қорытындылары жеке концепцияларды құрайды. Шетелдік психологияда ананың балаға қатынасы  түрлерін зерттеген С. Броди және Л. Ковар еңбектерін; ата-ананың тәрбиелеу стильдерін  сипаттарын жіктеген Д. Боумрин зерттеулерін атап өтуге болады. Поляк зерттеушісі М. Земсканың әке – шешнің балаларға қатынасы мен оның баланың тұлғалық сипаттарының қалыптасуына ықпалын зерттеуі ерекше мәнге ие болады.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс