Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Ата-ана бұл болашақ кішкене адамды дене күші мол және рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы, яғни тән жүйесі жағынан да жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуі тиіс. Дұрыс тәрбиенің кілті - бүкіл отбасы өмір құрылысында. баланың денессі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі отбасы. Отбасы - бұл бірге тұратын жақын туыстары, әке-шешесі, ата-әжесі, балалары және тағы басқалар.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3


І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8


ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12

2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12

2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19


ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23

3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23

3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26


Қорытынды..................................................................................................................31


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32

Файлы: 1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 167.14 Кб (Скачать)

   Отбасының бірнеше түрлері болады:

  • Отбасының нуклеаралық түрі көп. Онда ата-анасы мен балалар немесе баласыз жұбайлар.
  • Кең отбасында ата-анасы мен балаларға тағы басқа туысқандары қосылады, мысалы ата-анасы мен әжесі.
  • Толық емес отбасы бір ата-анадан баладан тұрады, мысалы жалғыз басты ана.
  • Мүгедектер отбасы.
  • Мүгедек баласы бар отбасы.
  • Балалы студенттер отбасы.
  • Девианттық отбасы.
  • Жүмыссыздар отбасы. [7]

 Отбасының типтері және әлеуметтік мәртебесі (статус). Қазіргі заман отбасының көптеген шешімін күтіп тұрған мәселерінің ішінен әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге тиеселі – күйзеліске ұшыраған отбасы мүшелерінің қоғамдық өмірге бейімделуіне көмектесу. Бейімделудің ең басты көрсеткіші отбасының әлеуметтік мәртебесі, әсіресе оның материалдық қал-жағдайы, құрылымы, мүшелерінің жеке ерекшеліктері, рухани құндылықтары, көзқарасы болып табылады. Осыған орай әлеуметтік педагог отбасының құрылымына байланысты оның мынадай белгілерін білуі тиіс:

  • Толық, не толық емес отбасы;
  • Күн көру үшін уақтылы құрылған жалған отбасы;
  • Отбасы мүшелерінің жас ерекшеліктері – жастар, ересектер, қарттар;
  • Қаншасыншы рет құрылған отбасы (мысалы, алғашқы не екінші,

  үшінші рет құрылған);

  • Балаларының санына қарай – көп балалы, жалғыз балалы отбасы;
  • Отбасында ұрпақ жалғасына қарай – бір не бірнеше буыннан құралған,

         мысалы, жас отбасы мен әке-шешесі, ата, әжесі, қайын бикесі, қайын

         сіңілісі, қайын ағасы т.б. тұрады.    

Бұлардан басқа әлеуметтендіру жұмысын ұйымдастыруда отбасының материалдық ахуалы, психологиялық жағдайы, тұрмыс-тіршілік шарты, мүшелерінің атқаратын міндеті – әкелік, балалық міндеттері, әр адамның жеке және жас ерекшеліктері де маңызды. Міне, осылардың барлығы отбасының мәртебесін құрайды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, отбасының мынадай төрт түрлі мәртебесі бар: әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-мәдени, және ситуативтік. [8]

Әлеуметтік педагог әртүрлі  типтегі отбасыларға назар аударуы керек. Өзара қарым-қатынастары жақсы отбасылар болса, енді бір отбасы мүшелерінің арасында түсініспеушіліктің салдарынан ұрыс-жанжал туып жатыр. Негізгі әлеуметтік жұмыс осы соңғы жағдайдағы отбасы мүшелеріне бағытталуы керек.

  «Туысқандық», «неке», «отбасы» ұғымдарын бөлу қажет. Олар бірдей емес. Неке өз кезегінде моногамия (жалғыз некелі) және полигамия (көп некелі) деп бөлінеді. Полигамия полиандрия және полигиния болып бөлінеді. Полиандрияда бір әйелдің бірнее күйеуі болады. Бұл әелдер жетіспейтін қоғамда орын алған жай. Полигиния дгеніміз – бір еркектің көп әйелі болуы, мысалы мұылмандарда. Дүниежүзінің р түпкірінде отбсы формаының әр түрллігі сақталады.

Отбасымен әлеуметтік жұмыс істеу технологиясы. Әр түрлі отбасына әлеуметтік жұмыстың түрлі технологиясы қолданылады. Отбасымен жэұмыс істейтін әлеуметтік жұмыстың мақсаты – отбасын сақтауға және нығайтуға көмектесу, балаларды тәрбиелеуге, адамдарға материалдық көмек пен саналы түрде адамгершілікті үйрету.

Отбасындағы материалдық  жағдай, көбінесе мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатына байланысты болады. Қазіргі уақытта мемлекеттің  балалары бар отбасына көрсететін көмегінің  ең негізгі төрт түрі белгілі:

  • Балаларға ақылай жәрдемдесу. Қазақстанда 2002 жылдан бастап, туылған балаға ақы беріледі.
  • Салық төлеу, дәрігерлік, тұрғын үй жәрдемақысына жеңілдіктері беріледі.
  • Отбасына тегін дәрі, киім-кешек, балалар азығы беріледі.
  • Отбасына тегін әлеуметтік қызмет ету, яғни, психологиялық, педагогикалық және заң жүзінде көмек көрсету.

Басты ұран «Адам адамға дос, жолдас және аға» болған қоғамдық жүйеден бас тарту, өмірде тұтынушылық  қатынас пен шоғырлану жүйесіне өтуде, қоғамның эгоистік, өзін-өзі  оқшаулау, азғындану, рухсыздық, жалғыздық, отбасының ажырасу қаупі – кедей азаматтардың қауіп-қатері көбейді. Кедейшілік жағдайында қоршаған адамдардың назар аудармауы жанға батып, өзін-өзі өлтіруге дейінгі күйзеліске ұшыратады. [8]

   Отбасының ішкі  қатынастары өз күн көрісі  мен толық жарамды азамат тәрбиелеу  үшін үлкен жауапкершілікті өз  бетінше реттейді.

   Жаңа жағдайға  қойылған қазіргі отбасы кейбір өзгерістерді бастан кешеді. Отбасы әлеуметтік институт ретінде өзінің өзіндік қызметін жоғалта отырып, қоғамдағы өз көзқарасын жоғалтады. Сыртқы факторлардан өзге кез келген отбасы, табиғи өмір жолынан өткен кезде сол жолда туындаған мәселермен ұшырасады. Отбасы мүшелері өз тобын тұтастық ретінде сақтауға қабілетсіз болған жағдайда, отбасы әлеуметтік жұмыстардың объектісі болады.

   Әлеуметтік жұмыс  объектісі болып табылатын отбасы  түрлерін төмендегі шарт бойынша бөлуге болады. Біріншіден, отбасы әр түрлі мәселелерді шешуде өз әлеуеті бойынша соаланады:

2. Отбасының әр мүшесі басқа мүшелерімен тілдеседі және өзінің сезімі мен тілектері туралы еркін сөйлеседі. Мұндай отбасытарында барлық мәселе бірге талқыланады, бұл әр отбасына қолайлы барынша ұтқыр шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

3. отбасы мүшелері арасында тілдесу қиын отбастары. Мұндай отбасытарында көбінесе табиғи бір-біріне деген үйірсектік бәсеңдейді. Осының нәтижесінде отбасының тұтастығы мен мызғымастығына қауіп туғызатын, даулар мен тартыстар пайда болады.

   Осы екі топтың  екеуі де әлеуметтік жұмыстың  обьектісі болатындығы түсінікті.  Алайда, отбасылық бірінші жағдай, отбасы өмірінің табиғи жағдайына  байланысты күйзеліске аз душар  болады. Осындай отбасылар әлеуметтік  көмекті көпшілігінде сыртқы факторлардан (жазатайым жағдай, қатты науқастану және т.б. пайда болатын жағдайларда қажет етеді. Екінші  түрдегі отбастарының мәселелерді өз бетінше шешу әлеуеті өте аз. Сондықтан олар әлеуметтік қолдау көрсетуді барынша қажет етеді. [7]

Ажырасу тұқым өсушіліктің  төмендеуіне әкеп соғады. Профессор  Шелягтың айтуынша, осындай отбасының  балалары әлеуметтік қорғауды талап  етеді. Біріншіден, ата-аналардың ажырасуы немесе әкелердің жоқтығы балаларына үлкен соққы болып тиеді. Іштей тынып жүрген, яғни жасырын қайғы- қасіреттен белгілі бір шара, девиантты қылық жасауы мүмкін. Ал екіншіден, кейбір аналар өздерінің балаларын өзгелерден кем болмасын деп, материалдық жағынан да қамтамасыздырамын деп, көп жұмыс істейді де, баласымен сөйлесуге, оған ақыл айтып, оны тәрбиелеуге уақыты болмайды. Үшіншіден, кейбір жалғыз басты аналар өзінің көрген қиыншылықтарына баласын кінәләп, сол үшін баласына жаман қарап, оны жек көреді.

Бала туудың төмендеуіне  ажырасулар мен бедеулік әсерін тигізеді. Әйелдердің бедеулікке ұшырауына бірден-бір  себеп бала алдырту (аборт), түсік  тастау. Қазақстанда үш екіқабат әйелдің  біреуі ғана туады. Белсенді репродуктивті (бала тууға жарамды) жаста (18-48 жас) Қазақстандағы әр әйелге орташа есеппен  екі жарым аборт келеді. Сақтану құралдарынан ақысыз тарату нәтижесінде Алматыда 2009 жылы аборт саны 24249-ға дейін кеміген. Аборттың салдарынан келесі бала туу кезінде түсік тастау, түрлі аурулар, жатырдан тыс бала біту немесе бедеулікке ұрынуы мүмкін. [9]

Егер бір әйелден бала тууы үшін емделіп, азап шегіп жүрсе, керісінше кейбіреулер туылған  бас тартып, бала тууы үйіне тастап кетіп, қоқыс салатын жәшіктерге, вокзалға қалдырып кетіп жүр. Ондай аналардың ауруханаға келіп, қалдырып кеткен баларын алуы өте сирек жағдай. 1917 жылдары төңкеріске дейін қазақтар арасында тастанды балалар және жетім балалар болмаған. Панасыз немесе жетім балаларды туған-туысқандары немесе перзент сүюге зар болып жүрген ерлі-зайыптылар жиі асырап, алып жүрді. Бұл жағдай кеңінен таралды.

  Әлеуметтік қызметкер отбасына қызмет көрсетіп, сонымен қатар мемлекеттік саясат та өткізеді. Ол өзгермелі әлеуметік-экономикалық жағдайда нақты отбасылы көмек көрсетеді, әлеуметтік қызметкер белсенді түрде мемлекеттік емес ұйымдардың жұмысына қосылып, көп балалы отбасына және балаларға көмек көрсетеді. З.Ж.Жаназарова жазғандай, «бір жағынан әлеуметтік жұмыс қиын жағдайда өмір сүріп жатқан адамға және топқа көмек беруге бағытталған болса, ал басқа жағынан алғанда, әлеуметтік жұмыс индивидтер, бөлек топтар, қоғамдық, жеке және мемлекеттік мекемелер арасында сарапшы болып, маңызды роль атқарады».

Кейде әлеуметтік қызметкерден отбасына мынандай жағдайда шұғыл көмек  талап етіледі: отбасында анасы  мен баласын қорлағанда және күш  көрсетіп, зорлаған жағдайда. Күш көрсетіп, қорлағанға: соққы, тұншықтыру әрекеті, жаралау, күйдіру, улы немесе психотропты заттарды қолдану және әдейі жүйке ауруына шалдықтыру жатады. Балаларға зорлық көрсету, ұру, қорлау сияқты жағдайлар орын алады. Ата-аналар баларына қатыгездік көрсеткен жағдайда оларды ата-аналық құқығын айырып, заң жүзінде жазалайды. Балалрды жетімдер үйіне және интернаттарға орналыстырады. Жәбірленген және сексуалды зорлық көрген адамдар ұзақ уақытқа дейін өз қалпына келе алмай, депрессияға қалады. Әлеуметтік қызметкерге қақтығысқа түскен отбасымен жұмыс істеуге тура келеді, мысалы, ерлі-зайыптылар үнемі ұрысқан немесе ажырасқан жағдайда. Ажырасуға ерлі-зайыптылардың мінездерінің сәйкеспеуі, материалдық қиыншылықтар, бір-бірін алдау, соғу және сол сияқты жағдайлар себепші болады. Мінездерінің сәйкес келмеуі соншалықты, шы нында үйді түрмеге айналдырғаннан гөрі, жақсылықпен ажырасқан дұрыс. Әлеуметтік жұмыс қақтығысқан отбасында жеке, дара әңгімелесу, сұхбаттасу, топталған психотерапия немесе ойынды терапия жолымен өткізеді. [10]

 

 

2.2 Жас  отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу  тәжірибесі

 

Жас отбасы – әлеуметтік жұмыстың маңызды және күрделі обьектісі. Оның маңызлылығын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты Президенттің халқына Жолдауында атап өткен болатын: «Жасқа байланысты құрылған саясатта біз жастарға және жас ұрпаққа, жас отбасыларына баса назар аударуымыз керек».

Дәл ғылыми тұрғыда «жас отбасы» деген терминнің анықтамасы жоқ. Әртүрлі авторлар некенің ұзақтығының  шегі мен жас жұбайлардың жастарын әртүрлі көрсетеді. Дегенмен көпшілігі жас отбасы бірге 3 жыл өмір сүрген, жұбайлардың жастары 30-дан аспаған және екеуі де бірінші рет некеге отырған жастар деп есептейді. Отбасылық өтіл үшін 3 жылдың таңдалуы зерттеушілердің дәл осы уақытта отбасылық қатынастардың дамуында дағдарыс жағдайы аса жоғары болып, осы уақытта айырылысу саны көп болатынмен байланыстырылады.

Жас отбасы – дамудың  бастапқы кезеңін басынан кешіріп, жұбайларды таңдауды жүзеге асыру кезеңіндегі отбасы. Осы кезеңде басқадан (жұбайынан) некеге дейінгі адамнан да күрделі адамды көру феномені ашылады, мінез-құлықтардың «үйренісуі», яғни барлық өмір салтын өзгерту басталады. Жас отбасының өмірінің қалыптасуы бірнеше жоспардан тұрады: физиологиялық, әлеуметтік және психологиялық. Отбасын құрудың өмірлік мақсатын шешуде және оны жүзеге асыруда физиологиялық жоспар өз денесі мен басқа адамның денесінің кеңістігін меңгеруден тұрады. Мұның оңай емес екенін сексолог-дәрігерлер мен сексопотологтар ғана емес, психологтар да айтып жүр.

Жас отбасын құрудың мақсаттарын  шешудегі әлеуметтік жоспар некелік  серіктердің біріге отырып құрған отбасы идеалына сай және қауымдастықты  құру іскерлігінен тұрады. Мамандардың  айтуынша, өзінің жаңа отбасында ата-аналарын отбасылық мінез-құлқын қайталау (олар әртүрлі, кейде қарама-қайшы болуы  мүмкін) – отбасы өміріндегі жеке басының  мақсаттарын шешудәі кең тараған  қате жолдарының бірі.

Жас отбасының өмірлік  мақсаттарын шешудегі әрбір осы  алған жоспар шартты түрде бөленген: бірге өмір сүруді құрудың күнделікті тіршілігінде, тіпті күнделікті, қарапайым  және мағынасыз әрекеттерде: үй жинау, тамақ әзірлеу, ыдыс жуу, бірге уақыт  өткізу және тағы басқа олар арасыласып жатады.

Жас отбасының қалыптасуындағы  күрделі проблемаға алғашқыда махаббат пен сексуалдық құштарлық негізінде  құрылған отбасылық қатынастар күту мен талап ету сияқты жаңа ұстамдардың: әртүрлі көзқарастар, серігінің  тұрмыстағы және некеден бұрынғы  тіршілігіне сәйкес келмеуі және тағы басқа үстемелеп кетуі жатады. Жас әйелдер отбасылық өмір туралы өзінің романтикалық түсініктері мен  шындықтың сәйкес келуін ауыр бастан кешеді, себебі неке туралы ойлағанда  ол эмоциялы махаббаттың бастан өткеру сияқты елестейді, ал шындығында ол әйел адам үшін көп міндеттемелер мен  отбасындағы қолайлы психологиялық  климат үшін жауапкершілікті жүктейді. [11]

Жас отбасының қалыптасуы үшін маңызды фазаға – баланың  тууы жатады. Әдетте, бірінші бала жас  отбасының бірге тұрған бір-екі  жылында дүниеге келеді. Әрине, баланың тууылуына қарай отбасын материалдық шығыны да өсе түседі, оның үстіне ата-анасының жұмыстан бос уақыты баланы күту мен тәрбиеге кетеді. Ана мен әке болудың әлеуметтік рольдерін меңгеру – жас жұбайлар үшін ғана емес жалпы жас отбасылардың қауымдастығы үшін де үлкен сын.

Өмірлік бағдарға, отбасында  рольдерді бөліп алуына, балалы болуына  байланысты жас отбасыларын бірнеше  түрге бөлуге болады. Жас отбасын бірінші түрі ерлі-зайыптылардың тек қана отбасылық құндылықтарға, екі балаға ғана бағдарлануымен сипатталады. Онда көшбасшы күйеуі, бірақ көшбасшылық көбіне оның отбасы қарым-қатынасындағы экономикалық саласында ғана анықталады және шектеледі (қаржы, тұрғын-үйді қамтамасыз ету). Бұл ерлі-зайыптылардың достары бір, ортақ, көбіне бірге, жабық.

Екінші түрлі жас отбасы жеке бастың дамуына бағдарланған, аз балалы отбасы болуды жоспарлаған. Отбасындағы көшбасшылық жариялылықты ұстанады: отбасы өміріне байланысты бірге немесе бөлек. Мұндай отбасы социум үшін ашық та, жабық та болуы мүмкін.

Үшінші түрлі жас отбасы – ерлі-зайыптылар думан тойға бағдарланған отбасы. Мұндай отбасында әйелі мен күйеуі ортақ достармен де араласа береді. Репродуктивті ұстанымдары – баласыз тіпті болмағанда бір балалы отбасын құру. Мұнда көшбасшылық автаритарлық та, жариялық та бола береді.

Жағарыда айтылған жас  отбасылардың түрлері жалпы қалыпты  тіршілік етуге ешбір «қауіп»  туғызбайтын белгілері бойынша  жіктеледі. Мұндай түрлер, оны білу әлеуметтік қызметкер үшін қажет, себебі ол жас отбасына әлеуметтік құбылыс  ретінде түсінік береді. Бірақ  соционом үшін әлеуметтік қауіпті түрлерін, яғни обьектілік немесе субьектілік  жағынан өмірлік қиындықтар көріп, мемлекеттік әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі жағынан  да, әлеуметтік-қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдвр тарапынан да көмекті қажет ететінтжас отбасылары туралы білген өте маңызды.

Жас отбасыларына тура қатысты  әлеуметтік қауіпті отбасылары да бар. Мысалы, отбасына қолдау жасау проблемаларын  шешумен айналасатын жұмыстарына  американдықтар шолу жасағанда жас  отбасылары, соның ішінде тұңғыш баласы туар алдындағы және туғаннан кейінгі  жас отбасы, екі карьералы отбасылары, кедей отбасылары, кішкентай баласы қайтыс болған отбасы және т.б. бөліп  қараған. [12]

Жас отбасылары үшін жиі  кездесетін проблемаларға сондай-ақ, материалдық, тұрғын-үй проблемалары, қарым-қатынасқа түсу, және жанжалды шешу жағдайындағы психологиялық проблемалар  жатады. Одан басқа оларға ғана тән  медициналық (жоспарланған жүктілік, жүкті  бола алмау, балалардың ауруы және т.б.) проблемаларда бар. Мұндай отбасында  ерлі-зайыптылар білім алуын жалғастыруда, кәсіптік өһсуінде қиындықтар көруі  мүмкін.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс