Отбасымен әлеуметтік жұмыс

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Апреля 2013 в 12:50, курсовая работа

Краткое описание

Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-аналар өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни олар тәрбиеші бола бастайды. Ата-ана бұл болашақ кішкене адамды дене күші мол және рухани және ақыл-ойы мен дене құрылысы, яғни тән жүйесі жағынан да жан-жақты даму дәрежесіне жеткізуі тиіс. Дұрыс тәрбиенің кілті - бүкіл отбасы өмір құрылысында. баланың денессі мен рухани жақтан қалыптасуының негізі отбасы. Отбасы - бұл бірге тұратын жақын туыстары, әке-шешесі, ата-әжесі, балалары және тағы басқалар.

Оглавление

Кіріспе......................................................................................................................3


І тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ғылым ретіндегі
теориясы мен әдістемесі............................................................................5

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың теориялық негіздері......5

Отбасымен әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері.............................8


ІІ тарау Қазіргі заманғы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысқа
талдау...........................................................................................................12

2.1 Отбасы – әлеуметтік жұмыстың обьектісі ретінде...................................12

2.2 Жас отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу тәжірибесі..........................15

2.3 Қиын балалары бар отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс
түрлері....................................... ....................................................................19


ІІІ тарау Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты дамытудың
жолдары.......................................................................................................23

3.1 Жас отбасымен әлеуметтік жұмысты жетілдіру бағыттары..................23

3.2 Отбасындағы бала тәрбиесін нығайту шаралары.....................................26


Қорытынды..................................................................................................................31


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................................32

Файлы: 1 файл

Султанова Г. отбасымен әлеуметтік жұмыс.docx

— 167.14 Кб (Скачать)

     Ресейдегі отбасы психологиясына қатысты зерттеулерді бірнеше негізгі бағыуттарға жіктеуге болады:  

1) ата – ана бағдарларын (А.С. Спиваковская, Т.В. Архиреева, В.В. Столин, А.Я. Варга, Е.А. Савина, О.Б. Чарова, Г.Г. Филиппова) және отбасындағы тәрбиелеу стильдерін зерттеу (С.В. Ковалев, В.В. Воронов, Е.А. Костицина, Е.Т. Соколова, Э.Вильданова);

2) Дұрыс емес тәрбиелеу түрлерін зерттеу (В.И. Гарбузов, А.С. Спикаковская, А.Е. Личко, Э.Г. Эльдемиллер);

3)  ата – аналар мен балалардың өзара қатынасының әр түрлі аспектілерін зерттеу (О.В. Илларионова, В.В. Столин, А.В. Петровский, М.В. Полевая);

4)  ата – аналар мен балалардың өзра қатынасындағы бұзылуларды және олардың тұлғалық дамуына әсерін зерттеу А. Захар А.С. Спикаковская ,Е.О. Смирнова, Т.А. Кошкарова, Н. Штирман, Э.Г. Эйдемиллер ).

     Қазақстандық ғалымдардың еңбектері отбасындағы қатынастар педагогикасы мәселелерін, балалар мен ата – аналардың дау – жанжал жағдайларындағы мінез – құлқы, өртүрлі отбасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерін қамтиды (С.М. Илюсизова, У.И. Ауталипова, М. Габдуллин, С. Кубеноев, Х.Т. Шерьязданова).                           

     Көрініп тұрғандай,  отбасындвғы қатынас мәселелеріне  ғылыми зерттеу қызығушылығы  өсіп келеді, сонымен қатар, отбасы  өміріне көптеген сыртқы, әлеуметтік - экономикалық факторлар орасан  зор ықпалын тигізеді. Отбасы  қай кезде болмасын жан-жанты  қызығушылықты тудырған құбылыс.  Қоғам үшін осы әлеуметтік  институттың ерекшеліктерін, зерттеу  мәлеметтерін іс жүзінде қолдану  аса маңызды мәселе болып табылады. Жеке адамдардың өміріндегі маңызымен  қатар, отбасы елеулі қоғамдық  рөлі де орындайды. Жанұя бала  дамуындағы, әлеуметтік ортасына  сәйкес өмірге балаларды дайындаудағы  өте маңызды орынға ие; баланың  қалыпты тұлғалық дамуына негіз  болатын білімдерді, іскерліктерді  және дағдыларды алғашқы меңгеру  ортасы. Ал, қоғамның алдында, өз  кезегнде, жанұялық тәрбие, леудің  маңызын өсіре отыра қоғамдық  тәрбиелеуді байланыстыру міндеті  тұр. Тәрбиелеу және жанұядағы  үйлесімді қатынастар қоғам мақсаттарына  үндес болуы керек, сондықтан  әр түрлі ғылымдардың, соның  ішінде психология тұрғысынан  отбасы мәселелерін зерттеу қажеттілігі туады.

 Шетелдік психологиясында  жағымды және жағымсыз ата-аналық  позицияларды белгілейді. Поляк  зерттеушісі М. Земска осыған  орай ата-ананың жағымды позициялары  мен баланың қалыпты тұлғалық  дамуымен және мінез- құлығының  қалыптасуы арасындағы байланыс  механизмдерін және жағымсыз  ата-аналық позициялар мен балалардағы   мінез- құлықтың бұзулары арындағы  байлныстарды қарастырады. Осы  проблеманы зерттеу барысында  ғалым ата-ананың балаға жағымсыз  және жағымды бағдарларынан   тұратын күрделі позицияларды  жіктейді. Негізгі үлгілері ретінде М. Земска белгіледі:

1) Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды  алшақтық, яғни жақындықтың болмауы - бала мен ата - анасы арасындағы эмоционалды қалыпты қатынас ата - ана зейіннің тек балаға шоғырлануы;

2) Ата - ананың балаға қатысты басымдылығы, үстемділігі - ата - ана мен баланың ішкі өзаратәуелсіздігі - ата - ананың балаға қатысты шектен тыс көнгіштігі;

М.Земски көрсеткен ата - аналық бағдарларды талдау келесі ерекшліктерді көрсетті. Ата - ана мен балалар арасындағы эмоционалды алшақтық, яғни жақындыұтың болмау кезінде ата - ананың баламен қарым - қатынасы жеткілікті мөлшерде болмайды, демек, баладан әке - шешелердің психикалық қашықтығы байқалды. Әдетте, эмоционалды жақындығы жоқ ата - аналар баланы қолдау тәсілін емес, балаға қарсы қатынасты ұсынады. . [3]

Жаңа қоғамдық-саяси қарым-қатынастар бекіп жатқан кезеңде қазіргі  заманның отбасына әлеуметтік талдау жасайтын, отбасын нығайтудың және оның тұрақтылығын сақтаудың жолын  белгілеген қазақстандық сойиолгтардың  зерттеулерін атап өту керек (Н.А.Аитов, У.Ауталипова, У.Бекжанов, К.Г.Габдуллина, З.Ж.Жаназарова және тағы басқалары).

 

    1. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың мәні және әдістері

 

    Отбасы бір  қарағанда, әлеуметтік түсініктер танымының қарапайым ғана түрі ретінде көрінеді. Осы термин күнделікті қарым-қатынаста қолданып, әр адамның осы отбасылық өмір туралы жеке тәжіриебесі бар.Біз осы сөзді барлық партиялардың саяси қызметкерлерінің аузынан естуге үйреніп алғанбыз, олар өздерін отбасы мен отбасы қажеттілігінің жақтастарымыз деп есептейді.

   Кәсіптік жұмыстардың шетелдік тарихына ондаған жылдар болған деп есептелінеді. Қазақстанда әлеуметтік жұмыстар тарихы енді қалыптасып жатыр, жоғары оқу орындарында әлеуметтік жұмыстар жөнінде мамандар даярлау жұмысы басталды, осы саладағы ғылыми зерттеулерге деген қызығушылық туып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешумен нақты айналысатын мемлекеттік, жеке меншік, қоғамдық ұйымдар құрылуда. Кеңес дәуірі кезінде қолданылған «мемлекеттік және қоғамдық қолдау жүйесі» тоқтатылып, ол қолдағы қалған принцип бойынша қаржыландырылып, бұл оның тиімділігін елеулі түрде төмендетті, олардың іс-әрекеті негізінен алғанда, әлеуметтік қамтамасыз ету болды. Осы ретте, әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік мекемелеріне диплом алған мамандар қажет болмады. Қазір біз осы қызметтің жаңартпа тәсіліне қарсы келетін, мемлекеттік әлеуметтік қызметтердің инерциялық ойлауымен әлі де болса кездесып қалып отырмыз.

   Әлеуметтік жұмыстардың мәні әлеуметтік қайта құру дәуірінде өсіп отыр, оның иіндеті болмай қалмайтын әлеуметтік дау-жанжал салдарын төміндету болып табылады. Әлеуметтік жұмыстардың кәсібилігі, өмір сүру мүмкіншіліктері кедейшілік, денсаулығының төмендігі, дискриминация және мүгідектігі салдарынан шектелген адамдар мен отбасыларын реформаға табысты түрде бейімделуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік жұмыстардың дамуы әлеумнттік жағдайы мүдделері әр түрлі топтағы адамдар үшін өз мүмкіндіктерінтеңестеруге қол жеткезуін шамалайтын, азаматтық қоғамның құндылықтарын қалыптастырумен тығыз байланысты.Әлеуметтік жұмыс, бір жағынан алғанда, өмір сүрудің қиын жағдайында отырған адамға немесе топқа көмек көрсетуге бағытталған, ал екінші жағынан алғанда, ол жеке адам, жеке топ, қоғамдық, жеке меншік және мемлекеттік ұйымдар арасында делдалдың маңызды рөлін атқарады.

  Әлеуметтік жұмыс әлеуметтік қиыстырылған іс- әрекет болып табылады, онда қызмет жүйесі, жұмыс бастылықтың құрылымы мен теория жиынтығы айтылады. Оның мазмұны сол және басқа елдегі әлеуметтік көмек қажет ететін адамдармен жүргізілген жұмыстармен, әлеуметтік қызметтердің қалыптасқан түрлерімен, әлеуметтік жұмыстардың кәіптік дәрежесімен және клиенттердің әр түрлітобымен жүргізлетін әлеуметтік саясат сипатымен  анықалады.Кәсіби әлеуметтік жұмыс отбасы құрамы мен клиенттің тұрмыс қалпы, әлеуметтік мәртебесі, дін, этика, мәдениет деректерімен анықталатын әр түрлі жағдайларда іске асырылады.[4]

    Әлеуметтік жұмыстардың дәстүрлі тұжырымдамасы жеке, отбасылық, өндірістік және басқс да мәселелерді анықтау кезіндегі көмек көрсетудегі, адамның қоғаммен өұқықтық, экономикалық, әлеуметтік қатынастарын ретке келтіруші ретінде әлеуметтік жұмыстардың мақсатын анықтайды. Отбасы немесе оның жеке мүшелерімен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың жеке сипаты бар екендігі осыдан көрінеді. Бұл әлеуеттік қызметкердің өз объектісімен жеке байланысын шамалайды.

  Әлеуметтік мәдени жағдайлар үнемі өзгеріп тұратындықтан, отбасында болып жатқан өзгерістерді қадағалап отыруға мүмкіндік беретін отбасылық мониторинг орнату қажет. Осындай ақпарат ең алдымен, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізетін қызметтерге қажет. «Отбасы» терминіне практикада анықтама беру оңай нәрсе емес.

    Отбасына біз  қандас немесе интимдік, жыныстық  қатынастар арқылы бір-біріне  жақын адамдардан тұратын туысқандар  тобын жатқызамыз. Отбасы негізінде, некеден жасалады және қоғамдық қатынастар мен өмірдің басқа да әдет-ғұрыптарына қарағанда, тұрақты болады. Дегенмен, бірге тұрып, шаруашылықтарын бірге жүргізіп, заң түрінде тіркелмеген отбасылар да кездеседі. Соңғы уақытта осындай отбасылар санының көбейіп кеткені байқалады. Некенің тұрақты немесе тұрақсыз болып келуі де әртүрлі. Бүгінгі күні қоғамда болып жатқан адамдар әртүрлі өзгерістерге байланысты, отбасы тәртібі мен ұйымы да соған қарай икемделеді. Отбасының жеке қатынастары мен өмірдің әдет-ғұрпына экономикалық жағдай, заң, дін, білім, салт-дәстүр әсер етеді. Сондықтан, отбасын ортадағы қоғамның экономикалық және әлеуметтік аспектілерін игеретін әлеуметтік және экономикалық тұрғыда қарастырамыз.

   Отбасымен жүргізілетін  әлеуметтік жұмыстың да басқа  да ғылымдар сияқты теориялық және эмперикалық білімдері бірдей, оның ерекшеліктері ббілімдері мен ептіліктерінде. Осы әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік жұмыс ғылымының принципі болып табылады. Ғылым ажырамас құрамдас бөліктерден: заңдылық, приинцип және әдістерден тұрады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс қызметтің әмбебап түрі болып табылады, ол басқа ғылымдар топтамасымен байланысты, олардың бірнеше негізгі принциптерін бөліп алуға болады:жалпы философиялық принциптер: детерменизм, бейнелеу, даму. Әлеуметтік ғылымдардың жалпы принциптері: тарихи, әлеуметтік келісу, әлеуметтік мәнділік. Бұлардың ерекше белгілері: плюрализм (әр түрлі ой-пікірлер) отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар принципін түсіну.

     Отбасымен  жүргізілетін әлеуметтік жұмыстар  ғылымының келесі принциптері  оларды топтастыруға байланысты: мазмұнды принциптер: қоғамдық-топтық  және жеке мүдделерінің үйлесімі; өзін-өзі және отбасы мүшелерін  қамтамасыз ету, отбасы мүшелерінің күнкөрісі үшін өзіңің күнелтуі және толық жарамды азамат тәрбиелеу. [5]

     Психологиялық-педагогикалық  принциптер – эмпатия (жан  ашуы); сенімді психологиялық пана, қазіргі уақытта қиын жағдайларда  адамға күнелтуге көмектесу және  т.б; әдістемелік принциптер: мирасқорлық,  бірізділік, үздіксіздік, құзырлылық; ұйымдастырушылық – жинақтылық, делдалдық (психология, құқық, медицина және т.б. ғалымдар арасында);нормативті актілер мен заңдарда әлеуметтік жұмыс тәжірибесі мен талдап қорытындылаудың нақты принциптері, атап айтқанда, өзінің отбасы мүшелеріне экономикалық, әлеуметтік және дене қауіпсіздігін қамтамсыз ететін адамдар мен азаматтардың құқын сақтау, отбасындағы жас балалар, қартайған және науқас адамдарға мемлекеттің қамқорлық кепілдігі, балалар мен жастарды әлеуметтендіру шарты; отбасында, жұмыста құпиялылықты, махаббатқа деген сезімін, өмірге деген құштарлығын сақтау және т.б.

    Отбасымен әлеуметтік  жұмыс жүргізу кезіндегі операциялармен тәсілдер жиынтығын, қандайда бір мақсатқа жету жолдарын, нақты мәселені шешуді әдіс деп түсінеміз. Отбасымен әлеуметтік жқмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пән аралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды міндеттеріне байланысты ғылым ретінде бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданылатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз.

     Сондай-ақ, мақсатқа  жету үшін өз жұмыс тәсілдері  мен міндеттері игерген, отбасы  саласы және отбасымен жүргізілетін  жұмыс технологиясын өзіндік  ерекшелігі бар маман ретінде  әлеуметтік қызметкердің мамандығымен  де анықталады.

     Әр ғылым  жалпы пікірлер мен жанжақты  заңдарға – методологияға сүйеніп,  «өз» құбылыстарын зерттеу және  де ғылыми білімді практикада  қолдану әдістерін жетілдіреді,  яғни мәселені шешу әдісі.

     Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адамдық қызметтің саласы болып табылады, ал оның қызметі жалпы отбасы мен толық жарамды азаматтардың күнкөрісі үшін, отбасы жөніндегі білімді жүйелік, пысықтаудан тұрады. Осындай қызметтердің бапрлығын отбасымен жеке тұлғалардың мәселелерін шешетін мамандар, белсенділер, кәсіпкерлердің кәсіптік, мемлекеттік, қоғамдық әдістерімен іске асыруға болады. Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстарын маңызды мәселелерінің бірі – қоғамның әлеуметтік-саяси жағдайлары мен отбасының өзінің ішкі үдерістеріне қатысты отбасы, отбасы қатынастары дамуының ішкі мәселелерін шешудің ұтымды әдістері мен технологияларын әзірлеу жөніндегі жұмыс әдістері мен қолданыстағы нысандарын талдау болып табылады.

  Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс өзінің негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым бола отырып, техникалық, әсіресе, табиғи ғылымдармен байланысты. Оның білімі шегінде жүргізілетін зерттеулер пәнаралық сипатта болады: әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық т.б.,ал екінші жағынан социология, педагогика, құқықтану және басқа да әлеуметтік пәндермен байланыстары бар.

Отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс жүргізу кезіндегі көптеген әдістер пәнаралық болып саналады, өйткені өз қызметімен және ауқымды  міндеттеріне

 байланысты ғылым ретінде  бөлінеді. Сондықтан да, отбасымен  әлеуметтік жұмыс жүргізу кезінде қолданалатын әдістерді сипаттай отырып, оларды экономикалық, медициналық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік, әкімшілік, педагогикалық және т.б. түрге бөлеміз. [6]

Отбасымен жұмыс жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл – біздің басты маңызды ұғымарының бірі. Отбасымен  жүргізетін әлеуметтік қызметкер бұл  – отбасымен әлеуметтік жұмыс  жүргізу саласындағы маман, өзінің кәсіби, лауызымдық міндеттеріне қарай адамда, отбасында, топта пайда болған проблемаларды жеңе білуде әлеуметтік көмектің барлық түрін көрсететін адам.

    Отбасы барлық  уақытта ежелгі философтардан  бастап қазіргі заманғы ғылымдардың  зерттеулерін қоса алғанда, озық  қоғамдық ойлардың, ілгері саяси  және қоғамдық қайреткерлердің басты назарында болды. Бірақ, отбасымен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде әлі даму үстінде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ ОТБАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

2.1 Отбасы  – әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде

 

 Отбасы әлеуметтік жұмыстардың маңызды салаларының бірі әрі негізгі объектісі болып табылады.

 «Отбасы» объектісін жеке адамға алмастыруға бейімділік зерттеу жүргізуге ғана емес сұрыптау жасап, мәліметтерді және т.б. өңдеуге негіз болады. Әлеуметтік жұмыс, әлеуметтік қамқорлық, көмек, психотерапия, яғни «медикаландыру» неке мен отбасына байланысты ұлғайып отыр. Индустриялық қоғамда пайда болған әлеуметтік жұмыс «адами қатынастарды» ең алдымен өндірісте қалпына келтіру мақсатында, отбасылық өндіріс сатысында экономика тән болған осы қатынастардың жойылып кеткен адами сапаларын қалпына келтіруге бағытталды.     

Отбасы қоғамдағы негізгі  әлеуметтік институттардың бірі болып  табылады. Ол әрқашанда қоғам назарында  болады. Қазіргі уақытта кейбір ғалымдардың  айтуынша, отбасы дағдарыстан өтуде. Оның жаңа үлгісі пайда болды. Отбасылық  қарым-қатынас өзгеруде. Әсіресе, отбасындағы  өзгерістердің көпшілігі – экономикалық жағынан дамыған Батыс елдерінде. Ресей мен Қазақстанның нарыққа  өтуі некелесу мен бала тууға қатты  әсер етті. Ажырасулар көбейіп, ол да отбасындағы  туып көбеюшілікті азайтты. Отбасы адамды қорғайды, сондықтан да оны нығайту керек. Отбасы жасы толмаған балаларға және қарт адамдарға қамқорлық етеді, өмірдің қиын жағдайларында көмек көрсетеді, ауырған кезде қолдайды. Отбасы мүшелері бір-біріне көмек етеді. Отбасы сүйіспеншілік сезіммен бірігеді.

Информация о работе Отбасымен әлеуметтік жұмыс