Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 02:38, доклад
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания)7
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.
Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік
Дүниежүзілік туристік ұйым
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) — халықаралық ұйым. 1970 жылы ресми туристік ұйымдардың үкіметаралық одағы ретінде құрылды. Дүниежүзілік туристік ұйым мүшелері: толық, қауымдасқан және біріккен мүшелерге бөлінеді. Туристік ұйымның мақсаты — экономика дамуға, халықаралық өзара қарым-қатынасқа, бейбітшілікке, гүлденуге, адам құқыларын жаппай құрметтеп, сақтауға үлес қосу үшін туризмді дамытуға жәрдемдесу. Басқарушы органы - Бас Ассамблея. Секретариатының тұрған жері — Мадрид қаласы (Испания)7
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.
Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтік жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, диссертацияның тақырыбын таңдауға себеп болды.
Дайындығымыз жоғары деңгейде
Таяу күндерi қазақ елiнде жаһандық басқосу өтедi. Қонақжайлығымен аты шыққан қазаққа Астана cаммитiнiң мәртебелi қонақтарын күту қиындық туғыза қоймайтыны анық.
"Мұндай
жоғары деңгейдегi жаһандық
Ресми
деректерге жүгiнсек, желтоқсанның 1-2 күндерi
Елордаға 6000-нан астам қонақ келедi
деп күтiлуде. Президент Әкiмшiлiгi
басшысының орынбасары Мәулен Әшiмбаевтың
айтуынша, алдағы саммитке 55 мемлекеттен
делегация келедi. Бұдан басқа 60-қа жуық
халықаралық ұйым басшылары, 500-ден астам
үкiметтiк емес ұйым өкiлдерi, шетелдiк 1500-дей
журналист қатысады.
Астана
әуежайы бұл күндерi әуе кемелерiне
үздiксiз қызмет көрсетуге дайын.
Қазiргi уақытта әуежай 70-ке тарта ұшақ
қабылдай алады, бұған қосымша 22 орынды
жаңа тұрақ салынды. Астана қонақтар ұшып
келетiн кез-келген үлгiдегi ұшақтарды
қабылдай алады. Саммит күндерi әуежайға
әрбiр 5-10 минутта ұшақтар қонады деп күтiлуде.
Ал, Астана қаласының жол полициясы жол
қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету жөнiндегi шаралардың, солтүстiк жағалаудан
кiру және шығуға қатысты арнайы жоспарды
әзiрлеп те қойды.
Бөтен
қаланың нөмiрiмен келетiн көлiктер 29
қарашадан саммит аяқталғанға дейiн қалаға
тек сағат 10–да кiрiп, 18.00-ге дейiн шығып
кетуге тиiс. Астана қонақүйлерi саммитке
келетiн мәртебелi меймандарды ұлттық
салт-дәстүр бойынша күтiп алады. Елордада
150-ден аса қонақүй бар. Оның 68-i Астана
саммитi кезiнде ең жоғары қызмет түрiн
ұсына алады деп таңдалып алынды. Оған
қосымша 10 мейманхана резервке қойылған.
Қазiр қызмет көрсету сапасын арттыру
мақсатында шет тiлдердi оқыту бойынша
курстар өткiзiлiп жатыр. Сондай-ақ таңдалып
алынған 68 қонақүйдiң 53-iнiң ғимараттары
толығымен сымсыз ғаламтор жүйесiн орнату
жөнiндегi келiсiмге қол қойған, кабельдi
интернеттi қосу жұмыстары да қарқынды
жүруде. Соның төртеуi — "5 жұлдызды",
жетеуi — "4 жұлдызды", он жетiсi —
"3 жұлдызды", қалғандары 1 және екiншi
санаттағылар қатарына енгiзiлгендер.
Тағы бiр жағымды жаңалық, саммит қонақтарын
қонақүйде ұлттық киiм киген қыздар қарсы
алады және меймандарға ұлттық тағамдар
ұсынылмақ.
Мемлекет
басшылары түсетiн
Мәртебелi
меймандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету басты назарда. Саммит қарсаңында
Төтенше жағдайлар министрлiгi Елордада
арнайы тактикалық жаттығу ойындарын
өткiздi. Оған 1500 адам мен 200-дей техника
қатыстырылған. Осылайша, төтенше жағдайлардың
алдын алудың қамы жасалуда.
ЕҚЫҰ
саммитi кезiнде 44 медициналық ұйым
жұмыс iстейтiн болады. Яғни, ешкiм
медициналық көмектен зәрулiк көрмейдi.
Астана қаласынан — 566, республикалық
медицина ұйымдарынан 93 дәрiгер қызмет
көрсетедi.
Бұл
күндерi астаналық қолөнер шеберлерi
Қазақстанның мемлекеттiк рәмiздерi
мен саммит белгiлерi таңбаланған
сый-кәделер дайындап жатыр. Олар да
Астана саммитiн қазақстандықтар
ғана емес, мәртебелi қонақтар үшiн де
есте қалар оқиға етуге елеулi үлес қоспақ.
Саммит
өтетiн күндерi барша әлем назары
Елордаға ауады. Осы тұста бiз
әлемдiк БАҚ-тардағы ең басты жаңалықтың
нысанасы боламыз. Байланыс және ақпарат
министрлiгiнiң хабарлауынша, осы
күндерi саммитке арналған газет шығып,
телеарна жұмыс iстейдi. "Саммит ТВ"
телехабарларын республикалық телеарналардың
бiрiнiң негiзiнде таратады. Сондай-ақ "Астана
Таймс" деп аталатын газет тек ағылшын
тiлiнде шығарылып, мәртебелi қонақтарға
қажеттi ақпаратты топтастырып берiп отырмақ.
Саммитке келу-келмеуi көп талқыланған мәртебелi қонақ — АҚШ президентi Барак Обама едi. Ресми дерек көздерiне жүгiнсек, ол шақыруды жылы қабыл алып, АҚШ-тың Қазақстанмен тығыз әрiптестiк қарым-қатынаста қалатынын мәлiмдеген. АҚШ делегациясын Мемлекеттiк хатшысы Хиллари Клинтон бастап келмекшi.