Дүнежүзілік сауда ұйымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2012 в 18:09, отчет по практике

Краткое описание

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады.

Файлы: 1 файл

Дүниежүзілік сауда ұйымы№№ Тунгышбаева Жанерке.pptx

— 701.41 Кб (Скачать)

Дүниежүзілік сауда ұйымы

               Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.

Қазақстан — ДСҰ-ға кіруге мүдделі

 

Қазақстан Үкіметі  ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.

 

    • — Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;

 

    • — Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;

 

    • — Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;

 

    • — ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;

 

    • Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.

 

    • Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.

 

Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде: 

         Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.

Расул Жұмалы, саясаттанушы

 

Менің ойымша, Кедендік Одақпен салыстырғанда, бұл жерде айтарлықтай ұтылар тұстарымыз жоқ. Егер толыққанды мүше болып енетін болсақ, жағымды тұстары басым. Бұл дүниежүзілік ұйымға 150-ден астам мемлекет еніп отыр. Ұйымның басты мақсаты – мүше елдердің арасындағы сауда мәселелерін жеңілдету, кедендік кедергілерді алып тастау. Бұл дегеніміз – Қазақстанға бұдан былай келетін тауарлардың бағасы біршама төмендейді деген сөз. Себебі, бәсекелестік күшейеді. Кедендік Одақта үш-ақ мемлекет болатын болса, бұл жерде 150 мемлекеттің тауарлары Қазақстанға кедергісіз келеді. Сонымен қатар,  кедендік бажсыз келеді, бұл – біріншіден, тұтынушыларға үлкен пайдасын келтіруші еді. Себебі бағаның төмендеуіне негіз туады, екіншіден, біздің тауар өндірушілердің бәсекелестігіне жаңадан талаптар қояды. Яғни, күшеюіне жағдай жасайды. Бәсекелелестікке сай болатын болса, күштілер өз жұмысын сақтап қала алады, әлсіздер кетуге мәжбүр болады. Кедендік Одақта көбіне Ресейдің айтқаны жүретін болса, бұл жерде әр мемлекеттің үлкен-кішілігіне қарамастан бір дауысы бар. Мысалы, егер бір мемлекет бір мәселеге қарсы шығатын болса, онда ол шешім қабылданбайды. Яғни, демократиялық тұрғыдан,  алдыңғы қатарлы ұйым деп санаймын.

Дос Көшім, саясаттанушы:

 

Бұл мәселеде сан түрлі пікір бар. Соларды талдай келе (мен экономист емеспін, бұл – қарапайым азаматтың талдауы), Дүиежүзілік сауда ұйымына мүше болудан қашып құтыла алмайтын кезеңге жеттік пе деп ойлаймын. Әрине, біз әлемдік «базарға» өзіміздің шикізат өнімдерімен ғана шығамыз. Демек, ДСҰ-ға мүше болардың алдында осы бағыттағы өз ұстанымдарымызды нақтылап алып, соларды талас-тартыстың арасынан алып өте білуіміз керек. Бұл – әлемдік тәжірибе. Ұйымға кіргенге дейін, әрбір мемлекет өздерінің экономикасының ерекшелігіне қарай өзіндік талаптарын келісімге енгізе алады. Әсіресе, біздер ауылшаруашылығы саласынан өзіміздің талабымыздан шегінбеуіміз қажет. Менің қорқатыным – «әлемдік ұйымға мүше болдық, бұл біздің асқан жетістігіміз» деген идеологиялық ұранмен өз пайдамызды қорғауды екінші орынға ысырып жібермейміз бе деген ой…Ресей, алғашқы кезеңде: «Кедендік одаққа енетін елдер ДСҰ-ға бір құрылым болып енуі керек» деген сөз айтып еді, аз уақыт өтпей жатып, жеке мүддесін көздеп кетті. Сондықтан оларға менің сенімім жоқ. Біз қазіргідей Ресей автоөнеркәсібін дамыту  үшін шетелдің машиналарын он есе қымбаттатпай өз мүддемізбен, өз ұсынысымызбен енуіміз қажет.  Егер біз Кедендік одаққа тек қана экономикалық бағытты ұстанып еніп отырсақ, әңгіме басқа, бірақ бұл – саяси одақтың бастамасы екендігін есімізден шығармауымыз қажет.

Меніңше, ДСҰ-ға әр мемлекет өзінің экономикалық мүмкіндігін ескере кіреді. Шикізат ешқашан экономикалық одақтарға енуге «кесірін тигізбейтіні» анық. Әңгіме сол шикізатты тиімді пайдалануда. Бұл – базардағы сауда сияқты. Жақсы саудагер кез келген базарда өзінің тауарын қымбатқа өткізе алады. Әрине, оны өндіруді де, сатуды да басқалардың қолына беріп қойсақ, ертең айға қарап қаламыз.

Назарларыңызға рахмет!!!


Информация о работе Дүнежүзілік сауда ұйымы