Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Ноября 2011 в 05:57, реферат
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыс.
Экономикалық дағдарыс – дағдарысты, тоқырауды, жандануды және өрлеуді дәйекті түрде қамтитын ұдайы өндірістік цикл кезеңдерінің бірі. Нарықтық жағдаяттың күрт құлдырауымен, ұлттық экономиканың тұрақсыздануымен, қоғамдық ұдайы өндірістегі үйлесімсіздіктің күшеюімен сипатталады. Экономикалық дағдарыс тауар капиталын артық өндіруден (сатылмаған өнімдердің өсуі), өндірістік капиталдың артық қорлануынан (өндірістік қуаттардың толық қуатпен жұмыс істемеуінің көбеюі, жұмыссыздықтың өсуі), ақша капиталының артық қорлануынан (өндіріске жұмсалмаған ақша санының көбеюі) көрініс табады. Өндіріс шығындарының өсуі, баға мен пайданың, жалақының төмендеуі, халықтың қалың жіктерінің тұрмыс деңгейінің құлдырауы экономикалық дағдарыстың жалпы нәтижесі болып табылады. Дағдарыс – нарықтық экономиканың өзін-өзі реттеу тетігінің аса маңызды нышаны. Ол шет-шегін тауып қана қоймай, сонымен бірге ынталандыру міндетін де орындай отырып, экономиканы дамытуға серпін береді. Циклдік дағдарыс халық ш-ның барлық аясын қамтиды. Тұрақты сипаты жоқ дағдарысқа аралық, ішінара, салалық, құрылымдық дағдарыстар жатады.
1929—1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері.
Дағдарыс 1929 ж. қазандағы Нью-Йорк фондылық биржасында миллиондаған акциялардьщ бағасының миллиардтаған долларға кеміп кетуіне байланысты үрейден басталды. Бұл бағалы кағаздар рыногінің апатқа ұшырауы еді. Акциялармен биржалық алып-сатушылық және олардың курсын 1928—1929 жж. экономикалық серпіліс кезіндегідей жасанды түрде асыру осындай салдарға алып келетіні күмәнсіз еді. Бірақ биржа апаты терең экономикалық дағдарыстың тек сыртқы көрінісі ғана болды.
Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.
Дағдарыстан
шығудың автоматтық механизмінің "істемей
қалуы" көп жағдайда капиталистік
шаруашылықтың кұрылымының
XX ғ. бірінші үштігінде жасалған жаңа техника мен технологияның жаппай өндірісті камтамасыз етуге мүмкіншіліктері бар болатын. АКШ-та жана дәуірдің белгісі автомобиль шығару болды. Жаппай өндірісті бастау үшін жаппай сатып алушы, жаппай тұтынушы қажет. 1929—1933 жж. дағдарыста дәл осы өндіріс пен тұтынудың, ұсыныс пен сұранымның арасындағы сәйкессіздік көрініс тапты.
Ақырында, дағдарыс бұрын болып көрмеген мөлшерде тұрақты жаппай жұмыссыздық туғызды, миллиондаған адамдар үшін аштық, бүліктер мен көтерілістер каупін төндірді, яғни әлеуметтік мәселелер шиеленісе түсті.
Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың аса манызды ерекшелігі циклдік дагдарыстың ұзақ мерзімдік құрылымдық дағдарыспен тура келуінде болды. 30-жж. циклдік экономикалық дағдарыс әдетте әрбір 10—15 жылда бір рет келетін кұрылымдық дағдарысқа тура келді. Орыс ғалымы Н.Д.Кондратьев 20-жж. өзінде-ақ экономикалық дамудағы "үлкен циклдер", немесе "ұзын толқындар" теориясын тұжырымдаған болатын. XX ғ. аса ірі экономикалық және саяси сілкіністері экономикадағы "ұзын толқындар" теориясының дұрыстығын дәлелдеп берді.
Экономикада "ұзын толқындар" деп ұзактығы шамамен алғанда 48—55 жылға созылатын экономикалық белсенділіктің оқтын-оқтын ауытқып тұруын айтады. Мұндай жарты ғасырлық аралық келетін кезеңдерде ин-дустриялық коғамның техникалық және технологиялық негізі жаңарып, бұл кұбылыс капиталистік өркениеттің басты-басты әкономикалық аймактарының шаруашылықтарының барлық салаларын камтиды. Мұндай циклдер XVIII ғ. 80-ж. соңы мен 90-шы жж. басынан басталған болатын. Сол кезден бастап батыс елдері төрт "ұзын толқындарды" бастарынан өткізді, олардың әркайсысының бірінші жартысында конъюнктураны арттыратын кезеңі болса, сонынан төмендетін кезеңі болады. Арттыратын және төмендететін кезеңдердің түйіскен жерінің үлесіне әлеуметтік сілкіністердің көп бөлігі (соғыстар, революциялар, аса ірі әлеуметтік-саяси қақтығыстар) келеді. Бұл үлкен циклдердің шеңберлері шамамен мына төмендегідей: 1780 ж. соңы — 1840 ж.; 1840 ж. соңы -1890 ж.; 1890 ж. соңы — 1940 ж. басы; 1940 ж. басы — 1982—1985 жж. Сөйтіп, XX ғ. екі толық "ұзын толқындар" орын алды, ал 1980 жж. басталған бесінші "ұзын толқындар" немесе кезең XXI ғ. аяқталмақшы.
1914—1945 жж. аралық кезең конъюнктураның төмендеу кезеңін қамтиды. Бұл уакыт ішінде екі дүниежүзілік соғыс,* 30-жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыс, Ресей мен кейбір еуропалық елдердегі революциялар, Еуропадағы тоталитарлық және авторитарлық режимдердің орнауы секілді окиғалар орын алды. Бұл кезеңді дүниежүзі тарихында ең ірі омырылу, либералдық демократияның терең дағдарысы және еуропалық өркениеттің өзін-өзі жойып жіберу қаупі деп карастырған жөн.
Соғыс-аралық
онжылдықтар мен екі
Кейнсшілдік. Экономистер дағдарыстан байқау және қателіктер әдісі арқылы да, теория көмегімен де шығу жолдарын іздестірді. Әр түрлі көзқарастар тоқырасты (әлеуметтік рыноктік шаруашылыктың либералдық теорияларынан шаруашылықты бір орталықтан жоспарлау мен бөлудің тоталитарлық және социалистік теорияларына дейін). Бұл ізденістерде ең үлкен табыс ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің үлесіне тиді. Ол өзінің теориясының негізін "Жұмыспен камту, пайыз және ақша теориясы" (1936) кітабында баяндады.
Кейнсшілдік ең алдымен үкіметтер мен кәсіпкерлердің әкономикалық стратегиясын өзгертуді көздеді. Кейнс жағдайды дұрыс бағалады: жаңа өндіруішлік мүмкіншіліктер жаппай өндіріс өнімдерін тұтынуда қоғамның мүмкіншіліктерінің шектелгендігіне тап болды. Мұндай жаппай өндіріс үйлесімді және тұрақты даму үшін оған жаппай тұтыну мүмкіншілігін сай келуі керек. Халыктың қайыршылығы және еңбек ақыны төмендету жолымен "тер сығып алу" жағдайында, яғни сатып алушылық кабілетін төмендету жолымен тауарлардың салыстырмалы артықтығы тұйығынан шығу мүмкін емес еді. Бұл тұйықтан шығудың бір-ақ жолы болды, ол еңбек ақыны арттыру жолымен (Кейнсше "тиімді сұраныс") еңбекшілердің са-тып алушылық қабілетін арттыру немесе корлардың артығын коғамдық тұтынуға, коғамдық жұмыстар шығындары аясына, қызметтерге, апарту ісіне (мемлекеттік шығындар арқылы) аудару жолы еді. Екінші нұсқа ми-литарландыру болды. Кейнс тұтыну көлемін, жалпы сұранысты мемлекеттік шығындарды ұлғайту жолымен арттыруды ұсынды. Мұндай бағытты тіпті мемлекет қарыздарын ұлғайту жолымен де жүргізу қажет деп санады. Бұл өндірістің кұлдырауына және тауарлардың жатып қалуына бөгет болып, бір мезгілде қаржыларды аса жоқшылық көріп отырғандардың пайдасына қайта бөлуге, қоғамдық жұмыстар ұйымдастыруға, жаңа жұмыс орындарын кұруға мүмкіндік берер еді. Осы жолмен жұмыссыздықты азайту, тіпті толық жұмыспен қамтамасыз ету мәселесін де шешуге мүмкін еді.
Кейнс
экономиканы дағдарысқа қарсы реттеу
жөнінде бірнеше нақтылы
Еуропа елдері мен Ақш-тың дағдарыстан шығу жолдары.
Мемлекет пен мемлекеттік реттеудің рөлі туралы мәселе экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік күйзелестерден шығу жолдарына байланысты мәселелер шумағымен коса өрілген болатын.
Сайып келгенде, барлық пікірталастырдың ұшы ең басты мәселеге — мемлекет пен азаматтық коғамның, мемлекеттік және жеке меншіктердің, мемлекеттік реттеу мен рыноктың рөліне келіп тірелді. Тіпті дарашылдық пен дәстүрлі либерализм идеяларының тамырлары тереңге кеткен американ коғамының өзінде де мемлекеттік реттеу мәселелері буржуазияшыл саясат-керлер мен экономистердің, кәсіпкерлердің назарын өзіне аудара бастады. Ал Еуропада өткен ғасырдың соңында-ақ марксистік емес саяси экономия мемлекеттік реттеу мен экономикаға араласудың маңызды рөл аткаратынды-ғын дәлелдеген болатын.
Бұл
мәселе сол» кездің басты идеялық-саяси
кайшылығы — мемлекет пен тұлға,
мемлекет пен азаматтық коғам
арасындағы қатынастар турасында принциптік
түрде карама-қарсы
Тоталитарлық режимдердің ерекшеліктері.
Екі дүниежүзілік соғыс арасында Еуропада саяси режимдердің негізгі екі түрі өмір сүрді: коғамдық дамудың авторитарлық-тоталитарлық үлгісі мен либералдық-демократиялық үлгісі.
Тоталитарлық үлгідегі толық логикалық шыңына жеткен көрінісі алдымен Италияда, кейінірек Германияда (нацизм түрінде) және Испания мен Португалияда (ибериялық нұска; орнатылған фашистік режимдер болды.
Тоталитарлық режимдер белгілі бір мақсаттарды: күрделі саяси және экономикалық дағдарыстардан шығу, милитарландыру және соғысқа дайындалу, индустриаландыруды тездету, алдын-ала ойластырған идеология-лық құрылымға сәйкес коғам мен одақтарды өзгерту үшін кұрылды. "Тоталитарлық" ұғымы 20—30 жж. КСРО-да қалыптасқан әкімгершілдік-әміршілдік жүйе мен сталиндік диктатураға да тура келеді.
Тоталитарлық жүйелерге азаматтық коғамды мемлекеттің басып-жаншып, аяқ асты ету құбылысы тән. Б.Муссолини өзінің "Фашизм туралы ілім" деген кітабында былай деп жазды: "Фашизм ең жоғары нәрсе мемлекет. Оның алдында жеке адамдар мен топтар түкте емес. Бұл салада жеке адамдар емес, тек мемлекеттің ғана пікірі шешуші рөл аткарады". Тота-литаризм — либерализмнің, демократияның, пікір әралуандығының, ой мен ұйым бостандығының қас жауы.
Тоталитаризм мемлекеттік реттеудің коғамдық өмір мен жеке адамдардың іс-әрекеттерттерінің барлық салалары.
1929
жылы шет елге шығарылған
АҚШ
үкіметі Қиыр Шығыста Жапонияның
ықпалын әлсіретіп, Вашингтон конференциясынан
кейін Қытайда өз беделін көтеруге
қол жеткізді. Б9л саясат Қытайда
1924-1925 жылдарда халық кетерілісінің
басталуына әкеліп соқты. 20-жылдарда АҚШ-тың
Еуропа елдерінде беделі нығая түсті.
Оған 1924 жылғы Дауэс жоспарының Германияның
экономикалық дамуына күшейтуі әсер етті.
Германияға АҚШ-тың займы, несие, қаржы-ақша
көмегі берілді. Еуропада Германия арқылы
АҚШ=тың гегемондық саясаты басталды.
20-жылдарда АҚШ өзінің антисоветтік саясатын
жалғастыра берді.
1929-1933 жж аралығында болған әлемдік экономикалық дағдарыс Ақш-та басталып, кейіннен бүкіл әлемге тарады. Дағдарыстың негізгі себебі тауарлардың шектен тыс көп өндіріліп, оны өткізетін рыноктың жоқшылығы себепкер болды. Яғни экономика тілімен айтқанда ұсыныс пен сұраныстың арақайшылығы тепе- теңсіздігі туындатты. Экономикалық дағдарыс көптеген қиыншылықтар туындатты, атап айтар болсақ жұмысшылардың жалақылары қысқарды, жұмысшылардың саны қысқарды, нәтижесінде қоғамда жұмыссыздардың саны өсті. Жәрдемақы , еңбекақы көлемі қысқарды. Қарапайым халыққа кедейшілік тауқіметі төнді. Экономикалық циклдің міндетті кезеңі больш табылатын экономикалық дағдарыстардың ең басты себептерінің бірі — өндіріс пен тұтыну арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы болып табылады: шығарылған тауарлар рыногіндегі ұсыныс оларға деген төлем кабілеті — сұраныстан асып кетеді. Тауарлар жатып калмасын деп өндірушілер әдетте дағдарыс кездерінде бағаны кемітеді, өндірісті азайтады, жұмысшыларды кысқартады, капитал салымын кемітеді. Өндірісті рыноктің тарылған көлеміне дейін теңестіру циклдік дағдарыстан автоматты түрде шығудың алғашқы адымы болып табылады. Бұл бұрын болған экономикалық дағдарыстарға тән көрініс болатын. Бірақ 1929—1933 жж. экономикалық дағдарыс ерекше болды.