Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:49, курсовая работа

Краткое описание

1939 жылы 1 қыркүйекте басталған екінші дүниежүзілік соғыс ұлы трагедия қатысушыларын бірден өз орындарына қойған жоқ. Франция мен Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады, бірақ олар неміс әскерлері екі апта бойы поляк армиясын талқандағанын және Молотов – Рибентроп анықтаған шекаралық сызыққа шыққанын бақылап отырды. Бұл сызықты неміс әскерлері кесіп өткен жоқ, олар кеңес жасақтары 17 қыркүйекте Батыс Украина және Белоруссия жеріне ене бастағанын 3-4 күн күтті. Егер олай етпегенде, немістер поляк қарсылығын біржолата басып тастар еді.

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 54.81 Кб (Скачать)

I. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатияның қалыптасуы 

1.1 Екінші дүниежүзілік  соғыс қарсаңындағы  КСРО қауіпсіздігін  қамтамасыз етудегі  дипломатиялық алғышартар

     1939 жылы 1 қыркүйекте басталған екінші дүниежүзілік соғыс ұлы трагедия қатысушыларын бірден өз орындарына қойған жоқ. Франция мен Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады, бірақ олар неміс әскерлері екі апта бойы поляк армиясын талқандағанын және Молотов – Рибентроп анықтаған шекаралық сызыққа шыққанын бақылап отырды. Бұл сызықты неміс әскерлері кесіп өткен жоқ, олар кеңес жасақтары 17 қыркүйекте Батыс Украина және Белоруссия жеріне ене бастағанын 3-4 күн күтті. Егер олай етпегенде, немістер поляк қарсылығын біржолата басып тастар еді.

     Кейбір  «білгіштер» КСРО-ны Германиямен келісімге сәйкес Польша аймағына кірді деп сөгеді. Ол поляктардың арқасына пышақ сұғуға шақ қалды. Бірақ 17 қыркүйекте Польша әскери және саяси басшылығы бытыраңқы болып іс жүзінде өмір сүруін тоқтатты; ал немістерге бұл қолайлы сәт болып көрінді. Қызыл Армияның Польша жеріне енуі туралы У.Черчилль былай деді: «Ресей жеке мүдделеріне қатысты суық саясат жүргізіп отыр. Біз үшін орыс армиясы қазіргі позицияларында қалып, Польшамен одақтас және бізбен дос болып қала бергені жақсы еді. Бірақ Ресейді ұлтшылдардың қаупінен қорғау үшін орыс армиясы осы сызықта тұрғаны қажет болды» [3,17-б].

     Біздің  білгеніміздей, поляктар өздері біздің досымыз болғысы келген жоқ. У.Черчилль мұны білді, сондықтан КСРО әрекетіне  түсіністікпен қарады. Бұл туралы Шарль де Голль былай деп жазған: «Кеңес Одағының араласуы поляктар жеңілісін тездетті. Сталиннің позициясында Франция орнынан қозғалмайды, Германия қолы бос болады, құрбан болғанша табысты бірге бөліскен дұрыс. Қарсылас күші Вислада болғанда Франция Рейнге шығу үшін ештеңе істеген жоқ » [3,196-б].

     Польшамен соғысу үшін Гитлер Батыс фронтты  жалаңаштады. Алайда одақтастар мүны пайдаланған  жоқ. Бірақ олар Финляндияны Кеңес  Одағымен әскери шиеленіске итермеледі, финдерге қолдау көрсетеміз деп сендірді. Финляндия ағылшын француз блогына  енді. Жекелей тұрып ол өзінен күшті  көршісіне шабуыл жасай алмас  еді, оған ерекше себептер де болған жоқ. КСРО оларға ешкараны Ленинградтан Выборгаға  жылжытуды ұсынды, ал орнына кеңес  жерлерінің кей бөліктерін шығарды, Фин бұғазындағы аралды жалға  сұрады, финдерге тиімді көптеген ұсыныстар  айтты.

     КСРО  мен Финляндия соғысы 1939 жылы 30 қарашада басталып, 1940 жылдың 12 наурызына дейін жалғасты. Оның соңы белгілі болатын: ағылшындар мен француздар финдерді сатып кетті. Финляндиямен бейбіт келісім бойынша ол антикеңестік коалицияға енуге тиіс емес болатын. Бірақ Англия мен Франциядан опық жеген жеңіліс тапқан ол сол кездегі жеңімпаз Германияға назар аударды [4].

     1940 жылы көктемде Англия мен Франция қарсы әрекеттерін кездестірмеген соң немістер Дания мен Норвегияны оккупациялады. Одақтастар Германияны талқандауына болар еді, бірақ олар Германиямен шын мәнінде жауласқысы келген жоқ, онда Екінші дүниежүзілік соғыс басқаша бағыт алуы мүмкін еді. Олардың стратегтері немістермен КСРО-ға қарсы келісуге болады деп үміттенді, сондықтан да Польшаны, Финляндияны, Данияны, Норвегияны құрбан етті, немістерге Кңес Одағына шабуыл жасау үшін плацдармын кеңейтіп берді. Ағылшын француз сыртқы саясатының негізгі бағыты осы антисоветизм болды.

     Герман  оккупациясының келесі жоспары балтық елдері Литва, Латвия, Эстония болуы  мүмкін еді, бұл жердегі буржуазияда  қажетті германдық құрылым бар  болатын. Әскери стратегия тұрғысынан мұндай қателікті кеңес үкіметі  жіберуі мүмкін емес. Балттық елдерінің  мықты Ресейге қосылуға деген  ұмтылысы күшті болатын. Нәтижесінде  1940 жылы Литва, Латвия, Эстония парламенті КСРО құрамына кіру туралы шешім қабылдады. Бұл уақытта кеңес әскерлері Бессарабияға кіріп, оның КСРО құрамындағы мүшелігі қайта қалпына келтірілді.

     Осылайша, 1939 жылдың қыркүйегінен Кеңес Одағы батыс шекарасындағы стратегиялық конфигурациясын жақсартты. Бұл кезде Германиямен қатынас бірқалыпты дамыды, Гитлердің және неміс ұлтшыл элитасының ойлары туралы елестер болған жоқ. Елдер арасында идеологиялық қайшылықтар көрініс бере батады.

     1940 жылы 10 мамырда неміс армиясы Бельгияға енді, оны айдың соңында тізе бүктірді. Одан ертерек, 14 мамырда Нидерланды мен Люксембург жеңілгенін мойындаған еді. Осы елдер арқылы немістер ағылшын экспедициялық корпусы орналасқан Францияға соққы берді. Барлық техникасын тастап, ағылшындар өз аралдарына қашты, ал Франция 22 маусымда тізе бүкті.

     Германия  жағында үрысқа 1940 жылы 10 маусымда әскерлері Францияның оңтүстік жағына кірген Италия енді. 1941 жылы сәуірде Германия Греция мен Югославияны жеңді. Венгрия, Румыния, Болгария басқару режимдері Германия жағына шықты. Оған Швеция, Түркия және Испания нейтралитет сақтады.

     Бірақ, Кеңес Одағымен соғысқа дайындала  отырып, Гитлер оқиғалардың басқаша  желісінің сценарийлерін зерттеді. 1940 жылы қарашада Берлинге үкімет басшысы, КСРО сыртқы істер халықтық комитеті В.М.Молотов шақырылды. Келіссөздерде Гитлер Кеңес Одағына Ұлыбританияға қарсы бірігіп күрес жүргізуді ұсынды. Бұл жағдайда кеңес әскерлері ағылшындарды Иран мен Индиядан қуып шығуы мүмкін еді. Гитлер бұл ұсынысқа бірнеше рет оралды. Молотов біржақты жауап берген жоқ [4].

     Тарихтың  басқа жолдары жоқ еді, екі  жауыздық ішінде кеңес үкіметі батыс  демократиясымен, жаулық ниетте болса  да, өмір сүруге болатынын көрді, ал ұлтщыл агрессивті Германиямен жоқ, себебі ресми жарияланған герман сыртқы саясатының басты мақсаты  антибольшевизм болды. Еуропа мемлекеттері соғыс жағдайында болғанда КСРО не істеуі керек еді? Ол өз өзіне көмектесуі керек болатын. Қалайша? Қиын уақыттағы оқиғалардың қатысушысы болған АҚШ мемлекеттік хатшысы Корделл Хеллдің көзқарасы: «Ресей пассивті позиция ұстанған жағдайда да оның соғыс барысына күшті ықпал етері маған белгілі болды. Ол герман кеңес келісіміне қарамастан Гитлерді түрлі ойларға қалдырды. Ресейдің қалай әрекет етерін ол қорғануға дайындала ма, әлде Германия шабуылынан қашуға тырыса ма оны ешкім білмеді... Шабуыл жасаспау туралы кеңес герман келісімі 1939 жылы тамызда Гитлерге Еуропада жаңа соғыс өртін тұтандыруға стимул жасады. Дегенмен, 1940 жылы мамырдан кеңес елінің әрекеттері Гитлердің мақсаттарына қайшы келді. Молотовтың Берлинге сапары екі ел арасында жақсартудан гөрі қиындыққа әкелді».

     Германиямен соғыстан бас тарта отырып, КСРО басшылығы онымен ұрысудан қашу өнімсіз  екенін түсінді. Бірақ бұл уақытқа  дейін дипломатиялық әрекеттер  жалғасты. Енді жүргізуші рөлі Жапонияға  келді. 1941 жылы наурызда сыртқы істер министрі Мацуока Мәскеуге шабуыл жасамау немесе нейтралитет туралы келісім жасасу үшін келді. Жапонияға Солтүстік Сахалинді беру және Қытайға әскери көмек беруді тоқтату ұсынылды.

     Мацуоканың  Сталинмен жеке кездесуінде келтірген  айғақтары қызық. Жапонияның мемлекеттік  құрылымын ол моральды коммунизм  деп анықтады. Оны күшейту индивидуализммен және капитализммен күресу арқылы мүмкін. Екі жауыздықтың негізгі арқа сүйері әлемдік үстемдікке тырысатын  англосакстар. Сондықтан, Мацуоканың айтуынша, Қытайда Жапония қытай үкіметімен емес, англосаксон капиталистерінің қызметшісі Чан Кайши режимімен  күресуде. Өз ұсыныстарын Мацуока  Мәскеуде қалдырып, ал өзі Берлиннің  ізімен жүрді. Онда Гитлер және Гиббентроп оны Ұлыбританияға қарсы соғыс  жариялап, Сингапурды басып алуды  ұсынды. Олар КСРО тарапынан шабуылды болдырмауға келісті. «еЕгер Кеңес Одағы Жапонияға қарсы шықса, - деді Риббентроп,- Германия тез арада КСРО-ны шабуылдайды».

     Кеңес герман қатынастарына Риббентроп сонда  айтқан болатын: «Ресеймен қақтығыс болу мүмкіндігінде тұр. Мацуока өз еліне оралған соң императорға Ресей мен Германия арасындағы соғыс мүмкіндігін баяндай алмайды. Керісінше, қақтығысты мүмкін деп санау орынды, бірақ нақты емес». Гитлер сонда кеңес герман шекарасында 160 дивизия шоғырланғанын хабарлады.

     Жапония КСРО-мен шабуыл жасаспау туралы, Мацуоканың баяндауына немістер суық көзқарас танытты, олар жапон министрін «Ресеймен тым жақындамауды» ескертті. Мәскеуге оралған соң Мацуока Молотовтың табанды позициясына кезікті, шабуыл жасаспау туралы пакттың келешегі жоқтай көрінді. Бірақ 1941 жылы 12 сәуірде Мацуока кенеттен И.Сталинмен кездесуге шақырылып оған жалпылама халықаралық мәселелерді баяндады [4].

     Біріншіден, Жапонияның Германиямен одақтық  келісімі бар. Алайда, бұдан Жапония  КСРО-мен күшін байланыстыру керек еместігі келіп шығады. Керісінше, егер Германия мен КСРО арасында әскери шиеленіс болса, ол екі арада жүруді қалайды. Жапония мен КСРО шекаралас мемлекеттер болып табылады және ол олардың арасындағы қатынастарды жақсартуға тырысады.

     Екіншіден, Азиядағы жаһандық мәселелерді еске ала отырып, ұсақ-түйекке назар аудармай, КСРО және Жапония арасындағы қатынастарды түпкілікті шешу қажет. Егер жапон-кеңес қатынастарын түпкілікті шешуге осылай қарасақ, ұсақ мәселелер уақыт ағымымен өз шешімін табады.

     Үшіншіден, Азияны азат ету үшін, англосаксондықтардан құтылу керек, сондықтан ұсақ мәселелерден бас тартып, ірілерінде бірігу керек.

     Төртіншіден, Жапонияға Қытайдан не керек? Ол Қытайдан англосаксондықтардың қуылғанын қалайды? Чан Кайши ағылшын американ капиталының  агенті.

     Солтүстік Сахалин талабынан Мацуокаға  бас тартуға тура келді.

     Ақыр  соңында 1941 жылы 13 сәуірде Кремльде КСРО мен Жапония арасындағы нейтралитет туралы пакт қабылданды. Оның мазмұны кеңес жағымен дайындалды.

     I бапта екі жақта міндетті түрде бейбіт және достық қатынастарды қолдау, өзара аймақтық тұтастықты құрметтеу, келісуші жақтарға қол сұғылмаушылық.

     II бапта егер келісуші жақтардың бірі басқа державаның әскери объектісіне айналса, басқа келісуші жақ шиеленістің жалғасуында нейтралитет сақтайды.

     III бапта пакт өз күшін бес жыл сақтайды деп атап көрсетілді.

     Пакттың негізгі кемшілігі Кеңес Одағымен келісімге негативті түрде қарайтын Жапонияның әскери орталары нейтралитет  туралы пактқа онша мән берген жоқ. 1941 жылы 14 сәуірде жапон бас штабының «Соғыстың құпия күнделігінде» келесі жазбалар жазылды: «Келісімнің мәні оңтүстікте қарумен шығуды қамтамасыз етпеуден тұрады. Келісім КСРО-мен осғыстан қашудың құралы болып табылмайды. Ол кеңестерге қарсы соғыс бастаудың өз бетімен шешім қабылдауына тек қосымша уақыт береді». Одан да нақтырақ әскери министр Х.Тодзио айтқан болатын: «Пактқа қарамастан, біз КСРО-ға қарсы әскери дайындықты белсенді жүргіземіз».

     Кеңес басшылығының назарынан келесі факттар  тыс қалмады. 1941 жылы 2 шілдеде Токиода «Жағдайдың өзгеруіне сәйкес ұлттық саясаттың бағдарламасын» қабылдаған империялық конференция болды. Оның бір пунктінде көрсетілді: «егер герман кеңес соғысы империя үшін тиімді бағытта дамитын болса, ол қарулы күштерінің арқасында солтүстік мәселелерін шешеді». Ал сол жылдың шілде айының соңында Жапонияның КСРО-мен нейтралитет туралы келісімге қол қойған сыртқы істер министрі Мацуока қызметтен кетті [3,356-б].

     Бұл жерде жоғары жапон орталарының  «солтүстік мәселесіне» назар аударған жөн. Жапония барлық Куриль аралдарына және Сахалин бөлігіне иелік етті. Жапондарға тағы не керек болды? Олар «солтүстік мәселесін» шешу нені қалайды? Төрт Куриль аралының тізбегін бе? Сол уақытта Жапонияның минимум бағдарламасы бүкіл Сахалин мен Камчатканы жаулап алудан тұрса, максимумы Қиыр Шығыстың барлығы болды [4].

     Келтірілген және көптеген фактілер кеңес армиясын 1941 жылы маусымда Қиыр Шығыстан әкетуге рұқсат етпеді, бірақ Жапония АҚШ-қа шабуылдап, Ұлыбританиямен соғыс бастайтыны белгілі болғанда, сол жылы қыста оған рұқсат етілді. Бірақ Жапонияның тиімді міндеттемелерінің жетіспеушілігі нейтралитет туралы пактпен байланысты КСРО үшін тиімді болды. КСРО 1939 жылы 23 тамызда Германиямен шабуыл жасамау туралы пактқа, 1941 жылы 13 сәуірде Жапониямен нейтралитет туралы пактқа қол қоя отырып, империалистер бейбітшіліктен тыс жүргізіп жатқан соғыстарына біршама уақыт араласқан жоқ.

     Алайда  КСРО-ның соғысқа дайындалуына уақыты аз болды және ол 1941 жылды толық дайын күйінде қарсы алған жоқ. Германия шабуылды бастамас бұрын батыс шекараларындағы күштердің ара салмағы мынадай болды: 

Мемлекеттер Жеке құрамы (мың. адам) Танктар және     САУ Артиллериялық қару және минометтер Жауынгер ұшақтар
Германия  және сателлиттер 5500 3842 47200 4980
КСРО 2680 2923 37500 7930
 

     Бірақ сандық арақатынас әлі ештеңе емес. Бірақ қанша қайғылы болса  да, мойындау керек, 1941 жылы маусымда Қызыл Армиядан гөрі, гитлерлік жасақтың әскери дайындығы әлдеқайда жоғары болды. Жалпы КСРО мен Еуропаның өндірістік және адами потенциалы тең емес болды. 1943 жылға дейін әскери күштердің сандық үстемдігі олармен Сталинградты талқандауға дейін немістер жағында болып келді.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия