Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:49, курсовая работа

Краткое описание

1939 жылы 1 қыркүйекте басталған екінші дүниежүзілік соғыс ұлы трагедия қатысушыларын бірден өз орындарына қойған жоқ. Франция мен Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады, бірақ олар неміс әскерлері екі апта бойы поляк армиясын талқандағанын және Молотов – Рибентроп анықтаған шекаралық сызыққа шыққанын бақылап отырды. Бұл сызықты неміс әскерлері кесіп өткен жоқ, олар кеңес жасақтары 17 қыркүйекте Батыс Украина және Белоруссия жеріне ене бастағанын 3-4 күн күтті. Егер олай етпегенде, немістер поляк қарсылығын біржолата басып тастар еді.

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 54.81 Кб (Скачать)

     Біртіндеп жауыздықтың шектен шыққан бұл күресте  кеңес елінің бірлігі және қайраты, оның фронттағы мен тылдағы өз-өзін аямай күресуі үлкен маңызға  ие болды. Бресттің, Лиепаидың, Таллиннің, Могилеваның, Ленинградтың, Одессаның, Севастопольдің және Мәскеудің берік  қорғанысы гитлерлік 1941 жылы қыс  түскенге дейін бітеді деп есептелген  «найзағайдай соғыс» жоспарының тас-талқанын шығаруға ықпал етті.

     Кеңес жасақтары соғыс жүргізу өнеріне  үйренді, жауға қкарсы табанды түрде  қарсылық көрсетіп жатты. Неміс мәліметтеріне  қарағанда, 1941 жылдың маусымынан қазанына дейін вермахттың жаяу әскерлері  Германияның одақтастарын есептемегенде  өлгендермен, жараланғандармен, түтқынға түскендермен 750 мыңдай адамын жоғалтты.Неміс  авиациясының шығындары сол кезеңде 5,5 мың ұшаққа жетті. 5-6 желтоқсанда  Қызыл Армия әскерлері Мәскеу жанында стратегиялық  контршабуылға  көшті, ол фронттағы жағдайды түпкілікті түрде өзгертті және әлемдегі әскери-саяси  күйге үлкен ықпал етті [9].

     Иденнің сапары болжап болмайтын жағдайда төтенше  оқиға болған кезге сәйкес келді, соғыстағы күштердің ара салмағын түпкілікті түрде өзгерткен, 1941 жылы 7 желтоқсанда жапон авиа күштерінің АҚШ-тың негізгі әскери-теңіздік базасына кенеттен болған шабуыл нәтижесінде  Тынық мұхитта АҚШ пен Жапония  арасында соғыс өрті тұтанды. Жапонияның Перл-Харборға шабуылы АҚШ-тың соғысқа  кірісуі туралы ақпарат Иденге Англияда Лондоннан Скапа-Флоуға Кент крейсері күтіп тұрған кезде жеткен болатын. Бұл уақытта Ұлыбритания да  КСРО сияқты қиын жағдайда болатын, дегенмен вермахттың Британ аралдарына тікелей  шабуылы артта қалған еді. Мемлекет екі жылдан бері соғыс жүргізіп жатты, 1940 жылдың жылдың қаупіне берік шыдады, Африкадағы итальян әскерлерін талқандады, Франция үшін күресте жеңіліс  тауып,  балқан және скандинавия  плацдармындағы стратегиялық ұстанымдарын жоғалтты. 1941 жылы 18 қарашада басталған  Ливиядағы 8-британ армиясының (Қызыл  Армияның Сталиннің қарсы шабуылына  тең сияқты, оның табысы келіссөздерде  Иденнің ұстанымын бекітуі тиіс болды,) қарсы шабуылы итальян-неміс  әскерлерін Египет шекарасынан біртіндеп  шегінуге мәжбүр етті. Бірақ Тынық  мұхиттағы жағдай шұғыл өзгерді. Англия Жапонияға қарсы соғыс  жариялауға мәжбүр болды. Перл Харбордағы шабуылдың ізімен жапон қарулы күштері  Ұлыбританияның бұл аймақтағы маңызды  стратегиялық позицияларына шабуыл жасады, 7-8 желтоқсанда Британ Малай және Сиамдағы десанттарды түсіріп кетті. Жапон авиациясы Ұлыбританияның Шығыс флотының негізгі күші Рипалс крейсерін және 10 желтоқсанда Принц Уэльский крейсерін суға батырды, британ аэродромдарын бомбалады, оның қалдықтары Австралияға жасырынды. Бұл іс жүзінде, Ұлыбританияның Шығыс Азиядағы империялық иеліктері Сингапур, Цейлон, Үндістан теңіздегі қорғанысынан айырылғанын көрсетті, жапон флотының үстемдігі негізінде, авиация мен жаяу әскерге қауіп төндірді.

     Британ  кеңес қарым қатынастары Германия КСРО-ға шабуыл жасағаннан кейін бір  сәтте өзгерді. Соғыс алдындағы  жылдары халықаралық аренадағы, екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы біріккен қауіпсіздік жүйесінің  құрылуына және герман агрессиясының  алдын алуға кедергі келтірген  қатал қарсылық, ортақ жауға қарсы  күресте екі елдің бірігіп  күресуі мақсатымен маңызды саяси  шешімдер қабылдаумен өзгерді. Кең  таралған көзқарас бойынша, Германия КСРО-ға шабуыл жасамас бұрын және кеңес  герман келісімі бекітілгеннен кейін  ағылшын кеңес қатынастары жаулық ниетте болды, бұл кейбір анықтауларды қажет етті. Екіжақты келісімдерді ( Лондонда негізінен келіссөздер  И.Майский мен сыртқы істер министрі Р.Батлер арасында жүрді, онда сонымен  бірге Э.Галифакс, А.Иден, ал Мәскеуде С.Криппс қатысты), және қатынастарды объективті түрде сипаттау үшін келесі мысалдарды келтірейік [9].

     1939 жылы 6 қазанда достық және  шекара  туралы кеңес герман келісімі  бекітілген соң, У.Черчилль И.Майскийді  шақырып, оның: «Гитлердің бейбіт  келісімі туралы не ойлайсыз?»  - деген сұрағына былайша жауап  берген: « Кейбір менің кертартпа  достарым бейбітшілікті ұсынады.  Олар соғыс барысында Германия  большевиктік болды деп қорқады.  Бірақ мен соғыстың соңына  дейін тұрамын. Гитлер жойылуы  тиіс. Ұлтшылдық мәңгілікке жоғалуы  қажет. Мейлі Германия большевиктік  болсын. Бұл мені шошытпайды. Ұлтшылдықтан  гөрі коммунизм». Ары қарай ол  британ үкіметінің пайда болған  жаңа жағдайдағы ұстанымын түсіндірді:«  1) Англия мен КСРО-ның негізгі  мүдделері ешқайда тоғыспайды; 2) КСРО Балтық теңізінің шығыс  жағалауының қожасы болуы тиіс, сондықтан ол, балтық елдерінің  герман мемлекеттік жүйесіне  емес, біздікіне енгеніне өте  қуанышты; 3) немістердің Қара теңізге  шығуын біріккен күшпен жабу  қажет; 4) КСРО нейтралитеті Ұлыбритания  қатынасында достық ниетте болғанын  британ үкіметі қалайды» [10,85-б].

     1940 жылы 21 ақпанда В.Молотов И.Майскийге  КСРО саясаткері Р.Батлерге Германиямен  қатынасын түсіндіруде келесі  түрде бұйрық жіберді:« 1) Біз  КСРО Германиямен әскери одаққа  енді деген мақұлдау емес, жай  ғана жорамалдың өзін күлкілі  және қорлау деп санаймыз; 2) Германиямен  шаруашылық келісімі тек қана  сауда айналымы туралы, ол бойынша  КСРО-ның Германияға экспорты 500 млн маркіге жетеді, және келісім  КСРО үшін өте тиімді, КСРО  Германиядан үлкен көлемде құрал  сайман алады, ол бірталай қарудың  мөлшеріне тең, Англиядан да, Франциядан  да бас тартты; 3) әрине, Англия  мен Франция КСРО-ға шабуыл  жасап, қолына қару алуға мәжбүрлемесе,  КСРО нейтралитет қалпын сақтап қала береді. КСРО мен Германияның әскери одағы туралы кең таралған сыбыстар Англия мен Францияны достастыру үшін тек Германияның өз ішінде ғана емес, Англия мен Францияның кейбір агенттері ішкі саясат аумағында КСРО-ның Германия лагеріне айналу елесін өз мақсаттары үшін пайдаланды» [8,89-б].

     1941 жылы 24 ақпанда А.Иденнің И.Сталинмен  кездесуі үшін Мәскеуге келу  бастамасына жауап ретінде ағылшын  кеңес қатынастарын жақсарту  мақсатымен халықтық комитеттің  сыртқы істер министрінің орынбасары  А.Вышинский Мәскеудегі британ  елшісі С.Криппске «үлкен мәселелерді  шешетін уақыт келмегенін» хабарлады [5,78-б]. Ағылшын кеңес қатынастарының негативті тенденциясы 1941 жылы 10 мамырда НСДАП туралы Гитлердің орынбасары Р.Гесстің Англияға ұшып келуімен және ағылшын герман келісімі жайлы кеңестік күдікпен жаңа бағыт алды. Алайда, қол жетімді британ құжаттары куә болғандайГесстің миссиясымен байланысты кеңес күдіктері расталған жоқ. АҚШ пен Ұлыбритания үкіметі көбіне жақындап келе жатқан Германияға қарсы соғыста КСРО-дан қолдау іздеді. Ең ірі оқиға 1941 жылы 12 шілдеде Мәскеуде Германияға қарсы соғыста бірігіп әрекет ету туралы, антигитлерлік коалицияның құрылуына бастама болған ағылшын кеңес келісімін бекіту болды. Келісімде бір біріне міндетті түрде көмек және гитлерлік Германияға қарсы соғыста қолдау көрсету, сепараттық келісімдер жасаспау сияқты салалары болды [10,47-б].

     Ағылшын кеңес ынтымақтастығының дамуында 1941 жылы 16 тамыздағы сауда айналымы, несие және клиринг туралы келісім  біршама рөл атқарды. Ол бойынша  Кеңес Одағына 10 млн ф.ст. көлемінде  несие беру қарастырылды. Иденнің  келуінен бұрын бұл бағыттағы  тағы бір маңызды оқиғаның бірі 1941 жылы 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында (конференциядағы ағылшын делегациясын қорғаныс министрі лорд Бивербрук, американы  президенттің жеке елшісі А.Гарриман, ал кеңес үкіметі тарапынан келіссөздерді  И.Сталин және В.Молотов жүгізді) Мәскеуде өткен үш державаның КСРО, Ұлыбритания  және АҚШ-тың Мәскеу конференциясындағы шешімі болды. Конфереция барысында  КСРО-ға батыс одақтастарынан көмек  ретінде алғашқы нақты шешімдер қабылданды.

     Бұл уақытта КСРО мен Ұлыбританияның әскери саяси ынтымақтастығында  алғашқы нақты нәтижелерге қол  жетті.  1941жылы тамыз айының соңында  екі ел үкіметінің келісуімен  ағылшын  және кеңес әскерлері Иранға енгізілді, қыркүйектің басында олар елдің  Германия жағында соғысқа кірісуінің алдын алу үшін Тегеранға кірді. Осы жылы 8 қыркүйекте Тегеранда  соғыс жылдары ағылшын кеңес  иранынтымақтастығының бастамасы  болған келісімге қол қойылды. Иран үкіметі КСРО мен Ұлыбританияның гитлерлік Германиямен күресіне қандай да бір залал келтірмеуге  міндетті болды, иран аймағы арқылы одақтастардың  әскери жүктерін өткізуге көмектесу, бұл  кейіннен КСРО-ға ленд-лиз бағдарламасын  жеткізуге үлкен септігі тиді. КСРО мен Ұлыбритания өз кезегінде Иранға экономикалық көмек көрсетеміз деп шешті. Қазанда КСРО мен Ұлыбритания бірлесіп Ауғанстан үкіметінен өз аумағында әртүрлі топтардың германдық іс әрекетін тоқтатуды талап етті. Жауап ретінде 5 қарашада король Захир Шахпен шақырылған елдің жоғарғы заң органы Үлкен джирга қатал нейтралитет саясатын қолдады. КСРО мен Ұлыбританияның Түркияға қатысты алдын ала қолданған шаралары, бұл елде герман ықпалын әлсіретуге мүмкіндік берді.

     Мұның бәрі екі елдің стратегиялық мүдделеріне  сәйкес келген маңызды және тиімді шешімдер болды.

     А.Иденге Мәскеуде КСРО мен Ұлыбритания арасында одақтық келісімге келуді талқылауға тура келді. Агрессорларға қарсы  күресте күш біріктірген антигитлерлік  коалицияның алдыңғы державаларының одақтық қатынастарына, саясат пен  стратегияға байланысты мәселелерде  өткір қайшылықтар еріп жүрді, олар кейде жоқ болып кетсе, кейде  көшбасшылардың, басқа да мемлекеттік  тұлғалардың жеке кездесулері, хаттар алмасулары,  дипломатиялық кызмет жолына бағытталғаны арқылы шешіліп  отырды. Бұл бірінші кезекте КСРО-ның  батыс одақтастарымен өзара қатынасына қатысты болды. Иденнің кеңес  басшылығымен келіссөздерінің бастамасына  анықтауды талап ететін екі мәселе – жақтардың өзара әскери әрекеті, соғыстан кейінгі Еуропадағы құрылым, бірінші кезекте КСРО-ның батыс  шекараларына қатысты тұрды. А.Иденнің  сапарының негізгі мақсаты - Ұлыбритания  мен КСРО арасында одақтық келісімге  қол қою болды. Кеңес және ағылшын  тараптары келіссөзге тыңғылықты дайындалды. Иден Лондоннан келісімнің британдық  жобасын әкелді. НКИД ғимараты орналасқан Кремльде және Кузнецк көпірінде  екі келісімнің жобасы дайындалды. Мәтіндеріне байланысты келісім  жобасының және келіссөздердің онша айырмашылығы болған жоқ [9]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

II. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатияның шешуші рөлі 

2.1 Екінші дүниежүзілік  соғыс жылдарындағы  халықаралық конференциялар

     1943 жылы 19-30 қазан айында Мәскеу қаласында  алғашқы рет АҚШ, Ұлыбритания  және КСРО елдерінің сыртқы  істер министрлігінің қатысуымен  конференция өтті. Соғыстан кейінгі  қауіпсіздікті қамтамасыз ету  және фашизм одақтастарын толық  жеңгенге дейін соғыс қимылдарын  жүргізу мәселелері талқыланды.

     Конференция жұмысына Қытай сыртқы істер министрі қатысып, Ұлттар бірлігі арқылы ынтымақты  дамытуға келісті. Конференцияда «Австрия туралы» декларация қабылданды. Үш ұлы держава елдері Германияның  Австрияны жаулап алуын ешқашан  мойындамайтындығын, тәуелсіз Австрия  мемлекетін құруға келісетінін білдірді. «Италия туралы» декларацияда «фашизмді  жеңгеннен кейін демократия негізінде  Италия мемлекетін қайта құруға келісті».

     Конференцияның  соңғы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы  атынан декларация қабылдады. Германияны талқандағаннан кейін соғыс бастаған фашистерді, оның басшыларын халықаралық  трибуна арқылы соттауға шешім қабылдады. АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер  министрлері өздерінің үкімет басшылары  атынан 1944 жылдың жазында Еуропада екінші майдан ашуға ниет білдіргенін  мәлімдеді. АҚШ делегаттарының басшысы  Сталинге Жапонияға қарсы соғыста  көмек көрсете алады деген  сенім білдірді. Сталин Жапонияны  талқандауға толық көмек көрсететінін айтты. Герман мәселесі де конференцияда  сөз болды. АҚШ және Ұлыбритания  Шығыс Еуропада федерация құру туралы ұсыныс енгізді. КСРО делегациясы мұны қолдамады. 1943 жылы қараша желтоқсан  айында Тегеран қаласында тұңғыш рет АҚШ, Ұлыбритания және КСРО үкімет басшылары Рузвельт, Черчилль және Сталиннің қатысуымен конференция  өткізуге шешім қабылдады.

     Тегеран конференциясы. 28 қараша – 1 желтоқсанда  Тегеран қаласында АҚШ (Рузвельт), Ұлыбритания (Черчилль) және КСРО-ның (Сталин) қатысуымен конференция өз жұмысын  бастады.

     Черчилль  екінші майдан ашудыБалқан түбегінен  бастау керек деген ойын білдірді. Ондағы ойы Қызыл Армия әскерлері  Еуропа елдерін азат еткенге дейін  екінші майдан әскерлерін енгізу болды. Рузвельт пен Сталин бұл ұсынысты қабылдамады. Тегеран конференциясында екінші майданды 1944 жылы мамыр айында Солтүстік Францияның Нормандия  жеріне десанттар түсіріп, Германияға қарсы американ ағылшын әскерлері  соғыс қимылдарын бастауға келісті. Екінші майданның біріккен Бас штабын АҚШ генералы Эйзенхауэр басқаратын болды [12,71-б].

     Соғыстан  кейінгі Германия туралы Рузвельт пен  Черчилль ұсынысы қабылданбады. Сталин Еуропаны бөлшектеуге қарсы болды. Польша мәселесі қаралды. Польшаның  шығыс шекарасын Керзон сызығы арқылы жүргізуге келісті, ал батыс шекарасы Одер өзені арқылы өту керек деп мақұлданды. Батыс Польша жері Польшаға қайтарылуы керек, бірақ Польша мәселесі кейбір келіспеушіліктерге байланысты кейінге қалдырды. Тегерандағы конференцияға қатысушы үш елдің басшылары антигитлерлік бірліктің нығайып отырғанын, Германия мен Жапонияны жеңгенге дейін біртұтас майдан арқылы күрес жүргізуге бел байлап отырғандықтарын паш етті.

     Тегеран конференциясы аяқталғаннан кейін, Рузвельт пен Черчилль Каир қаласына келіп. Қытай үкіметінің басшысы  Чан Кайшимен кездесті. Бас қосуда Жапонияға қарсы соғыста бірігіп, күресетінін білдірді. Жапонияны  жаулап алған елдерден кетуге мәжбүр ететінін, Қытайға Жапонияныңбасып  алған жерлерін қайтаратынына келісті.

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия