Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Ноября 2011 в 08:49, курсовая работа

Краткое описание

1939 жылы 1 қыркүйекте басталған екінші дүниежүзілік соғыс ұлы трагедия қатысушыларын бірден өз орындарына қойған жоқ. Франция мен Ұлыбритания Германияға соғыс жариялады, бірақ олар неміс әскерлері екі апта бойы поляк армиясын талқандағанын және Молотов – Рибентроп анықтаған шекаралық сызыққа шыққанын бақылап отырды. Бұл сызықты неміс әскерлері кесіп өткен жоқ, олар кеңес жасақтары 17 қыркүйекте Батыс Украина және Белоруссия жеріне ене бастағанын 3-4 күн күтті. Егер олай етпегенде, немістер поляк қарсылығын біржолата басып тастар еді.

Файлы: 1 файл

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС.docx

— 54.81 Кб (Скачать)

     Қырым (Ялта) конференциясы. 1945 жылы 4-11 ақпанда  Ялта қаласының Ливадий сарайында  өтті. Қырым (Ялта) конференциясына АҚШ (Рузвельт), Ұлыбритания (Черчилль), КСРО (Сталин) қатысты. Соғыстан кейін Германияда демократияландыру, демилитаризациялау және денацификалау жүргізу келісілді. ДДД формуласы пайда болды. Біріккен Ұлттар Ұйымын құру туралы мәселе қаралып, оның құрылымы бекітілді. БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі дауыс беру арқылы шешіліп, оның мүшелеріне «вето» дауыс беру құқығы берілетін болды. Қырым конференциясы БҰҰ-ның құрылуын 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Франциско конференциясына қалдырды [10,25-б].

     Сонымен қатар, Ялта конференциясында Польша мәселесі де қаралды.Польшаның шекара мәселесі Тегеран конференциясындағы келісімге  тоқталды. Польша уақытша үкіметінің құрамына эмиграциялық үкіметтің басшылары  да кіретін болды. АҚШ пен Ұлыбритания  Польша уақытша үкіметін мойындайтын  болды. Үш елдің басшыларының, бұдан  бұрын келісілгендей, Германияны талқандағаннан кейін Жапонияға соғыс жариялайтынын  бір ауыздан мақұлдады. КСРО өз жағына Сахалин, Куриль аралдары қайтарылған  күнде, Жапонияға соғыс жариялайтынына сендірді. Антигитлерлік бірлік елдері фашистік Германияның жеңіліс табатынына ешқандай күмән қалмағанын түсінді. Еуропада жеңіс күні жақындап қалды.

     Берлин (Потсдам) конференциясы. Фашистік Германия талқандалғаннан кейін, 17 шілде – 2 тамызда Берлин (Потсдам) конференциясы ашылды. Конференцияға АҚШ (Трумэн), Ұлыбритания (Эттли), КСРО (Сталин) және осы елдердің Сыртқы істер министрлері АҚШ (Дж.Бирнс), Ұлыбритания (Иден, Бевин), КСРО (Молотов) қатысты. Мұндағы басты мәселе Германия болды. Қырым конференциясында үш елдің басшыларының келісімі бойынша, Германия дағдарысын шешу Еуропалық консультативтік комиссия мен Бақылау кеңес ұйымына тапсырылды. Германия демократиялық біртұтас болып құрылуы керек еді. Неміс халқы өз мемлекетін құру құқығын алу керек. Ол үшін денацификация және демилитаризациялануы қажет. Берлин конференциясында соғыс қылмыскерлерін соттау, қарулы күштерін және соғыс өнеркәсіп орындарын одақтас елдердің бақылауына өткізу туралы мәселе қозғалды. Германия жерін төрт оккупациялық бөлікке бөліп, әр бөлікті төрт елдің қарулы күштерінің басшылығына беру жөнінде айтылды [9]. АҚШ, Ұлыбритания, КСРО және Франция оккупациялық бөліктерде болашақ Германия мемлекетін құру үшінкелісім бойынша Бақылау кеңес ұйымы жұмыс атқару керек. Батыс Германия жері үш зонаға бөлінді, яғни АҚШ, Ұлыбритания және Франция, ал Шығыс Германия – КСРО-ның оккупациялық зонасына бөлінді.

     Польша  герман шекарасы туралы мәселеде, көп  талас тартыстан кейін, КСРО ұсынысы  жеңіп шықты. Берлин конференциясының шешімімен Польшаның батыс шекарасы Одер, Батыс Нейсе өзені арқылы өтетін болып шешілді. Батыс Польша жеріндегі немістер Германияға көшірілетін  болды. Сонымен қатар денацификация  шараларын жүргізу барысында  фашистік ұлттық социалистік партияға тыйым салуға, соғыс қылмыскерлерін анықтап, халықаралық трибунал арқылы соттауға шешім қабылдады.

     Берлин (Потсдам) конференциясында АҚШ, Ұлыбритания  және КСРО басшылары Жапонияға соғыс  ашуға келісті. КСРО (Сталин) өз жағының  Жапонияға соғыс жариялайтынына тағы да сендірді. Конференцияның соңғы  күні АҚШ президенті Трумэн өз елінде атом бомбасын жасағанын және оның 21 шілдеде АҚШ-та сынаудан ойдағыдай  өткенін хабарлады.

     Атом  бомбасы туралы хабарлай отырып, АҚШ  президенті Трумэн өзінің күш көрсету  ойын білдіріп отырды. Бұл хабарды  АҚШ соғыс министрі Г.Стимсоннан естігеннен кейін, Черчилль «бұл жаңалықты  Сталинге хабарлау керек» - деді. 24 шілдеде  Трумэн Сталинге АҚШ-та атом бомбасы  дайын екенін, оны Жапонияға пайдаланатынын айтқанда, Сталин «бұл жаңалыққа ешқандай мән берген жоқ», - деп мойындайды Трумэн. АҚШ-тың «атом дипломатиясы»  осылай пайда пайда болды. Бұл  дипломатия соғыстан кейін АҚШ-тың  КСРО-ға қарсы «суық соғыс» және «күш көрсету» саясатын бастауға әкелді [6,63-б].

     Сан-Франциско конференциясы. Қырым конференциясының шешіміне сәйкес, 1945 жылы 25 сәуірде Сан-Франциско қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының конференциясы ашылды. Конференция жұмысына 46 елден 300 делегат қатысты. Украина ССР мен Белорусс ССР-ының делегаттары да қатысты. 26 сәуірде БҰҰ-ның жарғысы (уставы) қабылданды. «Біріккен Ұлттар Ұйымы – делінді жарғыда – дүниежүзінде бейбітшілік және қауіпсіздік орнату, соғысқа қарсы бірігіп күресу, халықаралық құқықты сақтай отырып әділеттік пен ынтымақты дамыту, халықаралық дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу; адамдардың құқығын қорғау, барлық адамдарға еркіндік, тілге және дінге бостандық беру, ұлттардың тең өркендеуіне келісімге жетуді қолдайды».

     БҰҰ-ның  құрылымы бекітілді. БҰҰ-ның толық  мүше елдерінің қатысуымен жалпы  жиналысы – Бас Ассамблея. БА-ның  жыл сайын сессиясы өткізіледі. БҰҰ-ның  тұрақты ұйымы – Қауіпсіздік  Кеңесі. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімін  барлық мүше елдердің орындауы міндетті. Қауіпсіздік Кеңеске тұрақты  мүше бес ел – КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Қытай. Бес мүше елдің  жеке дауыс беру құқығы (вето) бар. БҰҰ-ның  Экономикалық және әлеуметтік кеңесі, Халықаралық сот, Секретариат және басқа комитеттер, комиссиялар, арнаулы ұйымдары бар. Біріккен Ұлттар ұйымының құрылуы дүниежүзі қауымдастықтарының ірі жеңісі болды [12].  

2.2 Екінші дүниежүзілік  соғыстың негізгі  тұлғалары

     Екінші  дүниежүзілік соғыс қарсаңы және оның өзі тарихтың алдыңғы жоспарына  өте ірі, лайықты кейіпкерлерді  шығарды. Олардың кейбіреуі есте жауыз ретінде қалды, бірақ бұл  жөнінен бәрінен де Адольф Гитлер асып түсті.

     Гитлердің көптеген елдердің халықтарына әкелген  азабы мен бақытсыздығы өте үлкен. Гитлердің жауыздығы неміс халқының (бәрі емес, әрине) қандай да бір көрсоқырлығының  және басқа елдер саясаткерлерінің пайдақор ойындарының  салдарынан мүмкін болды. Жолай басқаға да көңіл  аударсақ. 1938 жылы (әлемдік соғыс  басталардан бір жыл бұрын) американдық  «Тайм» журналы Гитлерді «жыл адамы» деп атады. И.Сталин де  1939 және 1942 жылдары қатарынан екі рет  «жыл адамы» болды.

     Сол уақыттың тұлғаларынан КСРО басшысы, Кеңес  Армиясының бас қолбасшысы И.В.Сталинді фашистік Германиямен жеңісі және елді индустриаландыруға қосқан үлесі үшін ерекше атап өтуге болады. Сонымен  бірге И.В.Сталиннің ерекше диктаторлық  мінезі өз халқына қарсы тотальді репрессияға әкелді. Миллиондаған адамдар  оның басқару режимінің құрбандары болды. Басшылықтың осындай әдістеріне ешқандай ақтау жоқ.

  Американдықтар, тек қана олар емес, АҚШ-тың 32-президентімен Франклин Делано Рузвельтпен мақтанады.

     Көпшілік (оның ішінде, әрине, ағылшындар) сол  кезеңнің көрнекті тұлғасы У.Черчилль болды деп санайды. Тек сол  кезең емес, кейінгі сұраулар бойынша, ағылшындар оны елдің Ұлыбританияның тарихындағы ең ұлы азамат деп  атайды, және оны Шекспирден де, Ньютоннан  да, Дарвиннен де жоғары қояды.

     Черчилль, шынымен, әртүрлі талантқа ие болды: ол әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты, ол әжептәуір суретші еді (атақты испандық Дали: Черчилль қылқаламмен  де күнкөрістік қаржы таба алар еді  деп айтқан), оның тарихи еңбектері  бар...

     Бірақ бұларға кішкене қасық қарамай  қосуға болады, ол бұл адамды қаралау  үшін емес, әділеттілік үшін; осы  тұлғаны оның қайшылықтарымен бірге  есте сақтау үшін.

    1941 жылы Германия Кеңес Одағына шабуыл жасағанда Черчилль мына фразаларды айтқан болатын: «Егер біз Германия жеңетінін көрсек, онда бізге Ресейге көмектесуге тура келеді, ал егер Ресей болса онда Германияға, сонда олар бұл жағдайда барынша көп өлтіреді» [2].

     Осы себептен бір орыс жазушысы Черчилльдің  ақылды және айлакер саясаткер екенін байқаған, бірақ британ министрінің  бұл сөздерінде өзгелерге құрметтің  және ұяттың жоқтығы көрінеді, ал ұятсыз ақыл, ақылсыздықтан да жаман [2,29-б].

     Черчилль  Кеңес Одағымен дипломатиялық ойынында шындықтан өте алыс болды, өзінің ұлықтығына және қателеспейтіндігіне  сенгені соншалық, әлемді кезекті  қауіпті және қиратушы соғысқа киліктіруге  сәл-ақ қалды.

     1945 жылы 14 ақпанда Қырымнан кетіп  бара жатып, Черчилль айтқан: «Біз  орыс халқы енді ешқашан мұндай  ауыр сынақтарға ұшырамасын деп  тілейміз».

     Әттеген-ай, өз «жалбарынуын» ол тез арада  ұмытты. Ол сәл кешірек басқаша  сөйледі. Жапония әлі жеңілмеген болатын. Атом бомбасы әлі қолданылған  жоқ. Әлем абыржу үстінде еді. Ұлы  одақтастарды біріктірген байланыс негізі – ортақ қауіп, сол сәтте-ақ жоғалды. «Менің көз алдымда,  - Черчилль айтты, -  кеңес қаупі өзімен ұлтшыл жауды ауыстырды».

     Соңғы жылдары құпиясы ашылған британ құжаттары, Черчилль өз мемуарында жазуға жүрексінген мәліметтерді ашты. оның жеке досьесінің негізгі құжаты әскери кабинетті жоспарлаудың біріккен кабинетімен  дайындалған, «Ойға келмейтін» (КСРО-ға қарсы соғыс) операция жоспары болып  табылды. Оның астында 1945 жыл 22 мамыр  күні тұрды. Ұлтшыл Германияны жеңгенге небәрі екі апта өтті! Соғыстың алғашқы  мақсаты «кеңес әскерлерін Польша аймағынан  шығарып тастау» болды. Соңғы  мақсат батыс одақтастар армиясының және қарусызданбаған неміс дивизиясының көмегімен «соғысты жүргізу және ары қарай қарсыласу  үшін материалдық  мүмкіндіктер беретін Ресейдің ішкі аудандарын оккупациялау » еді. «КСРО-ны соғысты жалғастыру мүмкіндіктерінен айыратын, орыс қарулы күштеріне шешуші соққы беру» қарастырылды. Әскери әрекеттердің басталуы, құжатта, 1945 жыл 1 шілде  - деп көрсетілді. Бірақ  Ұлыбританияның империялық бас штабы  Қызыл армия күштерінің үстемдігі  себепті бұл жоспарды қолдамады. Генштаб басшысы фельдмаршал  А.Брук : «Ресей қазір Еуропадағы ең күштісі»,- деп белгіледі. Трумэнмен  құпия жазбаларында ағылшын премьері КСРО және Қызыл армияға қатысты  бірінші болып «темір перде», «басқыншылар», «оккупанттар» терминін қолдана  бастады. 1945 жылы 13 мамырда радиодан сөйлеген сөзінде Еуропада «тоталитарлық  немесе полициялық үкіметтің» билігінің  қайта құрылу қаупін ескертіп, ол ағылшындарды қырағылыққа шақырды. Басты «кінәліні» Черчилль айтуға батылы жетпеді, бірақ  көпшілікке ол Кеңес Одағы екені  белгілі болды. Көпшіліктен сұрау  бойынша, 1945 жылы 70% ағылшындар КСРО-мен  достық қатынаста болды. Черчилльдің  КСРО-мен конфронтация курсы, 1945 жылы сайлауда Черчилльдің премьер-министр  қызметін және парламенттік көпшілікпен  консервативті партияны жоғалтуының  себептерінің бірі болып табылды [2,31-б].

     Черчилльдің Сталинмен ұласуы жәй ғана қалыптаспағанына Черчилльдәі дипмиссиясының қатысушылары жүргізген жариялаған жазбалар куәлік етеді. Олар хаттамалық мерекелер ғана емес, хаттамасыз да атмосфера құруға көмектеседі. Черчилль «келешегі жоқ  келіссөздерді» тоқтатуға дайын  екенін әлденеше рет айтқан. Ол Сталин «әлемдегі ең ірі империя өкіліне» лайық емес тонмен сөйлеседі деп  есептеді. Оған тіпті Сталин оның премьер-министр  қызметінен алынуын көздеп жүргендей  көрінді. Дегенмен, академик В.Г.Трухановский өз «Уинстон Черчилль » еңбегінде мынадай қорытындыға келді: «... ағылшын премьер-министрінің Кеңес Одағына деген жеккөрушілік сезімі, оның екінші фронт мәселесі позициясында және ағылшын кеңес қатынастарының құрылуына ықпал етті».

     Өз  кезегінде, Сталин антигитлерлік коалициядағы әріптестері секілді өзінің жоспарларын  шығарып отырды. Бұл жоспарлар  АҚШ КСРО үшін әріптестен қауіпті  қарсыласқа айналмау үшін,  онда социалистік  тәртіп орнату мақсатымен, АҚШ-қа кенеттен  күшті әуе соққысын беруге келіп  тірелді.

     Кезекпен  дипломатия крыловтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысалымен жүзеге асты, онда әрбірі арбаны өз жағына тартты.

     Нәтижелері  белгілі. Серіктесіне деген құрметсіз, келісімсіз, сенімсіз дипломатия қырғи  қабақ соғысының басталуына жол  ашты.

Американдықтар  әлі күнге дейін Франклин Рузвельтпен, ағылшындар У.Черчилльмен мақтанады. Бұл басшылар шынымен өз халқы  үшін көп істер тындырды.  Олар өз елдерінің тәуелсіздігін жақтады, әлемдегі өз үстемдігінің өсуі, өз саяси  режимінің сақталуы үшін табанды  түрде күресті [2,32-б]. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                        Жоспар 

    Кіріспе 

    1. Екінші  дүниежүзілік соғыс  кезіндегі дипломатияның  қалыптасуы
    1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы КСРО қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі дипломатиялық алғышарттар
    1. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатиялық шаралар
 
    1. Екінші  дүниежүзілік соғыс  кезіндегі дипломатияның  шешуші рөлі

Информация о работе Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі дипломатия