Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 20:25, курсовая работа
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың танымдық біліктілігін жобалау қызметі арқылы қалыптастыру;
- Педагогтардың, балалардың, ата-аналардың-өз денсаулығына саналы көңіл бөлуін денсаулық сақтау аспектілері арқылы жетілдіру;
- Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру мәселелері;
- Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерін шешу және дамыту жолдары;
- Мектепке дейінгі мекеменің басым бағыты–баланы жан-жақты дамыту және оның денсаулығын сақтау.
Кіріспе............................................................................................................3
I тарау. Мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерінің теориялық негіздері.
1.1. Дағдарыс мәселесі туралы түсінік..............................................................5
1.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелері...............................................................................................8
II тарау. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселесін зерттеудің тәжірбиелік бөлімі.
2.1. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін анықтау.................................................................................................16
2.2. Мектеп алды кезеңіндегі балалардың дағдарыс мәселелерін түзете дамыту жолдары......................................................................................17
Қорытынды............................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................22
Мазмұны:
Кіріспе.......................
I тарау. Мектеп алды
кезеңіндегі дағдарыс
1.1. Дағдарыс мәселесі
туралы түсінік................
1.2. Мектеп алды кезеңіндегі
балалардың дағдарыс
II тарау. Мектеп алды
кезеңіндегі балалардың
2.1. Мектеп алды кезеңіндегі
балалардың дағдарыс
2.2. Мектеп алды кезеңіндегі
балалардың дағдарыс
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Зерттеу өзектілігі:Сәби өмірінің алғашқы жылындағы дағдарыс тәжірибе кезінде мазмұны жағынан өте қарапайым деп санаған.
Бұл кезең түрлі жастағы
дағдарыстан бұрын зерттелген. Бірақ
оның пайда болу себебі мен мәніне
жете зейін аударылмаған. Осы орада
сәбидің қаз-қаз басып жүруі
туралы жоғары даму заңдлықтарының жеке
кезеңдеріндегі сапалы өзгерістер жайын
да сөз қозғап отырмыз. Сәби бірден
тәй-тәй басып жүріп кете алмайды,
дегенмен, бірен-сараң болса да ондай
балалар бар. Бірден жүріп кететін
сәбиді мұқият зерттеу нәтижелері оның
бойында әлі де анықтала қоймаған
жасырын ерекшеліктері бола-
Дағдарыстың екінші көрінісі бала тілінін шығуына байланысты. Сәбидің тілі шығып, бірден сөйлеп кету процесі ұзақ мерзімге созылады, дегенмен бірден сөйлеп кеткен сәбилер болғаны кейбір деректерден мәлім. Сәбидің үш айға дейін тілі шықпайды, бұл сол тілі шығудың жасырын кезеңі деп аталады, Ал үшінші жайт – бала бойындағы аффект пен ерік ерекшеліктерінін көрінісі. Э.Кречмер мұны гипобликалық қимыл-қозғалыс деп атады. Мұның мәні дағдарысқа байланысты сәбидің’ алғашқы қарсыласуы, от басындағы тәрбиенің өктемдігіне сәбидің қарсылық көрсетуі, Кречмердің бұл көріністерді гапобликлық деп атауының себебі ондай қимыл-қозғалыстар ерікті әрекеттер мен аффектінің бірігіп кету салдарынан оларды бірінен-бірін ажырату қиын.
Дағдарыс жасында сәбидің
мұңдай қимыл-әрекеттер жасауына дұрыс
тәрбие бермейтін семьяларда пайда
болып, олар шиеленісе түседі. Ал оның
соңы тәрбиесі қиын балаға әкеп соқтырады.
Әдетте сәбиге бір нәрсені бермей
қойса немесе оның тілегін түсінбесе,
ол ашу-ызаға құрт ерік беріп, еденге
жат қалып аунап үздіксіз жылайды.
Егер жүретін болса, қозғалуда бас
тартып, еденді аяғымен тепікілейді.
Осы кезде ол ешқандай есінен танарлық,
езуінен сілекей ағып, серейіп
қаларлықтай белгілері
Міне, сәбилік кезеңнің алғашқы дағдарысындағы үш түрлі негізгі сәттері осындай қылықтарынан айқын байқалады.
Зерттеу мақсаты: мектеп алды кезеңінің толық даму кеңістігін даярлау, жағымды әлеуметтік және білім беру біліктілігін, рухани-адамгершілік тәрбиені меңгеруге мүмкіндік беретін, баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді ұйымдастыру, балабақшаның бала өміріне тигізетін әсерін анықтау, мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелерін шешу және дамыту бағыттары.
Зерттеу міндеттері:
- Мектепке дейінгі балалардың танымдық біліктілігін жобалау қызметі арқылы қалыптастыру;
- Педагогтардың, балалардың,
ата-аналардың-өз денсаулығына
- Мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш білім беру ісін жаңа сапалық деңгейге көтеру мәселелері;
- Мектеп алды кезеңіндегі
дағдарыс мәселелерін шешу
- Мектепке дейінгі мекеменің басым бағыты–баланы жан-жақты дамыту және оның денсаулығын сақтау.
Зерттеу пәні – мектеп алды кезеңіндегі дағдарыс мәселелері және оны шешу жолдары.
Зерттеу болжамы – қазақстандық, ресейлік және шетелдік басылымдар деректеріне сүйене отырып әзірленді. Нақты материалдарға негізделіп, психологиялық – педагогикалық тәжірбиеге келтірілген.
Зерттеу әдісінде – теориялық, әдістемелік және психологиялық әдістер қолданылып, теориялық сұрақтар практикамен байланыстырылған.
Зерттеу базасы: Орал қаласы №10 « Балапан » балабақшасы.
I тарау. Мектеп
алды кезеңіндегі дағдарыс
1.1. Дағдарыс мәселесі туралы түсінік
Дағдарыс кезіндегі қиын балалардың даму сипатын анықтау үшін олардың сыртқы жағдайларға әсерленуін мүмкіндігінше терең зерттгеп, олардан тиісті қорытындылар шығарып отыруды қажет етеді. Дағдарыс жасын мұқият зерттеу арқылы баланың негізгі әсерлерінің ауыспалы болуы осы кезеңде өтетінін көрсетеді. Дағдарыс ең алдымен баланың бойындағы күрт өзгеріс екенін байқатады. Мұндай орта үш жастағы бала үшін өзгермейді. Баланың дағдарьіс кезеңдерін бақылап жүрген зерттеушілер бұрын өзін жақсы ұстап тіл алғыш және ерке болған сәби аяқ астынан кінәмшіл, ашулы, тілазар болып шыға келеді дейді.
Дағдарықтың ішкі сипатын
іздестірген шетелдік зерттеушілердің
басым көпшілігі дағдарыстың
ішкі сипатын биологиялық
Мектеп жасындағы бала, барлық жас кезеңдері сияқты, психикалық дамуында дағдарысқа немесе күрт өзгерістерге ұшырап отыратындығы ғылыми әдебиеттерде баяндаған. Мұндай өзгеріс баланың жеті жастағы дағдарысы деп те аталады. Осы кезеңде баланың акыл-ойының өсуіне орай қауырт өзгерістерге ұшырап, тәрбиесі жөнінен де бұрынғы уакытқа қарағанда неғұрлым қиындай түсетіні айқын байқалады. Бұл кезеңде оны енді мектеп жасына дейінгі бала деп те, оқушы деп те атау киын. Өйткені ол өтпелі кезеңді басынан кешіреді. Соңғы уақытта бұл жасқа арналған бірқатар зерттеулер жарық көрді. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда жеті жастағы бала енді бұрынғы нағыз балалық ерекшеліктерінен айырылады. Алайда оның қимыл-қозғалыстары мен ішкі жан дүниесі сол балдырғандығын көрсетеді. Бұл кезенде бала алдына мақсат қойып, оны өздігінен аңғара білуі, тілегіне жетіп, оны жүзеге асыруы толық жетілмеген.
Баланың бойындағы ерекшеліктер 3-6 ай ішіндегі адам танымастай жаңа өзгерістерге ұшырап, оның ішкі дүниесіндегі елеулі құрылымдар пайда болады. Ал, баланың дағдарысқа ұшырау белгілері елеусіз болып қала береді. Осы орайда оның психологиялық өзгерістерге ұшырауы сыртқы орта мен маңындағы жағдайларға тәуелсіз екендігін аңғартады. Осы орайда біздер сәби бойындағы елеулі өзгерістерді байқап көріп, сыртқы ортаның әсерінен гөрі оның ішкі жан дүниесінің елеулі өзгерістердің неғұрлым шапшаң қарқынмен дамығанына көз жеткіземіз, Сондықтан баланың ішкі өзгерістері әрқашан да оның өмірінде елеулі із қалдырып отырады.
Құрамдық теорияның түсінігі бойынша сөз бен оның мағынасы арасындағы байланыс – екі мүше арасындағы байланыс. Сәби бір затты, мәселен, сағатты көреді. «С-а-ғ-а-т» деген дыбыс жиынтығын естиді, осы екеуінің арасында балада тіл байланысы пайда болады, бұл байланыс баланың «сағат» ген сөзді естіген соң, онда дыбыс пен зат арасындағы байланыс пайда болады. Г.Эббингауздың бір шәкірті сөздің мәнін адам пальтоны көргенде оның иесін еске түсіргені сияқты, байланыстың пайда болуы деп бейнелеп түсіндіреді. Біз қалпақты көргенде оның кімдікі екенін білеміз және қалпақ иесін еске түсінреміз.
Біріншіден, сөз мағынасы мен сөз арасындағы қатынас кейбір жағдайда қарапайым және оңай ғана болып көрінеді. Екіншіден, баланың тілін одан әрі дамытып отыру үшін нәрселер арасындағы құрамдық тәуелділіктің болатындығын аңғартып, оларды одан әрі қарай нақтылай түсіп өрістету қажет. Бұл тәуелділік бірнеше байланыста болуы мүмкін. Ал дамудың келесі сатысында әлдебір жаңа- нәрсенің пайда болу процесін түсіндіретін болсақ, онда 4 құрамдық байланыс сөздің өзіндік :ынасын аша түседі. Осы көзқарас бойынша бала тілінің дамуы оның сөздік қорының дамуына ықпал етіп, оның құрамдық байланысын да байытып, оны нақтылай түсуіне жетелеп отырады. Бұл ретте Эббингауздың жоғарыда айтылған шәкіртінің пікірін растап, бала сөзінің мағынасы біржола нақты қалыптасатынын көрсетеді. Бұл жайт сөз мағынасы бала үшін үзақ мерзім бойы өзгеріссіз қалып қояды да ол дамымайды. Соның салдарынан баланың сөзі өзгеріссіз қалуы мүмкін. Осы орайда бала тілінің шығуы туралы мәселе де өз шешімін тапқандай. Өйткені, бір жағынан алғанда сөздерді атау олардың дыбысталуы арасында байланыс үнемі сақталады саналады.
Жеті жастары баланын дағдарысынын ең басты көрініс оның жеке басының ішкі және сыртқы дүниесіндегі елеул; өзгерістерге ұшырау себептерімен байланысты.
Баланың мінезіндегі дағдарысқа
ұшырау себептерін оның бойындағы ішкі
және сыртқы сапалы өзгерістердің пайда
бол- луымен ұштастыру қажет. Өйткені
баланың бойында жаңадан
Бала бойындағы аңғалдық мінездік жоғалуы онын есі кіріп, ақыл-ойнның сапалык деңгейге көтеріле бастауы деген сөз. Мұндай мінез баланың бойына сыналай еніп, оның аңғырт және өзіндік іс-әрекетінде елеулі өзгерістер тудырады. Сонымен жеті жастағы дағдарыстың өзіндік сипатымен қатар, баланың әр алуан әрекеттерінің ықпалынан ақылы кіріп, сыртқы болмыстың мән-жайын түсіне білуге бағдарлап отырады.
Қазіргі заманғы жеке адамның психологиясы мен психопатологиясындағы күрделі мәселелердің бірі – әрбір нәреенің мән-жайына түсіне білу деп санар едік. Бұл мәселенін мазмұньш ашып көрсету үшін нәрселердің сыртқы әсерін қабылдаумен ұштастыра отырып қарастырған түснікті болатын сияқты. Адамның сыртқы әсерлерді қабылдауындағы елеулі ерекшелік – оның түсінікті болуы, затты тікелей қабылдауы.
Адамның мағыналық қабылдауын шахмат ойынымен салыстырып қарауға болады. Бала шахмат тақтасындағы түрлі фигуралардың түр -түсіне қарап, онымен ойнай білмесе де, әрбір астың түсіне қарап таңдай бастайды, бірақ олардың жүріс ретін, құрылымын анықтай алмайды. Ал шахмат ойнауды үйренген бала өзгеше әрехет жасайды. Бала үшін қара ат пен ақ пешка бір-бірімен байланыспайтын сияқты болады, ал заттың жүрісін білетін екінші бала аттың қолайсыз жүрісі оның пешкасына қауіп төндіретінін түсінеді. Ол үшін ат пен пешка – біртұтас ұғым. Жақсы ойынша ойын білмейтін балаға қарағанда шахмат тақтасындағы фигураларға олардың орналасу жағдайына қарай тайымдауының өзгеше құрылымда екендігін түсіне білуі. Қабылдаудың жеке бөлшектерінің біртұтас көрнекі тұлға ретінде әсерленуі. Шахмат тақтасындағы тастардың орналасу жағдайына орай олардың ерекшеліктерін түрліше қабылдауы.Ж.Пиаженің, А.Валлонның және басқалардың зерттеулері көрсеткеңдей, балада кейде мектеп жасында да тілдің шарттылығын түсіне алмау, заттың атын оның тұрақты қасиеті (атрибугі) ретінде түсіне аларлық бағыты болады. Мысалы, егер сіз 3 жастағы баладан сиыр неге сиыр деп аталады деп сұрасаңыз ол сізге: «Өйткені оның мүйізі бар» немесе «Өйткені ол сүт береді» деп жауап қайтарады, яғни бала атау себебі туралы сұрауға бұл жай ғана ат, адамдар осындай шартты белгіні ойлап тапқан деп ешқашан айтпайды. Ол әрқашан атауды сол зат қасиетінен іздейді: қант тәтті, сондықтан қант деп аталады, немесе ол аппақ болған соң қант деп аталады; сиыр сүт бергендіктен сиыр деп аталады, бұзау әлі кішкентай болғандықтан және сүт бермейтіндіктен бұзау деп аталады дейді.