Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Ұжымдық сюжеттік құрастыру сезімдерін ояту.

Дайын пішілген кескіндермен жұмыс жасау, күрделі  емес сызба сызу, қайшымен нұсқаны  тілік етіп кесу мен ойып алу іскерліктерін  қалыптастыру.

Шығармашылық  ойлау мен қиялын дамыту.

Табиғи және қалдық материалдардан құрастыру. Табиғи және қалдық материалдардың түрлерімен және пенопласт, поролон, сым темір, пластиканың қасиеттерімен таныстыру.

Ұсақ-түйек  заттар мен сіріңкенің қораптарынан әртүрлі үйлестіру жолдары арқылы құрастыру іскерліктерін қалыптастыру.

Желімнің, сіріңкенің, ермексаздың көмегімен  жеке бөлшектерді жалғау дағдыларын қалыптастыру.

Түрлі ұсақ-түйектер дайындауда табиғи материалдарды орынды қолдану іскерліктерін қалыптастыру.

Шығармашылық  қиялын, ұсақ-түйек заттар жасауды  көрнекіліктерді қолдану арқылы және ойдан шығару, өзінің көз алдына елестету арқылы жасау іскерлігін дамыту.  

 

 

 

Экология  

 

Мақсаты: бала санасына экологиялық түсініктер мен адам - табиғаттың бір бөлігі екендігін жеткізу. Адамның өмірі оның жеке басының жағдайы мен қоршаған әлеммен үйлесімді байланысында екендігін түсінетіндей құндылықтар жүйесін қалыптастыру.

Міндеттері:

- мектеп  жасына дейінгі балалардың қабылдауына сай келетін қарапайым экологиялық білім беру;

- табиғат  әлеміне танымдық қызығушылығын  арттыру;

- табиғи  нысаналар мен құбылыстарды бақылау  дағдыларын қалыптастыру;

- табиғат  аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым  жолдары мен күнделікті өмірде  табиғатты жүйелі түрде пайдалану  дағдыларын дамыту;

- өзінің  табиғатқа қарсы жасаған іс-әрекетінің  аяғы немен аяқталатынын көру, сезіну дағдыларын қалыптастыру;

- табиғат  әлеміне адамгершілікпен және  қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.  

 

Мазмұны:

Өлі табиғат заттары мен құбылыстары. «Өлі және тірі табиғат» туралы түсінік беру.

Өлі табиғат  заттарын адам қолымен жасалған заттардан  ажырата білуге үйрету.

Тұман, найзағай, бұршақ, шық, қырау, тамшы, кемпірқосақ  және т.б. табиғи құбылыстар туралы білімдерін кеңейту.

Судың қатты, сұйық, газ тәрізді үш күйде болатындығымен таныстыру.

Өлі табиғаттың түрлері: көмір, құм, балшық, мұнай, гранит туралы және олардың қасиеттері мен  қажеттіліктері туралы білім беру. Оларды ажыратып, атай білуге үйрету.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер. Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді (күн қысқарды, түн ұзарды, жапырақтар түсу, тұман, қырау, жаңбыр, жел, шыбын-шіркейлердің біртіндеп жоғалуы, жыл құстарының жылы жаққа ұшып кетуі, кейбір жануарлардың ұйқыға кетуі, астық жинау, қысқа жеміс-жидектерді дайындау), қыс мезгіліндегі маусымдық өзгерістерді (күн қысқарып, түн ұзарады, аяз, қар жауу, өзендер мен су қоймаларына мұз қату, қарлы жер, жапырақсыз ағаштар мен бұталар, қалалар мен елді мекендер көшелерін қардан тазалау, жабайы аңдар мен қыстап қалған құстарды қоректендіру), көктемдегі маусымдық өзгерістерді (күн ұзарып, түн қысқара бастайды, ағаштар бүршік жарады, алғашқы шөптер, бәйшешек шығады, жыл құстары ұшып келеді, жәндіктер пайда бола бастайды, кейбір жабайы аңдар қысқы ұйқыдан оянады, жан-жануарлар төлдейді, дәнді дақылдар мен көкөністерді сеуіп, көшеттерін отырғызады), жаздағы маусымдық өзгерістерді (күн өте ұзақ, түн қысқа, күннің ысуы, өсімдіктердің өсуі, жануарлардың, жәндіктердің, құстардың тіршілігі, бақшадағы мәдени өсімдіктерді күтіп-баптау) бақылап, ерекшеліктерін ажыратып айта білу дағдыларын қалыптастыру.

Өсімдіктер әлемі. Ағаштар, бұталар, шөптер туралы ұғымдарын қалыптастыру. Қыс мезгіліндегі өсімдіктер тіршілігімен таныстыру.

Ағаштар мен бұталардың бірнеше түрін  ерекшеліктеріне қарай (жапырағына, жемістеріне, діңіне) ажыратып, атай білуге үйрету.

Жемістер  мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Оларды ажыратып, жемістерді бөлек, көкөністерді бөлек топтастыруға, аттарын дұрыс атай білуге үйрету.

Өсімдіктердің тірі табиғатқа жататындығын, оған да басқа тірі денелер сияқты өсіп-жетілуі  үшін арнайы жағдайлар (топырақ, жарық, жылу, су) керек екендігін түсіндіру. Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызын  түсіндіру.

Бөлме өсімдіктері  туралы білімдерін кеңейту. Оларды ерекшеліктеріне  қарай ажыратып, атауларын дұрыс  айтуға үйрету.

Өсімдіктің  көбею жолдарымен (тұқым, қиынды бұтақшалары, түйін, т.б.), өсімдіктердің дұрыс  жетілуіне кері әсер ететін жағдайлармен (жарықтың, жылудың, ылғалдылықтың, тыңайтқыштардың  жетіспеушілігі, т.б.) таныстыру. Өсімдіктердің  өсіп-жетілу жолдарымен (тұқым, бүршік жару, жапырақтары мен сабағы, гүл), өсіру тәсілдерімен және оларды күтіп-баптау (жерге отырғызу, суару, жерді қопсыту, отау, құнарландыру) түрлерімен таныстыру.

Өсімдіктердің әр алуан жерлерде (дала, шалғын, орман, бау-бақ және т.б.) өсетіні туралы түсініктерін қалыптастыру. Кейбір дәрілік  өсімдіктер түрлерімен (жолжелкен, өгейшөп, мыңжылдық, түймедақ) және олардың емдік  қасиеттерімен таныстыру. Аймақтың табиғат ерекшеліктеріне тән  өсімдіктері (түйетабан, сексеуіл, бетеге, қараған, ебелек (қаңбақ), жүзген) туралы түсініктерін қалыптастыру.

Қызыл кітапқа  енген өсімдіктермен таныстыру, олардың қандай жерде өсетіндігі жайлы түсінік беру.

Жеуге жарамды (қозықұйрық, ақ саңырауқұлақ, қайыққұлақ, қызғылтсары саңырауқұлақ,) және улы  саңырауқұлақтардың кейбір түрлері  туралы түсінік беру.

Өсімдіктер  әлеміне ұқыпты қарауға, өсімдіктерсіз тіршілік атаулы өмір сүре алмайтындығы туралы түсінік беру.

Жануарлар әлемі. Жабайы аңдардың тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.

Күз-қыс, көктем-жаз мезгілдерінде аңдардың сыртқы келбеті мен тіршілігінің ерекшеліктерін сипаттап (мекендейтін  жері, түсі, азығы, қысқа дайындығы, кейбір аңдардың қысқы ұйқыдан тұруы, түлеуі, ұя салу, көбеюі), атай білуге үйрету.

Қазақстанды мекендейтін жабайы аңдармен (құлақты  кірпі, саршұнақ, қарсақ, даладағы тасбақа, қосаяқ, құлан), олардың сыртқы келбетімен, мекендейтін жерімен, Қазақстандағы  Қызыл кітапқа енген жануарлармен (арқар, киік, барыс, қарақұйрық) таныстыру, оларды сыртқы келбетіне қарап ажырата  білуге үйрету.

Қазақстанда қыстап қалатын (бозторғай, сауысқан, қарға, сарышымшық, кептер) және жыл құстары (көкек, қарлығаш, қараторғай, ұзақ) туралы ұғымдарын қалыптастыру. Оларды белгілеріне  қарай ажыратып, атай білуге үйрету.

Табиғат бұрышындағы жануарлар тіршілігімен, ондағы объектілерге қажетті құралдармен  таныстыру.

Балалармен  бірге табиғатты бақылау күнделігін толтыру.

Үй жануарлары мен үй құстарының түрлерімен, олардың  ерекшеліктерімен таныстыру. Мысалы, түйе, қой, жылқы, сиыр, ешкі, тауық, қаз, күрке  тауық және т.б. Үй жануарларының  адам өміріне қажеттілігін, оларды өсірудің маңыздылығын түсіндіру.

Қазақстанның  өзен-көлдері, ондағы балықтар (жайын, тыран, алабұға, көксерке, сазан) туралы түсініктерін қалыптастыру, оларды ерекшеліктеріне, тіршілігіне қарай ажырата білуге үйрету.

Кейбір  жәндіктердің түрлері мен тіршілігі, олардың мекендейтін жерлері  туралы түсініктерін қалыптастыру.

Бүкіл тіршілік атаулының бір-бірімен тығыз байланысы  мен «азық тізбегі» туралы түсінік  беру.

Жануарлар әлемінің адам өміріндегі маңызын түсіндіру.

Балалармен  бірге табиғатты бақылау күңделігін жүргізу.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстау  ережесі. Жануарлар мен өсімдіктердің барлық түрлерін сақтаудың қажеттілігінің себептерін түсіндіру.

Тірі  табиғат бұрышындағы жануарлар  мен өсімдіктерді күту ережелерімен таныстыру. Оларға қамқорлықпен ұқыпты қарауға дағдыландыру.

Саңырауқұлақ  теру жолдары және кейбір жеміс түрлерімен таныстыру.

Табиғат аясында өзін-өзі ұстаудың қарапайым  ережелерін (ағаштардың жапырақтарын, гүлді жұлмау, гүлзарларды таптамау, ұяларды бұзбау, қоқыс тастамау және т.б.) сақтауды үйрету.

Табиғатты шамасы келгенше (табиғат аясындағы  демалыстан кейін қоқыстарды жинау, бұлақ көзін ашу, өсімдіктер мен  жануарларға қамқорлықпен қарау, тірі табиғат бұрышындағы объектілерді күтіп-баптау, қыстап қалатын құстарға көмек беру және т.б.) қорғау, оны  сүю сезімдерін ояту.

Табиғат аясындағы демалыста, еңбек ету  барысында қоршаған ортаға өзінің іс-әрекеті  арқылы әсер ететіндігі туралы түсінік  беру. 

 

 

 

Қоршаған  ортамен танысу 

 

Мақсаты: коммуникативті-танымдық қызметін дамыту, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарға қызығушылығын арттыру.

Міндеттері:

- балалардың  қоршаған заттар, олардың сапасы  мен қасиеті, қолданылуы туралы  түсініктерін жүйелеу және қорытындылау;

- адамдардың  қоғамдық өмірі мен қоршаған  әлемнің тұтастығы туралы түсінігін,  заттардың, оқиғалар мен құбылыстардың  бір-бірімен байланысы туралы  тәуелділігін анықтай білу іскерлігін, эксперимент жасау дағдыларын  қалыптастыру;

- балалардың  танымдық белсенділігін, ақыл-ой  қабілеттері мен білуге құштарлықтарын  арттыру;

- өмірдегі  қауіпсіздік ережелерінің негіздерімен  таныстыру. 

 

Мазмұны:

Бала, оның отбасы, үйі. Туыстық байланыс туралы түсінігін қалыптастыру, өз жасын, өзінің, ата-анасының толық аты-жөнін білу, басқа отбасы мүшелерін, балабақшасының (нөмірі) және тобының атын, үйден балабақшаға келетін жолды айыру қабілеттерін қалыптастыру.

Отбасылық мерекелер, дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, туып өскен жеріне деген құштарлығын  қалыптастыру. Балаларды отбасылық  мерекелер мен салтанаттарды  ұйымдастыруға қатыстыру.

Өзінің  ата тегін, ата-баба шежіресін білуге қызығушылығын арттыру. Ата-аналарымен, туысқандарымен сырт келбетіндегі ортақ  ұқсастықтарын айыра білуге үйрету (көз, мұрын, шашының түсі, т.б.).

Жақындарына деген мейірімділік пен сыйластық  сезіміне тәрбиелеу. Отбасындағы ерекше құрмет пен қамқорлық ата-әжелер мен отбасының ең кенжелеріне  тиесілі екендігін ұғындыру.

Халықтық  дәстүрге негізделген үлкендерді сыйлау адамгершілік тәрбиесін сақтауға үйрету.

Өзінің  балалық шағының оқиғаларына, болашағына, осы шаққа бағасы, өзінің сезімін  сөзбен жеткізу мен мәнін түсіну қызығушылықтарына ынталандыру.

Баланың сана-сезімін «мен және менің сенімім, әдептілік әліппесі туралы ұғым, мен  және менің қоршаған ортаға қатысым (құқық және міндет)» бағыттары  бойынша қалыптастыру.

Заттар әлемін меңгеру, кеңістікті бағдарлау. Заттар, олардың белгілері мен ерекшеліктері туралы ұғымдарын қалыптастыру. Балаға таныс әртүрлі заттардың атауларын қайталау және қорытындылау, таныс емес заттар мен олардың атқаратын қызметін түсіндіру. Заттардың қандай материалдан жасалғандығын (қағаз, шыны, металл, тері, ағаш) анықтап, сипаттама беріп (мөлдір, қатты, жұмсақ, тегіс), оның сапасы мен ерекшелігін дұрыс анықтай білуге үйрету.

Айналадағы  заттар, құрылыс материалдары арасындағы міндет пен байланысты, оның неден  жасалғандығы туралы түсінік беру.

Заттарды  түсіне, көлеміне, пішініне, міндетіне  қарай салыстырып, топтастыра білуге үйрету.

Тұрмыстық техника, оның қызметі, қолдану ережесі  туралы түсінік беру.

Бөлменің  сәнді, әрі қолайлы жабдықталғандығын  көріп-сезіне білуге, заттар мен олардың  безендірілуіне талғаммен қарауға  үйрету.

Кез-келген зат адамдардың еңбегімен келетіндігі  туралы түсіндіріп, оларға ұқыптылықпен қарауға үйрету (ойыншықтар, жиһаздар және т.б.).

Балабақша жақын орналасқан шағын ауданда, балабақша ауласында (балабақша, дүкен, емхана, пошта, мектептің қайда орналасқанын) еркін бағыт-бағдар ұстай білу іскерліктерін  жетілдіру.

Көлік, байланыс құралы. Көлік құралдарының көп түрлілігі жайлы түсінік беру (суару көлігі, жедел жәрдем, өрт сөндіретін көлік, қар тазалайтын көлік).

Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, ауада), атқаратын қызмет аясына қарай (арнайы, жүк таситын, адам таситын) салыстыра білуге үйрету.

Үйден балабақшаға, кинотеатрға, дүкенге қандай көлікпен баруға болатынын, ата-аналары қандай көлік түрін жүргізетіні туралы білімдерін бекіту.

Көлік құралдары, олардың қызметінің маңыздылығы, негізгі  бөлшектерінің атқаратын қызметі  туралы ұғымдарын кеңейту.

Телефон, компьютер, теледидар, радионың қызметтерімен, оларды қолданудың бірнеше қарапайым  ережесі туралы білімдерін бекіту.

Поштаның  байланыс мекемесі екендігі, оның маңыздылығы (хат, телеграмма, сәлемдеме жіберу, оларды қабылдау, жеткізу), пошта қызметкерлерінің еңбегі, хабарларды жылдам жеткізуге  арналған көлік туралы ұғымдарын  қалыптастыру.

Адам  өмірінде байланыс құралдарының қажеттілігін түсіндіру.

Үлкендердің еңбегі. Әр түрлі мамандық иелері мен олардың еңбегінің ерекшеліктері, маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері