Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

- арқан  бойымен қырынан, қосымша қадаммен (өкшені арқанға, аяқ ұшын еденге);

- кедір-бұдыр  тақтай үстімен жүру;

- еңкіш  тақтай үстінен арқаны түзу  ұстап жүру және жүгіру;

- еңкіш  тақтай үстіне жүгіріп шығып,  төмен қарай адымдап түсу;

- еңкіш  тақтай үстімен бір қырымен  қосымша адымдап жүру;

- арқан  бойымен басына қапшықты қойып,  бір қырындап, қосымша адымдап  жүру;

- гимнастикалық  орындық үстімен арақашықтығы  баладан екі қадам алыс қойылған  толтырылған доптардан аттау  арқылы жүру;

- көлденең  және еңкіш бөрене бойымен  жүру және жүгіру;

- бір-бірінің  қолдарынан ұстап жұптасып айналу;

- «Қарлығаш» жаттығуын орындау.

Сапқа тұру, сап құрылымын өзгертіп қайта тұру:

- сапқа  бір қатармен тұру;

- сап  түзеп жүруден бір және екі  қатармен қайта тұру;

- бір  орында және қимыл үстінде  оңға, солға бұрылу;

- қатарда  - қолды алға, сап түзеп жүргенде  және шеңбер жасағанда -қолды  жан-жаққа созып тік тұру;

- секіріп  және аттап оңға, солға, айналып  бұрылу;

- қатардан  сапқа тізбектеліп шеңбер бойымен  және үш қатарға тұру;

- шаңғымен  сапқа тізбектеліп тұру, адымдап  қадам басу, бұрылу;

- жүру  барысында жұптасып және қайтадан  бір қатарға тұру;

- педагогтің  тапсырмаларын орындай отырып, сапта  тұрып бір қатардан үш қатар  құру, жүгіру кезінде ауысу, қимылдар  жасай отырып екі қатардан  бір қатарға сапқа тұру;

- саптағы  бір қатардан үш, төрт қатарға қайта сап түзеп тұру.

Музыкалық-ырғақты жаттығулар:

Музыка  ырғағына сәйкес түрлі қарқында қимылдар жасау. Өздеріне таныс дене жаттығуларын музыка әуенімен әсем де, ырғақты етіп орындау. Аяқты өкшеге кезектестіріп  қойып, топылдату. Бір жанымен тізе бүге отырып жүру. Қарапайым музыка ырғағына сай қолды шапалақтау. Жұптасып шеңбер бойымен қозғалу. Музыка ырғағына қарай ойдан қимылдар ойластырып, шығармашылық таныту. 

 

Жалпы дамыту жаттығулары

Қол мен иық бұлшық еттеріне арналған жаттығулар. Қолды кеудеге қою, жан-жаққа созу, қолды желкеге қою, жоғары көтеру, жан-жаққа созу. Қол саусақтарын айқастыру - «құлып», жоғары алға көтеру (алақанды сыртқа қарай айналдыру). Қолды жоғары артқа бір мезгілде және кезектесіп көтеру. Бір қолдан екінші қолға затты алға, арқаға, басына қайта қою. Қолды алға шапалақтау және арқаға қою. Қолды буыннан айналдыру. Қолдың саусақтарын ашып, жұму.

Аяққа арналған жаттығулар. Аяқтың ұшымен тұру. Аяқтың ұшын жерден алмай, өкшені жоғары көтеріп, түсіру. 2-3 рет қатарынан жартылай отырып-тұру. Қолды алға созып, қолмен тізеге сүйеніп, қолмен тізені құшақтап және басты иіп жүрелеп жүру. Аяқты кезекпен алға және жан-жаққа жіберіп отыру. Ұсақ заттарды аяқтың саусақтарымен қысып алып, орнын ауыстыру. Аяқтың басын таяққа, арқанға тірей отырып, өкшемен бір жағымен қырындап жүру. Таяқ, білікше бойымен (диаметрі 6-8 см) табанның ортасына сүйене отырып, бір қырындап өкшені өкшеге қойып жылжу. Табанды майыстыру, түзулеу, айналдыру.

Кеудеге арналған жаттығулар. Допты басынан асыра (алға және артқа) бір-біріне беру. Қолды алға созып оңға, солға бұрылу. Гимнастикалық қабырғаға бетімен қарап тұрып белінің тұсына сай қолына рейка ұстап алға еңкейіп, иілу. Гимнастикалық қабырғаға арқасымен тіреліп тұрып, қолын белінің тұсына сай рейкадан ұстап аяқты кезектестіре бүгу және тік көтеру. Алға еңкею, алақанын еденге тигізу, арқасына ұстасқан қолдарын көтеру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею, отыру. Отыру, бұрылып затты артына қою, қайтадан артқа бұрылып затты алу. Арқасымен жерде жатып, аяқты жоғары көтеру, велосипед айдағандай аяқты қимылдату. Бір аяқпен тіреуішке сүйеніп, тіреуіштен тіреуішке өту. Ішпен жатып, аяқты бүгу, қайта жазу (алдымен бір аяқпен, содан соң екі аяқпен бірге). Шалқасынан жату, етпетіне ауысу. Етпетімен жатып қолды жан-жаққа созу, бүгу және иығын аздап жоғары көтеру.

Дене күшін арттыратын жаттығулар. Қолдарымен орындыққа сүйеніп, аяқты түзу күйінде артқа созып, қолды бүгіп жазу, 5-10 рет 5-6 метрге дейін қолмен жүру (екінші бала бірінші баланың аяғынан ұстап жүреді).

Денені нығайтуға (пресс) арналған жаттығулар. Жұптасып жасайды: қол желкеде, арқамен жату, бір бала екіншісінің баланың аяғына отырады (5-10 рет), гимнастикалық қабырғада қолдарымен тартылып тұрып, аяқтарын қосып, бұрау (5-10 рет).

Арқаға арналған жаттығулар. Топтасып алға, артқа «әткеншек» жасап домалау (5-10 рет), 5 метрге дейін қолдың көмегімен ішпен жатып еңбектеу. 

 

Спорттық жаттығулар

Шанамен сырғанау. Төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанау. Шанамен төбешікке көтерілу. Төмен сырғанауда шананы тежеу. Бір-бірін сырғанату.

Сырғанау. Мұз жолымен жүгіріп келіп сырғанау. Сырғанау кезінде тізені бүгіп және орнынан тұру. Сырғанау кезінде тапсырмалар орындау.

Шаңғымен жүру. Бірінің артынан бірі кезектескен адыммен алға жылжу. Қиылысқан бос жерлермен жүру. Байыпты қарқынмен 0,5-1 км жерге шаңғымен жүріп өту. Бір орнында тұрып айналып оңға, солға аттау, екі жаққа шеңбер жасау. Шырша, жартылай шырша адымдармен төбешікке шығу. Аласа боймен төмен түсу. Шаңғыны өз беттерімен алу, орнына қою, қию, шешу, қолтығының астында алып жүру.

Велосипед және самокатпен жүру. Шеңбер бойымен және тура жолмен қос дөңгелекті велосипедпен жүру. Оңға және солға бұрылыс жасау. Оң және сол аяқпен итеріп самокатта жүру.

Жүзу. Судың таяз жерінде отырып және жатып аяқпен қимыл жасау (жоғары, төмен). Судың түбінде қолын алға, артқа сермеп жүру (аяғын көлденеңінен созып). Иек, көз деңгейіне дейін суға отыру, суға бетін батыру, суға үрлеу. Суға басын батырып отыру. Хауыздың қабырғасын екі аяқтап күшпен итеру жаттығуын жасау. Арқасымен және кеудесімен сырғанау, суда дем шығару. Баланың өзіне ыңғайлы кез-келген тәсілмен жүзу.

Судағы аэробика. Ернеуде тұрып, секіру, суда бұрылыс жасау және басқа да жалпы дамыту жаттығуларын жасау. 

 

Спорттық ойын элементтері

Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішіндерді білу. Городкиді 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру. Ойынды топ болып үйрену.

Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі жаққа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып, допты аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғып, аяқпен бір-біріне домалату.

Хоккей. Берілген бағытқа, қақпаға доптаяқпен шайбаны лақтыру. Жұптасып тұрып шайбаны бір-біріне лақтыру. 

 

Өздігінен қозғалу белсенділігі

Ойынды  түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік  беретіндей түрлі құрал-жабдықтармен, спорттық құралдармен жабдықталған қимыл-қозғалыс әрекетін дамытатын  орта құру. Заводтық спорт құрал-жабдықтарымен қатар жүйелі түрде массажерлер, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті, үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн.

Ойын  алаңын басқа да ойындарды ойнауға  ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру  керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар  жиынтығы болуы қажет.

Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру  барысында ережеге бағынуға үйрету.

Балалардың  қалауы бойынша қимылды ойындар  ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау.

Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол  ойындарын ойнауға қолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі  жолдары болғаны дұрыс.

Айына бір  рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылына 2 рет - қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.  

 

Валеология

Мақсаты: денсаулықты нығайту, бала ағзасы мен табиғи-әлеуметтік орта арасындағы тепе-теңдігін сақтауға тиімді жағдай жасау. Балаларды салауатты өмір салтының құндылықтарына бейімдей отырып, дене және сезім мәдениетіне тәрбиелеу.

Міндеттері:

1. Балаларды  валеология негіздерімен таныстырып, денсаулық туралы ғылым - «Валеология» туралы түсінік беру;

2. Өзінің  денесі, оны сезіну туралы түсініктерін  қалыптастыру;

З.Өзіне, өзінің ағзасы мен денсаулығына құндылықпен  қарауға тәрбиелеу;

4. Салауатты  өмір салты: өзіне күтім жасау,  дұрыс тамақтану, аурудың алдын-алу,  табиғаттағы еңбек пен демалысты  алмастыру іскерліктері мен дағдыларын  қалыптастыру және дамыту;

5. Қиын  жағдайда көмек көрсету тәсілдерін  үйрету;

6. Тұрмыста, көшеде, табиғатта қауіпсіздік ережелерін  сақтау дағдыларын қалыптастыру.  

 

Мазмұны:

Сауықтыру және шынықтыру жұмыстары

Топ бөлмесінің ауасын жүйелі түрде тазартып отыру арқылы қалыпты температура ұстап отыру. Балаларды ауа райына байланысты киіндіріп, күн сайын жеткілікті мөлшерде таза ауаға шығару.

Балалармен  қарапайым су процедураларын өткізу. Біртіндеп судың температурасын төмендету арқылы дене шынықтыру.

Аяққа дене температурасына қарсы су құю  жаттығуларын жүргізу. Баланың денесіне түгел су құю кезінде судың  бастапқы температурасы 34-35°С, ақырғы температурасы 22-24°С болады.

Балаларды гигиеналық талаптарға сай ашық өзен, көлдерде шомылдыру. Шомылу уақытының  ұзақтығын біртіндеп ұзартып, 8-10 минутке жеткізу. Судың температурасын біртіндеп төмендетіп отыру.

Шынықтыру өткізу барысында дене шынықтыру  құралдарын пайдалану - баланың денсаулық  жағдайын ескере отырып жүргізілуі керек.

Ертеңгілік  жаттығуларды (10-12 мин) орындауға қызықтыру. Балаларға жаттығуларды реттілікпен  орындауға үйрету: бастапқы қалыпқа  сәйкес тұру, жәй қарқынмен қол, аяқ, кеудеге арналған жаттығуларды орындау, белгіленген тәртіп бойынша дем  шығару жүйесі жаттығуларын жасау.

Дұрыс дене сымбаты мен табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлу.

Серуен  кезінде меңгерілген біліктер мен  дағдыларды қолдана отырып, қимылды  ойындар мен дене шынықтыру жаттығуларын өз еріктерімен ұйымдастыра білуге үйрету, бірлесіп, ережелерді сақтай отырып, ойнау дағдыларын қалыптастыру.

Балаларды күнделікті өмірде жыл мезгілдеріне сай табиғат ерекшеліктерін қолданып ойнауға үйрету.

Балаларды баскетбол, бадминтон, хоккей ойындарын  ойнауға үйрету.

Шаңғымен, велосипедпен жүру және т.б. дағдыларын жетілдіру.

Қажет жағдайда сабақтарда ұзақтығы 3 минут болатын  сергіту сәттерін ұйымдастыру: жүру, жүгіру, бір орында секіру жаттығулары, тартылу, бұрылу, еңкею, отырып-тұру, қолдың саусақтарын ашып-жұму және т.б. қиын емес жаттығулар.

Дене  шынықтыру сабағында құрдастарымен  әсерлі қарым-қатынас жағдайында өзінің қимылдау тәжірибесін қолдану, әртүрлі  іс-әрекеттерінде шығармашылық таныту.

Дене  шынықтыру мерекелеріне, мереке кезінде  ұжымдық ойындарға, сауықтарға, жарыстарға белсенді қатысуға қызықтыру.

Өзінің  жетістіктерін, меңгерген қимыл  түрлерін, ептілігін, шыдамдылығын, батылдығын, тапқырлығын керек жерде көрсете  білуге, жолдасының сәтсіздігіне жанашырлықпен  қарауға тәрбиелеу.

Жетістігіне қуануға, достық қарым-қатынасын нығайтуға, кішкентай бөбектерге қамқор болуға тәрбиелеу. 

 

Мәдени-гигиеналық дағдылар

Ұқыпты  тамақтану мен үстел басында  өзін-өзі ұстау дағдыларын жетілдіру.

Өзінің  жеке бас гигиенасы дағдылары  мен ережелерін сақтауы мен оны  орындауын қадағалап отыруға  дағдыландыру.

Дене  тазалығын сақтауға, қолын, аяғын  жууға, тісін ұқыпты тазалауға, ешкімнің ескертуінсіз-ақ тамақтанар алдында  қолын жуып және тамақтанып болған соң ауыз қуысын шаюға, бет орамалын уақытылы ауыстырып, үстін, шашын ретке  келтіріп отыруға, беліне дейін ылғалды  сүртінуге дағдыландыру.

Өз-өзіне  қызмет көрсету дағдылары мен  киіміне күтім жасауға дағдыландыру.

Гигиеналық  шараларды орындау кезінде балалардың бір-біріне көмек көрсетуін мадақтау.

Баланың шамасына қарай жұмыс түрлеріне (асханада, оқу бөлмесінде кезекші, тәрбиешіге көмектесу, т.б.) тарту арқылы еңбек етуге қызығушылығын арттыру.

Өзіңді таны. Адамдардың сезім мүшелері мен дене бөліктері жайлы түсінік беру. Олардың көмегімен қимылдай алады, айналадағы қоршаған ортаны таниды. Адамдардың әр дене бөлігі белгілі тәртіпте жұмыс істейді. Олардың қызметі үйлесімде болғанда ғана адам өз саулығын сезінеді. Адамның дене құрылымы күрделі. Олардың әрқайсысы өз қызметін атқарады. Біз оларға күтім жасап, әрдайым шынықтыруымыз қажет.

Жүрек, асқазан, тіл, өкпе, бүйрек адамның маңызды мүшелері болып табылады.

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері