Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 12:01, автореферат

Краткое описание

Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» білім беру стандарты ҚР МЖМБС 1.001-2009 талаптарына сәйкес әзірленген.
Бағдарламаның базалық мазмұнында мектепке дейінгі ұйымдардағы ерте жастағы балалардың іс-әрекеттерінің барлық түрлері мен нысандарында жеке-бағдарлық ыңғай жасау қарастырылған.

Файлы: 1 файл

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын бекіту туралы.docx

— 396.72 Кб (Скачать)

Дәл осы  кезеңде өзін-өзі ұстаудағы еркіндік бала психикасының дамуы мен жан  дүниесінің қалыптасуының көзі болып  табылады. Бала нені қаласа, соған жетуге тырысады. Оның өзін-өзі ұстауы айналасындағы  жағдайға байланысты емес, өз шешіміне қарай болады. Осы құбылыстар бала дамуының барлық саласында көрініс табады және бекітіледі.

Дүниетанымдық түсініктері. 5-6 жастағы балалар қоршаған әлем мен өзі туралы тұрмыстық түсініктерді біледі. Күнделікті тіршілік түсініктері - бұл күнделікті сөйлеу тілімен байланысты ұғымдар. Осыған орай мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың түрлі дүниетанымдық мәселелер туралы өзіндік түсініктері бар. Жағдайдан тыс-тұлғалық қарым-қатынас пен сюжеттік-рөлдік ойындардың нәтижесінде баланың үлкендердің өзара қарым-қатынасы мен әлеуметтік жағдайы туралы түсініктері қарқынды дамиды. Сөздік-қисынды ойлау қабілеттерінің дамуы кейбір түсініктердің нақты-бейнелі мазмұнының абстрактілі, ерікті салыстырмалы түрін жасайды. Өзін ерекше бағалап, өзінің «мен»-дігін жақындарынан да, достарынан да оқшау қояды.

Бұл кезеңде  бала жаны тез жараланғыш келеді. Сонымен  қатар көптеген балаларда ашуланшақтық, ұялшақтық, ызақорлық, өзін-өзі көрсетуге  құмарлық сияқты қасиеттер пайда  болады. Үлкендер бұл өзгерістерді дер кезінде байқап, тиісті шаралар қолданбаса, ол бала бойында өмір бойы сақталып қалуы мүмкін.

Баланың ойлау қабілеті. Ішкі психологиялық өмірі мен өзін-өзі реттеуінің қалыптасуы - танымдық салада бірқатар жаңа құрылымдардың пайда болуымен байланысты. Ең алдымен, бала ортақ түсініктер бойынша әрекет ету қабілетін меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қарым-қатынасын құра алады.

Бұл кезеңде  баланың қоршаған әлемді түсінуге талпынысы  артады және әлем туралы алғашқы түсінігінің  кескіні пайда болады. Алайда, бұл  қисынды түсінік емес, небары көрнекі-бейнелі  ойлау ғана.

Көрнекі-бейнелі  ойлау - ойлау қабілетінің кең  тараған түрі. Ол тікелей затқа  емес, сол заттың бейнесі мен баланың  зат туралы түсінігіне бағытталған. Ойлау қабілетінің бұл түрінің  маңызды шарттарының бірі - ойын. Ойын арқылы балада бір затты екінші заттан айыра білу дағдысы қалыптасады. Жаңа бейне жасау мүмкіншілігі туады. Бұл мақсатты осы кезеңнің маңызды  құрылымдарының бірі - елестету арқылы іске асырады.

5-6 жаста сөздік-қисынды ойлау қабілетінің күрт дамуы байқалады. Сол арқылы балада көзге көрінбейтін заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсіну қабілеті қалыптасады. Осылайша, өзі қолымен ұстап, көруге болмайтын заттар мен құбылыстардың байланысын бақылауына, түсінуіне мүмкіншілік береді. Нақты бейнелі ойлауға бағытталған түсініктен, қисынды шешім шығарып, оны сөз арқылы бейнелеуді меңгереді, оқиғалар мен құбылыстардың себеп-салдарлық қатынасын белгілей алады.

Ең бастысы, бұл кезеңде бала психикасы қалыптасу мен даму үстінде екендігін естен шығармауымыз керек. 

 

 

 

КҮН ТӘРТІБІНІҢ ҮЛГІСІ 

 

Баланың мектепке дейінгі ұйымдағы күн тәртібінің уақыты 12 сағатқа шамаланған 

 

Күн тәртібінің элементтері

Уақыты

(сағ., мин)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды қабылдау, тексеру, ойындар, ертеңгілік гимнастика. Гигиеналық шаралар. Таңғы ас. Ойындар, ұйымдастырылған  оқу іс-әрекеттеріне дайындық.

7.30-9.10

«Ойнайық та, ойлайық» Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

9.10-10.40

«Табиғат аясында»

Серуенге дайындық. Серуен. Табиғатпен таныстыру, ойындар, еңбек. Серуеннен оралу. Гигиеналық және шынықтыру  шаралары.

10.50-12.50

«Ас - адамның арқауы»

Түскі ас

12.50-13.20

«Тәтті ұйқы»

Гигиеналық және шынықтыру  шаралары. Күндізгі ұйқыға жатқызу.

13.20-15.10

«Ұйқымызды ашайық»

Ұйқыдан ояну, шынықтыру  шаралары. Бесін ас.

15.10-16.00

«Алақай, ойын!»

Сюжетті-рөлдік, шығармашылық және дидактикалық ойындар. Серуенге дайындық, серуен, қимылды ойындар. Гигиеналық және шынықтыру шаралары.

16.00-17.40

«Ас - адамның арқауы»

Кешкі ас

17.40—18.00

«Ертеңге дейін...»

Балалармен, ата-аналармен  қарым-қатынас. Балалардың үйге қайтуы.

18.00-19.00


 

  

 

«ДЕНСАУЛЫҚ» БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ

БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 

 

Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру. Өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, денсаулықтың адамға табиғаттың берген басты құндылығы екенін түсіну, қозғалыс белсенділігін дамыту және дене сапаларын қалыптастыру.

Мектепке  дейінгі ересек жастағы «Денсаулық»  білім беру саласының базалық  мазмұны ұйымдастырылған оқу  іс-әрекетінің төмендегідей түрлері  арқылы жүзеге асады:

- дене  шынықтыру;

- валеология.  

 

Дене шынықтыру

Мақсаты: баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдау біліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.

Міндеттері:

1. Денсаулығын  нығайту, балалардың денесінің жалпы дайындығын жақсарту, қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл-күй ортасын жасау;

2. Күнделікті  өмірге қажетті қимыл түрлерін, оларды дұрыс орындау дағдыларын  қалыптастыру;

3. Дене  сапаларын: ептілік, үйлесімділік  қабілеттерін дамыту, шыдамдылығын  шыңдау;

4. Балаларды  спорттық ойындар және жаттығулармен  таныстыру арқылы ойын техникасын  меңгерте отырып, жаңа дағдыларды  меңгерту;

5. Балаларды  жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы  іскерлігін арттыру, құрдастарымен  достық қарым-қатынасын қолдау;

6. Жас  ерекшелігіне қарай толыққанды  дамуына, ағзаның қоршаған ортаға  бейімделу қабілетін, дене және  ақыл-ойдың қабілеттілігін арттыруға  жағдай жасау;

7. Белсенді  қимыл іс-әрекеттеріне және оған  қажеттілікке қызығушылықтарын  арттырып, дене шынықтыру сабақтары  мен ойындардың, негізгі гигиеналық  талаптар мен ережелердің пайдасы  туралы түсініктерін қалыптастыру.  

 

Мазмұны:

Негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары

Ортаңғы топта үйренген жаттығуларды қайталап, балалардың біліктері мен дағдыларын жетілдіру және бекіту.

Негізгі қимыл жаттығулары

Жүру:

- түрлі  қарқында бір қатармен, екі қатармен, аяқтың ұшымен, өкшемен жүру жаттығуларын белгі бойынша орындау;

- бүгілген  тізені жоғары көтеріп, жартылай отырып;

- заттарды  аттап, заттар арасынан;

- қолды  түрлі қалыпта ұстап (жоғары, алға, жанына, желкеде);

- тәрбиешінің  белгісімен тоқтап;

- қозғалыс  бағытын өзгертіп, заттар арасымен;

- шашырап,  заттар арасымен;

- жүгіруді  алмастыра;

- адымдап  алға қарай жүру;

- «жыланша»  ирелендеп;

- сызық  және шеңбер бойымен қол ұстасып,  жіптен ұстап, жіпті басқа қолға  ауыстырып қысқа және кең адымдап;

- 3-4 м  жерге дейін көзін жұмып.

Жүгіру:

- бір  қатармен, шашырап, жұптасып, түрлі қарқында;

- шеңбер  бойымен, қол ұстасып, келесі  жақта бұрылыс жасап;

- заттарды  аттап, тізені жоғары көтеріп  жиі және кең адымдап заттар  арасымен;

- заттар  арасымен шашырап;

- «жыланша»  ирелеңдеп, кедергілер арасымен;

- жұптасып, тізбектеліп, бастаушыны ауыстыра  отырып, сапқа қайта тұрып;

- кедергілерден  өтіп;

- 1,5-2 мин  түрлі жылдамдықпен - баяу, жылдам, орташа  қарқынмен тоқтамай, орташа жылдамдықпен 60-100 м;

- қағып  алу және айлалы түрде;

- баяу  қарқынмен кедергілер арасымен 2 минут тоқтамай;

- 320 м  қиылысқан жермен баяу;

- белгіленген  жерге дейін жылдамдыққа, (арақашықтығы 20 м) жүгіру;

- бірнеше  рет сап түзеу арқылы жылдамдыққа  жүгіруді баяу жүгірумен алмастыру;

- барынша  тез 20-30 м арақашықтыққа (жылдың  аяғында 5,5-5 секундта 20 метрге, 7,5-8,5 секундта 30 метрге);

- 120-200 метрге 2-3 рет жүрумен алмастырып;

- екі,  үш қатарға сапқа қайта тұрып  (жол бойында кеглиді алу);

- ирелеңдеп  жүгіру (10 метрден 3 рет).

Секіру:

- бір  орында тұрып, алға қарай;

- тізенің  арасына қапшықты қысып, қос  аяқтап;

- қос  аяқтап заттар арасымен (арақашықтығы 4 м), 5-6 заттың үстімен (биіктігі 15-20 м), оң және сол қырымен;

- жіптің  үстінен;

- түзу  бағытта (ара қашықтығы 6 м)

- оң және  сол аяқтарымен кезектесіп заттар  арасымен (арақашықтығы 3 м);

- оң және  сол аяғын кезектестіріп;

- 20 см-биіктіктегі  зат үстіне;

- алға  қарай бір аяқтан екінші аяққа  (арақашықтығы 3-4 м);

- бір  орыннан ұзындыққа (80 см кем  емес);

- жүгіріп  келіп ұзындыққа (100 см кем емес);

- жүгіріп  келіп биіктікке (биіктігі 30-40 см  кем емес);

- шахмат  тәрізді қойылған ағаш кірпіштерден (арақашықтығы 50 см), толтырылған доптардан  (5-6 дана) қос аяқтап секіру;

- алаңның  ортасына қойылған жіптің оң  және сол жағынан 4 м қашықтыққа  алға жылжып;

- ұзын  және қысқа секіртпемен қос  аяқтап, ыршып-ыршып, бір аяқтан  екінші аяққа алға айналдыра  отырып және қос аяқтап ыршып  секіруді алмастырып алға, артқа  секіру;

- теңселіп, айналып, бір орында тұрып секіртпемен;

- қысқа  секіртпемен алға жүріп (арақашықтығы 8 м) қос аяқтап;

- арақашықтығы 40 см құрсаудан келесі құрсауға  бір аяқтап және қос аяқтап;

- қос  аяқтап, аяқтың оң және сол қырымен (3 рет), одан соң 180 градусқа бұрылып секіру.

Лақтыру, қағып алу, домалату:

- қос қолмен допты жоғары, жіптің үстінен лақтыру, допты еденнен ыршытып жоғары лақтырып қос қолмен қағып алу (10 реттен кем емес) допты қабырғаға ұрып және еденнен ыршытып қос қолмен қағып алу;

- допты  заттар арасымен және түзу  бағытта домалату;

- 3-4 м  арақашықтықта допты, қапшықты, тасты,  асықты нысанаға дәлдеп лақтыру;

- 3-4 м  арақашықтықтан қапшықтыты тік  нысанаға иықтан асырып, оң және  сол қолмен лақтыру;

- қапшықтарды  себетке, алысқа көздеп тастау, бір қолымен қапшықты, екі қолмен  допты төменнен құрсауға лақтыру;

- допты  екі қолымен бір-біріне (арақашықтығы 1,5-2 м) басынан асыра лақтыру;

- тізбектеліп  және тізерлеп тұрып допты  екі қолымен бір-біріне басынан  асыра лақтыру;

- 3 м арақашықтықта  тізбектеліп допты төменнен қос  қолдап, кеудеден және төменнен  лақтырып, тосар алдында қолды  шапалақтау;

- допты  қос қолдап заттар арасымен (4-5 м арақашықта) алға қарай алып  жүру;

- алға  қарай жылжып қос қолмен допты  лақтырып, қайта қағып алу (арақашықтығы 4-5 м);

- сақинаны  лақтырып таяққа кигізу;

- допты  қос қолмен себетке лақтыру;

- кішкентай  допты бір қолымен лақтырып, екі  қолмен тосып алу;

- допты  бір қолмен еденнен ыршытып, қос қолмен тосып алу, бір қолымен жоғары лақтырып, бір қолымен тосып алу.

Еңбектеу және өрмелеу:

- биіктігі 40 см болатын жіптің астынан  қолды еденге тигізбей, жанымен  еңбектеу;

- гимнастикалық  орындық үстінде ішпен, арқаға  қапшық қойып еңбектеу;

- еңкіш  басқышпен өрмелеп гимнастикалық  қабырғаға өтіп, одан қайта түсу, гимнастикалық орындық үстімен  еңбектеу;

- биіктігі 50 см доға астымен қолына допты  ұстап, қатарынан қойылған 3-4 доғаның  астынан еңбектеу;

- қолды  еденге, шеңбердің шетіне тигізбей  топталып шеңбердің ішіне кіру (биіктігі 50 см);

- кеглилер  арасымен допты басымен итеріп  еңбектеу;

- арқаға  қапшық қойып еңбектеу;

- гимнастикалық  қабырғаның басына дейін бір  және бірнеше тәсілмен өрмелеп,  басқа аралыққа ауысып төменге  түсу;

- доғаның  астымен допты басымен итеріп  еңбектеу;

- кедергілер  арасынан және қолды еденге  тигізбей доға астынан еңбектеу;

- шығыршықтарды  айналдырып, олардың ішіне кіру;

- сатының  қырына қойылған тақтайшалар арасынан өту.

Тепе-теңдікті сақтау:

- заттар  арасымен аттап жүру;

- кедергісі  бар тақтай үстімен адымдап,  аяқ ұшымен жүру;

- орындық  үстімен, текшелерді аттап, толтырылған  доптармен, әр қадам сайын допты  алға қойып, қолды арқаға немесе  алдына ұстап, басына қапшық  қойып жүру;

Информация о работе Мектепке дейінгі балалардың геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері