Мәтіндік құжатты пішімдеу форматтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, реферат

Краткое описание

Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторымен танысу және жұмыс жасап үйрену. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу. Кесте деректерін енгізу және оларды өңдеу, есептеу. Кестені файл ретінде сақтау, жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін тандау. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.

Файлы: 1 файл

Толганай.doc

— 107.50 Кб (Скачать)

Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторымен танысу және жұмыс  жасап үйрену. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу. Кесте  деректерін енгізу және оларды өңдеу, есептеу. Кестені файл ретінде сақтау, жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін тандау. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.  

MS WORD-мәтiндiк  құжаттарды дайындауға, түзетуге  және қағазға басып шығаруға  арналған Windows жүйесiнiң қосымша бағдарламасы. Ол-мәтiндiк және графикалық ақпараттарды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын кеңінен тараған мәтiн редакторының бiрi.

 Қазiргi компьютерлiк  технологияда орындауға болатын  кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла бередi. Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтiндiк фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлi объектiлердi байланыстыра отырып осы ортаға енгiзуге болады. Жалпы, Word редакторында типография жұмысына керектi баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетiн толық жасауға дейiнгi барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкiндiктерi де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелердi көрiктi етiп, безендiруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер жазылып бiрден орындалатын iшкi программалау тiлi, қарапайым графиктiк бейнелердi салатын аспаптар және т.с.с. бар.

MS WORD редакторын  дайындау, iске қосу және онымен  жұмыс iстеудi аяқтау 

MS WORD-пен жұмыс  iстеудi бастау үшiн Windows жүйесiнiң  басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқаулары (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискiден компьютерге жазып орналастыру қажет.

 Орналастырылған  MS WORD редакторын iске қосу бiрнеше  тәсiлмен жүзеге асырылады: 

- Iске қосу=>Бағдарламалар=>MS WORD командалар тiзбегiн орындау арқылы;

- Microsoft Office бумасындағы  MS WORD шартты белгiсiнде тышқанды  екi рет шерту арқылы;

- Windows жүйесiнiң  Сiлтеуiш (Проводник) терезесiн  пайдалану арқылы.

- MS WORD редакторында  дайындалған құжаттың шарт белгiсiне  тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шерту арқылы т.б.

 Редактормен  жұмысты аяқтау кез келген  стандартты тәсiлдермен жүргiзiледi:

- ФайлÞШығу  меню командасын таңдау арқылы;

- WORD негiзгi терезесiнiң  жүйелiк менюiндегi Жабу (Закрыть)  командасын таңдау арқылы;

- Редактор терезесiнiң  тақырып жолының оң жақ жоғарғы  бұрышындағы Жабу батырмасын (X) басу  арқылы;

- Alt+F4 пернелерiн  басу арқылы.

 Егер бағдарламамен  жұмысты аяқтау барысында мұның  алдында өзгертiлiп, бiрақ дискiге  жазылмаған құжат бар болса, онда редактор экранға қосымша сұхбаттасу терезесiн шығарып, өзгертiлген құжатты дискiге жазу (Иә-Да) керектiгiн, ал жазбасаңыз (Жоқ-Нет) оны да растап беруiңiздi өтiнедi. Қалауыңыз бойынша, редакторда әрi қарай жұмыс iстей беруiңiзге де (Болдырмау-Отмена) болады.

MS Word редакторының  негiзгi терезесiнiң жалпы түрi  құжат терезесiмен бiрге көрсетiлген. Терезеде Windows жүйесiнде кездесуге  тиiс стандартты көптеген элементтер  бар. Солардың iшiнен Word редакторына  тән қосымша элементтер де  бар. 

 Қалып-күй  немесе қалып жолы негiзгi терезенiң төменгi жағында орналасқан, оның сол жақ бөлiгiнде терiлiп жатқан құжат жөнiнде информация бейнеленедi.

- стр 5-терiлiп  жатқан ағымдағы бет нөмiрi, 5-бет; 

- 5/8-құжаттың  басынан есептегенде курсор тұрған  орын 5-бетте, ал құжат барлығы 8 беттен тұрады;

- 15,5 см-курсор  тұрған ағымдағы жолдан сол  беттiң жоғарғы шетiне дейiнгi қашықтық;

- Ст 27-осы беттiң  жоғарғы шетiнен курсорға дейiнгi жолдар саны;

- Кол 1-осы  жолдың басынан курсорға дейiнгi символдар саны, табуляция символдары мен бос орындар да есепке алынады. Бұл курсор экранда тұрғанда ғана көрiнедi.

 Қалып жолында  мұнан басқа қара тұске боялып  белгiлi бiр режимнiң iске қосылып  тұрғанын, ал сұр түстi болса-iске  қосылмағанын бiлдiрiп тұратын  жұмыс режимi индикаторлары бар:

 ЗАП - макрокомандаларды  жазу (записать) режимi iске қосылған  екпiндi күйде екенiн көрсетедi;

 ИСПР - түзетулердi (исправления) белгiлеу режимi  екпiндi күйде, олар құжаттың соңғы  нұсқасына қандай өзгерiстер енгiзiлгенiн  бiлдiредi;

 ВДЛ - белгiлеулердi кеңейтетiн (Расширить выделения) F8 арқылы кеңейтуге болатынын (бiр символға, сөзге, сөйлемге т.б.) көрсетiп тұрады. Ерекшеленген мөлшердi кiшiрейту-Shift+F8 арқылы, ал ерекшелеудi тоқтату-Esc арқылы орындалады;

 ЗАМ-символдарды  ауыстыру режимi екпiндi күйде, символдарды ығыстырып енгiзу режимi орындалса, ол сұр түске боялады. Бiр режимнен екiншiсе ауысу-INSERT пернесiн басу арқылы жүргiзiледi.

 Сонымен,  жоғарыдағы режимдердi iске қосу  немесе iске қоспау режимдерi белгiлi  бiр пернелiк командалармен орындалады. Оған қосымша, сол режимдi қарама-қарсы күйге ауыстыру қалып жолына жалғаса орналасқан қажеттi индикаторға тышқан курсорын жеткiзiп, оны екi рет шертумен де орындалады.

 Цифрлық таңбалары  бар көлденең және тiк жылжу  белдеулерi мәтiн iшiндегi курсор тұрған орынды бағдарлау мүмкiндiгiн бередi. Бiрақ бұл жылжу белдеулерi Word редакторында бұрынғыдан маңыздырақ қосымша функциялар атқарады.

 Көлденең  орналасқан сызғыш (белдеу) арқылы  тышқан көмегiмен: 

- абзац алдындағы  жаңа жол басын; 

- беттiң сол жақ және оң жақ шеттерiнде қалдырылуға тиiс бос орындар (поля) аумағын;

- мәтiн аралықтарындағы  кесте бағаналарының енiн; 

- көлденең табуляция  позицияларын өзгертуге, олардың  жаңа мәнiн бекiтуге болады.

 Тышқан курсорымен  осы шамалардың мәндерiн өзгерткенде, олардың тек сол абзацқа қатысты екенiн естен шығармаған абзал.

 Ал ендi  тiк орналасқан сызғыш терезенiң  сол жақ жақтауы бойында орналасқан. Оның көмегiмен беттiң жоғарғы  және төменгi жақтарында қалдырылатын  бос орындар аумағын және де  кестелер жолдары биiктiгiн өзгертуге болады. Тiк сызғышты көрсетпей, алып тастауға болады, онда сiздiң мәтiндерiңiзде берiлетiн орын ұлғаяды. Дегенмен ол бейнеленiп тұрса, мәтiндi форматтау жұмыстары жылдамырақ орындалады.

 Қарап шығу  режимдерiнiң батырмалары қалып-күй қатары маңындағы көлденең жылжу алабының сол жақ шетiнде орналасады да, олар мыналардан тұрады:

- кәдiмгi режим  батырмасы-бұл қарап шығу режимi  келiсiм бойынша редакторға кiргенде  бiрден қабылданады. Ол мәтiндi форматтау элементтерiн қарапайым түрде көрсете отырып, символдарды теру, түзету және қарап шығу процесiн жылдам орындайды.

- беттердi белгiлеу  режимi мәтiн қағазда қалай  орналасса, айнытпай солай бейнелейтiн  режим болып есептеледi, мұнда  форматтау, мәтiндi түзету өте  ыңғайлы, өйткенi қағаз шеттерi айқын көрiнiп тұрады.

- құрылым режимi, құжатты толық бейнелемей, тек  тақырыптарын көрсете алады, сол  себептi мәтiн тақырыптарын бастан  аяқ қарап отырып, оны бақылау  мүмкiндiктерiн бередi. Ал оны түйiндемей, ашылған күйде бейнелесек, өте  көлемдi мәтiн өңделгенде, оның белгiлi бiр бөлiктерiн түгелдей ауыстыруға, көшiруге және оның құрылымын байқап отыруға ыңғайлы режим болып саналады.

 Аспаптар  тақтасы командалар мен iс-әрекеттердi жылдам орындау үшiн ең ыңғайлы  жағдай жасайды. Оны пайдалану  тышқан батырмасының немесе соған ұқсас басқа құрылғының көмегiмен жүргiзiледi. Аспаптар тақтасының белгiлi бiр командасын орындау сол командаға сәйкес батырманы тышқанмен шерту арқылы орындалады. Бұл тақтаны әрқашанда пайдалануға болады, өйткенi, қалауымыз бойынша, ол құжат терезесiнiң жоғарғы жағында тұрақты көрiнiп тұрады. Меню жолының төменгi жағында Стандартты және Форматтау әрекеттерiн ғана атқаруға арналған Аспаптар тақтасы орналасқан. Бұл екi тақтадан басқа Word редакторында бiрсыпыра әрекеттердi атқаратын тақталар (Сурет салу, Көмек алу және т.б.) бар. Нақты тақталар мен олардың әртүрлi батырмаларының атқаратын қызметi жұмыс барысында түсiндiрiледi.

 Терезенiң  негiзгi элементiнiң бiрi болып,  бiрнеше мәтiндiк құжаттар қатар  орналаса алатын терезелерден тратын, ашық түске боялған жұмыс аумағы (рабочая область) болып саналады.

 Жаңа құжатты  даярлау 

MS Word iске қосылған  соң, экранда 1-құжат (Документ1) деген бос терезе пайда болады. Құжаттың бұлай аталу себебi Word программасы iске кiрiскен кезден  бастап, бұл сiздiң 1-құжатыңыз болып саналады. Келесi құжат 2-нөмiрлi, онан кейiн 3-нөмiрлi, т.с.с. болып әрбiр келесi құжат нөмiрi осылай өсiп отырады. Егер ашылған 1-құжат жабылса да, осы тереземен жұмыс iстеп отырғанда (осы сеанс кезiнде) даярланған келесi мәтiн 2-құжат болып нөмiрленедi.

 Жаңа құжат  ашарда MS Word оны құру үшiн белгiлi  бiр шаблонды (нұсқаны) пайдаланады.  Нұсқа жаңа құжатты форматтау  параметрлерiн анықтайды. Бұл  параметрлерге шрифтегi таңбалар  сызылымы, парақ айналасындағы бос  қалдырылатын өрiстер (поля) мәнi, табуляция символдары және т.б. жатады. Нұсқалардың бұлардан басқа мынадай элементтерi болуы мүмкiн:

- мәтiн (мысалы, жоғарғы немесе төменгi колонтитулдар  немесе бет нөмiрлерi);

- кестелер (таблицалар);

- төртбұрышты  жақтаулар (керегелер);

- графикалық  бейнелер;

- кейбiр арнайы  құралдар (макрокомандалар, батырмалар, аспаптар тақтасы) және т.б. 

 Алдын ала  келiсiм бойынша, жаңадан ашылған  құжат "Кәдiмгi" нұсқа (шаблон "Обычный") бойынша жасалады. Word редакторын алғашқы рет компьютерге орналастырғанда оның құрамына мынадай стандартты нұсқалар кiруi тиiс, олар: iс қағаздары, қызмет жазбалары; газет беттерi; т.б. типтегi құжат түрлерi. Бұл нұсқалар iшiнде бiрден толтырылуға тиiс стандартты өрiс жолдары (Кiмге, Кiмнен, Дата) мен дайын сөз тiркестерi болғандықтан, олар әркiмнiң уақыттарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi.  

"Құжат ашу"  сұхбат терезесiнiң мүмкiндiктерi

 Бiз "Құжат  ашу" терезесiнiң тек бiр функциясын  ғана - файлдың аты мен орны  белгiлi болғанда оны ашу жолын  қарастырдық. Бiрақ бұл сұқбаттасу терезесiнiң басқа да мүмкiндктерi бар.

 Сонымен, "Құжат  ашу" терезесiнiң (немесе оның  аспаптар тақтасы) қосымша мүмкiндiктерi:

- файл iздеудi  жүзеге асыру; 

- мәтiндiк құжат  ашу; 

- файлды басқа  орынға орналастыру; 

- файлды қиып алу (алмасу буферi арқылы);

- файлдық көшiрмесiн  алу; 

- жарлықты дайындау;

- файлды басып  шығару;

- бумадағы файлдарды  реттеу.

 Негiзiнен  алғанда, "Құжат ашу" сұқбат  терезесi кiшiгiрiм ақпараттық iздеу  жүйесiнiң функциясын атқара алады.  Жоғарыда көрсетiлген барлық iс-әрекеттер "Құжат ашу" сұқбат терезесiнiң басқару тақтасы мен тышқанның оң жақ батырмасы арқылы ашылатын контекстiк жанама менюлер жүйесi көмегiмен орындалады. "Құжат ашу" сұқбат терезесiнiң басқару тақтасы көрсетiлген, ал төменде батырмалардың атқаратын қызметтерi көрсетiлген.

"Құжат ашу"  терезесiнiң басқару тақтасы батырмаларының  атқаратын қызметтерiн былай суреттеуге  болады (солдан оңға қарай):

 Бiр деңгей  жоғары өту - бумалар сатысымен  жоғары бiр деңгейге өтудi жүзеге  асырады;

 өз бумаңды  ашу - өзiңнiң пайдалануыңа арналған  буманы ашады; 

 өз бумаңа  орналастыру - құжатты өз бумаңа  орналастырады; 

 Майда белгiлер  - бумалар тiзiмiн олардың шартбелгiлерi (пиктограммалары) мен атын жазу  арқылы бейнеленедi;

 Қасиеттерiн  шығару - экранға осы құжат туралы мағлұматтар шығару: дайындалған, не өзгертулер енгiзiлген уақыты, көлемi және т.б.;

Iшкi мазмұнын  шығару-құжатты экранда жылдам  қарап шығуды жүзеге асырады; 

 Командалар  мен режимдер-оқу, қағазға басу, iздеу, сұрыптау командаларының тiзiмiн ашады;

 Егер файл  туралы кесте көмегiмен ақпарат  берiлген мәлiметтер толық емес  болса, Қасиеттерiн шығару батырмасын  басу қажет. Сол кезде берiлетiн  қосымша мәлiметтерден iздеп отырған  керектi файлды анықтауға болады.

Информация о работе Мәтіндік құжатты пішімдеу форматтау