Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Января 2012 в 19:33, реферат
Жұмыстың мақсаты: MS WORD редакторымен танысу және жұмыс жасап үйрену. Электрондық кестенің негізгі түсініктерімен танысу. Кесте деректерін енгізу және оларды өңдеу, есептеу. Кестені файл ретінде сақтау, жүктеу әрекеттерін орындауды үйрену. Power Point программасын іске қосу және презентация құрудың тәсілдерін тандау. Автомазмұн шебері көмегімен презентациялар құру. Шаблондар көмегімен және бос презентация құру, көркемдеу.
Power Point программасы
тапсырмалар тақтасындағы Іске
қосу батырмасын шерткенде
Менің компьютерім
немесе Сілтеуіш
Power Рoint программасы
іске қосылған мезетте
v Автомазмұн шебері ауыстырғышы таңдалса, жаңа презентация, белгілі тақырыпқа сәйкес мәтін және безендіру элементтері енгізіліп сақталған презентациялар тізімінен қажеттісін таңдап, сатылы түрде сұрақтарға жауап бере отырып құрылады. Бұл кезде презентация мазмұны автоматты түрде жасалады.
v Презентациялар шаблоны ауыстырғышы өз презентацияңызды бұрыннан безендіру элементтері сақталып қойылған шаблон түріне келтіріп дайындау мүмкіндігін береді.
v Бос презентация ауыстырғышы ешқандай мәтін енгізілмеген және безендіру элементтері пайдаланылмаған таза, бос презентация құру мүмкіндігін береді.
v Презентацияны ашу ауыстырғышы бұрын құрылып, сақталып қойылған презентацияны оқу мүмкіндігін береді. Бұл ауыстырғыш қосылғаннан кейін, ашуға қажетті презентация сақталған орынды көрсетуді талап ететін сұқбат терезе пайда болады.
Автомазмұн шебері көмегімен:
v Жалпы мәселелер бойынша баяндамалар;
v Қызмет бабы бойынша баяндамалар;
v Мекеменің жұмыс істеуі жөнінде мағлұмат;
v Сауда-саттық және маркетинг жөнінде іс есеп-қисаптар;
v Жеке хабарламалар сияқты тақырыптарды кеңінен ашуға арналған алдын ала дайындалып қойылған презентациялар ішінен таңдап, өз презентациямызды құра аламыз. Microsoft Power Point программасы іске қосылғаннан кейін пайда болған сұқбат терезеде Автомазмұн шебері өрісін таңдап, ОК батырмасын шертеміз. Осы кезде Автомазмұн шебері іске қосылады.
Автомазмұн
шебері презентация құру үшін
сатылы түрде мынадай
1-ші қадамда
Презентацияның түрі, яғни оның
жалпы тақырыптық бағытын
2-ші қадамда
Презентацияны көрсету
3-ші қадамда
Презентацияны шығару
4-ші қадамда Қосымша мәліметтер: презентацияның тақырыбы және титулды слайдта жазылатын мәтіндерді теріп жазамыз.
Осы сұрақтардың
бәріне жауап алғаннан кейін
автомазмұн шебері
Дайын болған презентациядағы мәтіндерді өз ыңғайымызға қарай өзгертіп, арнайы эффектілер қосып, көркемдеу элементтерін қолдана аламыз. Автомазмұн шеберін презентациямен жұмыс істеп отырған кезде қосу қажет болса, Файл®Құру командасын орындап, ашылған сұқбат терезенің Презентациялар ішкі бетінде Автомазмұн шебері шарт белгісінде тышқанды екі рет шерту жеткілікті.
Power Point программасында
презентация құру әрекетін
Презентацияны
шаблондар көмегімен кұру. Power Point
программасында безендіріліп, дайындалған
презентациялар шаблондар
Презентацияның
шаблонын тышқан көмегімен
Бос презентация құру. Бос презентация, яғни ешқандай көркемдеу элементтері қолданылмаған таза презентация құру әрекетін:
• Power Point
программасын іске қосу
• Файл®Құру
командасын орындағанда
• Стандарттар саймандар тақтасындағы Құру батырмасында тышқанды шерту арқылы орындауға болады.
Осы әрекеттердің бірі орындалған соң экранда Слайд құру сұхбат терезесі ашылады.
Презентация
слайдтарын құрастыру,
Power Point программасында слайдтар белгіленуінің 24 түрлі варианты бар. Осы варианттар ішінен өзімізге қажеттісін тандаған соң ОК батырмасын шертеміз.
Слайдқа мәтін,
сурет, графикалық объектілер
енгізу. Шаблон көмегімен немесе
бос презентацияны құру
Тышқанды бір рет шертіп, тақырыпты және сол жақтағы өріске мәтінді енгізген соң, олардың қаріп түрін, түсін т.б. өзгертуге, яғни пішімдеуге болады. Пішімделетін мәтінді ерекшелеп, белгілеген соң, Пішім®Қаріп командасын орындағанда ашылған сұхбат терезеде немесе пішімдеу саймандар тақтасындағы батырмалар көмегімен тиісті әрекеттерді орындаймыз. Пішімдеу әрекетін өріс ішіндегі бүкіл мәтінге қатысты орындау үшін, өріс жақтауында тышқанды шертіп, алдымен оны ерекшелеп аламыз.
Мәтін енгізу
өрісінде оны таңбаланған
Маркерленген тізімнің соңында Enter пернесін басатын болсақ, келесі жолға таңба қойылады. Бос маркерден кейін осы пернені қайта бассақ бұл таңба өшіп қалады. Ал, тұтас тізімнің таңбасын алып тастау үшін, оны ерекшелеген соң Ctrl+A қос пернесін басамыз немесе саймандар тақтасыңдағы Маркерленген тізім батырмасын шертеміз.
Сондай-ақ, слайдқа кесте, диаграмма, сурет сияқты объектілерді слайд схемасын таңдаған кезде шығатын, өріс аймағында тышқанды екі рет шерту арқылы енгізе аламыз.
Кірістіру®Сурет командасын орындап:
Картинкалар®Microsoft
Clip Gallery объектілерін; Файлдан файл
түрінде сақтаулы тұрған
Бірнеше тармақтан
тұратын диаграмма, Word Art объектілерін,
сканерден көшірме, Microsoft Word кестесін
енгізу мүмкіндігі бар.
Microsoft Office құрамындағы Microsoft Graph арнайы программасының көмегімен қарапайым диаграммаларды құру мүмкіндігі бар. Кірістіру®Диаграмма командасын орындаймыз немесе слайдқа диаграмма енгізу схемасы таңдалса, диаграмма өрісінде тышқанды екі рет шертеміз. Саймандар тақтасындағы диаграмма енгізу батырмасында тышқанды шертуге де болады. Осы мезетте экранда мәліметтер кестесі мен диаграмма пайда болады. Меню қатарындағы командалар мен саймандар тақтасында болған өзгерістерді бірден байқауға болады. Кестедегі мәліметтерді тұтас белгілеу үшін, қатарлар мен бағаналардың тақырыптары қиылысқан сол жақ жоғарғы бұрышта тышқанды шертеміз. Del пернесін басу арқылы оларды өшіріп, өзімізге керекті мәліметтерді енгіземіз де, меню қатарынан Диаграмма®Диаграмманың типі командасын орындап, диаграмманың типін таңдаймыз. Диаграмма®Параметрлер командасын орындап, қажетті параметрлерді тағайындаймыз(түсініктеме, тақырып, жазбалар қосу т.с.с). Диаграмманы слайдқа орналастыру үшін, слайдта тышқанды шертіп, Мәліметтер кестесі терезесін жабамыз.